Пародонтит. Лазерлік терапия курсын тістегі қалдықтарды мұқият тазартудан, көрсеткіштер бойынша хирургиялық араласудан кейін тағайындайды. Сондай-ақ лазерлік фотофорез әсерін – лазерлік сәуле шығару әсерінен метаболистикалық процестерді жергілікті қуаттандыру есебінен патологиялық ошақ тіндерімен дәрілік құралдардың жұтылуын қарқындату процесін пайдалана отырып, дәрі-дәрмектік және лазерлік терапияны үйлестіру де мақсатқа сәйкес болады.
Бүртікті және маргинальды қызыл иек аймағын (өрісін), сонымен бірге пародонт қалтасы проекциясындағы альвеолярлы өскін аймағын сәулелендіреді.
Сәулелену параметрлері:
100-150 мВт/см2 қуатты тығыздық кезінде әрбір өрістің «Галамед» аппаратымен 15-20 сек. сәулеленуі.
Бір сеанста сәулеленудің жиынтық уақыты - 3-5 мин артық емес. Емдеу курсы – 6-10 процедура.
Алдын алу мақсатымен (қалпына келтіру және тұрақтандыру фазасында) курс 3-6 айдан кейін қайталанады.
Лазер-терапевттен басқа, лазер-хирург - көмірқышқылды лазерді (СО2), толқын ұзындығы 10,6 мкм, қуаты 35 кВт дейінгі лазерді қолданады. СО2 лазері жарық ағынының жоғары энергиясын иеленеді (20-60 Вт). Оның жұқа фокусталған шоғырында (диаметрі 0.2-1 мм) тіндерді тілуге болады, ал фокуссыздандыру кезінде оны қабаттарға бөліп буландыруға болады. Әсер еткен жерде пайда болатын тығыз коагуляциялық қабық микробтар үшін тосқауыл болып табылады, тіндік сұйықтықтың булануы мен сары су жиналуын болдырмайды.
Көрсеткіштері: қызыл иектің ұлғайған тіндерін қабатқа бөліп буландыру үшін, ауыз қуысындағы ойық жаралы процестер кезінде және грануляциялық тінді жою және жамау операциялары кезінде деэпителизациялау.
Аппаратурасы: қуаты 5-тен 60 Вт-қа дейінгі және толқын ұзындығы 10,6 мкм «Ланцет», «Доктор» және «Скальпель -1» аппараттары.
Соңғы жылдары пародонтологияда неодимиум-иттрий-алюминий-гранатты лазерінің (Nd : ҮАG лазері) үзік сәулеленуін кеңінен қолданады.
Nd : ҮАG лазері толқын ұзындығы 1064 нанометр болғанда когерентті жарық энергиясын шығарады. Осы инфрақызыл спектр аймағында энергия талшықтарының 200-ден 400 мкм дейін өте жұқа диаметрі бар фиброоптикалық жүйесі арқылы беріледі. Лазер сәулесінің осы маңызды қасиеті оператордың энергия импульсін тиесілі тіндерге әсер етусіз, тым шектелген бөлікке бағыттауына мүмкіндік береді. Nd: ҮАG лазері энергиясының микротұтануын тудыратын, импульстік әрекетті прибор болып табылады (әрбір импульстік ұзақтығы 150 микросекунд).
Осының нәтижесінде салыстырмалы төмен қуат деңгейі және үздіксіз әрекетті лазерлермен салыстырғанда аса төмен термиялық ықпал алынады. Лазер жүйесінің басқа пайдалы қасиеті, әсіресе пародонтальды қалтаны сауықтыру кезінде, лазер сәулесінің барынша көп ықпал етуінің микробтардың қара дақтанған клеткаларына келуінен тұрады және микробтар клеткалары неғұрлым қаралау болса, бұл ықпал да соғұрлым күштірек болады. Ал дәл осы пародонтальды инфекцияны қоздырушылар болып табылатын микробтардың қара дақтанған субстанциясы бар болады. Зерттеулер дәстүрлі аспаптық емдеуді Nd:ҮАG лазерін пайдаланумен үйлестіргенде үлкен әсер болатынын көрсетті. Сондай-ақ бұл деректер бактериялардың азаятынын және лазерді қолданғанда олардың мөлшерінің қалпына келуі үшін едәуір көп уақыт қажеттілігін көрсетті. Осы үйлескен емдеу әсері кәдімгі тіс шөгінділерін жою кезіндегіден едәуір ұзаққа созылады. Nd:ҮАG лазерін пайдалану қалтаны сауықтырып қана қоймай, сонымен бірге қызыл иек астындағы тіс шөгінділерінен микробтық қатпар қабатын жояды.
Бактерияға қарсы әсерге қосымша ретінде ауырсыздандыру және қан тоқтату әсерлері айқындалған, бұл операцияны қансыз дерлік жасаудан және операциядан кейінгі кезеңде ауруды сезінбеуден байқалады.
Көрсеткіштері: Пародонтологияда тіндерді кесуді гингивопластика, гингивоэктомия, френулэктомия жүргізу, фибромаларды алу, қызыл иек асты тіс тасын алу кезінде, тістердің қатты тіндерінің басым сезімталдығын емдегенде, пародонт тіндеріне жасалған хирургиялық әрекеттерден кейін пайдаланады, кюретажды жүргізу үшін.
Лазерлі кюретаж әдісі. Лазерлік кюретажды жүргізген кезде шағын фиброоптикалық ұштық тіндердің эпителийлік және тиесілі қабынған бетінің бойымен тік және көлденең бағыттарда қозғалады. Лазерлік ұштықтың қалтаның эпителийлік төсеніші бойымен қозғалуы нәтижесінде патологиялық өзгертілген тін буланады. Берілген жағдайда талшығының диаметрі небары 300 мкм фиброоптикалық ұштық қолданылуы тиіс. Лазермен әсер етудің жиынтық уақыты қалтаның тереңдігіне байланысты (дәстүрлі әдістемелерден ерекшелігінде) бір тіске небары 10 секундтан 90 секундқа дейінгі уақытты құрайды.
Биоптронды жарық терапиясы
Жарық терапиясындағы жаңа кезең деп Биоптрон лампасымен генерацияланатын, полихроматтық аз қарқынды когерентті емес полярланған жарықтың (Пайлер-жарығының) пайдаланылуын есептеу керек. Медицина мен косметологияның әр түрлі салаларында биоптрондық жарық терапиясын қолдану тәжірибесі жаңа физиотерапиялық әсер ету әдісінің жоғары тиімділігін, бірыңғайлылығын және келешектілігін көрсетті.
Биоптрон лампасында түрлендірілген жарық ағыны, өзінің жиілік диапазоны бойынша организмдегі биологиялық процестерді табиғи қуаттандырушы болып табылатын, күн жарығына жақын болады.
Емдік факторы: Биоптрон лампасы жарығының спектрі кең, ол 400-ден 2000 нм дейін құрайды. Бұл спектрде ультракүлгін құрастырушы жоқ. Пайлер-жарығына көрінетін (400-760 нм) және жартылай инфрақызыл (760-2000 нм) диапазонды кесінділер жатады (2 сурет).
ПАЙЛЕР – ЖАРЫҒЫН ҚҰРАЙТЫНДАР
Көрінетін сәуле (760 – 400 нм)
қызыл қызғылт сары сары жасыл көк күлгін
760-620 620-585 585-575 575-510 510-450 450-400
Инфрақызыл сәуле (2000-760 нм)
2 сурет. Пайлер жарығын құрайтындар
Физиологиялық әсері: жарықтың биологиялық әсерінің негізінде оның кванттарының (фотон) физикалық энергиясымен тіндермен жұтылуы және оның энергияның басқа түрлеріне, ең алдымен жылулық және химиялық түрлеріне түрленуі жатады.
Жазық полярланған Пайлер-жарығының биологиялық әсері клеткалық, тіндік, жүйелі және организмдік деңгейлерде іске асырылады.
Барлық клеткалық құрылымдардың ішінен, жазық полярланған Пайлер-жарығына митохондриялар сезімтал болып табылады, оларда жарық энергиясының химиялық байланыстар энергиясына түрленуінің тұрақты процесі болады (3 сурет).
Клетканың тыныс алуына жауап беретін митохондриялар (клетканың энергетикалық қорлары) АТФ өндіреді, оның тапшылығы төмендейді, клеткалық потенциалы жоғарылайды.
Полярланған жарық, клеткалық мембранадағы полярлы бастиектерге (оң және теріс зарядталған бөлшектер) әсер ете отырып, энзимдер мен олардың рецепторларына алмасу процестерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Регенераторлық процестердің белсенділігі артады
Клеткалық потенциал жоғарлайды
ПАЙЛЕР – ЖАРЫҒЫ Клетка
Митохондриялар, клетканың энергетикалық қорлары
Жарық энергиясының химиялық процесс энергиясына өтуі
АТФ өнімдері күшейіп, Тотығу процестерінің
оның аздығы төмендейді белсенділігі жоғарлайды
Алмасу заттары қалпына
келеді
Құрылымға сәйкес клетка реабилитациясы мен регенераторлық
процестер қалыптасады
3 сурет. Пайлер жарығының биологиялық әсері (клеткалық деңгей)
Мембрананың оңтайлы құрылымды-функционалды қасиеттерін қалпына келтіру есебінен, клеткаларда иондардың қалыпты тасымалдануы қайта жаңарады. Митохондриялардағы тотығу процестерінің белсенділігі артады, тіннің тыныс алуы жақсарады және тотығудың тотықты жолы басқаша белсенділенеді, бұл қалыпты зат алмасуының, гендік ақпаратты беру процесінің қалпына келуіне әкеліп соғады. Осының барлығы қалыпқа келу процесінің және сәйкес құрылымда клеткалардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Иммундық қорғау: клеткалық иммундық жүйе (лимфоциттер) және гуморальды жүйе (иммундық протеиндер – IgA, IgG, трансферрин) қуаттандырылады, нәтижесінде организмнің инфекция мен вирусқа қарсы мүмкіндіктері жақсарады.
Сонымен, Пайлер-жарығының иммунды-қалыптастырушы, иммунды-қуаттандырушы әрекеті:
-
фагоциттер, лизоцим, комплемент белсенділігінің артуы есебінен, организмнің өзгеше емес қарсылығы көрсеткіштерінің белсенділенуімен;
-
айналымды иммундық кешендер деңгейінің төмендеуімен;
-
иммундық глобулиндердің ретсіз балансының қалыптасуымен, Т-хелперлік тапшылықтың жойылуымен;
-
ауыз қуысы кілегейіндегі секреторлық иммундық глобулин синтезінің жоғарылауымен айқындалады.
Пайлер-жарығының өзара әрекеттесуі кезінде органдық деңгейде:
-
рецепторлық сезімталдықтың төмендеуі;
-
интерстициалды ісіктің және тіндер кернеуінің азаюы;
-
қанның ұюына қарсы және қан тамырларының кеңею механизм-дерімен қамтамасыз етілген, қан ағу жылдамдығының жоғарылауы;
-
жаңа қан тамырлы коллатераль санының өсуі;
-
қан тамыры қабырғасы арқылы заттар тасымалының белсенділенуі;
тіннің оттегіні жұтуы бойынша сіңіру қасиеттерінің ұлғаюы байқалады.
Терапиялық тиімділігі: қабынуға қарсы, ауырсынуды басушы, тотығуға қарсы, қайта қалпына келуді күшейту,геодинамиканың жақсаруы, иммундық жүйенің қуаттануы.
Көрсеткіштері: катаральды, ойық жаралы гингивит; шектеулі, жайылмалы пародонтит; пародонтоз.
Қарсы көрсеткіштері: қанның жүйелі аурулары; күрт жүдеу (кахексия), ІІІ-дәрежелі гипертония ауруы; бас миы тамырларының айқын білінетін атеросклерозы; жүрек-қан тамыры жүйесі ауруларының қалыпқа келе алмайтын кезеңі; безгекті жағдай (дене температурасы 380 С жоғары); ауыр тырыспа ұстамалы ауру; орналасу рет әр түрлі қатерлі өскіндер; факторға жеке төзуге болмаушылық.
Биоптрондық жарық терапиясы өз алдына жеке емдеу әдісі ретінде де, сонымен қатар басқа да әсер ету құралдары кешенінде де (электр тогымен емдеу, гидротерапия, массаж) немесе дәрілік препараттармен бірге қолданылады.
Аппаратурасы: Биоптрон-Компакт, Биоптрон-Про, Биоптрон-2.
Мөлшерлемесі: Биптрон-Компакт лампасын пайдаланғанда, 5-10 см ара қашықтықта, сәулеленетін беттің 12 см2 ауданы кезінде, қуат тығыздығы 40 мВт/см2 немесе 2,4 Дж/см2 құрайды.
Басқа тең жағдайларда сәулелену қарқындылығын анықтайтын шама ұзақтық немесе әсер ету уақыты (минут, секунд) болып табылады. Пайлер-жарығының жарықтық әсерінің оңтайлы ұзақтығы 2-6 минут бойындағы кезең болып табылады.
Кәдімгі емдеу әдістері кезіндегідей, ең алдымен сеансты қайталау елеулі роль атқарады (күн сайын 1-ден 2 сеансқа дейін). Курстық емдеу 10-15 күн сайынғы процедурадан тұрады. Әдеттену әсерінің болмауына байланысты, курстар саны шектеусіз болуы мүмкін. Биоптрондық жарық терапиясын қайталау курстарын 2 аптадан кейін жүргізуге болады.
Ауқымды беттерде барлық зақымданған бөлік жарық дағының мөлшеріне сәйкес өрістерге бөлінуі мүмкін.
Емдеу әдісі аралық және түйіспелік болады.
Пародонтологиядағы биоптронды жарық терапиясының әдістемелері
Гингивит кезінде ауыз қуысын жеке және кәсіптік мұқият тазалаудан, қызыл иек беттерін окси-спреймен өңдеуден кейін, 3 минут бойы Пайлер-жарығымен әсер етеді. Емдеу курсы күн сайынғы 5-10 процедураны құрайды.
Пародонтит кезінде әсер ету тәсілі: тері арқылы, пародонт тіндеріне өрістер бойынша шектеулі. Ұзақтығы курсқа күн сайын немесе күнара 12-15 сеанстан әрбір өріске 5 минуттан келеді.
Бәсеңдеу сатысында немесе процесс тұрақтанған кезде - өріске 3 минут беріледі. Қалпына келтіру курсы - күн сайынғы 15 процедура.
Пародонтоз кезінде: қызыл иек жиегі мен тіс аралық бүртіктер окси-спреймен өңделеді, сонан соң бұл бөліктер 5 минут бойы сәулеленеді. Патологиялық процестің ауырлық дәрежесіне байланысты жарық терапиясы курсы 5-10 процедураны құрайды, әсер етуі күн сайын жүзеге асырылады.
Магниттік терапия
Емдік факторы: үздіксіз немесе үздікті тәртіпте тұрақты немесе ауыспалы аз жиіліктегі магнитті алаңмен ықпал ету.
Физиологиялық әсері: седативті әсер етеді, организмнің спецификалық емес резистенттілігі артады, қанның реологиялық қасиетін жақсартады, тіндік өткізгіштік пен белоктардың коллоидты қасиетін өзгертеді, сүйек тіндеріндегі метаболизм процестерін күшейтеді.
Терапиялық тиімділігі: қабынуға қарсы әсер, ісікке қарсы, ауыруды бәсеңдетуші, қалпына келтіруші, қан қысымын төмендетуші.
Көрсеткіштері: пародонтит, катаральды гингивит, ауыз қуысы кілегей қабығының ойық жаралы және жарақатты зақымданулары, операциядан кейінгі жарақаттар мен жаралар.
Қарсы көрсеткіштері: қанағыштыққа бейімділіктің болуы, жүректің ишемия ауруының ауыр ағымы, гипотония, процедураға жеке сезімталдықтың басым болуы, туберкулездің белсенді түрі.
Аппаратурасы: «Полюс-1», «Полюс-101», «УМ-6», «Звезда-3».
Мөлшерлемесі: процедураның ұзақтығы 10-15 минут, емдеу курсы 5-10 процедура.
Магниттік форезді жүргізгенде магнит өрісінің бірқатар дәрілік заттардың жиналуын күшейтетін қабілеті пайдаланылады (кальций, фтор тұздарымен магнитофорез жүргізу).
Ультрадыбыстық терапия
Емдік факторы: ультрадыбыс - адамның есту қабілетімен қабылданбайтын диапазонда жиілігі 20 кГц-тен жоғары серпімді орта бөлшектерінің механикалық тербелістері.
Терапиялық тиімділігі: қабынуға қарсы әсер ету, сезімталдықты азайтушы, ауыруды бәсеңдетуші, спазмолитикалық, фибролитикалық, ісікті жоятын әсері, жергілікті қан және лимфа айналымын белсенділендіру, алмасу процестерін реттеу, нерв және эндокринді жүйелердің функционалды жағдайын қалыптастыру, қалпына келу процесін жеделдету.
Көрсеткіштері: созылмалы катаральды гингивит, гипертрофиялық гингивит, пародонтит.
Қарсы көрсеткіштері: қанағыштыққа бейімділіктің болуы, қатерлі ісіктер, қатты жүдеу, жедел инфекциялық аурулар, диабеттің ауыр түрлері, тромбофлебит, жедел қабыну және асқынулары жиі байқалатын созылмалы қабыну процестері.
Аппаратурасы: УЗТ-102С, УЗТ-3, 04С, «Ультрадыбыс Т-5».
Мөлшерлемесі: үздіксіз режимде жиілігі 800 кГц-тен 3 МГц-ке дейін; 0,005-тен 0,4 Вт/см2 дейін 3-9 минут бойы сәуле шығару қарқындылығы, күнара 10-12 процедура.
Пародонтологияда ультрафонофорез (фонофорез) – тіндерге ультра-дыбыстың көмегімен дәрілік заттарды енгізу қолданылады.
Пародонт ауруларын емдеуде дірілдеткішпен альвеолярлы өсіндінің кілегей қабығына түйісу ортасын - глицерин жағады, фонофорезде - гливенолдың майлы ерітіндісі, лидаза, 1% гепарин сықпасы, 5 % бутадион сықпасы, дибунолдың 10% линименті, видехол, С витамині, Е витамині, В тобының витаминдері жағылады. Импульсті бағытта қызыл иектің бетін сырғыта отырып, жылжымалы әдістемені шиыршық тәрізді қимылдату түрінде қолданады. Әсер ету мерзімі - әр жақ сүйегіне 5 мин.; емдеу курсы – күнара 10-12 емдеу шарасынан жүргізіледі.
Ультрадыбыс тіс шөгінділерін алу үшін кеңінен қолданылады («Ультрастом», «Ультрадент», «Пьезон Мастер», «Мини Пьезон», «Кавитон» аппараттары).
Ультрадыбысты тербелістер ұштық пен су арқылы тіс тасына беріліп, оны бұзады. Ауытқымалы ұштықты шаятын су ағынында кавитация пайда болады. Әдіс тіс шөгінділерін ауыршаң сезімсіз, қанағыштықты болдырмай, тез алуға мүмкіндік береді. Ультрадыбысты өңдеуден кейін, тістердің беттерін қосымша жылтырату талап етілмейді, бұл шөгінділердің қайта пайда болуының алдын алуға ықпалын тигізеді. Әсіресе, кавитацияның тиімділігі мен дәрілік препараттар ерітінділерімен (хлоргексидин, фурациллин және т.б.) шаюды үйлестіру тиімділік көрсетеді.
Вектор жүйесі
Вектор приборының көмегімен пародонт ауруларын тиімді және мейлінше аз ауыртып емдеуге жаңа мүмкіндіктер беріледі. Вектор аппараты 25 кГц жиілікте жұмыс жасайды. Бұрыннан қолданылатын ультрадыбыстық жүйелерден айырмашылығы тербелістер бағыты 900 шегінде болады, осыған байланысты аспаптар тіс бетіне параллель жұмыс жасайды. Осы өзгертілген сипаттамалар салдарынан ультрадыбыс энергиясын эмаль мен дентинді механикалық зақымдауды болдырмау үшін түбірлік бетке бағыттамауға мүмкіндік туды. Вектор аппаратының энергиясы сұйықтыққа толған пародонтальды қалталар арқылы көршілес тіндерге жанама түрде беріледі. Түбірлік бетке перпендикуляр тербелістерді болдырмау салдарынан емдеу кезінде аз ғана аурушаң сезім байқалады. Қосымша түрде бұрын сирек кездескен әр түрлі түйіршікті жемірлі немесе жылтыратушы құралмен бірге су қосу мүмкіндігі бар болады. Аэрозоль тіпті толық жүктеме кезінде де түзілмейді, су тамшысы тербеліп тұратын қондырмада тамшылап тұрады.
Мөлшерлеу. Энергияны беру үшін лүпілдік беріліс кезінде жұмыс өрісінің үздіксіз суарылуында жақсы шолынуды қамтамасыз ететін, шамамен 5 мл/мин сұйықтық талап етіледі. Бұл суға (36 минут жұмысқа 120 мл талап етіледі) жылтырату үшін 10 микрон немесе жемірлі тегістеу үшін 50 микрон өлшемді бөлшектері бар тазартушы сұйықтық қосылады. Екі ерітінді де тікелей Вектор приборында ашық қақпақпен жабылған порциялық қапшықтарда резерв ретінде сақталады.
0,8-ден 20 мГц-ке дейінгі ультрадыбысты тербелістер жақ сүйек тіндерінің жағдайын зерделеу үшін қолданылады (эхоостеометрия). Пародонтологияда ультрадыбыс биоэхолокация әдісі тіндердің тығыздығын бағалауға мүмкіндік береді. Пародонтологияда жүргізген емнің сапасын бағалау мен анықтауда табыспен қолданылады.
Аппаратурасы: ЭОМ-01 ц эхоостеометрі
Аэроиондық терапия
Емдік факторы: иондандырылған ауа - электрлік зарядталған газ бөлшектері (аэроиондар) немесе аралас газды және сулы бөлшектер.
Терапиялық тиімділігі: теріс аэроиондар артериялық қысымның төмендеуіне ықпал тигізеді, организмдегі қалпына келу процестерін жеделдетеді, қолайсыз сыртқы шарттарға төзімділікті жоғарылатады, бейімделген механизмдерді белсенділендіреді, сонымен бірге сезімталдықты жоғалту әсерін тигізеді. Аэрозольды ингаляциялар (цитральдың 1%-ті ерітіндісі, мефенамин натрий тұзының 1%-ті ерітіндісі, антибиотиктер мен протеолитикалық ферменттер және тағы басқалар) пародонт тіндеріне жергілікті әсер тигізуден басқа, жалпы резорбтивті әсер тигізеді: лимфа және қан айналымының жақсаруына ықпал жасайды, зат алмасуды жеделдетеді.
Көрсеткіштері: пародонттың қабыну аурулары (жиі жедел және асқынған процестер кезінде), пародонтоз.
Қарсы көрсеткіштері: жүрек-қан тамыры жетіспеушілігі, церебральды атеросклероз, кардиосклероз, жүдеу (кахексия), туберкулез, қатерлі аурулар, жүктілік.
Аппаратурасы: АИР-2, ЭЭФ-01, АФ-3, АФ-3-1, «Серпухов-1», ГАИ-4, ГАИ-4У.
Мөлшерлемесі: 10-20 минут немесе 20-30 минут, күн сайын 10-15 процедура.
Парафиндік терапия
Емдік факторы: парафин – жоғары жылу сыйымдылығын, төмен жылу өткізгіштігін иеленетін жоғары молекулалық көмірсулардың қоспасы. Жақсы жылу тасымалдаушы болып табылады, конвекциялық тиімділігі болмайды, адсорбциялық қабілеті жоғары болады.
Терапиялық тиімділігі: Жылулық әсер, елеусіз компрессиялық әсер, ауруды бәсеңдетуші, таратушы, қоректендіру мен қалпына келтіруді жақсартады, фагоцитозды белсенділендіреді.
Көрсеткіштері: созылмалы гингивит, пародонтоз, пародонтит (асқынудан тыс).
Қарсы көрсеткіштері: науқастың кенеттен әлсіреуі, белсенді туберкулез, қатерлі жаңа түзілістер, бүйрек аурулары, жедел қабыну процесі, пародонт қалталарында сұйықтықтың болуы.
Аппаратурасы: парафин жылытқыш, сулы монша.
Мөлшерлемесі: қабат қалыңдығы 1 см-ден аз болмауы керек, 55-650 С температурада 10-20 минут, күн сайын немесе күнара 10-15 процедура.
Криотерапия
Емдік факторы: табиғаты әр түрлі суық факторлардың емдік әсері
Суыту дәрежесіне байланысты суықты емдік мақсатта қолдану бірнеше әдіске бөлінеді: жалпы гипотермия (минус 28-33С), қатты суыту ( + 5-тен - 20С дейін), үсіту ( минус 20 -100С).
Терапиялық әсері: аурушаң сезімталдық бәсеңдейді, тіндердің ісігі азаяды, микроорганизмдер мен тіндердің ыдыраған өнімдерінің сіңірілу процестері мен белоктардың ыдырауы бәсеңдейді, гипоксия мен ацидоз, қабыну медиаторларының түзілуі, бөлінуі мен сіңірілуі төмендейді, лейкоциттердің фагоцитарлы белсенділігі жоғарылайды, репаративті (қалыпқа келу) процестер қуаттандырылады.
Көрсеткіштері: созылмалы катаральды гингивит, 1-2 дәрежелі созылмалы гипертрофиялық (ұлғайған) гингивит, созылмалы пародонтит.
Аппаратурасы: КУАС-01-МТ, «Гипостат-1», «Ятрань», «Криоэлектроника-1».
Мөлшерлемесі: аппараттың режимді жұмысы 50 С дейін, экспозициясы 10-15 минут, емдеу курсы күн сайын 3-7 процедура.
Криодеструкция - сол криошашыратқыш және байланыс аппараттары қолданылатын, тек суықпен әсер ету экспозициясы 35-44с, ал температурасы -60-140С0 болатын суықпен ықпал тигізудің бір түрі.
Көрсеткіштері: 3-дәрежелі гиперқоректендіруші гингивит, қызыл иек фиброматозы, эпулид, пародонт қалталарында грануляциялық тін мен іріңнің болуымен байқалатын жайылмалы пародонтит.
Мөлшерлемесі: Минус 1400С - ден минус 600С-ге дейін температура кезінде 35-44 с экспозиция.
Массаж
Емдік факторы: массаж қолдың көмегімен (саусақты өзіндік массаж) немесе арнайы аппараттың көмегімен (дірілді, сулы массаж) тіндер мен ағзаларға механикалық және рефлекторлы ықпал ету қимылдарының жиынтығы. Вакуумдық массаж төмен қысымды пайдалануға негізделген.
Терапиялық тиімділігі: қан мен лимфа айналымын жақсартады, зат алмасуды белсенділендіреді, тіндердің қоректенуін жақсартады, ісінуді төмендетеді, пародонттағы тоқтап қалуды азайтады. Сулы массаж жүргізу кезінде: тіс аралық кеңістіктерден, қызыл иек сайларынан, пародонт қалталарынан тамақ қалдықтары, бактериялар мен шағылысқан эпителий шайылады, дәрілік препараттар ерітінділерінің, өсімдік тектес препараттар мен минералдық сулардың емдік әсері айырмасының біртіндеп өсуі салдарынан температураның алмасуы арқасында қызыл иек тамырларының шынығуы.
Көрсеткіштері: гингивит пен пародонтит (асқынудан тыс кезде, тіс шөгінділері алынған соң), пародонтоз.
Қарсы көрсеткіштері: жедел қабыну процестері, әсіресе пародонт қалталарынан іріңді сұйықтық бөлінгенде, қанағыштыққа бейімділіктің болуы, кілегей қабық тұтастығының бұзылуы, жаңа түзілістер.
Аппаратурасы: ВМП-1, ЭМП-2, АЛП-02, дірілді массажер, дірілді тіс щеткалары, жеке ирригаторлар, «Water Pick» аппараты.
Мөлшерлемесі: саусақпен жасалатын өзіндік массаж, дірілді, сулы массаж - әрбір жақ сүйегіне 3-5 минуттан, күн сайын 15-20 процедура; дірілді және сулы массаждың алғашқы сеанстарының ұзақтығы 1-2 минуттан артық болмау керек; вакуумды массаж - 300-400 мм с.б. екі жақ сүйегіне 8-10 минуттан, күн сайын немесе күнара 15-20 процедура.
Табиғи емдік факторлар
Бальнеотерапия
Емдік факторы: минералды сумен емдейтін гидротерапия түріне жатады.
Физиологиялық әсері: сыртқа қолданылатын минералды су бөлшектерінің әсер ету механизмі. Минералды су элементтерінің көпшілігі тіндерде кідіріп, сондағы рецепторларға әсер етуге негізделген.
Гипотензивті әсері, орталық жүйке жүйесіне гемодинамикаға липидті алмасу мен қанның ұю жүйесіне әсерлері пародонтитті кешенді медеуде оларды қолдану үшін негіз болып табылды. Тіндердің айқын қан кернеуін шақырып, қан айналымын жақсартатын алмасу процесстерін қуаттандыратын иод, бром сияқты маңызды микроэлементтер кілегей арқылы енеді. Құрамында иодтың аз ғана өлшері бар емдік сулар, қан тұтқырлығын төмендетіп, қабыну реакциясын азайтуға мүмкіндік жасап, тіндердің тез қалпына келуін қамтамасыз етеді.
Ауыз қуысын шаюға және қызыл иекке массаж жасауға арналған табиғи йодбромды сулар пародонт тініне қабынуға қарсы әсер етіп, қоректенуі мен микроциркуляцияны жақсартады. Оттегіне көбірек қанығуына мүмкіндік жасайды, оның қан тамыр қабырғаларының өткізгіштігін қалыптастырады, микроциркуляция жүйесінің морфофункциональды бірлігі – каппилярлы байланыс тінді құрылымның трофикалық қызметін жақсартады.
Қызыл иек кілегейі мен тіндерінің температурасын көтеретін жылулық, механикалық, химиялық және нервті – рефлекторлы әсерлері йодбромды судың химиялық және биологиялық абсорбциясын жақсартуға мүмкіндік жасайды. Емдік әсер ету үшін йодбромды судың орташа минерализациясы қолданылады (1л суға 25г).
Терапиялық тиімділігі: вазобелсенді, метаболикалық, трофикалық, седативті, спазмолитикалық.
Аппаратурасы: Арнайы газдалған көмірқышқыл суы бар қондырғы (АН-8) немесе ауыз қуысын шаятын аппарат ИЭ-4 қолданады.
Суды жылыту автоматты терморегулятормен іске асады. Әр түрлі дәрілік заттарды біріктіруге мүмкіндік жасайтын, дәрілік ингредиенттерге арналған таратқыш және мөлшерлегіш құрылым орналасқан пародонт тіні ауруларына бальнеотерапия жүргізу үшін жуынатын орындарымен бірнеше қатар бөлмелері бар арнайы жабдықталған бөлме қажет.
Мөлшерлемесі: Емдеу уақыты – 10 минут, курсы 10-12 емнен тұрады.
Әдістемесі: Емдеуді жүргізу алдында науқасқа гидромассаж қалай жүргізілетіні мен ұштықты қолдану тәртібі түсіндіріледі.
Науқас бір қолмен ұштықты ұстап, екінші қолымен су ағатын тетікті ептеп ашады да (су температурасы 37-390С) ауызды шаюды бастайды. Науқастың басы қол жуғышқа еңкейткіш аузы жартылай ашылады.
Пелоидотерапия
Емдік факторы: емдік балшық және балшық тәрізді заттар.
Емдік балшықтар деп құрамында биологиялық белсенді заттар мен тірі микроорганизмдері бар минеральды, органикалық зат пен судан тұратын табиғи коллоидты түзілісті атайды. Олар табиғи сулардың, вулкан тасымасының өнімдері мен балшық төбешіктерінің түзілістері болып табылады.
Барлық емдік балшықтардың құралымын кристаллды қауқа, коллоидты кешен және балшық ерітіндісі құрайды.
Кристалды қауқа құрамына силикатты бөлшектер, ортофосфат гипс, карбонаттар, кальций мен магнийдің нашар еритін тұздары жатады.
Коллоидты кешен құрамына күрделі ферро -, алюмо - және органоминеральды байланыс (күкірт, кремний қышқылы) енеді. Балшық ерітіндісін суда еріген натрий, магний, сульфидтер, сульфаттар, микроэлементтер тұздары құрайды.
Емдік балшықтағы микроорганизмдер шіріген аэроб пен анаэробтан сульфатрецидивті нитрозды бактериядан, сүлгіден тұрады. Шіріген бактериялар пенициллин тәрізді зат шығаратын болғандықтан бактериялары қарсы белсенділігі күшті, тері мен кілегей микрофлорасының антагонисі болып, оларды өлтіреді.
Физиологиялық әсері: Балшықтың әсер ету механизмі балшықты құрайтын субстарттардың физико – химиялық қасиетіне байланысты жылу шығару. Балшық ингредиенттері организмдегі биохимиялық және физиологиялық процестердің ағымына, оның морфологиялық құрылымына әсер ететін фактор болып табылады.
Терапиялық тиімділігі: қабынуға қарсы, метаболитикалық, трофикалық, иммунитетті қуаттандырушы, бактерицидті, коагуляциялы, кератолитикалық.
Көрсеткіштері: процестің стабилизациясы мен ремиссия сатысындағы созылмалы жайылмалы пародонтиттің жеңіл және орташа ауырлықтағы дәрежесі.
Аппаратурасы: Балшықпен емдеу аппликация немесе гальванбалшық түрінде жүргізіледі. Ультрадыбысты терапиямен (пелоидофонофорез), минералды сулармен жоғары жиіліктегі магнитті терапиямен тұрақты тоқпен (гальванопелоидотерапия) біріктіріп жүргізеді.
Мөлшерлемесі: Балшықты сулы моншада 500С дейін қыздырады. Балшықты аппликацияны бір қабат дәкеге қалыңдығы 2-2,5см , ұзындығы 14-15см болатындай етіп орап, үстіңгі және астыңғы жақ қызыл иектеріне орналастырады. Емдеу ұзақтығы 15-20 минут, емдеу курсы күн ара 12-15 рет.
Емдік балшық пен тұрақты тоқтың біріккен әсер ету әдісін қолданғанда балшықты жұқа кесекке немесе балшықты дәкеге гальванизация аппаратының бір полюсына қосылған қорғасын электродын салады. Пассивті электрод иыққа қойылып,аппараттың қарсы клеммасына қосады. Емдеу ұзақтығы 15-30 минут, емдеу курсы 10-12 рет.
Оксигенотерапия
Пародонт тіні оттегі жетіспеушілігіне өте сезімтал.
Пародонт аурулары кезінде тіндер оттек аштығы жағдайында болатындығы белгілі. Оттегін жергілікті енгізу пародонт ауруларын емдеудегі патогентикалық емнің бірі болып табылады.
Қазіргі кезде пародонтологияда оксигенотерапияның перспективті әдістерінің бірі озонотерапия.
Озонды терапия
Емдік факторы: озон, емдік мақсатпен қолданылады.
Терапиялық тиімділігі: озон альвеолярлы макрофагтарды қуаттандырады, интерлейкин-1 деңгейіне ықпал жасайды, нейтрофилдік қуаттандыратын белсенділігі бар, клеткалы және гуморальды иммунитеттің күшеюін шақырады, регенерацияны (жазылуды) қуаттандырады, микроайналымды жақсартады, оксидантқа қарсы қорғау мен алмасу процестерін жеделдетеді, бактерияларға, вирустарға қарсы, фунгицидті, аурусыздандыратын және қабынуға қарсы әсер етеді.
Көрсеткіштері: гингивит (катаральды, ойық-жаралы, әр түрлі ауырлықты дәрежеде), пародонтит – жайылмалы, шектеулі, түрлі ауырлықты дәрежеде; науқастың операция алдында және операциядан кейінгі күйінде; кюретаж, гингивотомия, гингивоэктомия, жамау операцияларын жүргізген кезде.
Қарсы көрсеткіштері: қалқанша без қызметінің күшеюі (гипертиреоз), озонды жеке төзуге болмаушылық, қан ұю жүйесінің бұзылуы, жүрек-қан тамыры жүйесінің және суб-, декомпенсация сатысындағы тыныс алу аурулары, тартылуға бейімділіктің болуы, орналасқан жері түрлі болатын қатерлі өскіндер, асқынған жүктілік.
Озонды терапияны созылмалы бүйректі жетіспеушілігі бар адамдарға, бауыр ауруларында және қан қысымы төмен болған жағдайда абайлап тағайындау керек.
Жергілікті терапия тұрғысында озонды судың қос тотығымен бірге қолданудың қажеті жоқ, өйткені бұл эндогенді тотықтар құрамының бірден көбеюін тудыруы мүмкін, ал олардың жоғары шоғырлануы теріс әсер етеді. Түрлі дәрілік препараттармен озондандыруды таңдаулы түрде жүргізу қажет.
Озонды терапия кез-келген фармакология препараттарын қабылдаумен (антикоагулянттарды есептемегенде) және кез-келген физиопроцедураларды жүргізумен үйлеседі. Бұл кезде озонды терапияны басқа емдеу түрлерімен бірге кешенді жүргізу тиімділігі, емдеудің осы түрлерінің әрбіреуінің тиімділігінің арифметикалық қосындысына қарағанда артық болады.
Аппаратурасы: «Квазар», «Медозонс», «ОТРИ-01».
Мөлшерлемесі: озонды-оттекті, озонды-бос кеңістікті қоспаны жергілікті қолдану, көп және аз өзіндік гемотерапия (озон концентрациясы 800-1000-1200 мкг/л), озондандырылған ерітінділерді (озон концентрациясы 1000-2000 мкг/л), шаю, аппликация, инъекция күйінде жергілікті қолдану.
ОТРИ-01 аппаратын қолдану арқылы озонды терапияны жүргізу әдістемесі
Пародонт ауруларына шалдыққан науқастарды тексеруді шағымды анықтап, анамнез жинауды мұқият жүргізуден бастау керек. Байқау мен объективті тексеріс кезінде қызыл иектің түсіне, қоюлығына, қанағыштығы мен ауру сезімінің болуына, ісіктің болуына, қызыл иектің семуі, ұлғаюына, ойық-жаралы өлі еттену өзгерістеріне, тістердің қозғалу дәрежесіне, пародонт қалталарының тереңдік деңгейіне, олардан бөлінген сұйықтықтың сипатына назар аудару қажет, тістер мен жақ сүйектерінің альвеолярлы өсінділеріне рентгенологиялық зерттеу, Шиллер-Писарев сынамасын жүргізіп, гигиеналық индексті, Russel бойынша пародонттық индексті, В.И. Кулаженко байқауы бойынша капиллярлардың төзімділігін анықтау керек.
Пародонт ауруларын емдеу жалпы шараларды да, жергілікті шараларды да қолдануды, этиотропты, патогенетикалық және симптоматикалық емдеу элементтерін де үйлестіре тағайындауды қамтиды.
Жалпы және стоматологиялық статустар деректерін есепке ала отырып, әрбір науқасқа жеке ыңғай міндетті болады.
Барлық науқастарға ауыз қуысын сауықтандыру жүргізіледі, гигиена ережелері үйретіледі, көрсеткіштер бойынша жалпы нығайтушы, сезімталдықты бәсеңдететін, қабынуға қарсы қолданылатын препараттарды дәстүрлі мөлшерде тағайындайды.
Қазақ Ұлттық медицина университетінің терапиялық стоматология клиникасында алғаш рет пародонт ауруларының озонды-ауа қоспасын пайдалану негізделді (катаральды, ойық-жаралы гингивит, шектеулі және жайылмалы пародонтит).
Озонды терапияны жүргізу үшін өлшемі 45х25х8 см және салмағы 8 кг, тасымалды құрылғыны білдіретін, «ОТРИ-01» аппараты қолданылады (4 сурет). Аппарат ток кернеуі 220 Вт тұрмыстық токқа қосылады. Аппарат озонды-ауа қоспасын (ОАҚ) шығар алдында 3 мг/л озон концентрациясымен өндіреді.
4 сурет. Озонатор «ОТРИ-01».
Аппарат электродтар мен олардың арасына орналастырылған диэлектрик табақшасынан тұрады. Электродтарға жоғары кернеу беріледі және олардың арасындағы саңылау бойынша ауа үрленеді, оның молекулалары разряд арқылы өтіп, жартылай атомдарға диссоциациялайды, олар оттегі молекуласына қосылып озон түзеді. Бұл кезде генерацияланатын ОАҚ шығатын штуцер және қосылған полихлорвинилді түтік арқылы арнайы өңделген қондырмалар көмегімен зақымданған ошаққа апарылады. ОАҚ тұрақты ағынды жіберу тәртібі озон концентрациясының берілген деңгейде тұрақтануына ықпал тигізеді.
Пародонт ауруларын емдеу үшін біз озондандыру әдістемесін әзірледік, ол альвеолярлы өсіндінің көлемі екі қатар тұрған тістердің арасындағы шеткі және бүртікті қызыл иектің (көп) шағын бөліктеріне шартты бөлінуін көздейді (5 сурет).
Озонды-ауа қоспасын пародонт тіндеріне апару арнайы қондырмалар көмегімен тіс аралық кеңістік жағынан жүргізіледі.
Пародонт қалталарын озондандыру тиімділігін жоғарылату мақсатымен қалта ішін озонды-ауа қоспасымен өңдеу әдістемесі пайдаланылады.Беттік бір үрлеудің ұзақтығы 10-15 секунд құрайды. Зақымданған барлық пародонтты өңдеу, патологиялық процестің таралуы мен ауырлығына байланысты, орта есеппен 3-тен 5 минутқа дейін созылады. Қосымша дәрі-дәрмекті өңдеу озондандырудан кейін жүргізуді жүргізілмейді.
5 сурет. Пародонтологияда қолданылатын озонотерапия әдісі.
Емдеу курсының ұзақтығы клиникалық және зертханалық деректерді тұрақтандыру бойынша анықталған. Озонды терапия курсы жеңіл дәрежеде 4 процедура, орташа дәрежеде - 5 процедура, ауыр дәрежеде – 6 (10-ға дейін) процедураны құрайды.
Пародонт ауруларын емдеу кезінде озонды терапияны емдеудің бірінші күнінен бастап, тіс шөгінділерін алумен қатар жүргізу керек, көрсеткіш бойынша хирургиялық, ортопедиялық әрекеттер (кюретаж, гингивотомия, гингивоэктомия, жамау операциялары, таңдап егеп өңдеу және т.б.) тағайындалады.
Пародонт ауруларын емдеу курсынан кейін жүргізілген зерттеулер барысында, жүргізілген емдік шаралардың тиімділігін көрсеткен клиника-зертханалық көрсеткіштердің оң динамикасы анықталды.
Аурудың жеңіл дәрежелі түрінде пародонт жағдайының жақсарғаны орта есеппен алғанда озонды терапияның 2 сеансынан кейін болғаны, орташа дәрежеде - 3 сеанстан соң білінді (қызыл иекте ауыру мен қышу сезімі жойылды, қанағыштық едәуір азайды немесе жойылды, кілегей қабық ақшыл-қызыл түске енді), ауыр дәрежелі жайылмалы пародонтитте – 4-5 сеанстан соң байқалды (қызыл иекте аурушаң сезімге, қышу мен ауырлық сезімнің болуына шағым түсірмеді, қанағыштық пен пародонт қалталарынан іріңді сұйықтықтың бөлінуі азайды.
Іріңдік болған жағдайда озонды терапия курсының ұзақтығы 10 сеансқа дейін ұлғайды. Пародонтологиялық статустың айтарлықтай жақсаруы орташа ауырлық дәрежеде - озонды терапияның 6 сеансынан соң, ауыр дәрежеде 7 сеанстан соң байқалды.
Жайылмалы пародонтитті кешенді емдеуде озонды терапияны қолдану пародонттағы қабыну процесін бәсеңдету мерзімін, дәстүрлі емдеу әдісімен салыстырғанда, аурудың жеңіл дәрежесінде 1,2 рет, орташа
және ауыр дәрежесінде – 1,4 рет қысқартуға мүмкіндік береді (6 сурет).
6 сурет. Пародонтитпен сырқат науқастарды емдеу курсының ұзақтығы (дәстүрлі әдіс, озонотерапия)
Озонды терапияны қосқанда, кешенді емдеу курсы аяқталған соң, дәстүрлі әдістермен емдеуге қарағанда, пародонтитке шалдыққан науқастарда басым дәрежеде пародонтальды индекс пен Шиллер-Писарев сынамасының математикалық мәні төмендейді, қызыл иек капиллярларының вакуумның ықпалына төзімділігі артады. Пародонт қалталарында микробтардың шоғырлануы едәуір азаятыны байқалады, ауыз сұйықтығындағы липидтердің тотығуы мен антиоксидантты қорғаныш- биохимиялық көрсеткіштерінің қалыпқа келгені анықталады.
Науқастарда пародонттың клиникалық жағдайын алыс мерзімде (6-12 айдан соң) салыстырмалы талдау озонмен тудырылған терапиялық тұрақтылықты куәландырады: олар емдеуден кейінгі анықталған көрсеткіштер деңгейінде сақталып, төмен өзгеріс көрсететін даму бағытын көрсетпеді .
Науқастарда озонды терапиядан кейін қайталану мерзімінің ұзарғаны байқалды. Бақылау мерзімінде 6 айға дейін жайылмалы пародонтиттің ағымында жеңіл дәрежесінде (қайталанудың) 100%, орта дәрежеде 99,5%, ауыр дәрежеде 75,0% қайталану бекітілген.
12 айға дейін бақылау мерзімінде жеңіл дәрежелі пародонтиті бар науқастардың 93,7%-де, орташа дәрежесінде - 86,7% ремиссия (қайталану) бақыланды.
Эхоостеометрияның көрсеткіштері бойынша науқастардың альвеолярлы өсінділерінің сүйек тіні тығыздығының өскені айқын және нақты болды, бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда (емдеуге дейін – 16,11 0,29 мкс, 12 айдан соң – 14,330,48 мкс, р<0,01) және емдеу курсы жүргізілген соң 6 айдан кейін (14,730,53 мкс) анықталды. Озонды терапиядан өткен науқастардың ішінен клиника-рентгенологиялық көрінісі оң адамдар проценті жоғары болды: зақымданудың жеңіл дәрежесімен тексерілгендердің 100%, орташа дәрежесінде - 83,3%, ауыр дәрежеде – 66,6% көрсетті.
Ауыз сұйықтығындағы липидтердің қос тотықты тотығуының биохимиялық көрсеткіштер динамикасы (супероксиддисмутазаның, каталазаның белсенділігі және диен конъюгаттарының деңгейі) клиника-лық бақылау процесінде озонды терапияның тиімділігін дәлелдеді.
Сонымен, жайылмалы пародонтиттің кешенді емдеуіне енгізілген озонды терапия жалпы қабылданған емдеу әдістерімен салыстырғанда, пародонттағы қабыну процесін тез және тұрақты түрде жоюға көмегін тигізді.
Клиника-рентгенологиялық, микробиологиялық және биохимиялық зерттеулер, озонды терапияны науқастардың дәрігер-стоматологқа қаралу санын едәуір азайтатын және клиникалық тиімділікке тез жету мен қолайсыз субъективті сезімнің болмауы салдарынан пациенттің психика-эмоциялық жағдайына оң ықпал көрсететін тиімді әдіс деп тұжырымдады.
Қорытынды
Қазіргі уақытта пародонт ауруларын емдеуде жетістікпен қолдануға болатын физиотерапиялық әдістердің едәуір саны бар. Бұл жағдайда емдеу тиімділігі физиотерапиялық әдістерді дәстүрлі консервативті және хирургиялық әдістермен ұштастырғанда едәуір жоғарылайды.
Сонымен, сәйкес келетін процедураны жүргізуге қарсы көрсеткіш болмаған жағдайда, пародонт ауруларын кешенді емдеуде физиотерапиялық әдістерді қолдану пародонтологиялық науқастарды қалпына келтіру мен жазылу мерзімін қысқартуда пайдалы, маңызды болып табылады.
Тақырыпты меңгеруге арналған тестер
1. Физикалық факторлардың ағзаға әсер ету механизмі түсіндіріледі:
А). тек қана жергілікті реакциямен
В). жергілікті және рефлекторлы реакциямен
С). тек қана рефлекторлы реакциямен
D). жергілікті, рефлекторлы және жайылған реакциямен
E). жергілікті және жайылған реакциямен
2. «Физиотерапия» термині дегеніміз:
А). электрлі тоқпен емдеу
B). сумен емдеу
C). табиғи фактормен емдеу
D). жасанды фактормен емдеу
E). жасанды және табиғи фактормен емдеу
3. Тіндердің лазерлік сәулелену энергиясын жұтуы тудырады:
А). өткізгіштік тоқтың дамуын
B). айқындалған тіндік қызуды
C). вихрев тоқтың дамуын
D). қозу жағдайына өткен атомдардың ішкі фотоэффект көрінісін
E). тоқтың ығысуын
4. Лазерлі сәулелену
А). региональды қан айналымын жақсартады
B). венозды қабырғаның тонусын көбейтеді
C). бұлшық ет жиырылуы тудырады
D). қанның қоюлануының жақсартады
E). спазмолитикалық әсерді тудырады
5. Лазерлі терапия процедурасының өлшемді параметрі
А). жұмыс денесіне лазерлі тоқ күшінің берілуі
B). тығыздық
C). тіндік күштің жұтынуы
D). энергия шоғырының тығыздығы
E). тоқ күші тығыздығы
6. Биоптрон жарығының толқын ұзындығы:
А). 480 - 3400 нМ
B). 250 - 320 нМ
C). 400 - 450 нМ
D). 110 - 160 нМ
E). 300 - 400 нМ
7. Ультракүлгін сәулелену мөлшерінің белгіленуі:
А). Вт/см 2
B). био мөлшерлі
C). люкс
D). тесла
E). минутпен
8. Инфрақызыл сәулеленудің биофизикалық әсері неге негізделген:
А). фотохимиялық әсеріне
B). фотоэлектриялық әсеріне
C). ионозирлеуші әсеріне
D). жылу әсеріне
E). бактерицидті әсеріне
9. Гальванизация әдісі мен электрофорезде қолданады
А). ауыспалы төменгі жиіліктегі ток
B). тұрақты импульсті ток
C). тұрақты үздіксіз ток
D). ауыспалы жоғары жиіліктегі ток
E). синусоидты модулирленген ток
10. Оң зарядталған иондар дегеніміз -
А). катиондар
B). фотондар
C). аниондар
D). корпускулар
E). атомдар
11. Қандай тін электр тоғын жақсы өткізеді
А). ағзаның сұйық ортасы
B). бұлшық ет
C). нервтік тін
D). сүйек тіні
E). майлы тін
12. Дәрілік электрофорез-бұл аралас әсері дәрілік зат пен
А). ауыспалы токтың
B). импульсті токтың
C). тұрақты үздіксіз токтың
D). тұрақты магнитті аймақтың
E). жоғары ауыспалы электр аймағының
13. Дәрілік электрофорезде қандай электрод белсенді
А). кіші көлемді электрод
B). дәрілік қабатты электрод
C). үлкен көлемді электрод
D). екі электродта
E). дәрісіз қабатты электрод
14. Физиотерапияда дәрілік электрофорез жүргізу үшін қандай аппарат қолданады?
А). ИКВ-4
B). Поток -1
C). ЛЕНАР
D). Ранет
E). Полюс -1
15. Дәрілік заттарды енгізудің басқа түрлеріне қарағанда электрофорез жүргізудің жақсы жағын атаңыз :
А). асқазан шырышты қабатына дәрілік заттардың әсері етпеуі
B). қысқа мерзімді нәтиже
C). көп көлемде дәрілік заттар қажет
D). дәрілерді залалсыздандыру қажет
E). барлық дәрілерді қолдануға болады
16. Электрофорезде жүргізу кезінде науқас нені сезеді?
А). кіші мерзімді вибрацияны
B). күйдіру және түйреу сезімі
C). температураның төмендеуін
D). үлкен мерзімді вибрацияны
E). ештеңе сезбейді
17. Дәрілік заттарды енгізудің басқа түрлеріне қарағанда электрофорез жүргізу кезіндегі кемшіліктерді атаңыз :
А). әдістің жарақат жасауы
B). қысқа мерзімді нәтиже
C). үлкен көлемде дәрілік заттар қажет
D). дәрілерді залалсыздандыру қажеттілігі
E). барлық дәрілік заттарды қолдануға болмайтындығы
18. Дәрілік заттарды енгізудің басқа түрлеріне қарағанда электрофорез жүргізудің жақсы жағын атаңыз :
А). әдістің жарақат жасауы
B). қысқа мерзімді нәтиже
C). үлкен көлемде дәрілік заттар қажет
D). дәрілерді залалсыздандыру қажеттілігі
E). енгізілетін дәрінің аз мөлшері
19. Жақсы электр өткізгіштік қабілеті бар
А). эпидермистің мүйізденген қабаты
B). сүйек тіні
C). май тіні
D). сіңір
E). ауыз қуысы шырышты қабығы
20. Гидрофильді төсем
А). электродтың металды табақша электрод өлшеміне сәйкес келуі керек
B). табақша шетінен 1-2см шығуы керек
C). табақша шетінен 3-4см шығуы керек
D). электродтың металды табақшасынан 1-2 см кіші болуы керек
E). электродтың металды табақшасынан 3-4 см кіші болуы керек
21. Қызыл иек қанағыштық кезіндегі электрофорез көрсеткіші
А). С дәрумені
B). В1 дәрумені
C). В12 дәрумені
D). РР дәрумені
E). Д3 дәрумені
22. Жергілікті дарсонвализацияның әсер ету факторлары қандай?
А). сантиметр толқынды диапазонының электромагнитті сәулеленуі
B). ультра жоғары жиілікті электрлі алаң
C). аса жоғары қысымдағы, жоғары жиіліктегі ауыспалы электр тогы
D). аса жоғары жиіліктегі магнитті алаң
E). дыбысты диапазонның механикалық тербелісі
23. Жергілікті дарсонвализацияның емдік әсері қалай білінеді
А). қышуды төмендетеді
B). тіндік микромассаж
C). кавитация нәтижесі
D). артериола қысылуы
E). Д витаминінің пайда болуы
24. Флюктуоризация- бұл емдік мақсатта қолданылатын:
А). кіші тығыздық пен күші аз тұрақты үздіксіз ток
B). синусты модульді тоқ
C). тік бұрышты пішінді тұракты импульсті электр тогы
D). амплитудасы мен жиілігі тұрақсыз ауыспалы ток
E). жартылай синусоидты пішінді тұрақты импульсті ток
25. Флюктуоризация процедурасын қалай мөлшерлейді
А). электрод қойған аймақтағы түйреу сезімі бойынша
B). ауырмайтын вибрациялық сезім бойынша
C). жылу сезімі бойынша
D). жансызданған сезім бойынша
E). науқастын сезімінсіз милиамперметр көрсеткіші бойынша
26. Жергілікті дарсонвализация процедурасын жүргізгенде электродтың орналасуы
А). 10 см кеңістікпен
B). 3-5см кеңістікпен
C). 2-3 мм ауалы кеңістікпен және жанаспалы
D). арнайы гельді қолданып, жанаспалы
E). тесілген киіз арқылы
27. Тіс тасын алатын аппарат:
А) Поток-1
B) АСБ-2
C) Ультрастом
D) Кулаженко аппараті
E) соллюкс
28. УЖЖ терапияда әсер ететін физикалық фактор
А). жиілігі 2375 Мгц электромагнитті жарықтандыру
B). жиілігі 27,12 МГц ауыспалы электр алаңы
C). жиілігі 27,12 МГц ауыспалы магнитті алаң
D). жиілігі 460МГц электромагнитті жарықтандыру
E). жоғары қысымдағы тұрақты электр алаңы
29. УЖЖ терапияның емдеу мөлшерін іске асырады
А). аппараттың күш шығару тетігі мен әсер ету ұзақтығы
B). тоқ күші
C). қысым көлемі
D). тоқ тығыздығы
E). жұтылған энергия көлемі
30. Науқасқа УЖЖ терапиясын жүргізгенде
А). ештеңе сезілмеуі тиіс
B). жылу сезінуі мүмкін
C). шымшу, түйреу сияқты сезімдер
D). бұлшық ет вибрациясын сезуі мүмкін
E). ауру сезімі пайда болуы мүмкін
31.УЖЖ аймағының «осцилляторлы компоненттің» әсер ету механизмі түсіндіріледі:
А). иондардың сызықты ауысуымен
B). ағзадағы сүйық ортаның механикалық тербелесі арқылы
C). ірі полярліқ биомолекуланың тербелісті айналмалыығысуы арқылы
D). аса жоғары электрлік деңгейде электрондардың ауысуы арқылы
электрлі аймақта электроиондардың ауысуы
E). әсер еткен аймақтағы тіндердің қызуы арқылы
32. Әр жақтағы саусақты массаж ұзақтығы
А). 5-7 минут
B). 3-5 минут
C). 1-3 минут
D). 1 минутқа дейін
E). 7-10 минут
33 . Ультрадыбыс әсерінен тінде келесі өзгерістер байқалады
А). тіннің асептикалық қабынуы
B). тіннің микромассажы
C). тегіс бұлшық ет құрылыстың тырысуы
D). молекулалар ионизациясы
E). ноцицептор сезімталдығының жоғарлауы
34. Ультрадыбыстың физико – химиялық әсері:
А). қанның буферлі сыйымдылығының өзгеруі
B). дыбысталу аймағында электролиз өнімдерінің пайда болуы
C). әртүрлі ферменттерінің белсендірілуі
D). магнитогидродинамикалық күштің пайда болуы
E). тіннің поляризациясы
35. Ультрадыбысты терапия кезінде жылудың көп бөлінетін жері:
А). теріде
B). бұлшық етте
C). сүйекте
D). паренхиматозды мүшелерде
E). әртүрлі акустикалық қарсыласы бар тіндер шекарасында
36. Ультрадыбысты терапияны жүргізу үшін қолданады:
А). резонанс типті индукторлар
B). антенді типті сәулелендіргіштер
C). пьезоэлектр қасиеті бар сәулелендіргіштер
D). электромагниттер
E). шыны вакуумды электродтар
37. Ультрадыбысты толқынның қарқындылығы немен өлшенеді?
А). ватт / см2
B). тесла
C). ампер
D). ом
E).беккерель
38. Адам ағзасына ультрадыбыстың негізіне жататын нәтиже түрлері
А). механикалық, химиялық, осцилляторлы
B). температуралық, механикалық, осцилляторлы
C). физико – химиялық, механикалық, температуралық
D). осцилляторлы, физико – химиялық, кавитация
E). температуралық, кавитация, механикалық
39. Ультрафонофорез кезінде дәрілік заттың форетикалық мүмкіндігі барынша қолданылатын сықпа концентрациясы.
А). 3-4 %
B). 5-10%
C). 20-30%
D). 50 %
E) 50 % жоғары
40. Адамның тінінде ультрадыбысты алаңда форецияға ұшыраған дәрілік заттар қанша уақыт сақталады?
А). 1-2 сағ
B). 10-12 сағ
C). 2-3 тәулік
D). 5-6 тәулік
E). 2 аптаға дейін
41. Төменгі жиіліктегі магнитотерапияның емдік факторы:
А). дециметрлі диапазонындағы электромагнитті сәулелену
B). ультра жоғарғы жиіліктегі электр алаңы
C). төменгі жиіліктегі электромагнитті алаңның магнитті құрамасы
D). аса жоғары жиіліктегі электромагнитті сәулелену
E).сантиметрлі диапазонындағы электромагнитті сәулелену
42. Төменгі жиіліктегі магнитті алаңның қабынуға қарсы әсері неге негізделген?
А). бактерицидті әсерге
B). қабыну ошағының айналасында дәнекер тінді барьердің пайда болуына
C). қанайналымның жақсаруы мен ісінудің төмендеуіне
D). эритеманың пайда болуына
E). ноцицепті өткізгіштердің компрессиясына
43. Төменгі жиіліктегі магнитотерапия емдік іс шараларының мөлшерленуі
А). ватт/см 2
B). биодоза
C). люкс
D). тесла
E). ватт
44. Магнитотерапиядан кейінгі нәтиженің ұзақтығы
А). 1-2 күн
B). 1- 2 апта
C). 2-3 ай
D). 5-6 ай
E). 1-2 жыл
45. Төменгі жиіліктегі магнитотерапия жүргізу кезіндегі науқастың сезімі:
А). ешқандай
B). вибрация
C). парестезия
D). тітіркену
E). жылу сезімі
46.Парафиннің емдік әсерін қандай фактор сипаттайды
А). осцилляторлы
B). жылулық
C). химиялық
D). биологиялық
E). фотоэлектрлік
47. Парафиннің қандай физикалық қасиеті бар:
А). төменгі жылу сыйымдылық, жылу ұстаушы қасиеті және аз жылу өткізгіштік
B). жоғары жылу сыйымдылық ,жылу ұстаушы қасиеті және жылу өткізгіштік
C). төменгі жылу сыйымдылық,, жылы ұстаушы қасиеті және жоғары жылу өткізгіштік
D). жоғары жылу сыйымдылық ,төменгі жылу ұстау қасиеті және жоғары жылу өткізгіштік
E). жоғары жылу ұстау, төменгі жылу сыйымдылық, жылу өткізу
48. Криотерапияда емдік мақсатта қолданады
А). қыздырылған құм
B). балшық
C). химиялық табиғаттағы жасанды жылу тасымалдаушы
D). әр түрлі табиғаттағы суық факторлары
E). биологиялық белсенді нүктелерге жылу
49. Суықтатылған тінде:
А). оттегін қолдану жоғарлайды
B). метаболизм белсенділігі төмендейді
C). мембранды транспорт жылдамдығы жоғарлайды
D). қанның тұтқырлығы төмендейді
E). микроциркуляторлы ағымның тамырлары кеңейеді
50. Суықпен әсер ету:
А). тіндік алмасуды ынталандырады
B). өліеттенуді баяулатады
C). регенерация процесін ынталандырады
D). тіндік ацидоздың дамуын жылдамдатады
E). қанның тұтқырлығын төмендетеді
Жауаптар эталоны
-
D
-
Е
-
D
-
А
-
D
-
А
-
B
-
D
-
C
-
А
-
А
-
C
-
B
-
B
-
А
-
B
-
E
-
E
-
E
-
B
-
А
-
C
-
А
-
D
-
B
-
C
-
C
-
B
-
А
-
B
-
C
-
B
-
B
-
C
-
E
-
C
-
А
-
C
-
B
-
C
-
C
-
C
-
D
-
C
-
А
-
B
-
B
-
D
-
B
-
C
Әдебиеттер тізімі
1.Артюшкевич А.С. Клиническая периодонтология; Практич. пособ./А.С.Артюшкевич, Е.К.Трофимова, С.В.Латышева.- Минск: Ураджай,2005.-303 с.
2.Браун А. Применение ультразвукового аппарата Vector при лечении пародонта /А.Браун, Ф.Краузе, А.Шиффер //Клиническая стоматология. -2006.-№3. – С.62-65.
3. Заболевания пародонта: Атлас /Под ред. Н.Ф.Данилевского; Н.Ф.Данилевский, Е.А.Магид, Н.А.Мухин, В.Ю.Миликевич.-М: Медицина,2006.-320 с.
4.Дмитриева Л.А. Современные аспекты клинической пародонтологии /Л.А.Дмитриева .- М.:МЕДпресс,2007.-128 с.
5.Зазулевская Л.Я. Светобиоптронтерапия в стоматологии: Учеб. пособ. /Л.Я.Зазулевская .- Алматы,2008.-50 с.
6. Зазулевская Л.Я. Практическая пародонтология /Л.Я.Зазулевская. – Алматы: Верена,2006. – 348 с.
7.Лукиных Л.М., Успенская О.А. Физиотерапия в практике терапевтической стоматологии: Учеб. пособ. /Л.М.Лукиных, О.А.Успенская - Нижний Новгород: НГМА,2007.-36 с.
8. Өтеубаева Р.Д. Физиотерапия:Оқу- әдістемелік құрал /Р.Д. Өтеубаева .- Қарағанды,2009. - 96 б.
9. Сивовол С.И. Клинические аспекты пародонтологии / Сивовол С.И. -М: Триада-Х,2005- 167 с.
10.Улащик В.С. Физиотерапия. Универсальная медицинская энциклопедия / В.С. Улащик. – Минск: Книжный дом,2008. – 640 с.
11. Частная физиотерапия:Учеб. пособ./Под ред. Г.Н. Пономаренко. – М.: Медицина,2005.- 744 с.
12. Шәуенова К.Ә. Кариес және пульпит аурулары / К.Ә.Шәуенова,
К.К.Оразбекова, Л.Ш.Сексенова. - Қарағанды, 2007. – 104б.
30. 03. .2010ж. басуға қол қойылды
Көлемі 4.2 есепті-баспа табағы
100 дана
ҚММУ баспаханасында басып шығарылды
Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі,40
Достарыңызбен бөлісу: |