Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет275/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

5.1 Асептикалық жағдайды әзірлеу. 
 
Белгіленуі әртүрлі бірқатар дәрілік препараттар асептикалық жағдайда 
дайындауды қажет етеді. 
Асептикалық жағдайда дайындауды талап ететін дәрілік түрлерге: 
- шаншуға арналған дәрілік түрлер; 
- микроорганизмдері жоқ қуыстарға енгізілетін, ирригациялық ерітінділер; 
- көзге арналған дәрілік түрлер (көз тамшылары, офтальмологиялық 
ерітінділер, көзге арналған жағар майлар); 
- құрамында антибиотиктері бар дәрілік түрлер; 
- жарақаттарды, кілегей қабықтарды емдеуге арналған дәрілік түрлер 
(сеппелер, жағар майлар, ерітінділер); 
- жаңа туған және бір жасқа дейінгі балаларға арналған дәрілік түрлер 
жатады. 
Қазіргі кезде дәріхана рецептурасында стерильді дәрілік түрлердің 
меншікті салмағы өсіп, құрамы күрделеніп ассортименті көбейді. Бұл дәрілік 
түрлер құрамында микроорганизмдер мен олардың спораларының 
болмауымен, микроорганизмдердің минималды мөлшерінің болуымен 
сипатталады. 
Бұл дәрілік түрлерді асептикалық жағдайда дайындау және стерильдеу 
қажеттілігі келесі жағдайларға негізделген: 
1. Құрамында микроорганизмдері бар дәрілік заттарды тікелей қанға 
енгізген кезде, организм зақымданады. 
2. Құрамында антибиотиктері бар дәрілік түрлердің асептикалық жағдайда 
дайындау қажеттілігі, дәрілік түрге түскен микроорганизмдердің 
ферментімен олардың бұзылуына байланысты, эффективтілігі жоғалады. 
Антибиотик 
белсенділігі 
микроорганизмдердің 
өсуін 
тоқтатуға 
шығындалады, сонымен қатар антибиотиктер жоғары температура 
әсерінен белсенділігі жойылады, сондықтан оларды стерильдеуге 
болмайды. 
Дәріхана жағдайында стерильді дәрілік түрлер технологиясында 
қолданылатын негізгі құжаттар: 
1. ҚР МФ І басылымының жалпы мақалары: «Парентеральдік қолданылатын 
дәрі-дәрмектер», «Көзге арналған дәрі-дәрмектер», «Стерильді өнімдер 
дайындау әдістері», «Стерильділік», «Дәрі-дәрмектерді стерильдікке 
сынау», «Микробиологиялық тазалығын тексеру», «Пирогендер». 
2. ҚР ДС ӘД министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 232 «Дәрілік 
заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техниканың 
айналысы 
саласындағы 
объектілерге 
қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын 
бекіту туралы» бұйрығының тиісті бөлімдері. 


367 
Асептикалық жағдайда дайындалатын барлық дәрілік түрлер үшін негізгі 
және жалпы талап дайын өнімнің стерильдігі, яғни дамудың барлық 
сатысында болатын микроорганизмдердің барлық түрлерінің болмауы. Ол 
үшін, біріншіден дәрілік түрді дайындау кезінде асептика жағдайларын 
сақтау және екіншіден, сәйкес әдіспен дәрілік түрді стерильдеу қажет. 
Дәрілік түрлердің құрамына кіретін дәрілік заттардың табиғаты және 
дайындаудың технологиялық процесіне байланысты стерильді дәрілік түрлер 
екі топқа бөлінеді. 
1. Соңғы орамасымен стерильденетін дәрілік түрлер (инъекциялық 
ерітінділер, көз тамшылары, жууға арналған ерітінділер және т.б.); 
2. Стерильдемей, дәрілік түрді дайындау үшін стерильді еріткіш, ыдыс, 
қосымша заттарды және т.б. пайдаланады. Құрамында антибиотиктері бар 
дәрілік түрлер, термолабильді заттары бар шаншуға арналған ерітінділер 
асептикалық жағдайда дайындалады. 
Ерітінділерді дайындау процесінде микробтармен ластану мүмкін 
болғандықтан, асептика ережелерін қатаң сақтауға, өнімнің микробтық 
ластануын максималды болдырмаудың жағдайларын жасауға көңіл бөлу 
қажет. 
Стерильді дәрілік түрлердің сапасына қойылатын талаптар - 
халықаралық стандарттардың санитарлық-гигиеналық талаптарына жауап 
беретін асептикалық жағдайды дайындауды білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет