Хирургиялық стоматология пропедевтикасы модулі



бет1/6
Дата21.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#151979
  1   2   3   4   5   6

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ МОДУЛІ

СИЛЛАБУС




Модуль – хирургиялық стоматология пропедевтикасы 41-1-6

Пән – Хирургиялық стоматология пропедевтикасы PHS 4302

Мамандығы – 051302 «Стоматология»

ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯНЫҢ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

ПӘНІ БОЙЫНША
СИЛЛАБУС

Оқу сағаттарының көлемі – 405 саағат.

Дәрістер – 30 сағат.

Тәжірибелік сабақтар – 240 сағат.

Студенттердің өзіндік жұмысы - 135 сағат.


Курс - 4

Жарты жылдық – VII-VIII
Бақылау түрі: емтихан


Алматы 2011

Силлабусты мемлекеттік тілге аударған: м.ғ.к. асс. Ж.Ж. Айтбаев


Хирургиялық стоматология пропедевтикасы модулі мәжілісінде талқыланған

« 27» тамыз 2011 ж. № 1 хаттама


Модуль жетекшісі



м.ғ.д. профессор _________________Тулеуов К.Т.


  1. Жалпы мәлімет:


1.1 ЖОО аталуы: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті .

1.2 Модуль - хирургиялық стоматология пропедевтикасы

1.3 Пән – Хирургиялық стоматологияның пропедевтикасы

Пәннің коды - PHS 4302

1.4 Мамандық - 051302 «Стоматология».

1.5 Оқу сағаттарының көлемі – 405 сағат.

1.6 Курс және оқылатын жарты жылдық - 4 курс, 7-8 жарты жылдық.
1.7 Мұғалімдер жайлы мәліметтер:




р/с

Аты-жөні

Қызыметі

Ғылыми дәрежесі



Тулеуов Қалдан Төлеуовұлы

модуль жетекшісі, профессор

мед. ғылымдарының докторы



Русанов Владимр Петрович

профессор

мед. ғылымдарының докторы



Вансванов Мурат Ильясович

ассистент

мед. ғылымдарының кандидаты



Трегубова Татьяна Владимировна

доцент

мед. ғылымдарының кандидаты



Қосмағанбетова Алма Темірханқызы

ассистент

мед. ғылымдарының кандидаты



Ұғланов Жаркынбек Шертайұлы

ассистент

мед. ғылымдарының кандидаты



Бименов Қалберген Сейдахметұлы

ассистент

-



Акымжанова Лаура Жокеновна

ассистент

-



Амантаев Бақанай Амантайұлы

ассистент

мед. ғылымдарының кандидаты



Никипорец Михаил Валерьевич

ассистент

-



1.8 Байланыс мәліметтері:

Модульдің орналасқан жері: Алматы қ-сы, Төле би к-сі 92, ҚазҰМУ №3 оқу ғимараты;

Телефон: 292-50-25 (ішкі 198)

Модульдің электрондық адресі: kazbrit_gng_s@mail.ru

1.9 Пәнді оқыту тәртібі.

Оқу үрдісінің кезегімен мақсатына жете оқылуы қадағаланады. Мұғалімдер студенттерден медициналық жоғарғы оқу орындарының қағидаларына сай талап етеді.

1.Тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу

2.СӨЖ дің барлық тақырыптарын таңдалған бір үлгімен орындау.

3.Оқу үрдісіне белсенді қатысу (тәжірибелік сабақтардың тақырыптары бойынша конспекттер мен теориялық материалдарды дайындау, мәселелік есептерді және тест түріндегі есептерді шешу,міскінде тәжірибелік жұмысты орындау, альбомға суретттерді салу).

4.Тақырыптық жоспарға сай, уақтылы, таңдап алынған СӨЖ тақырыбын бір үлгі бойынша қорғау (бір аптаның ішінде, тарауға сәйкес).

5. 13, 20, 31, 40 сабақтарда аралық бақылау.

6. Студентте сабақ пен дәрістерге арналған жеке жұмыс дәптерлерінің болуы.

7. Сабаққа кестеге сай кешікпей келу.

8. Таза үтіктелген ақ халатқ, алпақ, ауыстырып киетін аяқ киім, мұрындық, қолғаптың болуы.

9. МПҚ на құрметпен қарау.

10.8-жарты жылдықта емтихан тапсыру.

11.Топтың алдында мұғалімдердің, оқу бөлмесінің және кафедра меңгерушісінің қатысуымен шағымданған мәселелерді ашық талқылау.

12. Әр бір жіберілген дәріс үшін, 0,5 баллдан айып түрінде шегеріледі.

13. Студенттің сабаққа үнемі кешігуі үшін айып түрінде, 0,5 баллдан әр бір кешігуі үшін шегеріледі.

14. Жоғарыда келтірілген кафедраның негізгі қағидаларын сақтамағаны үшін, ережелеріне бағынбағаны үшін айып баллдары шегеріледі.

15. Айып баллдары, пән бойынша орта бағадан шегеріледі – R.
2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Хирургиялық стоматологияның пропедевтикасы бұқараға хирургиялық көмек көрсетудің ұйымдастырылуының, хирургиялық стоматологиялық науқастарды клиникалық тексерудің ерекшеліктерінің, хирургиялық стоматологиялық іс әрекеттер кезіндегі жансыздандырулардың мәселелерін зерттейтін пән.

Хирургиялық стоматологияның пропедевтикасы стоматология факультетінің студенттерін алдағы клиникалық кафедраларда өтетін сабақтарға дайындап, дәрігерлік ойлау және шешім қабылдау қасиеттерін меңгерген және хирург - стоматологтың кәсіби мәселелерін шеше алатын жалпы тәжірибелік дәрігер-стоматолог дайындау.
2.2 Пәннің мақсаты:

Хирургиялық стоматологияның негіздерін білу және қолдана білу, стоматологиядағы кездесетін негізгі хирургиялық ауруларды нақтамалау және емдеудің негізгі қағидаларын білу.


2.3 Пәннің мәселелері:

  • бұқараға хирургиялық стоматологиялық көмектің ұйымдастыру қағидаларының негіздерін үйрету;

  • дәрігер - стоматологтарды дайындауда хирургиялық стоматологияның пропедевтикасының ролі туралы тұсініктер қалыптастыру;

  • хирургиялық стоматологиялық науқастарды негізгі және қосымша тексеру тәсілдерін үйрету;

  • негізгі хирургиялық стоматологиялық науқастарды нақтамалау кезіндегі дәрігерлік деонтология мен семиология негіздерін үйрету;

  • хирург-стоматологтың негізгі кәсіби іс-шараларын үйрету (міскінде);


2.4 Оқытудың ақырғы нәтижелері:

Студент білуі керек;

  1. бұқараға хирургиялық стоматологиялық көмектің ұйымдастыру сұрақтарын, стоматологиялық емхана мен хирургиялық стоматологиялық бөлімшенің жұмыстарының ұйымдастырылуының экономикалық ерекшеліктерін;

  2. хирургиялық стоматологияда қолданылатын жергілікті жансыздандыру тәсілдерін;

  3. хирургиялық стоматологиялық бөлмеде науқастарды тексерудің жалпы қағидалары;

4. тісті жұлу операциясының тәсілдерін;

5. жақ-бет аймағында кездесетін қабыну ауруларын емдеудің қағидалары мен семиотикасын;

6. жақ-бет аймағының абсцесстері мен флегмоналарын ашу, секвестрэктомия, жоғарғы жақ қуысын тесу, алдыңғы риноскопия және мұрынды тығындау тәсілдерін;

7. жақ-бет аймағының зақымдануларының ерекшеліктері мен жіктемесі;



8. сынған жақ сүйектенін уақытша және тұрақты бекіту тәсілдері мен емдеу шараларын;
Студент істей алуы керек;

  1. Жақ-бет аймағында ауруы бар науқастарға тексеру жүргізуді;

  2. Негізгі хирургиялық патологияларды нақтамалауды;

  3. Операциялық емдер кезінде жергілікті жансыздандыруларды таңдау және оны жүргізуді;

  4. Стоматологиялық емдеу кезінде жалпы жансыздандыруды таңдау көрсеткіштерін анықтауды;

  5. Жақ бет аймағының қабыну ауруларын кешенді емдеу жоспарын жасауды;

  6. Емдеу барысында физиотерапиялық шараларды таңдауды;

  7. Жақ бет аймағының аурулары мен жарақаттары кезінде ауыз қуысын гигиеналық өңдеу шараларын жүргізуді;

  8. Науқастардың және олардың туыстарының, әріптестердің, басқада медициналық жұмысшылырдың барынша сеніміне ие болу;

  9. қауымдасып жұмыс істеуді;


Келесі тәсілдерді игеруі керек:

  1. қолды операция алдында және таңу алдында залалсыздандырғыш ерітінділермен өңдеуді;

  2. жергілікті жансыздандырудың (жайылмалы және өткізгіштік) барлық тәсілдерін жасауды;

  3. бет қаңқасының сүйктерін және жақ сүйектерін уақытша (тасымалдық) бекіту тәсілдерін;


2.5 Алдыңғы оқытылатын пәндер: хирургиялық стоматологияның пропедевтикасы үшін анатомия, қалыпты физиология, микробиология, бас пен мойынның клиникалық анатомиясы, патологиялық анатомия, патологиялық физиология, фармакология, жалпы хирургия, ішкі аурулар, оториноларингология, офтальмология, дерматовенерология, фтизиатрия, қоғамдық денсаулық сақтау пәндерінің білімдері негіз болады .
2.6 Кейін оқылатын пәндер: хирургиялық стоматологияның пропедевтикасы хирургиялық стоматология, балалар жасындағы стоматология, терапиялық стоматология, ортопедиялық стоматология пәндерін оқуда негіз болады.
2.7 Тақырыптық жоспар

4 курс,7 жарты жылдық (2 сағаттық 15 дәріс)



Тақырыптар__Дәрістің_ұзақтығы__1'>Тақырыптар

Дәрістің ұзақтығы

1

Хирургиялық стоматологияның пәні және мазмұны. Хирургиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастрырылуы. Отандық хирургиялық стоматологяның даму тарихы. Хирургиялық стоматологиядағы деонтология мен дәрігерлік этиканың принциптері. Хирургиялық практикадағы науқасты тексеру принциптері.Стоматологиядағы қазіргі сандық диагностикалық технологиялар.

2 сағат

2

Стоматологиялық операциялар кезіндегі жансыздандыру. Көрсетілімдер, стоматологиядағы ерекшкліктер. Болуы мүмкін асқынулар, алдын алу және емдеу.

2 сағат

3

Тiсті жұлу операциясы. Көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Құрал саймандар. Операция кезінде және операциядан кейін болуы мүмкін асқынулар. Тіс жұлу операциясы техникасы. Топқа қатысты үстіңгі және астыңғы жақсүйек тістерін жұлу ерекшеліктері.

2 сағат

4

Жақ бет аймағының жікті одонтогендi қабынбалы аурулары. Жiктелуi. Жіті және созылмалы периодонтиттер. Жақсүйектердің жіті периоститі. Созылмалы периодонтиттің емдеудің хирургиялық әдістері. Тiс шығу кезіндегі аурулар. Диагностика және емдеу принциптері.

2 сағат

5

Сілекей бездерінің қабыну және дистрофиялы аурулары.

2 сағат

6

Жақсүйектірдің жедел одонтогенді остеомиелиті. Диагностикасы және емдеу принциптері. Жақсуйектердің созылмалы остеомиелиті. Диагностикасы және емдеу принциптері.

2 сағат

7

Одонтогенді гайморит. Үстіңгі жақсүйек қойнауының бітелуі және жыланкөздері. Диагностика және емдеу принциптері.

2 сағат

8

Жақ бет аймағының фурункулдары мен карбункалдары сыздауықтары мен көршиқандары. Диагностикасы және емдеу принциптері. Күйдіргі, нома, беттің тыртықты қабынуы. Диагностикасы және емдеу принциптері.

2 сағат

9

Жақ бет фймағының абсцесстері мен флегмоналары. Жіктелу. Диагностикасы және емдеу принциптері.

2 сағат

10

Жақ-бет аймамының спецификалық қабыну аурулары. Диагностикасы және емдеу принциптері. Жақ-бет аймағындағы ЖИТСтің көріністері. Диагностика, дәр БЖА дағы көрінісі. Нақтамасы, дәрігердің тәсілі.

2 сағат

11

Жақ бет аймағының қабыну ауруларының асқынулары.

2 сағат

12

Пародонт ауруларын кешенді емдеудегі хирургиялық әдістері

2 сағат

13

Жақ бет аймағының зақымданулы. Жіктеліну. Диагностикасы және емдеу принциптері. Астыңғы жақсүйектің сынуы, клиникасы, диагностикасы. Уақытша (транспорттық) иммобилизация және жақсүйектердің сынуын емдеу. Жақсүйектер сынуының жазылуы.

2 сағат

14

Үстіңгі жақсүйектің сынуы. Жіктелу, клиникасы, диагностикасы. Уақытша (транспорттық) иммобилизация және жақсүйектердің сынуын емдеу. Бетсүйектірінің, бетсүйек доғасының және мұрын шеміршегінің сынуы. Жақ бет аймағының және басқа да аймақтардың қосарарласқан зақымданулары. Диагностикасы. Көмек көрсету ерекшкліктері.

2 сағат

15

Самай астыңғы жақсүйек буындарының аурулары мен зақымданулары. Жіктелу. Анкилоз, контрактура. Клиникасы, диагностикасы, емдеу.

2 сағат




Барлығы:_30_сағат__30'>Барлығы: 30 сағат

30



4 курс, 7 жарты жылдық (20 сабақ, оның ішінде 6 академиялық сағаттық 18 тәжірибелік сабақ, 6 сағаттық 2 аралық бақылау)





Тақырыптар

Сабақ ұзақтығы

1

Стоматологиялық емхананың хирургиялық бөлімшесінің (бөлменің) ұйымдастырылуы мен жабдықталуы. Медициналық құжаттар, стоматологиялық емхананың хирургиялық бөлімшесінің жұмысының есебі мен сараптамасы. Бетте және ауыз қуысындағы операциялар кезіндегі асептика мен антисептика.

6 сағат


2

Хирургиялық стоматологиялық науқастарды тексеру

6 сағат


3


Жергiлiктi жансыздандыруда қолданылатын анестетиктер мен дәрi-дәрмектер. Жоғарғы және төменгі жақтағы жергілікті жансыздандыруды анатомиялық негіздеу.

6 сағат


4

Төменгi жақ сүйегiне операция жасауға қолданылатын жансыздандыру түрлерi. Міскінмен жұмыс iстеу.

6 сағат

5

Жоғарғы жақ сүйегiне операция жасауға қолданылатын жансызданулар. Міскінмен жұмыс iстеу.

6 сағат


6

Төменгі және жоғарғы жақ сүйектерін ауыз қуысының сыртынан жансыздандыру тәсілдері. Тістер мен жақ сүйегін орталықтан жансыздандыру. Міскінмен жұмыс iстеу.

6 сағат


7

Жергiлiктi жансыздандырудың асқынулары. Нақтамасы, емi, алдын алу жолдары.

6 сағат

8

Күшейтiлген жергiлiктi жансыздандыру. Бет әлпетiнде, ауыз қуысында операция жасауға қолданылатын жалпы жансыздандырудың ерекшелiктерi.

6 сағат

9

Тiс жұлу операциясы. Жұлуға болатын және болмайтын жағдайлар. Тiс жұлуға арналаған аспаптар. Тiстердi және түбiрлердi жұлу тәсiлдерi. Тіс жұлғаннан кейін жараның күтімі. Ұяшықтың жазылу кезеңдері мен ерекшеліктері.

6 сағат


10

Жоғарғы жақ сүйегіндегі кейбiр тістер мен тiс түбiрлерiн жұлу тәсілдері. Тiс жұлу операциясын көрсету.

6 сағат

11

Төменгi жақ сүйегіндегі кейбiр тiстер мен тiс түбiрлерiн жұлу тәсілдері. Тiс жұлу операциясын көрсету.

6 сағат

12

Атипиялық тiс жұлу тәсілдері. Жұлу тәсілін таңдау. Тiс жұлғаннан кейiн және тiс жұлу кезiнде пайда болатын асқынулар. Алдын алу.

6 сағат

13

Аралық бақылау

6 сағат

14

Жедел және созылмалы периодонтиттер. Клиникасы, нақтамы емдеу қағидалары. Созылмалы периодонтиттің хирургиялық емдеу тәсілдері.

6 сағат

15

Одонтогенді инфекцияның таралу жолдары. Жақсүйектерінің жедел одонтогенді периоститі. Жақсүйектерінің жедел одонтогенді остеомиелиті. Нақтамалауы, емдеу қағидалары.

6 сағат


16

Жақсүйегінің жедел периодонтитінің, периоститінің, одонтогенді остеомиелитінің салыстырмалы нақтамасы.

6 сағат

17

Жақтың созылмалы одонтогенді остеомиелиті. Нақтамалауы, емдеу қағидалары.

6 сағат

18

Одонтогенді гайморит. Клиникасы, нақтамасы, емі. Жоғарғы жақ қуысының түбінің тесілуі мен жылан көздері. Нақтамалауы, емдеу қағидалары.

6 сағат


19

Тiс жару аурулары. Дистопия, ретенция, төменгi ақыл тiстiң кедергiленiп жарып шығуы. Нақтамалауы, емдеу қағидалары. Төменгі ақыл тістің қиналып жаруынан кейін дамитын асынулар.

6 сағат


20

Аралық бақылау

6 сағат




Барлығы:

120 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет