«Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі №910 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 451-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілері үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жасылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілерін салу үшін пайдалануға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерді салуға конкурстар өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 1181 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 46, 496-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 желтоқсандағы №1181 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 426 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 33, 403-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы «5» шілдедегі
№910 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы «7» қарашадағы
№ 1063 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілері үшін пайдалануға рұқсат беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілері үшін пайдалануға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 4) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес әзірленді және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру мен мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің (бұдан әрі – ұлттық парктер) учаскелерін құрылыс объектілері үшін пайдалануға рұқсат беру тәртібін айқындайды.
Мемлекеттік табиғи резерваттар мен мемлекеттік өңірлік парктердің учаскелеріндегі туристік және рекреациялық қызмет осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) туристiк соқпақ (бұдан әрi – соқпақ) – жаяу, велосипедпен немесе атпен (салт атпен) жүруге арналған жердiң созылмалы учаскесi;
2) туристiк маршрут (бұдан әрi – маршрут) – туристiң танымдық, спорттық, эстетикалық не өзге де мақсатта өту, қарау үшiн (саяхат барысында) белгiленген барлық географиялық пункттердің, болу объектiлерiнiң тiзбесiн білдіретін жүру жолы;
3) рекреация – демалыстың барлық түрiн қамтитын ұғым. Тұрғын үйден тыс жерде, табиғат аясында демалу арқылы денсаулық пен еңбекке қабiлеттiлiктi қалпына келтiру.
2. Ұлттық парктердегі туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру тәртібі
3. Ұлттық парктерде туристік және рекреациялық қызмет туристік және рекреациялық қызмет, шектелген шаруашылық қызмет аймақтарында рекреациялық жүктеме нормаларын ескере отырып, рекреациялық орталықтар, қонақүйлер, кемпингтер, мұражайлар мен туристерге қызмет көрсететін басқа да объектілер (бұдан әрі – объектілер) салу және пайдалану, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу, туристік маршруттар, соқпақтар ұйымдастыру, демалу аялдамалары мен тамашалау алаңдарын жайғастыру арқылы жүзеге асырады.
4. Туристік және рекреациялық қызметті туроператорлық қызметке арналған лицензия бар болған кезде тікелей ұлттық парктер, жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
5. Ұлттық парктердің учаскелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғаларға 49 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға және ұлттық парктің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарына сәйкес туристік, рекреациялық және шаруашылық қызмет шектеулі аймақтарға 5 жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға беріледі. Пайдалануға инфрақұрылымы бар учаскелер де, сондай-ақ жаңа инфрақұрылым құру үшін де ұсынылады.
6. Жеке және заңды тұлғалар объектілерді салу және пайдалану үшін осы Қағидалардың 3.1-бөлімінде белгіленген тәртіппен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган ведомствосының (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұлттық парктың учаскесін ұзақ мерзімді пайдалануға және объектілер салуға тиісті жазбаша рұқсатын алады.
Объектілерді салу уәкілетті орган рұқсатының негізінде және уәкілетті органмен келісілген эскизіне (эскиздік жобаға) сәйкес әзірленген жобалық (жобалау-сметалық) құжаттама бойынша жүзеге асырылады.
7. Жеке және заңды тұлғалар туристік маршруттарды, соқпақтарды, демалу тұрақтары мен тамашалау алаңдарын ұйымдастыру және пайдалану үшін осы Қағидалардың 3.2-бөліміне сәйкес ұлттық парктың учаскесін қысқа мерзімді пайдалануға уәкілетті органның жазбаша рұқсатын алады.
8. Ұзақ мерзімді пайдалануға берілген ұлттық парк учаскесінде салынған құрылыс объектілеріне құқық үшінші бір тұлғаларға берілген жағдайда шартты ұлттық парк осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті органмен келісім бойынша пайдалану мерзімін өзгертпей қайта жасасады.
9. Туристік соқпақтар мен маршруттар секілді қысқа мерзімді пайдаланылатын объектілерді орналастыруды жобалауды ұлттық парк, ұлттық паркпен келісім бойынша туроператор мен турагенттер жүзеге асырып, уәкілетті орган бекітеді.
10. Соқпақты (маршрутты) жобалау ол өтетін аумаққа экспедициялық зерттеу жүргізуді көздейді және:
қыстақтардың, демалу аялдамаларының (алаңқайларының), көлiкке арналған тұрақтардың, кемпингтердiң, шатырлы лагерьлердiң, тамашалау алаңдарының, суретке түсiру және қоғамдық тамақтандыру орындарының, туристiк әбзелдердiң, құрал-саймандардың және көлiк құралдарының қажеттi мөлшерiнiң есеп-қисабын;
туризм бойынша нұсқаушылар, басқа да қызмет көрсетушiлер жөнiндегi қажеттiлiктi айқындауды және оларды даярлауды ұйымдастыруды, жорық жолы сипатталған жарнама-ақпараттық материалдар дайындауды;
рекреациялық жүктеменiң есеп-қисабын қамтиды.
11. Зерттеу экологиялық және санитариялық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сай келетiн, сондай-ақ туризмнiң нақты түрiн дамытудың шынайы мүмкiндiктерiн ескере отырып, табиғи жағдайлары қолайлы аумақтар бойынша жүзеге асырылады.
12. Соқпақты (маршрутты) жобалау кезiнде оны қауiпсiз жүрiп өту үшiн қажет нұсқаушылардың бiлiктiлiгi, оның ұзақтығы, ауданның климаттық, географиялық көрсеткiштерi, тау беткейлерінің еңісі, өзендер ағысының жылдамдығы ескерiледi.
13. Туристік соқпақтар мен маршруттарға ұлттық парк осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес паспорттар әзірлеп, оларды уәкілетті орган бекітеді.
3. Ұлттық парк учаскелерін құрылыс объектілері үшін пайдалануға рұқсат беру тәртібі
3.1. Ұлттық парк учаскелерін құрылыс объектілері үшін ұзақ мерзімді пайдалануға беру
14. Ұлттық парк тендерге қойылатын ұлттық парктің учаскесін ұзақ мерзімді пайдалануға беруге тендерлік құжаттама дайындайды, оны ұлттық парктің бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға куәландырады және бекіту үшін уәкілетті органға жіберіледі.
15. Тендерлік құжаттама:
1) табиғат қорғау мекемесінің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарына сәйкес қалыптасқан тендерге қойылатын лотты (лоттарды);
2) тендерді өткізу уақыты мен орны туралы ақпаратты;
3) тендерлік өтінімдер берудің тәсілін, орнын мен түпкілікті мерзімін және олардың қолданылу мерзімін;
4) пайдалану үшін учаске беру шарттарын, оның нысаналы мақсатын;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын мүдделі ұйымдармен келісілген туристік және рекреациялық мақсаттарда учаскені одан әрі орнықты пайдалану үшін қажет сұрау салынып отырған (есептік) өлшемдерде объектілерді инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосудың бастапқы техникалық шарттарын;
6) жобалау-сметалық құжаттама (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлеу және объектілерді салу мерзімін қамтиды. Бұл ретте ЖСҚ әзірлеу мерзімі бір жылдан, ал объектіні салу мерзімі үш жылдан аспайтын мөлшерде белгіленеді;
7) инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымдар объектілерін салу, объектіге жапсарлас аумақты көріктендіру жөніндегі талаптарды;
8) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес құрылыс салынатын жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті құлатуға байланысты барлық шығындарды өтеу жөніндегі талаптарды;
9) жер учаскесінің алаңы көрсетіліп, схемасы қоса тіркелген учаскені қарап-көру актісін қамтиды.
16. Ұлттық парк Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында тендерге дейін кемінде бір ай бұрын алдағы тендер туралы хабарландыру орналастырады.
Тендер өткізу туралы хабарландыруда тендерді ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері, тендерге қойылатын лоттардың тізбесі, тендерлік құжаттаманы алу орны мен тәсілдері, тендерлік өтінімдерді беру орны мен түпкілікті мерзімі көрсетіледі.
17. Тендерлік комиссия (бұдан әрі – комиссия) ұлттық парк басшысының бұйрығымен құрылып, оның құрамына ұлттық парктің өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың туризмді дамыту мәселелерімен айналысатын құрылымдық бөлімшілері, уәкілетті органның аумақтық органының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті органының өкілдері енгізіледі.
Тендерлік комиссия мүшелерінің саны тақ, кемінде бес адам болуы тиіс. Тендерлік комиссияның төрағасы болып ұлттық парктің басшысы немесе оның орынбасары, хатшысы болып – комиссияның құрамына кірмейтін ұлттық парктің қызметкері тағайындалады.
18. Тендерлік құжаттаманы алу үшін ықтимал қатысушы лоттарды көрсетіп, алуға өтініш беруі қажет.
19. Ұлттық парк тендердің ықтимал қатысушыларын тіркегенге дейін тендерлік құжаттаманы алған тұлғаларға туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін бөлінген учаскелермен танысуға мүмкіндік береді.
20. Тендердің ықтимал қатысушысы тендерлік құжаттамада белгіленген талаптар мен мерзімге сәйкес тендерлік өтінімді дайындап, оны жабық конвертпен ұлттық паркке тіркеуге ұсынады. Тендерлік өтінім тіркелген сәттен бастап тендерлік өтінім берген тұлға тендерге қатысушы мәртебесіне ие болады.
21. Тендерлік құжаттамаға сауалдар туындаған жағдайда тендерге қатысушы тендерлік өтінімдер беру мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей тендерлік құжаттама ережелеріне түсініктеме беру туралы сұрау салады. Тендерді ұйымдастырушы сұрау салу тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде түсініктеме берілген жауап дайындап, оны сұрау салудың кімнен келіп түскеніне қарамастан тендерді ұйымдастырушы тендерлік құжаттаманы табыс еткен тендердің барлық қатысушыларына жолдайды.
22. Тендерге қатысушы мынадай құжаттар (мемлекеттік немесе орыс тілдерінде) береді:
1) лоттар көрсетілген тендерге қатысуға арналған өтінім;
2) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлға жарғысының және оның тіркелгені туралы куәліктің, жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың және жеке кәсіпкердің тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) техникалық ерекшелімдер (ерекшелімдерді, жоспарларды, сызбаларды және халықаралық немесе қазақстандық стандарттарға сілтемелерді, бірыңғай нормалар мен қағидаларды қоса алғанда, ұсынылып отырған жұмыстар мен қызметтердің техникалық сипаттамаларының суреттемесі);
4) жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындарын құруды және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар жасауды ескере отырып, мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ұсынылып отырған қызметтер мен жұмыстардың тізбесі;
5) туризм объектілерін салу кезінде көзделетін жұмыстарды орындауға берілген лицензиялардың көшірмелері;
6) туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілер құрылысын жүзеге асыру үшін қажет қаражат пен өндірістік қуаттардың тендерге қатысушыда болуы туралы құжаттар (оның ішінде біліктілігі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетілген қызметкерлердің болуы және олардың саны туралы құжаттар).
Тендерге қатысушы қосалқы мердігерлер тартқан жағдайда тендерге қатысушы өзінің тендерлік өтінімінде тиісті қосалқы мердігерлердің тізбесін көрсетіп, оған: құрылыс жұмыстарын орындауға берілген қажетті лицензиялардың; туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілер құрылысын жүзеге асыру үшін қажетті қаражат пен өндірістік қуаттардың қосалқы мердігерде болуы туралы құжаттардың (оның ішінде біліктілігі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетілген қызметкерлердің болуы және олардың саны туралы құжаттардың) көшірмелерін қоса тіркейді.
23. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерге қатысушылардың атаулары мен орналасқан жерлерін, олар қатысуды жоспарлап отырған лоттардың атауларын, тендерге берілген құжаттардың тізбесін қатысып отырған адамдарға бір мезгілде хабарлай отырып, тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашады.
24. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу нәтижелері бойынша конверттер ашылған күні тендерлік комиссияның хатшысы конверттерді ашу хаттамасын жасайды, оған тендерлік комиссияның барлық мүшелері қол қойып, куәландырылған көшірмелері тендерге қатысушыларға беріледі.
25. Тендерлік өтінімдерді бағалауды тендерлік комиссия конверттер ашылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде өткізеді.
26. Тендер жеңімпазы болып ұсыныстары тендерлік комиссияның шешімі бойынша мына талаптарға сай келетін қатысушы танылады:
1) тендерлік құжаттаманың техникалық ерекшелімінің сәйкестігі;
2) туристік және рекреациялық мақсатта объектілер салу үшін қажетті қаражат пен өндірістік қуаттардың болуы;
3) ұсынылып отырған жұмыстар мен қызметтер табиғи кешендердің сақтауын қамтамасыз етеді;
4) туристік қызметті жүзеге асыру мен объектілер салу үшін қажет қосымша техникалық, біліктілік, ұйымдастырушылық артықшылықтардың болуы (қызметкерлердің тәжірибесі, біліктілігі, қосымша техника мен жабдықтар).
27. Басқа үміткерлер болмаған кезде тендердің жалғыз қатысушысы, егер ол осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген тәртіпті сақтаса және объектіні салу жөнінде ол жасаған ұсыныстар тендерлік құжаттаманың шарттарына сай келсе, тендер жеңімпазы болып танылады.
28. Егер тендерге қатысушылардың өтінімдерін тендерлік комиссия тендерлік құжаттаманың шарттарына сай келмейтін өтінімдер деп таныса, тендерді өткізілмеген болып есептеледі.
29. Тендерге қатысушылардың арасынан оның жеңімпазын таңдау тендерлік комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда тендерлік комиссияның отырысында өткізіледі. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер ол үшін комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тепе тең болған жағдайда тендерлік комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда тендерлік комиссияның кез келген мүшесі ерекше пікірін білдіреді, оны жазбаша түрде баяндап, ұлттық парк учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беруге арналған тендер қорытындыларының хаттамасына (бұдан әрі – тендер қорытындыларының хаттамасы) тіркейді.
30. Әрбір лот бойынша тендер қорытындыларының хаттамасына комиссияның қатысып отырған барлық мүшелері, сондай-ақ оның хатшысы қол қояды, ол мынадай ақпаратты қамтиды:
1) отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің тізімі;
2) өтінім берушінің атауы және оның заңдық мекенжайы;
3) пайдалануға берілетін жер учаскесінің орналасқан жері және алаңы;
4) комиссияның шешімі.
31. Комиссиясы хаттамасының негізінде уәкілетті орган жеті күнтізбелік күн ішінде тендер жеңімпазына ұлттық парктің учаскесін пайдалануға жазбаша рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) береді.
32. Ұлттық парк тендер жеңімпазына тендер нәтижелері және он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін шарт (бұдан әрі – шарт) жасасу туралы хабарламамен уәкілетті органның рұқсатын жібереді.
Шарт жасалып, ол уәкілетті органда тіркелгеннен кейін тендер жеңімпазы ұлттық парктің учаскесін пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) болып есептеледі.
33. Тендер жеңімпазына шарт жасасу үшін хабарлама жіберілген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде оның келмеуі, оны жасасудың жеңімпаздың кінәсінен кідіртілуі ұлттық парктің учаскесін пайдаланудан бас тарту ретінде қаралады.
Бұл жағдайда комиссия ұлттық парктің учаскесін пайдалану жөнінде ең таңдаулы шарттар ұсынған тендердің қалған қатысушылары арасынан жеңімпаз анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жібереді не бұл лот осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен келесі тендерге шығарылады.
34. Тендер нәтижелерін ұлттық парк тендер өткізу туралы хабарландыру сияқты сол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
35. Тендерге қатысушы комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда тендер нәтижелеріне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
36. Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін пайдаланушының ұлттық парктің учаскесін пайдалану мерзімін ұзартуға басым құқығы болады.
37. Пайдаланушы туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген учаскеден бас тартқан жағдайда пайдаланушы құрылыс объектілерін бөлшектеп, басқа жаққа алып кетеді немесе қабылдау-тапсыру актісі бойынша ұлттық паркке береді.
38. Туризм объектісін салу бөлігінде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланушы шартты тіркегеннен кейін отыз күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға ұлттық паркпен келісілген эскиді (эскиздік жобаны) береді. Уәкілетті орган эскизге (эскиздік жобаға) бес күн ішінде келісім береді.
39. Уәкілетті органмен эскизді (эскиздік жобаны) келісіп алғаннан кейін пайдаланушы бір жыл ішінде эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес әзірленген жобалық (жобалау-сметалық) құжаттама (бұдан әрі – ЖСҚ) дайындайды, оны кейіннен ұлттық паркпен келіседі.
40. Ұлттық паркпен келісілген ЖСҚ-ны пайдаланушы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 64-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік сараптамаға жібереді.
41. Ұлттық парктің учаскелерінде объектілер салуға рұқсат алу үшін пайдаланушы уәкілетті органға мемлекеттік сәулет сараптамасы мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар ЖСҚ-ны жолдайды.
42. Уәкілетті орган мемлекеттік сәулет сараптамасы мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар ЖСҚ негізінде объектіні салуға он күнтізбелік күн ішінде жазбаша рұқсат (бұдан әрі – жазбаша рұқсат) береді.
43. Пайдаланушы жазбаша рұқсат алғаннан кейін құрылысты бастайтыны жайында ұлттық паркті алдын ала хабардар етіп, оны жүзеге асыра бастайды.
44. ЖСҚ дер кезінде әзірленбеген, тендерлік құжаттама белгілеген құрылыс мерзімі бұзылған жағдайларда ұлттық парк шарты бір жақты тәртіппен бұзады.
3.2 Ұлттық парктің учаскелерін құрылыс объектілері үшін қысқа мерзімді пайдалануға беру
45. Қысқа мерзімді пайдалануға ұлттық парктің учаскелері туристік соқпақтар мен маршруттарды, демалу аялдамаларын, шатырлы лагерьлерді, жағажайларды, тамашалау алаңдарын пайдалану үшін уақытша құрылыстар салуға бес жылға дейінгі мерзімге беріледі.
46. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін қысқа мерзімді пайдалануға берілетін ұлттық парк учаскелерінің бар-жоғы туралы мәліметтерді ұлттық парк бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.
47. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтінім беруші) қысқа мерзімді пайдалануға ұлттық парктің учаскелерін алу үшін ұлттық паркке мына құжаттарды береді:
1) жеке немесе заңды тұлғаның атауы мен деректемелері, учаскенің орналасқан жері мен алаңы, пайдалану мақсаты мен мерзімі көрсетілетін еркін түрде жазылған өтініш;
2) заңды тұлғалар үшін - заңды тұлға жарғысының және оны тіркеу туралы куәліктің, жеке тұлғалар үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың, жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшірмелері;
3) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтау жөніндегі іс-шараларды, санитариялық-гигиеналық және өртке қарсы іс-шараларды қоса алғанда, ұлттық парктің учаскесін пайдалану және көркейту жоспары.
48. Ұлттық паркке келіп түскен өтінімді осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес құрылатын комиссия он бес жұмыс күні ішінде қарап, жер учаскесін пайдалануға беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
49. Комиссия отырысының нәтижелері бойынша мынадай ақпаратты қамтитын хаттама жасалады:
1) отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің тізімі;
2) өтінім берушінің атауы және оның заңдық мекенжайы;
3) пайдалануға берілетін жер учаскесінің орналасқан жері мен алаңы;
4) комиссияның шешімі.
50. Хаттамаға отырысқа қатысқан комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол жазбаша түрде беріледі және хаттамаға тіркеледі.
51. Уәкілетті орган комиссия хаттамасының негізінде жеті күнтізбелік күн ішінде өтінім берушіге ұлттық парктің учаскесін қысқа мерзімді пайдалануға жазбаша рұқсат береді.
Ұлттық парк осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес он жұмыс күні ішінде өтінім берушіге шарт жасасу туралы хабарламамен уәкілетті органның рұқсатын жолдайды.
Комиссия шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
52. Хаттаманың және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтау жөніндегі, санитариялық-гигиеналық және өртке қарсы іс-шараларды қоса алғанда, ұлттық парктің жер учаскесін пайдалану және көркейту жоспарының негізінде ұлттық парктің бірінші басшысы мен өтінім беруші жер учаскесін қысқа мерзімді пайдалану шартына қол қояды.
53. Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін пайдаланушының ұлттық парктің учаскесін пайдалану мерзімін ұзартуға басым құқығы болады.
____________________
Мемлекеттік ұлттық табиғи
парктерде туристік және
рекреациялық қызметті жүзеге
асыру және туристік және
рекреациялық қызметті жүзеге
асыру үшін пайдалануға берілген
мемлекеттік ұлттық табиғи
парктердің учаскелерін құрылыс
объектілері үшін пайдалануға
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Туристiк соқпақтың (маршруттың) паспорты
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың (бұдан әрi – ЕҚТА) атауы _____
__________________________________________________
______________________________________________________
2. Соқпақтың (маршруттың) атауы _______________________
3. Соқпақтың (маршруттың) жiктемесi:
1) қозғалыс жасау түрi бойынша: жаяу жүру, су, шаңғы, велосипед, салт атты, автомобиль, мотоцикл, ат-арба, аралас;
2) қолданыс уақыты бойынша: жыл бойы, маусымдық;
3) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық және жеке;
4. _____________________________________________________
(негiзгi географиялық пункттердiң атауы)
5. Ұзындығы ____километр (км), аялдаманы ескере отырып, уақыт ұзақтығы ____________сағат.
6. Соқпақтың (маршруттың) жұмыс iстеу мерзiмi.
7. Топтағы адамдардың ең көп саны; шектеу неге байланысты (тамашалау алаңының сиымдылығына, психикалық жайлы шегiне, рекреациялық жүктеме нормаларына). Бiр аптаға немесе бiр айға экскурсиялық топтардың лимиттерi (рекреациялық жүктеме).
8. Экскурсиялық маусым iшiндегi әртүрлi кезеңдер бойынша жол берiлетiн рекреациялық жүктемелер (егер маусым iшiндегi қандай да бiр кезеңде жүктеменi төмендету қажет болса, мысалы, балапандар басу кезiнде құстардың мазасын алмау).
9. Соқпақ арқылы экскурсия ұйымдастырушысынсыз жүрiп өту мүмкiндiгi.
Соқпақ қалай таңбаланған. Өзiңмен бiрге киiмнен (мысалы, егер соқпақта үңгiрде болу жоспарланса, арнайы киiм) немесе аяқ киiмнен (мысалы, егер аяқты сулап алу, яғни арнайы ағаш төсенiшсiз сулап алу қауiпi бар батпақты учаскелер болса, етiк) не алу керек.
10. Соқпақта жүрiп-тұрудың ерекше ережелерi (осы ЕҚТА-да жүрiп-тұрудың жалпы ережелерiне қосымша, мысалы, соқпақтан шығып кетпеу, тiк жардың шетiне бармау, өзге де сақтық шараларын сақтау).
11. Қауiпсiздiк шаралары.
12. Соқпақпен (маршрутпен) жүрiп өту жоспары:
Р/с №
|
Соқпақ (маршрут) учаскелерi
|
Ұзындығы, км
|
Қозғалыс уақыты
|
Аялдау уақыты
|
Тамашалау алаңының, суретке түсiру пунктерінің нөмірі
|
бастап
|
дейiн
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы:
|
|
|
|
|
13. Соқпақ (маршрут) сызбасы (соқпақ (маршрут) белгіленген масштабы кемінде 1:200000 баспахана шығарған карталар мен сызбаларды желiмдеп жапсырып қоюға болады).
14. Шартты белгiлер:
соқпақтар (маршруттар);
сақтық нұсқалар;
түнеу орындары;
паналау орындары;
жасырыну орындары;
медициналық көмек пунктері;
байланыс пункттері (байланыс түрi көрсетiлсiн).
15. Соқпақтың (маршруттың) қысқаша сипаттамасы (сипаты).
16. Соқпақ (маршрут) бойындағы және тамашалау (шолу) алаңдарындағы қарап-көру объектiлерiнiң қысқаша сипаттамасы.
17. Соқпақтың (маршруттың) күрделi учаскелерiнiң қысқаша сипаттамасы.
18. Ықтимал дүлей құбылыстар мен олар орын алған кезде топтың iс-қимылы.
19. Жолдамаға ақпараттық парақшаның мәтiнi үшiн ұсынымдар.
Туристiк жабдықтарға, киiмге, аяқкиiмге, жүрiс-тұрысқа қатысты ұсынымдар енгiзiледi________________________________
______________________________________________________
20. Соқпақты (маршрутты) абаттандыру
Таңбалау_______________________________________________
Соқпақтың (маршруттың) аялдау, паналау, абаттандыру орындары __________________________________________________________
21. Мемлекеттiк табиғи қорықтың ғылыми-техникалық кеңесiнiң шешiмi
Соқпақты әзiрлеуге және паспортын ресiмдеуге жауапты тұлға __________________________________________________________
22. Паспорт 20____жылы________данада жасалды.
23. 20____жылы________ _______беттерге өзгерiстер енгiзiлдi.
20____жылы________ _______беттерге өзгерiстер енгiзiлдi.
24. Паспорт даналары жiберiлдi:__________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
«Келiсiлдi»____________________________________________
(ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органының басшысы)
«__»____________20___жыл
_______________________
Мемлекеттік ұлттық табиғи
парктерде туристік және
рекреациялық қызметті жүзеге асыру
және туристік және рекреациялық
қызметті жүзеге асыру үшін
пайдалануға берілген мемлекеттік
ұлттық табиғи парктердің
учаскелерін құрылыс объектілері
үшін пайдалануға рұқсат беру
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Тіркелді
________________________________
(уәкілетті органның атауы)
_____________________________________________
(қолы) басшының Т.А.Ә.
№ ______
« __» _________20___жыл
М.О.
Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін учаскені пайдаланудың № ____ үлгі шарты
_________________ « __» ________20__жыл
(елді мекен)
Бірлесіп «Тараптар» деп аталатын _____________________________ негізінде әрекет ететін бұдан әрі «мекеме» деп аталатын __________________________________________________________
(табиғат қорғау мекемесінің атауы)
атынан _______________________________________________ және бұдан әрі «пайдаланушы» деп аталатын _______________ негізінде әрекет ететін ___________________________________________________ атынан
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
________________ төмендегілер туралы осы шартты жасасты.
1. Шарттың мәні
1. Мекеме пайдаланушыға 20___жылғы « ___» __________ № _____ тендер қорытындыларының хаттамасы (хаттама) негізінде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін осы шартқа қоса тіркеліп отырған учаске жоспарында (1-қосымша) көрсетілген шекара шегінде _______жылға дейін мерзімге мекеме учаскесін ұзақ мерзімді (қысқа мерзімді) пайдалануға береді.
2. Пайдалану жүзеге асырылатын учаскенің алаңы мен таксациялық көрсеткіштері осы шартқа 2-қосымшада көрсетілген.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланушының пайдалануға берілген учаскеде дербес әрекет жасауға құқығы бар.
4. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланушы:
1) туризм объектісін салу үшін осы шарт уәкілетті органда тіркелгеннен кейін _____күн ішінде мекемеге келісуге эскиз (эскиздік жоба) беруге;
2) туроперторлық қызметті жүзеге асыру кезінде ______________тиісті лицензиясы болуға;
3) мекеме эскизге (эскиздік жобаға) келісім бергеннен кейін уәкілетті органнан келісім алуға;
4) тендерлік құжаттаманың және уәкілетті органмен келісілген эскиздің (эскиздік жобаның) негізінде 20____жылғы «__»________дейін мерзімде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлеуге;
5) ЖСҚ әзірлегеннен кейін оны мекемемен келісіп, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік сараптамаға жіберуге;
6) объект салуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысымен ЖСҚ жіберуге;
7) Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес өзінің қызметкерлері мен келушілер үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін міндетті төлемақыларды төлеуге міндетті.
3. Тараптардың жауапкершілігі
5. Пайдаланушы ерекше қорғалатын аумақтарды (бұдан әрі – ЕҚТА) пайдаланғаны үшін төлемақыны дер кезінде төлемеген жағдайда пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
6. ЖСҚ дер кезінде әзірленбеген, тендерлік құжаттамада белгіленген құрылыс мерзімдері бұзылған жағдайларда мекеме учаскені пайдалану шартын біржақты тәртіппен бұзады.
4. Дауларды қарау тәртібі
7. Осы Шарттың орындалуына байланысты туындайтын барлық даулар келіссөз және қосымша келісімдер жасасу жолымен шешіледі.
Тараптар келіспеген жағдайда даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттың қарауына жатады.
5. Өзге де шарттар
8. Осы Шартта көрсетілген барлық қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.
9. Осы шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар осы шарттың мәтініне қайшы келмеуге тиіс, жазбаша түрде жасалып, оған тараптар қол қоюы тиіс.
10. Осы шарт кезекті немесе кезектен тыс орман орналастыру (аңшылық ісін ұйымдастыру) өткізілгеннен және құрылыс объектісіне құқық үшінші бір тұлғаға берілгеннен кейін қайта жасалуға жатады немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілуге тиіс.
11. Осы шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті органмен келісілуге жатады.
12. Осы шарт 3 данада – пайдаланушы мен мекеме үшін бір-бір данадан және уәкілетті органда сақтау үшін бір дана жасалды.
Барлық 3 дананың да бірдей заңдық күші бар.
6. Шарттың қолданылуы
13. Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде _____жылға жасалды және ол уәкілетті органда тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері
Мекеме Пайдаланушы
____________________________ ______________________
(т.а.ә.) (т.а.ә.)
_________________________________ ___________________________
(заңды тұлғаның (заңды тұлғаның
_________________________________ ___________________________
толық атауы) толық атауы)
Орналасқан жері______________ Орналасқан жері________
_____________________________ ________________________
Е/шот_____________________ Е/шот ____________________
_________________________ ________________________
(қолы) (қолы)
М.О. М.О.
__________________________
Достарыңызбен бөлісу: |