Қазақстан республикасының кеден кодексі


Республикасының Кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы



бет2/22
Дата04.07.2016
өлшемі4.41 Mb.
#177210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Республикасының Кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы

негізгі ережелері

8-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу

Қазақстан Республикасынан әкету және Қазақстан Республикасының

аумағы арқылы транзиттеу құқығы

1. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге Қазақстан Республикасынан әкетуге және оларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге тең негіздерде құқығы бар.

2. Қазақстан Республикасының заң актілерімен және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларымен тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге Қазақстан Республикасынан әкетуге және оларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге тыйым салулар мен шектеулер, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары белгіленуі мүмкін.

 

9-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібі



1. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу кезінде тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің шарты кедендік шекарадан іс жүзінде өту және Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген іс-әрекеттерді жасау болып табылады.

2. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету кезінде өткізудің шарты кедендік декларация беру немесе тауарлар мен көлік құралдарын әкетуге бағытталған өзге де іс-әрекеттер болып табылады. Өзге іс-әрекеттерге:

1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кететін жеке адамның кедендік бақылау аймағына кіруі (енуі);

2) тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлғаның тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету туралы хабарлама беруі;

3) автокөлік құралының Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шығу мақсатымен Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктіне енуі;

4) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге жөнелту үшін тауарларды көлік саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы тұлғаларға не халықаралық почта жөнелтімдерін халықаралық почта қызметін көрсетуші ұйымдарға тапсыру жатады.

3. Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына және осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

10-бап. Кедендік ресімдеу

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген тәртіпте және шарттарда кедендік ресімделуге тиіс.

11-бап. Кедендік режимді таңдау және өзгерту

1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары тұлғаның таңдауы бойынша осы Кодексте көзделген тәртіпте және шарттарда белгілі бір кедендік режимге орналастырылады.

2. Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік режимін тұлға осы Кодексте көзделген тәртіпте және шарттарда Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен көлік құралдарының арналуы мен пайдалану мақсатына қарай басқа кедендік режимге өзгертуі мүмкін.

12-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде тарифтік емес реттеу шараларын сақтау

1. Тарифтік емес реттеуге жататын тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, декларант Қазақстан Республикасының кеден органдарына тарифтік емес реттеу шараларының сақталғандығын растайтын құжаттарды табыс етуге міндетті.

2. Әкелуге және әкетуге тыйым салынған тауарлар мен көлік құралдары, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осындай тауарлар мен көлік құралдарын тәркілеу көзделмесе, Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге дереу әкетілуге не тиісінше аталған аумаққа қайтарылуға жатады.

Тауарлар мен көлік құралдарын әкетуді немесе қайтаруды тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші адам не тасымалдаушы жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелуге немесе аталған аумақ шегінен тыс жерлерге әкетуге шектеу қойылған тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе халықаралық шарттарында белгіленген талаптар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдары жібереді.

13-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану және оларға билік ету

1. Тауарлар мен көлік құралдары жіберілгенге дейін оларды пайдалану мен оларға билік ету осы Кодексте көзделген тәртіпте және жағдайларда жүзеге асырылады.

2. Тауарлар мен көлік құралдары жіберілгеннен кейін оларды пайдалану және оларға билік ету мәлімделген кедендік режимнің шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

14-бап. 2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен алып тасталды



 

15-бап. Кедендік бақылау

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауға жатады.

Кедендік бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдары осы Кодексте белгіленген тәртіп пен нысандарда жүзеге асырады.

Бірлескен бақылауды шектес мемлекеттердің кеден және бақылаушы органдары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырады.

 

2-Бөлім. Қазақстан Республикасының Кеден органдары



3-тарау. Қазақстан Республикасы Кеден органдарының

құрылымы мен қызметі

16-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдары

Қазақстан Республикасының кеден органдары - өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында кеден саясатын іске асыруға қатысатын және кеден ісін, Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел iздестiру қызметiн тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді атқаратын мемлекеттік органдар.

17-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының жүйесі

1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының бірыңғай жүйесін (бұдан әрі - кеден органдары):

1) уәкілетті орган;

2) уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері);

3) кедендер;

4) кеден бекеттері;

5) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері;

6) мамандандырылған кеден мекемелері құрайды.

2. Кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен кеден зертханаларын, кинология, оқу, есептеу орталықтарын және басқа да мамандандырылған кеден мекемелерін құрады.

3. Уәкілетті орган заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.

4. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және кедендер заңды тұлғалар болып табылады және уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.

5. Кеден бекеттері мен бақылау-өткізу пункттері заңды тұлғалар болып табылмайды және уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.

6. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Кеден органдарының құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат саны лимитінің шегінде уәкілетті органбекітеді.

8. Кеден органдары мен олардың қарауындағы теңіз және ішкі су кемелерінде кеден органдарының танылу жалауы мен танылу белгісі болады. Кеден органдарының қарауындағы автокөлік құралдары мен әуе кемелеріне кеден органдарының танылу белгісі қойылады. Кеден органдарының танылу жалауының және танылу белгісінің сипаттамасы мен қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

9. Кеден органдарының тиісті кедендік инфрақұрылымы болады.

 

 

17-1-бап. Уәкілетті органның функциялары



Уәкілетті орган:

1) Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын жүргізеді;

2) осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

3) кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;

4) оның құрамына кіретін ведомствоның өкілеттігін айқындайды;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру жүйелерін, кедендік бақылау дың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлейді және жасайды;

6) осы Кодексте және Қазақстан Республи касы ның лицензиялау туралы заңнамасында белгі ленген құзыреті шегінде лицензиаттардың лицензиялық талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін лицензиялау мен бақылауды жүзеге асырады;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға шешімдер, рұқсаттар беру туралы шешім қабылдайды;

8) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асырады;

9) Қазақстан Республикасының кеден шека расы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуіне кедендік бақылауды жүзеге асырады;

10) осы Кодексте белгіленген тәртіппен сырт қы экономикалық және өзге де қызметтің қатысу шыларын кеден ісі саласындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын дағы өзгерістер мен толықтырулар туралы тұрақты негізде уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

11) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау крите рийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.

 

 

18-бап. Кеден органдары қызметінің принциптері



Кеден органдарының қызметі:

1) заңдылық;

2) заң алдындағы қорғалу мен теңдік құқығын қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтарын құрметтеу мен сақтау;

3) жариялылық принциптерінде құрылады.

19-бап. Кеден органдарының міндеттері

Кеден органдарының міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

3) орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету;

5) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;

6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден ісі саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күресу;

7) кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетін жағдайлар жасау;

8) өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру;

9) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу; шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзыретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден ісі мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;

9-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретінің шегінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау;

10) бірыңғай бюджет саясатын іске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;

11) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қорғау, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;

12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткiзу пункттерiнде радиациялық бақылау жүргізу;

12-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың кеден органдарына іс-сапарларға жіберілген өкіл дерімен бірлесіп (көліктік және санитариялық-ка рантиндік бақылауды қоспағанда) көліктік, санита риялық-карантиндік, ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылауды жүргізу;

13) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындау болып табылады.

20-бап. Кеден органдарының орналасатын жерлері

1. Кеден органдарының орналасатын жерлерін жолаушылар және тауарлар ағынының көлемін, жекелеген аймақтардың және (немесе) сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың сыртқы экономикалық байланыстарының даму қарқынын негізге ала отырып уәкілетті органбелгілейді.

2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдары тікелей кеден органдарына тиесілі үй-жайларда орналасады.

3. Кеден органдары осы Кодексте көзделген жағдайларда кедендік брокер, кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті жүзеге асырушы тұлғаларға, уақытша сақтау қоймаларының иелеріне тиесілі кеден қоймасы және (немесе) еркін қоймалардың аумағында және (немесе) үй-жайларында, сондай-ақ кеден терминалдарының, әуежайлардың, порттардың, темір жол және автомобиль станцияларының, вокзалдарының және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың аумағында және (немесе) үй-жайларында орналасуы мүмкін.

Мұндай жағдайларда қажетті аумақтар және (немесе) үй-жайлар кеден органдарына Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарындакөзделген тәртіппен шарт негізінде беріледі.

4. Кеден органдарына арналған жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер пайдалануға беріледі.

21-бап. Кедендік рәсімдерді жүргізетін орындар

Тауарлармен және көлік құралдарымен кедендік рәсімдер, осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедендік бақылау аймақтарында жүзеге асырылады.

22-бап. Кеден органдарының жұмыс уақыты

1. Кеден органдарының жұмыс уақытын осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті орган белгілейді.

2. Порттардағы, әуежайлардағы, темір жол станцияларындағы және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де пункттеріндегі кеден органдарының жұмыс уақыты осы жерлердегі басқа бақылаушы органдар мен қызметтердің жұмыс уақытымен келісілуге тиіс.

3. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі кеден органдарының жұмыс уақыты Қазақстан Республикасымен бірлескен кедендік шекарасы бар шет мемлекеттер кеден органдарының жұмыс уақытымен мүмкіндігінше сәйкес келуге тиіс.

4-тарау. Кеден органдарының өкілеттігі



23-бап. Кеден органдарының құқықтары

Кеден органдары:

1) өз өкілеттігі шегінде осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді шығаруға;

2) мемлекеттік органдардан және шет мемлекеттер органдарынан, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардан кеден ісі саласына қатысты қажетті ақпаратты, құжаттарды, мәліметтерді сұратуға және алуға;

3) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыруға;

4) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес соттарға талап қоюға;

5) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес құқық бұзушылықтар жасаған немесе қылмыс жасаған деп күдік келтірілген адамдарды ұстауға және Қазақстан Республикасының кеден немесе құқық қорғау органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізуге;

6) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларға құжаттама жүргізуге, бейне және дыбыс жазбасын жасауға, оларды киноға және фотосуретке түсіруге;

7) кеден органдарының ресми өкілдерін Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттерге жіберуге;

8) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірлеуге, жасауға және пайдалануға;

9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін қаруды, арнаулы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, тауарлар сатып алуға;

10) Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға;

11) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шектес мемлекеттердің кеден және бақылаушы органдарымен бірлескен бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

 

24-бап. Кеден органдарының міндеттері



1. Кеден органдары:

1) сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың кеден ісі саласындағы заңды құқықтарын сақтауға және мемлекеттің мүдделерін қорғауға;

2) төмен тұрған кеден органының және кеден органының лауазымды адамдарының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарауға;

3) өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы мен экономикасын дамытуға жәрдемдесуге, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал етуге;

4) тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілуіне кедендік бақылау жасауды жүзеге асыруға;

5) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізуді жүзеге асыруға;

6) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;

7) өз өкілеттігі шегінде сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың өз құқықтарын іске асыруына жәрдем көрсетуге;

8) кедендік төлемдердің және салықтардың толық өндіріп алынуын және бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;

9) бюджетке белгіленген мерзімдерде төленбеген кедендік төлемдердің және салықтардың сомаларын, сондай-ақ олар бойынша өсімақыны осы Кодексте белгіленген тәртіппен өндіріп алуға;

10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдерде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар, шешімдер, рұқсаттар, біліктілік аттестаттарын беру туралы шешім қабылдауға;

11) Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендік статистикасын және арнаулы кедендік статистикасын жүргізуді жүзеге асыруға;

12) мемлекеттің меншігіне айналдырылған тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;

13) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын күзетуді және кедендік бақылау аймағы режимінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге;

14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден органдары қызметінің қауіпсіздігін, кеден органдарының лауазымды адамдары мен олардың отбасы мүшелерін құқыққа қарсы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге;

15) өз құзыреті шегінде кеден органдары лауазымды адамдарының тарапынан болған құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмысты жүргізуге;

16) кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалғандығы туралы ақпарат жинауды және талдауды жүзеге асыруға;

17) өз құзыреті шегінде сот актілерін, прокурорлардың, сондай-ақ құқық қорғау органдарының басқа да адамдарының жазбаша тапсырмаларын орындауға, оларға жекелеген іс жүргізу іс-әрекеттерін жасауға жәрдем көрсетуге;

18) ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;

19) Қазақстан Республикасының салық, валюталық және өзге де заңдары саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда, олардың алдын алуда және жолын кесуде салық қызметі органдарына және басқа да мемлекеттік органдарға жәрдем көрсетуге;

20) осы Кодексте белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды тұрақты негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден заңдарындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабарландырып отыруды қамтамасыз етуге;

21) кеден ісі саласында келіп түскен сауалдар мен ұсыныстардың уақтылы қаралуын және оларға жауап қайтарылуын немесе олардан туындайтын өзге де іс-әрекеттердің жасалуын қамтамасыз етуге;

22) кеден ісі саласында өтеусіз кеңес беруді жүзеге асыруға;

23) Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асыруға;

24) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша заңсыз жолмен алын ған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл тура лы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәлі­меттерді табыс етуге міндетті.

2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызылған құқық бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген мерзімдерде материалдарды тиісті мемлекеттік органдарға беруге міндетті.

25-бап. Кеден органдарының талаптарын орындаудың міндеттілігі

1. Кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптары Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес аталған талаптар өздеріне қатысты қойылатын барлық адамдардың орындауы үшін міндетті.

2. Кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптарын орындамау, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды адамдарына жүктелген міндеттерді орындауға кедергі жасайтын басқа да іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтырады.

26-бап. Кеден ісі саласындағы ақпаратқа қатынас

1. Кеден органдарына басқа мемлекеттік органдар, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылар табыс еткен мәліметтер Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес кеден саласында ғана пайдаланылады.

2. Мемлекеттік құпиялардан, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиядан тұратын, оның ішінде тәуекелдерді бағалауға және басқаруға қатысты және сол кезде пайда ланылатын мәліметті, сондай-ақ сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларға қатысты құпия ақпаратты, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етуге, кеден органдары лауазымды адамдарының жеке мақсаттарына пайдалануына, сондай-ақ үшінші тұлғаларға беруге болмайды.

3. Кеден органдары ресми сұрату бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасының мынадай мемлекеттік органдарына:

1) құқық қорғау органдарына - кеден ісі саласында құқық бұзушылық жасаған адамдарды заң бойынша қудалау мақсатында;

2) соттарға - олардың талап етуі бойынша;

3) жедел-іздестіру қызметінің субъектілеріне - уәкілетті орган мен тиісті жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің бірлескен актілерімен белгіленетін тәртіппен олардың іс жүргізуіндегі материалдар бойынша;

3-1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға – заңсыз жолмен алынған кірістерді заң дас тыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржы­ландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Рес публикасының заңнамасына сәйкес;

4) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарына Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес табыс етеді.

4. Кеден органдары мәліметтерді басқа мемлекеттердің кеден немесе құқық қорғау органдарына және халықаралық ұйымдарға Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес табыс етеді.

5. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өздері алған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

3-Бөлім. Кеден органдарының мемлекеттік органдармен,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет