Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының



Дата23.02.2016
өлшемі228.48 Kb.
#8785



Алматы қаласы

2005 жылғы 29 қазан

№ 136



Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

«Қазақстан Республикасында

қолма-қол шетел валютасымен

айырбастау операцияларын

ұйымдастыру туралы нұсқаулықты

бекіту туралы» 1999 жылғы

15 қарашадағы № 400 қаулысына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу тәртібін нақтылау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 400 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1010 тіркелген), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 1999 жылғы 20–31 желтоқсанда жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы № 330, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1247 тіркелген, 2000 жылғы 30 қазандағы № 401, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1315 тіркелген, 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 111, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1535 тіркелген, 2001 жылғы 1 желтоқсандағы № 478, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1759 тіркелген және 2003 жылғы 25 шілдедегі № 255, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2470 тіркелген, қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықта:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Нұсқаулық «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында, оның ішінде айырбастау пункттері арқылы шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті ұйымдардың қызметін құруға, лицензиялауға және тоқтатуға қатысты бөлігінде көрсетілген заң нормаларын жан-жақты көрсетеді.»;

барлық мәтін бойынша:

«уәкілетті банктер», «уәкілетті банк», «уәкілетті банктің», «уәкілетті банктердің», «уәкілетті банкке», «уәкілетті банктерге» деген сөздер тиісінше «айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті банктер», «айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті банк», «айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті банктің», «айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті банктердің», «айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті банкке», «айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті банктерге» деген сөздермен ауыстырылсын;

«тіркеу куәлігі», «тіркеу куәлігін» деген сөздердің алдынан «айырбастау пунктінің» деген сөздермен толықтырылсын;

«тіркеу куәліктерінің», «тіркеу куәліктерінде» деген сөздердің алдынан «айырбастау пункттерінің» деген сөздермен толықтырылсын;

1-тармақта:

бірінші абзацта «мақсаты үшiн» деген сөздерден кейін «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген негізгі ұғымдар, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті банктер - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқық беретін лицензиясы бар банктер;»;

2) тармақша алынып тасталсын;

3) тармақшада:

«Ұлттық Банк» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;

«қолма-қол» деген сөз алынып тасталсын;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) почта байланысының уәкілетті ұйымы – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар Ұлттық почта операторы;»;

6) тармақшада «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясына сәйкес» деген сөздер «айырбастау пункттері арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) тармақша алынып тасталсын;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына мыналар кіреді:

1) өтініш берушіде қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша дайындықтан өткен қызметкерлердің болуы;

2) алып отырған үй-жайдың мүліктік құқығын растайтын құжаттардың болуы;

3) айырбастау пункті үшін:

клиенттерге қызмет көрсетуге арналған кассалық терезенің (терезелерінің) болуы;

күзет, өрт дабыл құралдарының, қарулы күзеттің болуы не қарулы күзет болмаған жағдайда қауіп-қатер дабылының болуы;

банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымның үй-жайында не өзге үй-жайда (сауда ұйымы, қонақүйлер, әуежайлар және басқалары) орналасқан айырбастау пункттері қызметкерлерден (айырбастау пунктінің қызметкерлері болып табылмайтындар) және клиенттерден оқшау орналасуы тиіс, ал айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті банктің үй-жайында орналасқан айырбастау пункттері клиенттерден оқшау орналасуы тиіс;

айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдардың жылжымайтын ғимараттан, тұрғын емес үй-жайларда бөлек есігі бар бөлмеден немесе тұрғын үй-жайдағы пәтерде не оның бір бөлігінде жалға алынған немесе бөлек орналасқан айырбастау пункттерінің терезелерінде металл тор көздер және кіре берістегі металл есіктері болуы тиіс;

қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау туралы мәліметтері бар клиенттерге арналған ақпараттық стендтердің (көлемі кемінде биіктігі 40 сантиметр және ені 60 сантиметр) болуы;

айырбастау пунктінің ақшасы мен құжаттарын сақтау үшін жанбайтын металл шкаф болуы;

ультракүлгін сәулелердегі бақылауды қоса алғанда, ақша белгісінің түпнұсқалылығын айқындаудың кемінде 3 (үш) әдісінен тұратын, ақша белгісінің түпнұсқалылығын айқындауға арналған техникалық құралдардың болуы.»;

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар ретінде мынадай құжаттар беріледі:

өтініш берушінің шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асырумен тікелей айналысатын қызметкерлерінің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша кәсіби дайындығын растайтын уәкілетті банктің анықтамасы;

айырбастау пунктінің күзет және өрт дабылдары құралдарын пайдалануға қабылдау актісінің не айырбастау пунктінің күзет және өрт дабылдары құралдарының техникалық жай-күйін зерттеу актісінің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі (егер айырбастау пунктінің үй-жайы бұрын күзет және өрт дабылдарының құралдарымен жабдықталған болса);

айырбастау пунктін күзету шартының түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі (Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының осы қызмет түрін жүзеге асыруға берілген лицензиясының көшірмесімен қоса) не айырбастау пунктін күзетуді меншікті қауіпсіздік қызметіне жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесі және өтініш берушінің қауіпсіздік қызметі туралы ережесінің көшірмесі.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті банктің, уәкілетті кредиттік серіктестіктің, уәкілетті почталық байланыс ұйымының айырбастау пунктінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге техникалық дайындығын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) филиалы қызметкерлерінен айырбастау пункттерінің техникалық дайындығын айқындау жөнінде комиссия құрылады. Комиссия мүшелерінің саны Ұлттық Банк филиалының валюталық бақылау және қолма-қол ақшамен жұмыс бөлімшелерінің мамандарын қоса алғанда, кемінде үш адам болуы тиіс. Комиссия өтініш беруші басшысының қатысуымен тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.»;

6-тармақта «қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзуге лицензия алғаннан кейiн шығарылған» деген сөздер алынып тасталсын;

7-тармақта «13 – және 14 - тармақтарына» деген сөздер «13-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-1-тармағының үшінші абзацында «үш» деген сөз «алты» деген сөзбен ауыстырылсын;

12-тармақта «13 – және 14 - тармақтарына» деген сөздер «13-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Айырбастау пунктін тіркеу үшін айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті банк (оның филиалы), уәкілетті кредиттік серіктестік, уәкілетті почталық байланыс ұйымы осы Нұсқаулықтың 3 және 3-1-тармақтарының талаптарын ескере отырып, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы бірінші бөлігінің 1) және 8) тармақшаларына сәйкес құжаттарды айырбастау пунктінің тұрған жері бойынша Ұлттық Банктің филиалына ұсынады.»;

14-тармақ алынып тасталсын;

15-тармақтың екінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

«Айырбастау пункттерін тіркеу журналдарына есепке алу (тіркеу, қайта тіркеу) айырбастау пунктінің тіркеу куәлігінің Ұлттық Банктің филиалындағы іс қағаздары номенклатурасында бір номенклатуралық номерін сақтай отырып, жыл сайын жүйелі түрде жалғасады.»;

17-тармақта:

2) тармақшада «ұйымдастыруға» деген сөзден кейін «құқық беретін» деген сөздермен толықтырылсын;

бесінші абзацта «қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға» деген сөздер «шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқық беретін» деген сөздермен ауыстырылсын;

18-тармақтың екінші абзацында «13 және 14-тармақтарында көзделген» деген сөздер «13-тармағына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:

«2-1-тарау. Уәкілетті органның шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқық беретін лицензиялар беру мүмкіндігі туралы Ұлттық Банктің қорытындылар беру тәртібі

18-1. Уәкілетті орган Ұлттық Банктің қорытындысы оң болған жағдайда банктерге және кредиттік серіктестіктерге шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар береді.

18-2. Уәкілетті органның шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқық беретін лицензия беру мүмкіндігі туралы Ұлттық Банктің қорытындысын (бұдан әрі - қорытынды) алу үшін банк және кредиттік серіктестік мынадай құжаттарды ұсынады:

1) заңды тұлғаның қолымен және мөрімен расталған шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу және ұйымдастыру тәртібін реттейтін ішкі ережелердің көшірмесі;

2) Ұлттық Банк филиалының айырбастау пункті үй-жайының осы Нұсқаулықтың талаптарына сай екендігі туралы актісі.

Ұлттық Банк банктен және кредиттік серіктестіктен жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қорытынды береді.

18-3. Ұлттық Банктің филиалы банктің, кредиттік серіктестіктің үй-жайында ашылған айырбастау пунктінің үй-жайына сәйкестігі туралы актіні алу қажеттілігі туралы банктен, кредиттік серіктестіктен өтініш алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде айырбастау пунктінің үй-жайының осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін тексеруі қажет және тексеру күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тексерудің тиісті актісін екі данада жасауы тиіс, оның біреуі банкте, кредиттік серіктестікте, ал екіншісі Ұлттық Банктің филиалында қалады.

Айырбастау пунктінің үй-жайы және жабдығы (ақша белгілерінің түпнұсқалылығын айқындауға арналған техникалық құралдар, металл шкафтар, фискальді жадысы бар бақылау-касса машиналары, күзет және өрт дабыл құралдары, айырбастау пунктінде қарулы күзет болмаған кезде қауіп-қатер дабылы құралдары) осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес болмаған жағдайда Ұлттық Банктің филиалы айырбастау пунктінің үй-жайының осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігі туралы акті беруден бас тартады.»;

19-тармақ алынып тасталсын;

23-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру үшiн берiлген лицензиясы қайтарып алынған‚ бұрын уәкiлеттi ұйымның құрылтайшылары (құрылтайшыларының бiрi) болған адамдар. Бұл норма шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру үшiн берiлген лицензиясы мемлекеттiк тiркеуге берiлген рұқсатты немесе шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру үшiн берiлетiн лицензияны алуға құжаттар тапсырғанға дейiн 3 (үш) жылдан астам бұрын қайтарылып алынған уәкiлеттi ұйымның құрылтайшылары (құрылтайшыларының бiрi) болып табылатын адамдарға қолданылмайды.»;

30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Өтініш беруші лицензия алу үшін осы Нұсқаулықтың 3 және 3-1-тармақтарының талаптарын ескере отырып, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы бірінші бөлігінің 1), 4)-9) тармақшаларында көзделген құжаттарды Ұлттық Банктің филиалына ұсынады.»;

31-тармақ алынып тасталсын;

32-тармақтың үшінші және төртінші абзацтарында «қолма-қол» деген сөз алынып тасталсын;

37-тармақтың бірінші, екінші және төртінші абзацтарында «қолма-қол» деген сөз алынып тасталсын;

37-1-тармақтың бірінші абзацында «қолма-қол» деген сөз алынып тасталсын;

38-тармақтың бірінші абзацында «қолма-қол» деген сөз алынып тасталсын;

43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«43. Уәкілетті ұйым айырбастау пунктін тіркеу үшін осы Нұсқаулықтың 3 және 3-1-тармақтарының талаптарын ескере отырып, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы бірінші бөлігінің 1) және 8) тармақшаларына сәйкес құжаттарды Ұлттық Банктің филиалына ұсынады.»;

45-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

«Айырбастау пункттерін тіркеу журналдарына есепке алу (тіркеу, қайта тіркеу) айырбастау пунктінің тіркеу куәлігінің Ұлттық Банктің филиалындағы іс қағаздары номенклатурасында бір номенклатуралық номерін сақтай отырып, жыл сайын жүйелі түрде жалғасады.»;

46-тармақта:

бірінші абзацта «т.б.» деген әріптер және тыныс белгісі «басқа деректемелер» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзацта «қолма-қол» деген сөз алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Ұлттық Банктің филиалы уәкілетті ұйымның айырбастау пунктін қайта тіркеген кезде айырбастау пунктінің жаңа тіркеу куәлігінің нақты берілген күнін көрсете отырып, айырбастау пунктінің бұрынғы тіркеу куәлігіндегі нөмірмен айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін береді.»;

47, 48 және 49-тармақтар алынып тасталсын;

50 және 53-тармақтардың бірінші абзацы алынып тасталсын;

51-тармақтың бірінші және үшінші абзацтары алынып тасталсын;

54-тармақта:

5) тармақшада «меншік құқығын» деген сөздер «мүліктік құқығын» деген сөздермен ауыстырылсын;

он екінші абзацта «немесе қолма-қол шетел валютасымен жұмысында 1 жылдан кем емес тәжiрибесi барын растайтын құжаттың көшiрмесi» деген сөздер алынып тасталсын;

56-1-тармақта «үш» деген сөз «алты» деген сөзбен ауыстырылсын;

63-тармақта «51-тармағында көзделген» деген сөздер алынып тасталсын;

69-1-тармақта «қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берілген» деген сөздер «айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқық беретін» деген сөздермен ауыстырылсын;

70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«70. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті банктердің (олардың филиалдарының) айырбастау пункттерінде қолма-қол шетел валютасын сатып алу операциялары төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай операциялар тізілімдердің электрондық журналына бағдарламалық қамтамасыз етудің талаптарына және осы Нұсқаулықтың 13-қосымшасында айқындалған оны жүргізу тәртібіне сәйкес келетін осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасында белгіленген нысан бойынша сатып алынған және сатылған шетел валютасы тізілімдерінің электронды журналында көрсетіледі.»;

74-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті банктер және уәкілетті почта байланысы ұйымы операциялық күн ашпай-ақ (есептік кезеңнің соңғы күніне келетін демалыс және мереке күндерінде) жүргізетін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары шетел валютасын сатып алу және сату көлемі туралы есепте келесі операциялық күнмен көрсетілуі мүмкін.

Уәкілетті ұйымдар ай сайын айдың 15-не дейінгі мерзімде осы Нұсқаулықтың 15-қосымшасында белгіленген нысан бойынша қаражат қозғалысы туралы жиынтық мәліметтерді Ұлттық Банктің аумақтық филиалына ұсынады.»;

85-тармақта:

«ұсынысы бойынша» деген сөздерден кейін «мынадай шектелген ықпал ету шараларын қолдануға» деген сөздермен толықтырылсын;

1), 1-1), және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) хат-міндеттеме талап етуге;

1-1) ескерту жасауға;

2) орындауға міндетті жазбаша нұсқау беруге құқылы.»;

3) және 4) тармақшалар алынып тасталсын;

86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«86. Ұлттық Банктің филиалы айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдардың Қазақстан Республикасының валюта заңнамасын бұзушылықтарын анықтаған кезде оларға осы Нұсқаулықтың 85-тармағының 1)-2) тармақшаларында көрсетілген ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.»;

мынадай мазмұндағы 86-1-тармақпен толықтырылсын:

«86-1. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдардың олардың айырбастау пункттері арқылы жіберілген шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу тәртібінің жаңа бұзушылықтарын оларға ықпал ету шаралары қолданылғаннан кейін қатарынан он екі күнтізбелік ай ішінде жоймаған не анықтаған кезде Ұлттық Банктің филиалы айырбастау пунктінің тіркеу куәлігінің қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтатуға құқылы.»;

87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«87. Ұлттық Банктің филиалы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 1-тармағының б), з) және к-1) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті ұйымнан шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға не қайтарып алуға құқылы.»;

87-1 және 87-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«87-1. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті банктің, уәкілетті кредиттік серіктестіктің, уәкілетті почталық байланыс ұйымының шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқық беретін лицензияның қолданылуы тоқтатылған не қайтарылып алынған жағдайда уәкілетті орган тиісті шешімнің көшірмесін кейіннен Ұлттық Банктің филиалдарына хабарлама жіберу үшін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке жібереді.

87-2. Уәкілетті ұйымның шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берілген лицензиясының қолданылуы тоқтатылған не қайтарылып алынған жағдайда Ұлттық Банк филиалының тиісті шешімінің көшірмесі уәкілетті ұйымға жіберіледі. Уәкілетті ұйым лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешімді алған күннен бастап қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензияның қолданылуын тоқтату мерзімі аяқталғанға дейін тоқтата тұрады.

Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің тіркеу куәлігінің қолданылуы тоқтатылған жағдайда Ұлттық Банк филиалының тиісті шешімінің көшірмесі айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымға жіберіледі. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйым осы шешімді алған күннен бастап тиісті айырбастау пунктіндегі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті айырбастау пунктінің тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату мерзімі аяқталғанға дейін тоқтата тұрады.»;

87-3 және 87-4-тармақтар алынып тасталсын;

88-тармақта «қолма-қол» деген сөз алынып тасталсын;

5-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:


«Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа

5-қосымша


Шетел валютасымен айырбастау

операцияларын ұйымдастыруға берілген

ЛИЦЕНЗИЯ





№ ___

_______ жылғы “____”____________

(берілген күні)


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ____________________ филиалы

(филиалдың атауы)

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес ________________________________________________________________

________________________________________________________________

(уәкілетті ұйымның атауы және мекен-жайы)

осы лицензияны береді.

Осы лицензияның қолданылу аясы _____________________________

________________________________________________________________

(облыстың немесе республикалық дәрежедегі қаланың атауы)

аумағымен шектеледі.

Уәкілетті ұйымның айырбастау пункттерінің ерікті жұмыс істемейтін кезеңі қатарынан алты айдан аспауы тиіс.


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ______________________


(филиалдың атауы)

филиалы уәкілетті ұйымға валюталық бақылау агентінің функцияларын жүктейді.

Осы лицензия жалғыз данада шектеусіз мерзімге беріледі және басқа тұлғаларға беруге болмайды.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі________________

филиалының директоры (директордың орынбасары)»;


мынадай мазмұндағы 15-қосымшамен толықтырылсын:




«Қазақстан Республикасында

қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа

15-қосымша

20___ жылғы _______________ ай үшін

Шетел валютасының қозғалысы туралы есеп


уәкілетті ұйымның атауы

___________________________

почталық мекен-жайы, телефоны, факсы

___________________________

шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияның номері және күні

___________________________


1-кесте


(валюта бірлігімен)

р/с



Көрсеткіштің атауы

Жол коды

USD

EUR

RUR

Басқалары (валюта-ның түрі көрсетіл-сін)

1.

Есепті кезеңнің басындағы шетел валютасының қалдығы

(100)=(110)+(120)



100













2.

оның ішінде:
















3.

Кассадағы қолма-қол шетел валютасы (айырбастау пункттерінің кассасын қоса алғанда)

110













4.

Уәкілетті банктердің валюталық шоттарында

120













5.

Есепті кезеңде түскен шетел валютасы (200)>=((210)+(220)+(230)+(240))

200













6.

оның ішінде:
















7.

уәкілетті банктер арқылы ішкі валюта нарығында сатып алынған шетел валютасы

210













8.

уәкілетті банктерден түскен заемдар

220













9.

өзге заңды тұлғалардан және жеке тұлғалардан түскен заемдар

230













10.

айырбастау пункттері арқылы сатып алынған қолма-қол шетел валютасы

240













11.

жұмсалған шетел валютасы

(300)>=((310)+(320)+(330)+(340))



300













12.

оның ішінде:
















13.

уәкілетті банктер арқылы ішкі валюта нарығында сатылған шетел валютасы

310













14.

уәкілетті банктердің өтелген заемдары

320













15.

өзге заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың өтелген заемдары

330













16.

айырбастау пункттері арқылы сатылған қолма-қол шетел валютасы

340













17.

Есепті кезеңнің аяғындағы

шетел валютасының қалдығы (400)=((410)+(420)

(400)= (100)+(200)-(300)


400













18.

оның ішінде:
















19.

Кассадағы қолма-қол шетел валютасы (айырбастау пункттерінің кассасын қоса алғанда)

410













20.

уәкілетті банктердің валюталық шоттарында

420












2-кесте


Анықтама үшін. Есепті айдағы уәкілетті банктер арқылы жүзеге асырылған жекелеген операциялар туралы ақпарат

(мың теңгемен)



р/с



Көрсеткіштің атауы

Жол коды

барлығы

Оның ішінде банк арқылы

(уәкілетті банктің атауы көрсетілсін)



1.

Ішкі валюта нарығында сатып алынған шетел валютасы

500













2.

Ішкі валюта нарығында сатылған шетел валютасы

600













3.

Валюталық шоттардан алынған қолма-қол шетел валютасы

700













4.

Уәкілетті банктердің валюталық шоттарына есептелген қолма-қол шетел валютасы

800












20___ жылғы «____» _______________

___________________________ басшы

(аты-жөні, қолы)

___________________________ бас бухгалтер

(аты-жөні, қолы)

___________________________ орындаушы

(аты-жөні, қолы)».

2. Осы қаулы 2005 жылғы 18 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З. Айманбетоваға жүктелсін.



Ұлттық Банк


Төрағасы Ә. Сәйденов

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын

реттеу және қадағалау агенттігі

_________________________________



2005 жылғы «_____»________________




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет