«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына салыстырмалы кестесі



бет5/17
Дата12.06.2016
өлшемі1.51 Mb.
#129920
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

ҚР заңнамасынан «және олармен жасалатын мәмілелер» деген сөздерді алып тастауды көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 25 наурыздағы № 421-IV Заңына сәйкестікке келтіру мақсатында.







1-баптың

60-2) тармақшасы (Жаңа тармақша)



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............
Жоқ


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

60-2) қарап тексеру – бұл заңсыз араласу актісін жүзеге асыру үшін пайдаланылуы мүмкін қаруды, жарылғыш заттарды немесе басқа қауіпті құрылғыларды, бұйымдарды немесе заттарды идентификациялауға және (немесе) табуға арналған техникалық немесе басқа құралдарды қолдану;

Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 17-қосымшасына және Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулыққа (DOC 8973/8) сәйкестікке келтіру мақсатында




1-баптың

65-1) тармақшасы (Жаңа тармақша)



 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

Жоқ
..................

 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

65-1) нұсқамалық материал – процесстер мен рәсімдерді қамтитын және сертификаттауды жүргізу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ азаматтық авиация субъектілеріне басқа да рұқсат беру құжаттарын беру кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандартары мен ұсынылатын практикасын біркелкі қолдану және олардың осы құжаттарда белгіленген талаптарды сақтауы мақсатында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға арналған құжат;

..................


«Нұсқамалық материал» ұғымы құжаттың мәртебесін заңнамамен айқындау мақсатында енгізіледі. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес (Док. 9437 А-бөлімі) нұсқамалық материал ИКАО белілейтін және айқындайтын ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылаудың мемлееттік жүйесінінің сегіз сыни элементтерінің бірі болып табылады.

Техникалық персоналға нақты жағдайларға байланысты нұсқамалық матрериалды (процесстер мен процедураларды қоса алғанда), саймандарды (құралдар мен жабдықтарды қоса алғанда) және ұшу қауіпсіздігіне қатысты маңызды ақпараттарды беру оған белгіленген талаптарға сәйкес өзінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылау функцияларын бірыңғай орындауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл бақылаушы уәкілетті органның авиация саласындағы кәсіпорындарға қолданылатын нормативтік актілер мен нұсқаулықтарды орындау жқніндегі техникалық нұсқамалық материалдарды беруді қамтиды.




1-баптың

67) тармақшасы



 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

67) тексеру – авиациялық оқиғаны немесе инцидентті болғызбау мақсатында жүргізілетін, олардың болу себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтауды қоса алғанда, олар бойынша ақпарат жинауды және талдау жүргізуді, қорытынды әзірлеуді және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеуді қамтитын процесс;




1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

67) тексеру – авиациялық оқиғаны немесе инцидентті болғызбау мақсатында жүргізілетін, олардың болу себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтауды қоса алғанда, олар бойынша ақпарат жинауды және талдау жүргізуді, қорытынды әзірлеуді және егер бұл қажет болған жағдайда, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеуді қамтитын процесс;



Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 13-қосымшасына сәйкестікке келтіру, 1-тарау; 3-тараудың 3.1-тармағы.



1-баптың

78-2) тармақшасы (Жаңа тармақша)



 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

Жоқ
..................

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

78-2) ұшуларды медициналық қамтамасыз ету – әуе кемелері экипажы мүшелерінің, әуе қозғалысын басқару диспетчерлерінің, жолаушылардың денсаулық жағдайымен байланысты авиациялық оқиғаны немесе инцидентті болғызбау және авиациялық персоналдың жұмысын атқару мүмкіндігін арттыру, денсаулық жағдайын жақсарту және сақтауға бағытталған іс-шаралар жүйесі және мыналарды қамтиды:

денсаулық жағдайы бойынша кәсіптік жарамдылығын анықтау үшін авиациялық персоналды медициналық куәландыру;

авиациялық персоналға динамикалық (диспансерлік) бақылау және емдік-алдын алу іс-шараларын жүргізу мақсатында азаматтық авиация ұйымы медициналық қызметкерінің кезең-кезеңімен медициналық қараулары;

әуе кемелері экипажы мүшелерінің ұшу алды және әуе қозғалысын басқару диспетчерлерінің кезек алды медициналық қараулары;

жолаушыларға медициналық көмек көрсету мен оны ұйымдастыру;

ұшу жағдайында жолаушыларға, әуе кемелерін экипаж мүшелеріне медициналық көмек көрсету үшін азаматтық авиация әуе кемелерін борттық қобдишалармен қамтамасыз етуді бақылау;

..........

«Ұшуларды медициналық қамтамасыз ету» ұғымын заңнамамен бекіту мақсатында.




1-баптың

81-1) тармақшасы (Жаңа тармақша)



 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

Жоқ
..................

 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

81-1) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарты - Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) қабылдаған біркелкі қолданылуы халықаралық аэронавигацияның қауіпсіздігі немесе тұрақтылыңы үшін қажет болып танылатын физикалық сипаттарына, конфигурациясына, материальдық бөліктерге, техникалық сипаттарға, персоналға немесе қағидаларға қойылатын кезкелген талаптар;

..................



Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасының ұғымын заңнамамен бекіту мақсатында.



1-баптың

81-2) тармақшасы (Жаңа тармақша)



 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

Жоқ
..................

 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

81-2) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ұсынылатын практикасы - Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) қабылдаған біркелкі қолданылуы халықаралық аэронавигацияның қауіпсіздік, тұрақтылық немесе тиімділік мүдделеріне лазым болып танылатын физикалық сипаттарына, конфигурациясына, материальдық бөліктерге, техникалық сипаттарға, персоналға немесе қағидаларға қойылатын кезкелген талаптар;

..................



Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасының ұғымын заңнамамен бекіту мақсатында.



1-баптың

87) тармақшасы



 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

87) экипаж мүшесінің куәлігі – авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар экипаж мүшелеріне, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде азаматтық әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға берілетін белгіленген үлгідегі құжат.



 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



.............

87) экипаж мүшесінің куәлігі –ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде азаматтық әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға берілетін белгіленген үлгідегі құжат.



Чикаго конвенциясының 1 Қосымшасына сәйкес авиация персоналының куәлігі авиация персоналының барлығында болмайды, яғни кабиналық экипажға бортсеріктер жатады, және жоғарыда көрсетілген Қосымшаға сәйкес, оларда авиация персоналының куәлігі болмауы тиіс.

Чикаго конвенциясының 9 Қосымшасына сәйкес, экипаж мүшесінің куәлігі авиация персоналына жататын, ұшу кезінде әуе кемесінің бортында белгілі бір міндеттерді орындауға тағайындалған, арнайы тексеруден өткен адамға беріледі.





7-баптың

1 -тармағы



7-бап. Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдану
1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайтын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың стандарттары қолданылады.

.................



7-бап. Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдану
1. Қазақстан Республикасының аумағында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасының қолданылуы азаматтық авиация саласындағы тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылдау, оларға қажеттің өзгерістер мен толықтыруларды енгізу не оларда нақтылы ИКАО стандартары мен ұсынылатын практикасын қолдану бойынша сілтемелерді көрсету жолымен жүзеге асырылады.

................




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет