Қазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі



бет1/3
Дата08.06.2016
өлшемі290 Kb.
#122936
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

Е ПОӘК 042-14-4-05.

1.20.24/03- 2013 ж.



ПOӘК

««Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» пәннінің оқу әдістемелік материалдар



«__»____ 200__ ж.

№ ___ басылым




«ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР»




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

050731 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған




ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2013

Кіріспе
1. ҚҰРАСТЫРУШЫ

Құрастырушы: техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Экология және қоршаған ортаны қоргау» кафедрасының профессор м.а.

Сарсембенова О.Ж. ____________ « 28 » 08 2013 ж.
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедра отырысында


« 3 » 09 2013 ж. № 1 хаттама
Кафедра меңгерушісі,доцент ____________ Кабышева Ж.К.
2.2. Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюро отырысында

Хаттама № 1 «__18_» __09___ 2013ж.

АФ ОӘБ төрағасы _________ доцент м.а. Тлеубаева А.В.

3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдап басып шығаруға ұсынады

Хаттама № 1 «_18__» ___09__ 2013ж.


Оқу- әдістемелік кеңестің төрағасы,

оқу – әдістемелік жұмысы бойынша проректор профессор Искакова Г.К.



4 №2 басылым 30.09.2009 ж. ауыстыруға кіргізілді. Кешен Қазақстан республикасының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім стандарты МЖБС негізінде жаңартылған 5.04.019.-2011. Бакалавриат.


Мазмұны


1

Глоссарий




2

Дәріс сабақтары




3

Практикалық сабақтар


















































I Глоссарий

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режимімен реттелетінжер, су, орман және жер қойнауы учаскелері.

Мемлекеттік табиғи-қорық қоры – қоршаған ортаның табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, ғылыми зерттеулерге, ағарту, білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған зат-болмыс ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған объектілерінің жиынтығы.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін ерекше қорғау құқықтық режимі не шаруашылық қызметінің реттелген режимі енгізіледі.

Ерекше қорғау құқықтық режимі: қорық режимі, заказник режимі болып бөлінеді.

Қорық режимі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе арнайы бөлінген учаскелерде кез келген шаруашылық қызметке, сондай-ақ қоршаған ортаның табиғи жай-күйін бұзатын өзге де қызметке тыйым салуды көздейді.

Заказник режимі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе арнайы бөлінген учаскелерде шаруашылық және өзге де қызметті белгілі бір маусымда, белгілі бір мерзімде ғана, мұның өзі мемлекеттік табиғи-қорық объектілерінің сақтаулуына қауіп төндірмейтіндей және олардың молығуын нашарлатпайтындай мөлшерде ғана жүргізуді көздейді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері: биоөрістік аумақтарды қоса алғанда, мемлекеттік табиғи қорықтар; мемлекеттік ұлттық табиғи парктер; мемлекеттік табиғи парктер; мемлекеттік табиғи ескерткіштер; мемлекеттік қорық өңірлері; мемлекеттік табиғи заказниктер; мемлекеттік зоологиялық парктер; мемлекеттік ботаникалық бақтар; мемлекеттік дендрологиялық парктер; мемлекеттік қорғалатын табиғи аумақтардың ормандары; ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймалары; халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар; жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәденижәне өзге де жағынан ерекше құнды учаскелері.

Қоршаған орта – табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстарырдың жанды әрі жансыз жиынтығы;

Қоршаған ортаны қорғау – табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталғал мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі;

Қоршаған ортаны қорғау объектілері – қоршаған ортаның зандармен қоғалатын құрамдас бөліктері;

Табиғи ресурстар - қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері;

Қоршаған ортаны ластау – қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған ортаға щудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;

Қоршаған ортаның сапасын нормалау – адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу;

II. Дәріс сабақтары

Дәрістер негізгі маќсаты пән бойынша таќырыптарды теориялыќ негізде жеткізе білу болып табылады.


Дәріс № 1

Тақырыбы: Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеті. Терминдер мен анықтаулар.

Мақсаты: «ЕҚТА» пәннің мақсаты, терминдер мен анықтаулармен танысу.

Жоспар


  1. Пәннің мақсаты мен міндеті

  2. Қазақстанда табиғатты қорғау ғылым аспектілерінің орнығуы

  3. Негізгі түсініктер

  4. Экожүйенің табиғаттық жіктелуі

Пәннің мақсаты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының экожүйелерін қорғау, оларды өсімдік және жануарлар әлемі мәселелерін меңгеру болып табылады.

Биоценоз – табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің жиынтығынан тұрады.Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологі К.Мебиус (1877 ж.)

Биотоп – тірі организмдердің жиынтығы, тіршілік ететін орта.Нәтижесінде биоценоз бен биотоп бірлесіп – биогеоценозды құрайды. Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940 жылы В.Н.Сукачев енгізген.

Биогеоценоз дегеніміз биоценоз+биотоптың (экотоп) диалектикалық бірлестігі. Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады: өндірушілер (жасыл өсімдіктер); талап етушілер (бірінші - өсімдік қоректі жәндіктер; екінші – жануар тектес қоректілер); ыдыратушылар (микроорганизмдер) және өлі табиғат компоненттері.Биоценозды зерттеуші ғылым саласы – биоценология деп аталады.

Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы. Экожүйе – ағзалар мен абиотикалық ортадан, олардың әрқайсысы бір-біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі. «Экожүйе» терминін 1935 жылы А.Тенсли енгізген.

Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз табиғат пен адамның өзара қарым қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, жер мен оның қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тағы басқа табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сауықтыру, сапасын жақсарту, молықтыру.
Бақылау сұрақтары:

1. «Биоценоз» ұғымын қай ғалым енгізді?

2. «Экожүйе» ұғымына қысқаша сипаттама.

3. «Биогеоценоз» термині қай жылы шығарылды?

4. «Биотоп» терминін қалай түсінесіз?

5. Экожүйелер қандай белгілері бойынша ерекшеленеді?


Дәріс № 2
Тақырыбы: Табиғатты қорғау іс-әрекетінің заң шығарушы және нормативтік құқықтық базасы. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы табиғатты қорғау іс-әрекетінің заң шығарушы және нормативтік-құқықтық базасымен танысып оны меңгеру


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет