Білімалушылар:
A
|
- Нақты тезистер (идеялар) келтірілген, өзіндік көзқарас (позиция) айқын беріліп, жан-жақты тұжырымдалған;
- қажетті ақпаратпен негізделген салмақты дәлелдер келтірілген;
- барлық маңызды мәселелер қарастырылған;
- жан-жақты, терең талдау жасалынып, нанымды қорытынды жасалған;
- қажетті және дәл ақпарат келтіріледі (тарихи, заңнамалық, конституциялық және т.б.);
- проблема терең қарастырылады;
- бұқаралық пікір мен беделді адамдардың пікірлеріне, ғылыми көзқарастарға сілтеме жасалады;
- қосымша ақпарат қолданылған.
- тапсырманы орындауда өзіндік ойы, шығармашылығы, практикалық бағыты қолданылған;
- дидактикалық материалдар мен әдіс-тәсілдер бейімделіп, икемделген.
|
B
|
- нақты тезистер (идеялар) келтірілген, өзіндік көзқарас (позиция) тұжырымдалған;
- қажетті ақпаратпен негізделген дәлелдер келтірілген;
- барлық дерлік маңызды мәселелер қарастырылған;
- талдау және қорытындылау жасалған;
- тұжырымдамалық қателер жіберілмеген.
- қажетті және дәл ақпарат келтіріледі (тарихи, заңнамалық, конституциялық және т.б.);
- проблема терең қарастырылады;
- тапсырманы орындауда өзіндік ойы, шығармашылығы, практикалық бағыты қолданылған;
- дидактикалық материалдар мен әдіс-тәсілдер бейімделіп, икемделген.
|
C
|
- кең контекст берілмеген және де нақты позиция айқындалмаған;
- келтірілген дәлелдер нақты сілтемелермен қамтамасыздандырылмаған.
- қолданылған ақпарат (тарихи, әлеуметтік, саяси, экономикалық, заңнамалық) дәл келтірілмеген, оларда қателер жіберілген;
- зерттелініп жатқан проблема терең қарастырылмаған.
- баяндалған материалдың ішкі құрылымы (позиция, көзқарас, пікірлер және идеялардың өзара байланысы) байқалмайды;
- орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателер түсінуді қиындатады;
- тапсырманы орындауда өзіндік ойы, шығармашылығы, практикалық бағыты жеткіліксіз;
- дидактикалық материалдар мен әдіс-тәсілдер ғаламтор желісінен көшіріліп алынған.
|
D
|
– оқу материалының негізгі мазмұны ашылмаған;
– оқу материалын білім алушы білмеген немесе оның анағұрлым немесе маңызды бөлігін түсінбегендігі анықталған.;
- тапсырманы орындауда өзіндік ойы, шығармашылығы, практикалық бағыты мүлде көрініс таппаған;
- дидактикалық материалдар мен әдіс-тәсілдер ғаламтор желісінен көшіріліп алынған.
|
F
|
– терминдерді пайдалану кезінде түсініктерді анықтауда қателіктер жіберген.
- білім алушының тексеріліп отырған пән бойынша міндетті білімі мен машықтарының толығымен жоқтығы байқалады;
- тапсырманы орындауда өзіндік ойы, шығармашылығы, практикалық бағыты мүлде көрініс таппаған;
- дидактикалық материалдар мен әдіс-тәсілдер ғаламтор желісінен көшіріліп алынған.
|
Достарыңызбен бөлісу: |