Р/с
№
|
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі
|
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты
|
1.
|
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
|
2.
|
Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі
|
«Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді бекіту бойынша қызметтерді Үкімет деңгейінен орталық уәкілетті органдар деңгейіне беру бөлімінде Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңдарына өзгерістер енгізу көзделеді.
Осыған орай, келесі Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 377 «Автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы», 2015 жылғы 27 наурыздағы № 359 «Теміржол көлiгiндегі мемлекеттiк бақылау қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы», 2015 жылғы 27 наурыздағы № 356 «Нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк қадағалау қызметкерлерiн қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы», 2015 жылғы 27 наурыздағы № 360 «Теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерін нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекiту туралы» және 2015 жылғы 27 наурыздағы № 357 «Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтары бекітілді.
|
3.
|
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар
|
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкелмейді
|
4.
|
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар
|
Қаулы жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы қаражаттарын қажет етпейді
|
5.
|
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі
|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық акітілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану мақсатында
|
6.
|
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
|
1) «Мемлекеттік көліктік бақылау қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 624 Қаулысы;
2) «Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарының нысандарын, оларды беру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 781қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 46, 620-құжат);
3) «Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарының нысандарын, оларды беру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 781 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1315 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 70, 930-құжат)
|
7.
|
Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі
|
Талап етілмейді
|
8.
|
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері
|
Жүргізілген жоқ
|
9.
|
Өзге де мәліметтер
|
Жоқ
|
10.
|
Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына Қазақстан «Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі
|
Рұқсат етіледі
|
11.
|
Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат
|
Қаулы жобсы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интренет-порталында орналастырылды www.mid.gov.kz
|
12.
|
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)
|
Қаулы жобасы әлеуметтік маңызды болып табылмайды
|