Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Тамшылар сапасының негізгі көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет137/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Тамшылар сапасының негізгі көрсеткіштері: 
- енгізу жолдарының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне дәрілік 
заттардың физика-химиялық қасиеттерінің сәйкестігі; 
- микробтық контаминацияға қауіпсіздік деңгейі; 
- дәрілік заттар мен қосымша заттардың сыйымдылығы; 
- дәрілік заттар концентрациясының және тамшы көлемінің (салмағының) 
дәлдігі; 
- химиялық 
және 
физикалық 
(суспензиялар, 
эмульсиялар 
үшін) 
тұрақтылығы; 
- механикалық қоспалардың болмауы. 
Тамшылардың жеке технологиясы 
Ішуге арналған тамшылар. Ішуге арналған тамшылар көбінесе дәрілік 
заттардың судағы, тұндырмадағы, сұйық экстрактыдағы және басқа 
сұйықтықтардағы ерітінділері болып келеді. 
Rp.: Solutіonіs Morphіnі hydrochlorіdі 2% - 10 ml  
Da. Sіgna. 10 тамшыдан күніне 3 рет
Есептеулер: Морфин гидрохлориді: 
2 – 100 
х – 10
х = 0,2 г V
ж
= 10 мл 
Рецептіде есірткі зат - морфин гидрохлориді бар, ішуге арналған сулы 
тамшы жазылған. 
1. Бірінші кезекте рецептінің дұрыс жазылғаны тексеріледі: Бланктың түсі 
қызғылт, дәрігер қолы, жеке мөрі, ЕПМ бас дәрігерінің қолы және мөрі 
болуы керек. 
2. Ішуге қолданылуына байланысты морфин гидрохлоридінің дозасы 
тексеріледі: 
а) Сулы ерітіндінің жалпы көлеміндегі тамшы саны анықталады: 
Сулы ерітіндінің 1 мл 20 тамшы бар, сонда дәрілік
түрде жалпы
10
мл

20
тамшы

200 тамшы бар. 
б) Қабылдау саны анықталады. Ол үшін ерітіндінің бүкіл көлеміндегі тамшы 
саны рецептіде көрсетілген бір рет қабылдауға арналған тамшы санына 
бөлінеді:
200 
тамшы
: 10 
тамшы

20 қабылдау саны; 
в) Бір реттік дозасын есептеу:


205 
Рецепт бойынша
ССРО МФ бойынша 
ЖРД:
0,2 : 20 = 0,01 г
0,02 г; 
ЖТД:
0,01 

3 = 0,03 г
0,06 г 
Қорытынды: дозасы аспаған. 
Рецептіде еріткіш көрсетілмегендіктен, «Сұйық дәрілік түрлерді» 
салмақтық-көлемдік әдіспен дайындау ережелеріне сәйкес еріткіш ретінде 
тазартылған су алынады. 
Б.П. 
Aquae purіfіcatae 5 ml 
Morphіnі hydrochlorіdі 0,2 
Aquae purіfіcatae 5 ml 
Vж. = 10 ml 
Технологиясы: Қосымша ыдысқа тазартылған судан 5 мл өлшеп құйып, 
онда морфин гидрохлоридінің 0,02 г (электронды таразымен өлшенеді) 
ерітеді. Морфин гидрохлориді есірткі зат болғандықтан, оны дәрілердің 
сапасын бақылайтын фармацевт-технологтан алып, ол туралы есеп 
журналына тіркейді (ҚР ДСӘД 2015 жылғы 28 мамырдағы № 405 бұйрығына 
сәйкес). Ерітіп болған соң, ерітіндіні алдын-ала тазартылған сумен жуылған 
фильтр арқылы сыйымдылығы 10 мл қоңыр түсті босататын құтыға сүзеді. 
Сол фильтр арқылы судың қалған мөлшерін (5 мл) сүзеді. Тығындап, күлгін 
түсті гофрирленген қағазбен жауып, жіппен байлап, сүргілейді. Негізгі 
этикетка «Ішуге», ескерту этикеткалары «Балалардан сақта», «Абайлап 
қолдан». Рецепті дәріханада қалдырылады, науқасқа рецептінің көшірмесі 
(сигнатура) беріледі. 
Жазылымда 0,05 г-нан аз мөлшерде жазылған улы, күшті әсер ететін 
заттар белгіленген кезде, олардың алдын-ала дайындалған концентрлі 
ерітінділері қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет