Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарлама туралы



бет1/5
Дата29.06.2016
өлшемі0.67 Mb.
#165962
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 4 тамыздағы № 791 Қаулысы


"Казахстанская правда" от 21.08.2010 г., № 222 (26283); "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 2 қыркүйектегi № 356-357 (26200); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 46, 422-құжат


      «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 302 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, Бағдарламада көзделген iс-шаралардың тиiсiнше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
      3. Орталық атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жарты жылда бiр рет, есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа, технологиялар министрлiгiне Бағдарламада көзделген iс-шаралардың iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi жарты жылда бiр рет, есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей, Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрi Ә.Ө. Исекешевке жүктелсiн.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                 К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң      
2010 жылғы 4 тамыздағы
№ 791 қаулысымен   
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама

1. Бағдарлама паспорты

Бағдарламаның атауы         Қазақстан Республикасының фармацевтика


                            өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010 - 2014
                            жылдарға арналған бағдарлама.

Әзiрлеу үшiн негiздеме      Қазақстан Республикасының Президентi


                            Н. Назарбаевтың «Нұр Отан» ХДП-ның 2009
                            жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII
                            съезiнде берген тапсырмаларын орындау
                            үшiн Қазақстан Республикасын үдемелi
                            индустриялық-инновациялық дамыту
                            жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған
                            мемлекеттiк бағдарлама.
                            Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009
                            жылғы 2 маусымдағы № 326 өкiмiмен
                            бекiтiлген Қазақстан Республикасы
                            Президентiнiң «Нұр Отан» ХДП-ның 2009
                            жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII
                            съезiнде берген тапсырмаларын iске асыру
                            жөнiндегi iс-шаралар жоспары.

Жауапты мемлекеттiк орган   Қазақстан Республикасы Индустрия және


                            жаңа технологиялар министрлiгi.

Бағдарламаның мақсаты       2014 жылға қарай отандық өндiрiс есебiнен


                            елдiң дәрiлiк препараттарға нақты мәндегi
                            қажеттiлiгiн қанағаттандыру деңгейiн
                            50%-ға жеткiзу.

Бағдарламаның мiндеттерi    Инвестициялық жобаларды iске асыру


                            шеңберiнде жұмыс iстеп тұрған
                            өндiрiстердi жаңғырту және жаңа
                            фармацевтикалық кәсiпорындарды салу.
                            2014 жылдың аяғына дейiн фармацевтика
                            өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарында (GMP)
                            «Тиiстi өндiрiстiк практика» халықаралық
                            сапа стандарттарын енгiзу.
                            GMP халықаралық стандарттарына сәйкес
                            қазiргi заманғы технологиялар базасында
                            фармацевтикалық және медициналық өнiмнiң
                            импорт алмастыруы үшiн жағдайлар жасау.
                            Саланы бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету.

Бағдарламаны iске           2010 - 2014 жылдар (орта мерзiмдi)


асыру мерзiмi

Нысаналы индикаторлар       2014 жылдың аяғына қарай iшкi нарықтағы


                            отандық дәрiлiк заттарды нақты мәнде 30
                            %-дан 50 %-ға дейiн ұлғайту.

Қаржыландыру                Бағдарламаны iске асыруға 2010 - 2014


көздерi мен көлемi          жылдары меншiктi және қарыз қаражаты
                            бағытталатын болады.

2. Кiрiспе

      Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурызда № 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес әзiрлендi.


      Бағдарламаны әзiрлеу Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күшi жойылған «Қазақстан Республикасының фармацевтика және медицина өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 20 тамыздағы № 3621 Жарлығында негiзгi қаланған, саланы реформалау жөнiнде мемлекет қабылдап жатқан шаралардың дәйектi жалғасы болып табылады

3. Ағымдағы ахуалды талдау
3.1 Фармацевтика өнеркәсiбiнiң ағымдағы жағдайын бағалау

      Қазақстандағы медикаменттердiң жиынтық нарығы шамамен 6000 атауды қамтиды. Сарапшылардың бағалауы бойынша 2009 жылы ЖIӨ өсiмiнен орта есеппен 1,5-2 еседен асатын тұрақты жылдық өсiм үрдiсiмен 1 млрд. долларды құрады.


      Қазақстан фармацевтика өнеркәсiбi отандық денсаулық сақтау саласын заттай көрсеткiштердегi дәрiлiк заттармен 30%-ға қамтамасыз етедi, 2009 жылғы деректер бойынша госпиталь секторында тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi (ТМККК) шеңберiнде бұл көрсеткiш 45%-ды құрады.
      Бұл ретте отандық өндiрушiлердiң өнiм портфелiнiң негiзгi бөлiгiн рентабелдiлiгi төмен дженериктi препараттар (олардың жалпы нарық көлемiндегi үлесi 85%) құрайды, ал ерекше препараттар нарығы 15 %-ды құрайды, бұл фармацевтика өндiрушiлерiне өз пайдасын жаңа ерекше дәрiлiк препараттарды зерттеу мен әзiрлеуге бөлуге мүмкiндiк бермейдi.
      Фармацевтика өнеркәсiбi дамушы сала бола отырып, медициналық мақсаттағы бұйымдардың (ММБ) ұсақ өндiрушiлерiн қоса алғанда, фармацевтика және медицина өнiмi өндiрушiлерiнiң жалпы 79 кәсiпорнын қамтиды. Бұл ретте 6 барынша iрi зауыттар үлесiне Қазақстанда шығарылатын ақшалай көрiнiстегi барлық дәрiлердiң 90 %-ынан астамы тиесiлi. Отандық кәсiпорындардан: «Химфарм» АҚ, «Глобал Фарм БК» ЖШС, «Нобел АФФ» АҚ, «Ромат» фармацевтикалық компанияларды, «Нұр-Май Фарм» ЖШС, «Қарағанды фармацевтика кешенiн» атап өтуге болады. Медициналық жабдық бойынша — «Ақтөберентген» АҚ толық циклдi өндiрiсi бар кәсiпорын болып табылады.
      Дәрi-дәрмек өндiрiсi баяу дамуда, он бес жыл iшiнде отандық өндiрушiлердiң дәрiлiк нарық көлемiндегi ақшалай көрiнiстегi үлесi 3%-дан 10%-ға (қаржылық есеппен) ұлғайды. Қазақстанның фармацевтика кәсiпорындары республикада тұтынылатын медикаменттер көлемiнiң құндық мәнiнде 10 %-дан аспайтын көлемде өнiм шығарады.
      Алайда, 2005 - 2008 жылдары iшкi фармацевтика нарығы өсiмiнiң жоғары қарқыны байқалып отыр, ол елдiң бүкiл экономикасының өсiмiмен, халықтың әл-ауқатының өсiмiмен байланысты болып отыр.
      2000 - 2009 жылдар кезеңiнде халық сұранысының барынша қымбат инновациялық фармацевтика өнiмiне ауысу шамасына қарай отандық өнеркәсiптiң iшкi нарықтағы позициясы төмендедi. Негiзгi проблема - «арзан» және «ауқымсыз» отандық ассортиментте; бұл Қазақстанның фармацевтика нарығының негiзгi бөлiгiн - құндық көрiнiсте 90%-ға дейiн және заттай көлемде 70%-ға дейiн импортталған өнiмнiң құрауына әкелдi; отандық дәрiлiк заттардың үлесi тиiсiнше 10%-ды және 30%-ды құрады. Бұдан өзге қазақстан фармацевтика өнеркәсiбi шетел компанияларының жалпы кiрiстiлiгi бойынша артта қалып келедi.

3.2. Серпiндегi негiзгi көрсеткiштер.

      Қазақстан Республикасының фармацевтика секторының берерi нақты ЖIӨ-нiң 1%-нан аз: оның үлесi 2004 жылы 0,97%-дан аз көлемдi құраса, 2008 жылы оның көлемi небары 0,87% болды.


      Өнеркәсiп өндiрiсi көлемiндегi фармацевтика енеркәсiбiнiң үлесi 2004 - 2007 жылдары 0,12 - 0,13%-ды құрады. 2008 жылы фармацевтика өнеркәсiбiнiң үлесi 0,1%-ға дейiн құлдырап кеттi, өйткенi өнеркәсiп тауарларының бағасы фармацевтикалық өндiрiс көлемiнен тез өстi.
      Экспортқа қатысты аздаған өсiм байқалғанымен, фармацевтика саласының үлесi мардымсыз күйiнде қалып отыр. Дәрiлiк препараттарды шетелге сату 2004 жылғы экспорт үлесiнiң 0,0159%-ынан 2008 жылға қарай 0,0248%-ын дейiн өстi.
      Соңғы он жыл iшiнде фармацевтика өнiмiнiң қазақстандық нарығы 1999 жылдан бастап жыл сайын 10%-ға ұлғая отырып, көлемi жағынан айтарлықтай өстi; 2003 - 2008 жылдар кезеңiнде өсiмнiң орташа қарқыны 14,48%-ды құрады. Алайда, 2008 жылы неғұрылым бiр қалыпты дамудың жаңа кезеңi басталды, бұл нарықтың өз көлемiнiң өскенiнде де, әлемдiк экономикалық дағдарыстың халықтың сатып алу қабiлетiне келеңсiз әсер еткенiн де көрсетедi. Бүгiнгi күнi байқалып отырған өсiм импорттық медикаменттердiң өспелi бағаларының өсуiмен түсiндiрiледi.

2003 - 2008 жылдары Қазақстан Республикасының фармацевтика нарығы

(диаграмманы қағаз мәтiннен қараңыз)

      2005 - 2008 жылдар аралығында елдiң бүкiл экономикасының өсiмiмен, халықтың әл-ауқатының артуымен негiзделген iшкi фармацевтика нарығы өсiмiнiң жоғары қарқыны байқалды. 2005 - 2008 жылдары iшкi нарықтағы фармацевтика препараттарын сату көлемiнiң орташа жылдық өсiмi 19%-ды құрады.


      2009 жылғы қорытындылар бойынша Қазақстан Республикасында фармацевтика өнiмiнiң өндiрiсi 84,7 млн. АҚШ долл. құрады. Бұл жалпы өнеркәсiптiк өндiрiс көлемiнiң 0,13 %-ын, өңдеушi өнеркәсiп көлемiнiң 0,4 %-ын құрайды.
      2009 жылы Қазақстандағы дәрiлiк құралдар импортының көлемi 816,9 млн. АҚШ долл., экспорт өнiмi 17,8 млн. АҚШ долл. құрады.
      2009 жылдың аяғындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 6490 медициналық препараттар (шөптер негiзiндегi 150 - 200 дәрiлiк заттар және балама заттарды қоса алғанда) тiркелген.
      Қазақстан Республикасының фармацевтика нарығы - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) iшiнде Ресей мен Украина нарығынан кейiн үшiншi орында. IMS Health мәлiметi бойынша ТМД фармацевтика нарығындағы Қазақстан Республикасының үлесi 2008 жылы 5%-ды құрады.
      Қазақстан Республикасында фармацевтика өнiмiн жан басына шаққанда тұтыну үлесi - 73 АҚШ долл. құрап, ТМД бойынша көлемi жағынан екiншi болып табылды, бiрақ бұл кез келген Еуропа елiнен төмен.

2008 жылы ЕО-да, Шығыс Еуропада және ТМД-да жан басына шаққанда
дәрiлiк заттарды тұтыну, US $

(диаграмманы қағаз мәтiннен қараңыз)

      Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсiбi фармацевтика шикiзатының (субстанцияларының), жабдықтар мен орама материалдарының импортына қатты тәуелдi. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң деректерi бойынша 2008 жылы импорттық медикаменттер барлық нарық құнының 90%-ын құраған. Физикалық көлемдер тұрғысынан жағдай аса қолайлы: IMS Health импорт үлесiн 70% деңгейiнде бағалап отыр. Қазақстан Республикасы фармацевтика өнеркәсiбi жалпы кiрiстiлiкте артта келе жатқанымен, бiрақ отандық денсаулық сақтау саласын нақты көрсеткiште дәрiлiк заттармен 30%-ға қамтамасыз етедi.


      Осылайша, мемлекет құрылған Бiрыңғай дистрибьютор (бүдан әрi - Бiрыңғай дистрибьютор) арқылы әрекет ете отырып, медикаменттердi жеткiзуде барынша маңызды рөл атқаруда. Дегенмен, бөлшек сектордағы ахуал мен тұтыну шығыстарының деңгейi әлi де өсiмнiң негiзгi факторлары болып қалып отыр.

2008 жылғы Қазақстан Республикасының фармацевтика нарығының
құрылымы халықтың табысы

(диаграмманы қағаз мәтiннен қараңыз)

      Құндық көрiнiсте Қазақстан Республикасының нарығына импорттық фармацевтика өнiмiнiң басты жеткiзушiлерi ЕО мен АҚШ компаниялары болып табылады, олар бөлшек және аурухана сегменттерiндегi 10 iрi өндiрушi тiзiмiнiң алдыңғы қатарында.


      Рецептуралық препараттар 2008 жылы нарық құнының 64%-ын құрады. Рецептурасыз заттар нарықтың 36%-ын құрайды.
      Қазақстан Республикасындағы экономикалық өрлеу, жеке секторда да, мемлекеттiк секторда да дәрiге арналған шығыстарды көбейттi. 20 АҚШ долларынан астам құны бар өнiмдер 2008 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 18 %-дан 23% -ға дейiн көтерiлiп, нарықтың елеулi үлесiн иелендi.
      Медикаменттерге арналған бөлшек баға 2007 жылмен салыстырғанда 4,8%-дан 2008 жылы 9,8%-ға өсiп, тауарлар мен қызметтерге арналған бағалардың жалпы өсiмiнде көрiнiс тапты.

       Кәсiпорындардың негiзгi қорлары



      Жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың негiзгi қуаттарының тозуын бағалау кезiнде 2014 жылға қарай мiндеттi енгiзiлуi заңнамамен бекiтiлген тиiстi өндiрiстiк тәжiрибенiң талаптарына (GMP) сәйкес келтiру үшiн оларды жаңғырту мүмкiндiгi негiз қалаушы факторға айналады. Басқаша айтқанда, GMP стандарттарына сәйкес келмейтiн цехтарды пайдалануға беру 2014 жылдын аяғында тоқтатылатын болады.
      Тиiстi өндiрiстiк тәжiрибе талаптарына сәйкестiктi бағалау жөнiндегi ұлттық инспекция (GMP) әлi құрылған жоқ, төмендегi бұл сәйкестiк туралы болжамдар талқыланып отырған өндiрiстiк қуаттарда GMP сертификаттарының болуын бiлдiрмейдi. Технологиялық жарақтанушылықтың, сондай-ақ орама цехы мен «толық цикл өндiрiсiне» инвестициялардың арасындағы түбегейлi айырмашылықтарды ескере отырып, бұл тарауда тек соңғысы ғана қаралады.
      Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ - отандық фармацевтика өнеркәсiбi жетекшiсiнiң құрылғанына 125 жылдан асты. Негiзгi өндiрiстiк қуаттар жарты ғасырдан астам пайдаланылып келедi, алғашқы елеулi жаңғырту өткен ғасырдың 90 жылдардың ортасы - аяғында болды, 2007 жылы тиiстi өндiрiстiк тәжiрибенiң талаптарына сәйкес келетiн «жұмсақ» дәрi нысандарының жаңа цехы пайдалануға берiлдi. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылға қарай отандық өндiрушiлер нарығының 50%-дың үлесiне қол жеткiзу туралы тапсырмасына сәйкес компания басшылығы өндiрiс ауқымын елеулi түрде ұлғайтуды болжай отырып, Астана қаласында қатты дәрiлiк нысандар мен ұнтақ антибиотиктер шығару жөнiндегi фармацевтика фабрикасын және Шымкент қаласында екпе, әрi инфузиялық ерiтiндiлер өндiрiсi бойынша, оның iшiнде модульдiк технология бойынша цехтар салатынын мәлiмдедi.
      Бүгiнгi күнi өнiм ассортиментi қатты (таблеткалар, капсулалар) және зарарсыздандырылған (ампулалардағы екпе ерiтiндiлер мен екпеге арналған сауыттағы антибиотиктер) дәрiлiк нысандарды, зарарсыздандырылмаған сұйық ерiтiндiлердi, сироптарды, тұнбаларды, жұмсақ дәрiлiк нысандарды (жақпалар, гельдер, линименттер мен суппозиторийлер) қамтиды.
      «Глобал Фарм» БК ЖШС өндiрiс көлемi бойынша республикада екiншi болып табылады. 2000 жылы негiзi қаланған, Оңтүстiк Корея тарабымен бiрлескен кәсiпорын қатты дәрiлiк нысандарын қомақты көлемде өндiредi және шетел өндiрiсiнiң ампуладағы препараттарын орайды. Негiзгi қорлардың тозу уақыты келмегенiмен, жұмыс iстеп тұрған шектеулi алаңдарда кәсiпорындарды GMP стандартына дейiн жаңғыртудың орынсыздығы салдарынан Алматы облысында «Глобал Нью-Лайф» зауытын салу жоспары айтылды. Оны пайдалануға беру 2013 - 2014 жылдары күтiлiп отыр.
      Павлодар қаласындағы «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС өзiн полипропиленнен, қатты дәрiлiк нысандардан (бұл цехтың GMP стандарттарына сәйкестiгi айтылды), баға тобы төмен инфузиялық ерiтiндiлерден жасалған ММБ, өндiру зауыттары мен биологиялық қоспалар дайындау цехын қамтиды, кеңес кезiндегi ғимараттардағы ауқымды алаңы бар, оларды қазiргi заманғы цехтарды орналастыру үшiн жаңғырту қомақты инвестицияларды талап етедi. «Ромат» ФК өнiм ассортиментi мен көлемiн ұлғайту жоспарын белсендi мәлiмдеп отыр және үздiксiз стратегиялық әрiптес немесе инвестор iздеу үстiнде.
      «Нобел Алматы фармацевтика фабрикасы» АҚ бiрiншi кезекте Алматы фармацевтика фабрикасының ғимаратына күрделi жөндеу, тиiстi өндiрiстiк тәжiрибе (GMP) талаптарына сәйкес қатты және сұйық дәрiлiк нысандарды өндiрiсiнiң толық циклiн жүргiзе отырып, өз өндiрiсiнiң бiрiншi кезегiн аталған фабрика базасына орналастырды. «Нобель АФФ» АҚ қолда бар өндiрiс қуаттарын жаңғырту бойынша бiрiншi инвестициялық жобаны жүзеге асыруда, сондай-ақ қолда бар аумақта дәрiлiк заттарды шығару бойынша қосымша цехтарды салуды және пайдалануға берудi жүргiзуде. Бұл ғимаратта зарарсыздандырылған дәрiлiк нысандар өндiрiсiн орналастыру мүмкiн болмағандықтан, зауыт басшылығы 2012 - 2015 жылдары Алматы қаласында зарарсыздандырылған және зарарсыздандырылмаған дәрiлiк заттарды шығару жөнiндегi жаңа өндiрiстi салудың екiншi инвестициялық жобасын жүзеге асыратын болады.
      «Нұр-Май» компаниясы «Ayat Pharm» брендiмен Алматы облысында қазiргi заманғы пластикалық пакеттерде оралған төменгi баға тобының инфузиялық ерiтiндiлерiн шығаруға мамандандырылады. Аталған компания цехы 2005 жылы пайдалануға берiлдi, алайда болжанған қуаттылыққа шығу кәсiпорын өнiмiнiң жоғары өзiндiк құны мен бұл өнiмге Қытай және Ресей өндiрушiлерiнiң әсерi арқылы ҚР нарығында қалыптасқан төменгi баға арасындағы сәйкессiздiкпен қиындай түсуде, осылайша аталған ерiтiндiлердi «орнында» дайындайтын ауруханаiшiлiк дәрiханалар тарапынан бағаның бәсекелестiкке орай көлiктiк-логистикалық құрамын барынша азайтады.
      «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндiрiстiк холдингi» АҚ химия, фармакология, ботаника және биотехнология бейiмiндегi 12 ғылыми-зерттеу зертханасын, 42 га алаңы бар ботаникалық бақты, сондай-ақ Қарағанды фармацевтика зауыты (ҚФЗ) мен «Қарағанды фармацевтика кешенi» ЖСШ-тi (ҚФК) қамтитын iрi ғылыми-өндiрiстiк кешендi бiлдiредi. 190 қызметкер жұмыс жасайтын орталыққа ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигi басшылық етедi.
      «Фитохимия» ХҒӨХ 43 отандық фитопрепаратқа клиникалық-фармакологиялық зерттеулердiң толық кешенiн жүргiздi, оның iшiнде ең танымалы — iсiкке қарсы «Арглабин» препараты болып табылады. Қазiргi кезде екi: «Арглабин» және «Салсоколлин» дәрiлiк препараттарын шығару жолға қойылды.
      Бүгiнгi күнi өндiрiстiк қуаты жылына 850 мың «Арглабин» сауытын және 250 мың «Салсоколлин» түйiршiктерi мен капсулаларын құрайды. Қазiргi бағаларды ескере отырып, компанияның әлеуеттi түсiмi 628 млн. теңгеге (4,3 млн. АҚШ доллары) бағаланып отыр.
      2005 жылмен салыстырғанда зауыт «Арглабин» шығаруды құндық және заттық көрiнiсте төрт есеге ұлғайтты.
      «Қарағанды фармацевтика кешенi» ЖШС дәрiлiк өсiмдiк шикiзатынан бiрегей препараттар өндiруге маманданған және Қарағанды қаласының шегiнде:
      а) 2008 жылы салынған субстанцияларын тұндыру және синтезi,
      б) сублимациялайтын және ампулалайтын (2005 жылы салынған) екi цехы бар, ол жалпы алғанда тиiстi өндiрiс тәжiрибесiнiң (GMP) талаптарына сәйкес келетiн зарарсыздандырылған екпе нысандарын шығару бойынша елдегi жалғыз цех болып табылады. Аудиттi «Pharmaplan» компаниясының ресейлiк өкiлдiгi жүргiзген.
      Зауыттың жаңа менеджментi ассортименттi, ең бiрiншi дженериктер, оның iшiнде ТМККК-ға енгiзiлген және Бiрыңғай операторы, жүйесi бойынша сатып алынатын екпе препараттар есебiнен елеулi түрде ұлғайтуға иек артып отыр.
      Ақтөбе қаласындағы «СВС-Фармация» ЖШС қатты дәрiлiк нысандар өндiрiсiнiң толық циклiн жүзеге асырады. Ғимарат күрделi жөндеуден өттi, 2002 - 2004 жылдары әлi тоза қоймаған жабдықтармен жабдықталды. Коммерциялық сату үшiн импорттық «балка» орамын жасау да болжанып отыр. Компания жоспарында тиiстi өндiрiс тәжiрибесiнiң (GMP) талаптарына сәйкес келетiн өндiрiстiң екiншi кезегiн салу бар.
      «Екафарма» ЖШС Алматы облысында орналасқан, сашеттер бойынша ұнтақ, сондай-ақ сироптар мен импорттық «балка» орамын жасау мүмкiндiгiн қоса алғанда, қатты дәрiлiк нысандар өндiрiсiне арналған жабдығына ие. Ғимараты жеке орналасқан, 2002 - 2003 жылдары жаңғыртылған; жабдығы - тозу деңгейлерi әртүрлi Еуропа және Қытай өндiрушiлерiнен.
      Осылайша, қолдағы қуаттардың тозуын «Химфарм» АҚ және «Ромат» ФК негiзгi цехтары үшiн (айтылған ерекшелiктердi ескере отырып) елеулi (60%-дан астам), «Глобал Фарм» БК ЖШС үшiн орташа (40 - 60%) және қалған кәсiпорындар үшiн жоғары емес (40%-ға ) деп бағалауға болады.
      Ақтөбе қаласындағы «Ақтөберентген» АҚ 68 жыл бойы, жылжымалы және тұрақты рентген аппараттарын, флюорографиялық аппараттарды, рентген диагностикалық кешендердi қоса алғанда, рентген және өзге де диагностикалық жабдықтарды жобалайды, әзiрлейдi және шығарады.
      Компанияның өнiмдiлiк көрсеткiштерi құндық мәнде еңбектi қажет ететiн қатынасы бойынша 5208 теңгенi (35,3 АҚШ долл.) және капиталды қажет ететiн қатынасы бойынша 5935 теңгенi (40,2 АҚШ долл.) құрайды. 2006 - 2008 жылдары инвестициялық жобаны iске асыру нәтижесiнде «Ақтөберештен» АҚ рентген техникасы өндiрiсiн жаңа өндiрiстiк алаңда толық жаңғыртуды жүргiздi, бұл шығарылатын өнiмнiң сапасы мен оның тұтынушылық сипаттамаларын елеулi түрде жақсартуда айқындаушы фактор болды.

3.3. Әлсiз және күштi жақтарын, мүмкiндiктер мен
қауiптердi талдау

      Қазақстан Республикасы фармацевтика өнеркәсiбiнiң жағдайын талдау және шамамен 30 жергiлiктi өндiрушiдiң пiкiрiн сұрау құн есептеу тiзбегiндегi бiрнеше негiзгi қиындықтарды анықтауға мүмкiндiк бердi.


      Әлсiз жақтары
      Шетелдiк ойыншылармен бәсеке
      Жергiлiктi фармацевтикалық компаниялардың көпшiлiгi шетелдiк ойыншылармен бәсекелестiк жайында, әсiресе әлемдiк қаржы дағдарысы жағдайында қауiп бiлдiредi. Өндiрушiлер iшкi нарыққа шығарылатын көптеген дәрiлiк заттар бойынша уақытша бағалық шектеулер енгiзуге мәжбүр болды, бұл олардың рентабельдiлiгi мен инвестициялау қабiлетiне терiс әсер еттi.
      Жаңа өндiрiстiк қуаттарды қатарға қосумен байланысты фармацевтика өнiмдерiн өндiрудiң жалпы экспортында шапшаң өсу қарқынының болжамдарына қарамастан, Қазақстан Республикасының фармацевтика өнiмдерiнiң сыртқы саудадағы терiс сальдосы табысы орташа нарықтар мен дамушы нарықтарға тән жалпы дүниежүзiлiк үрдiсiн қайталай отырып, 2014 жылдың соңына дейiн өсуiн жалғастыратын болады.
      Еуропалық Одақтың, Жапонияның және Солтүстiк Американың трансұлттық фармацевтикалық компанияларының үстем жағдайы (саланың осы өңiрлерде тiркелген 15 iрi компаниясы және оларға әлемдiк дәрiлiк құралдарды сатудың 53,3% келедi) мен Орталық және Шығыс Еуропада, Үндiстан мен Қытайда GMP сертификаты бар әлемдiк дженерик өндiрушiлердiң күштi ұстанымы, мүмкiндiгiнше, ҚР-на әлемдiк фармацевтика нарығында екiншi дәрежелi ұстанымды қалдырады.
      Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының және Қазақстан Республикасының Кеден одағын құруы Қазақстан Республикасының фармацевтика саласы үшiн жаңа мүмкiндiктер мен қауiп-қатердiң пайда болуына алып келедi.
      Күштi жақтары
      2014 жылдың соңына дейiн қазақстандық фармацевтика өнiмдерi экспортының негiзгi бағыты ТМД елдерiнiң нарықтары, сондай-ақ құрылымы жағынан ұқсас кейбiр басқа нарықтар, мысалы, Монғолия нарығы болады. «ViOrtis» консалтингiлiк компаниясының 2008 жылғы деректерi бойынша экспорттың 81%-ы құны бойынша және 91%-ты көлемi бойынша Қырғызстанға, Өзбекстанға және Тәжiкстанға жөнелтiлдi.
      Алайда, соңғы уақытта Қырғызстан мен Өзбекстанда қазiргi заманғы жаңа қуаттар пайдалануға берiлдi (әзiрше, шынын айтқанда GMP толық сәйкес келмейдi) және екi ел де импортты алмастыру жөнiнде белсендi шараларды жүзеге асыра бастады.
      Өңiрде туберкулезбен ауырудың жоғары деңгейiн ескере отырып және ТМД-ның шағын елдерi нарықтарының әлжуаз құрылымына қатысты экспорттық өнiмдердiң негiзгi түрлерi, атап айтқанда, туберкулез дәрiсi, инъекция антибиотиктерi, бактерияға қарсы препараттар, анальгетиктер, вакциналар, қан сарысуы және басқа дәрiлiк заттар болып табылады.
      Шетел компанияларымен бiрге келiсiмшарттық өндiрiстер ұйымдастыру, сондай-ақ технологиялар трансфертi ҒЗТКЖ-ға қомақты қаржы жұмсамай жоғары-технологиялық препараттарға жергiлiктi қажеттiлiктi қамтамасыз етуге және қысқа мерзiм iшiнде артта қалуды жоюға мүмкiндiк бередi.
      Сонымен бiрге, қаралып отырған кезеңде, отандық фармацевтикалық компаниялар үшiн негiзгi өткiзу нарығы уәкiлеттi компания үйлестiретiн Қазақстан Республикасының емдеу-профилактикалық мекемелерi (ЕПМ) үшiн мемлекеттiк сатып алу болады, Бiрыңғай дистрибьютор кепiлдiктi өндiрiстiң жеткiлiктi көлемiн қамтамасыз етедi, бұл экспортқа бағдарланған саланы түрлендiруге арналған алғашқы қадам болады.
      Бұл жағдайда, мемлекет тарапынан барынша қолдау саланы реформалауды ынталандырушы және әлеуеттi әлденеше peт күшейтудiң неғұрлым елеулi факторы болып көрiнедi, бұл бәсекелестiкте орасан зор артықшылық алуға мүмкiндiк бередi.
      Бұдан басқа, осы Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде жаңа шағын және орта кәсiпорындар салу болжанады, бұл бәсекелi ортаны жақсартуға алып келедi және одан әрi экспортқа бағытталған өнiм өндiру сапалы үшiн жағдайлар жасайды.
      Күрделi медициналық техникаларды шығаруға келетiн болсақ шағын, iс жүзiнде елдегi жалғыз ұлттық өндiрушi рентген аппараттарын шығаратын «Ақтөберентген» АҚ болып табылады. Меншiктi өндiрiс рентген жабдықтарына iшкi қажеттiлiктiң тек 20%-ын, және күрделi медициналық жабдықтарға қажеттiлiктiң тек 13%-ын жабады, оған ультрадыбыстық диагностикалық техника, операциялық жабдық, тiршiлiктi қамтамасыз ету және басқа да аса күрделi және қымбат бағалы аспаптар кiредi. Бұл ретте өндiрiстiң қолда бар резервтерi осы үлестi тек қана бiр «Ақтөберентген» АҚ күшiмен, тиiсiнше 60%-ға дейiн және 40%-ға дейiн жеткiзуге мүмкiндiк бередi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет