Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2013 жылғы «25» желтоқсандағы №285 Қазақстан Республикасының



Дата23.02.2016
өлшемі36.48 Kb.
#3495
жоба

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Басқармасының

қ а у л ы с ы
Алматы қаласы 2013 жылғы «25» желтоқсандағы № 285
Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

«2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы

үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік

банкноттардың қатар айналыста болу

кезеңін белгілеу туралы»

2012 жылғы 26 наурыздағы № 107 қаулысына

өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 107 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7622 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 17 мамырдағы № 244 (27318) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және


2012 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы
10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі – 2012 жылғы
10 сәуірден бастап 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығы болып белгіленсін.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Ұлттық Банк

Төрағасы Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

«2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы

үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік

банкноттардың қатар айналыста болу

кезеңін белгілеу туралы» 2012 жылғы

26 наурыздағы № 107 қаулысының өзгеріс енгізу туралы жобасына

түсіндірме жазба




Р/с№

Жоба туралы мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші бөлімшенің ақпараты

1.

Әзірлеуші бөлімше

Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті

2.

Құқықтық актінің жобасын қабылдау қажеттігіне негіздеме

Қолма-қол ақша айналысы қажеттілігіне байланысты 2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі ұзартылсын

3.

Жобаны Ұлттық Банк орталық аппаратының мүдделі бөлімшелерімен, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдармен және/немесе өзге де мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Қаулысының жобасы ҚРҰБ орталық аппаратының бөлiмшелерімен – ЗД, ҰЖСҚБД-мен және ҚРҰБ Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарымен келісілді.

4.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

Қолма-қол ақшамен

жұмыс Департаменті

директордың м.а. А. Балахметов




Орындаушы Князькова Е.Д.

тел.: 8(727) 2 597-865, (1135)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

«2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы

үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік

банкноттардың қатар айналыста болу

кезеңін белгілеу туралы» 2012 жылғы

26 наурыздағы № 107 қаулысының өзгеріс енгізу туралы жобасына

салыстырмалы кестесі






Құрылымдық элемент

Қолданылып жүрген редакция

Ұсынылған редакция

Негіздеме/түсініктеме

1

1-тармақ


1. 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және 2012 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі – 2012 жылғы
10 сәуірден бастап 2014 жылғы 10 сәуір аралығы болып белгіленсін.».

1. 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және 2012 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі – 2012 жылғы
10 сәуірден бастап 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығы болып белгіленсін.».

Қолма-қол ақша айналысы қажеттілігіне байланысты 2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі ұзартылсын

Қолма-қол ақшамен

жұмыс Департаменті



директордың м.а. А. Балахметов


Орындаушы Князькова Е.Д.

тел.: 8(727) 2 597-865, (1135)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет