Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Мазмұны
Бағдарламаның мақсаты: Сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды дамыту және 2025 жылы күтілетін өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыру Міндеттер: - Халықтың саламатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру;
- медициналық көмектің сапасын арттыру;
- денсаулық сақтау жүйесін орнықты дамыту
Іске асыру мерзімі : 2020-2025 жылдар Нысаналы индикаторлар - 2025 жылы: - азаматтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін өсуі; - жүрек-тамыр, онкологиялық, созылмалы респираторлық аурулар мен диабеттен 30-70 жас аралығында мерзімнен бұрын болатын ерте өлім қаупінің деңгейін 15,43-ке дейін төмендету.
2019 жылы ДДҰ бүкіл әлемнің денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған он негізгі сын-қатер: - Инфекциялардың тез таралу қаупі (тұмау пандемиясы, Эбола эпидемиясы, адамның иммун тапшылығы вирусы – АИТВ) сақталады, ал Қазақстан Республикасы экономикасының сауда-туристік қатынастарға интеграциясы инфекциялардың әкеліну және таралу қаупін арттырады.
Вакцинациядан бас тарту, бактерияға қарсы резистенттілік, антибиотиктерді тиімсіз пайдаланудың салдарынан инфекциялық аурулардан болатын өлімнің артуына әкеп соғады. Қан айналым жүйесінің аурулары, ісіктер, қант диабеті аурулары және тыныс алу ағзалары аурулары сияқты инфекциялық емес аурулардың ауыртпалығы өсуде. Халықтың денсаулығына сыртқы қауіпқатерден басқа ауаның техногендік ластануы және климаттың өзгеруі аса өзекті мәселе.
Достарыңызбен бөлісу: |