КІРІСПЕ
Қазақ еліміз егемендік болғалы бері біраз салаларда
көптеген өзгерістер
орын алды. Осы өзгеріс арасында білімге де өз септігін тигізді деп айта аламыз.
Себебі білім әрбір болашақтың айқын қадамдарының бірі болып саналады.
Бүгінгі таңда ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің
экономикасы
одан әрі өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың кереметтей
жобаларын жүзеге асырып отырған шағында білім алып жатқан әрбір
оқушылардың математика мен физика пәндеріне
деген қызығушылықтарын,
компьютерлік сауаттылықтар деңгейлеріне қойылып жатқан талап та көбеюде.
Болашағымыз жарқын болуды әрбір ел, тұлға қалайды.Ал оны жарқын қылатын
жарығымыз ол біздің қайнар біліміміз.Қайнар білімді сарқылтатын ол – өсіп
келе жатқан әрбір жас ұрпақ, оның кілті – барлық нақтыланған ғылымдардың
негізін меңгеруде жатыр. Бұлай айтуымыздың
себебі математикалық білімі
дамыған, компьютерлік сауаттылғы жоғары яки ойлау қабңлеті жақсы дамыған
бала ғана ғылым болсын мейлі техника болсын, оны оп-оңай меңгеріп кете
алады. Өспелі ұрпақтың дара бір ғылымға деген
қабілетін ескере отырып
оқыту, оны дамытудың барлық кедергілерін жою, шешімін табатын дайын әрі
керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген
құштарлықты сезіну, өз бетіінше ізденіс, жаңашылдыққа ұмтылатын сезімдерді
бойына сіңірту үшін тек сыныпта ғана емес,
сыныптан тыс жұмыстарда
жүргізілуі қажет деп есептеленеді.Осындай жұмыстардың бәрімізге мәлім бір
бағыт – пәндік апталық болып есептеледі.
Курстық жұмысы тақырыбының өзектілігі: «XXI ғасыр нақты -
ғылымдар ғасыры» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қойып отырған маңызды
міндеттері де осы жаратылыстану ғылымдарының үш төбесі –
математика,
информатика, физикаға бағытталған. Сол себепті де әр жыл сайын өткізілетін
апталық тақырыптарында және барлық іс-шараларда жүйелі түрде осы
ғылымдар негізін терең ашуға, оқушылардың
осы пәндерден білмеген
сұрақтарының жауабын табуға, оқуға деген құлшынысын арттыруға
бағытталды.Мектепте математикалық апталықтар өткізу үшін ұстаз өзі де үлгі,
заман техникаларын түсініп меңгеруді де естен шығармаған жөн болар.Онымен
қоса
балалардың бойында жақсы дағды, білік, білімді қалыптастыру оңайға
соқпасы анық. Ал соның кірпішін қалап, балалар
санасына қалап алған ұстаз
мұзды жарып шыққан гүлдей болмақ. Сабақтың оң нәтижесін беруі ол
мұғалімнің өз құзыреттілігіне байланысты. Өтілетін сабақтың дәмін де
ажарында кіргізетін ол – ұстаз.
Достарыңызбен бөлісу: