Мусин Чапай “Қазақстан Тарихы“
Алматы баспасы 2008
20-21 бет
Сақтар Алтай Сібір Шығыс және Батыс Еуропа халықтарымен тығыз байланыс жасап тұрды. Бұл жөніндегі қазылған ескі молалардан табылған заттар сақтардың өмірі туралы мағлұматтар береді
Жұмақаева Б Д
Алматы Эверо баспасы 2014
20-бет
Ғұндар туралы зерттеулер.
Ғұндардың көрші елдермен қарым-қатынасы.
Ғұндардың мәдениеті.
Ғұндар көктәңірін құдірет тұтқан Олар көк Құдайы – Тәңірге және жерге сыйынған. Аспан – әке мейірімділік ал жер – ана деп санаған. Ғұндар дәстүрлі бойынша жылына үш рет ордаға жиналып, аспан рухына құрбандық шалып отырған. Әр жылдың бірінші айында барлық ру басшылары тәңірқұт ордасына жиналып Аспан , Жер, ата-баба рухтарына арнап құрбандыққа мал әкелген. Тәңірқұты, күн сайын таңертең шығып келе жатқан күнге, кешқұрым айға тағзым еткен. Әсіресе жаңа туған айдың бірінші күнін айрықша құрметтеген. Әрбір істі бастар алдында айға қарап. егер ол толық болса ғана жаңа ісін бастаған. Соғыста да айдың толық кезінде шабуылға шығатын болған. Егер ай орташаланып бара жатса, соғысты дереу тоқтатқан
Қорымдарда және қыстақ – кенттерде табылған құрал-саймандар қару-жарақтар ыдыс-аяқтар ғұндарда қол өнердің айтарлықтай дамығандығына дәлел. Әсіресе ғұндарда темір ұсталарының өнері ерекшеленді. Олар темірді шебер ұқсата білген. Ыдыс-аяқтар ағаштан темірден металдан жасалған. Сондай-ақ ғұндар қарсыластарының мықты бекіністерін оп-оңай қиратуға мүмкіндік беретін дуал тескіш техникаларын да жетік жасай білген. Ғұн тайпаларының ішінде атақты зергерлер де болған. Ауқатты адамдардың зиратынан табылған алтыннан, күмістен, қоладан, асыл тастардан жасалған сырғалар, жүзіктер, әшекейлеп жасалған кемер белдіктер бұған дәлел Бұйымдарды сәндеуде көбіне жабайы аңдардың бейнесі қолданылған . Ғұндардың ең құнды дүниелері қатарына асыл тастармен зерлеп жасалған әсем киімдері мен биік телпектері кестеленген шапандар мен шалбарлар, мамық ішіктер мен әдемі тондар және таы да басқа көркем заттарды жатқызуға болады.
Қорыта айтқанда, археологиялық зерттеу нәтижесінде табылған заттар ғұндардың дамыған төл материалдық мәдениетінің болғандығын, тұрмыстық және соғысқа қажетті құрал-саймандарды жасауға шебер екендігіне дәлел бола алады. қулық / Түркі мемлекеттерінің тарихы
Достарыңызбен бөлісу: |