|
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Төрағасының
2016 жылғы 15 қаңтардағы
№ 12 бұйрығымен
бекітілген
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бойынша Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесі
Алматы 2016
Жалпы ережелер
-
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бойынша Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) мемлекеттік жоспарлау жүйесін мемлекеттік статистикамен үйлестіру мақсатында әзірленді.
-
Әдістемеде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-38.67 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014 – 2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында қамтылған көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) сипаттамасы келтіріледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бойынша Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесі
1. «Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Ұлттық жинақтар деңгейі» көрсеткіші
Көрсеткішті қалыптастыру кезеңділігі және мерзімдері
|
Жыл сайын
|
Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)
|
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік туралы есеп – Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы есебі. Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік туралы есеп «Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі негізінде елдерді ранжирлейді.
|
Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаты (есептер болған кезде осы есептерге қатысқан деректерді алу мерзімдері, кезеңділігі және көздері көрсетіледі)
|
Дүниежүзілік Экономикалық Форумның Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік туралы есебінен алынған ақпаратқа сәйкес ұлттық жинақтар деңгейі қоғамдық және жеке сектордың номиналдық ішкі жалпы өнімнің (бұдан әрі – ІЖӨ) пайыздармен көрсетілген жинақтар ретінде айқындалады. Ұлттық жинақтар жалпы ішкі инвестициялар мен ағымдағы шоттың сальдосының сомасына тең.
Деректерді алу көздері: Дүниежүзілік Экономикалық Форум.
Көрсеткіштері алу мерзімдері: есепті жылғы қыркүйек - қараша.
Кезеңділігі: жыл сайын.
|
Көрсеткіштің белгілі бір бағдарламалық құжатқа қатыстылығы (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама)
|
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-38.67 бұйрығы
|
Шығыс ақпаратын орналастыру орны
|
«ҚРҰБ Стратегиялық жоспарын орындау жөніндегі есеп» шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банк туралы»/«ҚҰБ стратегиялық жоспары» бөлімінде жыл сайын жарияланады.
|
2. «Экономиканы монеталандыру» көрсеткіші»
Көрсеткішті қалыптастыру кезеңділігі және мерзімдері
|
Жыл сайын
|
Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)
|
1. Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6772 тіркелген «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 105 қаулысына сәйкес ұсынылатын есептілік.
Деректерді көшіріп алу және өңдеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика министрлігі Статистика комитетінің ай сайынғы баяндамасы.
|
Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаты (есептер болған кезде осы есептерге қатысқан деректерді алу мерзімдері, кезеңділігі және көздері көрсетіледі)
|
Көрсеткіш М3 ақша массасының номиналдық ІЖӨ-ге қатынасы ретінде есептеледі, пайызбен.
Деректері алу мерзімдері: есепті айдан кейінгі айдың бірінші (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бойынша) бесінші (екінші деңгейдегі банктер бойынша) жұмыс күнінен кешіктірілмей.
Кезеңділігі: тоқсан сайын.
|
Көрсеткіштің белгілі бір бағдарламалық құжатқа қатыстылығы (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама)
|
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-38.67 бұйрығы
|
Шығыс ақпаратын орналастыру орны
|
«ҚРҰБ Стратегиялық жоспарын орындау жөніндегі есеп» шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банк туралы»/«ҚҰБ стратегиялық жоспары» бөлімінде жыл сайын жарияланады.
|
3. «Банк жүйесіндегі резиденттер депозиттерінің көлемі» көрсеткіші
Көрсеткішті қалыптастыру кезеңділігі және мерзімдері
|
Жыл сайын
|
Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)
|
1. Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6772 тіркелген «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 105 қаулысына сәйкес ұсынылатын есептілік.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баланстық есебі.
|
Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаты (есептер болған кезде осы есептерге қатысқан деректерді алу мерзімдері, кезеңділігі және көздері көрсетіледі)
|
Депозиттік ұйымдардағы депозиттер көлемінің номиналдық ІЖӨ-ге қатынасы.
Деректері алу мерзімдері: есепті айдан кейінгі айдың бірінші (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бойынша) бесінші (екінші деңгейдегі банктер бойынша) жұмыс күнінен кешіктірілмей.
Кезеңділігі: тоқсан сайын.
|
Көрсеткіштің белгілі бір бағдарламалық құжатқа қатыстылығы (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама)
|
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-38.67 бұйрығы
|
Шығыс ақпаратын орналастыру орны
|
«ҚРҰБ Стратегиялық жоспарын орындау жөніндегі есеп» шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банк туралы»/«ҚҰБ стратегиялық жоспары» бөлімінде жыл сайын жарияланады.
|
4. «Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері» көрсеткіші
Көрсеткішті қалыптастыру кезеңділігі және мерзімдері
|
Жыл сайын
|
Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)
|
Екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10776 тіркелген «Банктердің есеп айырысу үшін қабылдайтын міндеттемелерінің құрылымын, ең төменгі резервтік талаптарды орындау шарттарын, резервке қою тәртібін қоса алғанда, ең төменгі резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысына және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10985 тіркелген «Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 39 қаулысына сәйкес ұсынылатын есептілігі.
|
Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаты (есептер болған кезде осы есептерге қатысқан деректерді алу мерзімдері, кезеңділігі және көздері көрсетіледі)
|
Банк міндеттемелері сомасының банк өз кассасында ұлттық валютадағы қолма-қол ақша және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің корреспонденттік шоттарындағы ұлттық валютадағы ақша түрінде қолдайтын міндетті сома (резервтік активтер).
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы үшінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілейді.
Кезеңділігі: әрбір он төрт күн сайын, 2015 жылғы 23 шілдеден бастап – әрбір жиырма сегіз күн сайын.
Деректері алу мерзімдері: банк резервтік активтерді қалыптастыратын есепті кезеңнің соңғы күні үшін он жұмыс күні.
|
Көрсеткіштің белгілі бір бағдарламалық құжатқа (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама) қатыстылығы
|
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-38.67 бұйрығы
|
Шығыс ақпаратын орналастыру орны
|
«ҚРҰБ Стратегиялық жоспарын орындау жөніндегі есеп» шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банк туралы»/«ҚҰБ стратегиялық жоспары» бөлімінде жыл сайын жарияланады.
|
5. «Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі» көрсеткіші
Көрсеткішті қалыптастыру кезеңділігі және мерзімдері
|
Кезеңділігі: қажеттілігіне қарай.
Мерзімдері: белгіленбеген.
|
Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілді
|
Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаты (есептер болған кезде осы есептерге қатысқан деректерді алу мерзімдері, кезеңділігі және көздері көрсетіледі)
|
Ақша нарығының жалпы жай-күйіне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейі мен инфляциялық күтулерге қарай белгіленеді.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы үшінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілейді.
|
Көрсеткіштің белгілі бір бағдарламалық құжатқа (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама) қатыстылығы
|
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-38.67 бұйрығы
|
Шығыс ақпаратын орналастыру орны
|
«ҚРҰБ Стратегиялық жоспарын орындау жөніндегі есеп» шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банк туралы»/«ҚҰБ стратегиялық жоспары» бөлімінде жыл сайын жарияланады.
|
6. «Өтімділік портфелі көлемінің алдағы 6 айда сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдердің көлеміне қатынасы» көрсеткіші
Көрсеткішті қалыптастыру кезеңділігі және мерзімдері
|
Жыл сайын
|
Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі алдағы алты айда сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдердің болжамды көлемі жөніндегі ақпарат көзі болып табылады.
Өтімділік портфелі «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегияны бекіту туралы» 2015 жылғы 17 маусымдағы № 112 қаулысына сәйкес қаралады.
|
Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаты (есептер болған кезде осы есептерге қатысқан деректерді алу мерзімдері, кезеңділігі және көздері көрсетіледі)
|
Көрсеткіш өтімділік портфелі көлемінің алдағы алты айда сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер көлеміне арақатынасы ретінде есептеледі.
Деректерді алу мерзімі: ай сайын.
Кезеңділігі: жыл сайын.
|
Көрсеткіштің белгілі бір бағдарламалық құжатқа (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама) қатыстылығы
|
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-38.67 бұйрығы
|
Шығыс ақпаратын орналастыру орны
|
«ҚРҰБ Стратегиялық жоспарын орындау жөніндегі есеп» шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банк туралы»/«ҚҰБ стратегиялық жоспары» бөлімінде жыл сайын жарияланады.
|
7. «Халықаралық резервтердің қысқа мерзімді (1 жылға дейін) сыртқы борыштың көлеміне деңгейі» көрсеткіші
Көрсеткішті қалыптастыру кезеңділігі және мерзімдері
|
Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейін жүзінші күні
|
Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)
|
Дереккөздері: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, мемлекеттік басқару органдары, «Қазақстаның Даму банкі» акционерлік қоғамы, екінші деңгейдегі банктер, қаржы ұйымдары, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын және (немесе) шетелдік қатысуы бар ұйымдар болып табылатын кәсіпорындар және жеке тұлғалары.
Ақпарат сай сайын/тоқсан сайын:
1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6963 тіркелген «» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 351 бұйрығымен бекітілген ведомстволық статистикалық бақылаудың статистикалық нысандары (1-ТБ, 7-ТБ, 9-ТБ, 11-ТБ-ОС, 11-ТБ-СЖ, 14-ТБ, 15-ТБ, 11-ОБ) бойынша,
және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының:
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7701 тіркелген «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына,
-
3) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3940 тіркелген «Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 қазандағы № 122 қаулысына сәйкес ұсынылады.
-
Деректерді жинау және өңдеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мынадай ішкі шағын жүйелері арқылы жүзеге асырылады: «Статистика» ААШЖ, «Төлем балансы бойынша деректерді жинау және өңдеу» ААШЖ, «ҚРҰБ веб-порталы» ААШЖ, Т24 БАЖ.
|
Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаты (есептер болған кезде осы есептерге қатысқан деректерді алу мерзімдері, кезеңділігі және көздері көрсетіледі)
|
Көрсеткіш пайызбен көрсетілген алтынвалюта резервтері деңгейі көрсеткішінің өтеуге дейін қалған мерзім бойынша қысқамерзімді сыртқы борыш көлемі көрсеткішінің қатынасын айқындау жолымен есептеледі.
Көрсеткіш елдің дағдарыс жағдайында өзінің борыштық міндеттемелеріне қызмет көрсету қабілетін көрсетеді.
Егер көрсеткіш 100%-дан көп болса, онда елдің алтынвалюта резервтерінің деңгейі өзінің борыштық міндеттемелеріне қызмет көрсету үшін жеткілікті, ең болмағанда сыртқы қарыз алудың кез келген түрлеріне жүгінбей бір жыл ішінде жеткілікті деп саналады.
Алтынвалюта резервтері деңгейінің көрсеткіші – миллион АҚШ долларында көрсетілген есепті күнгі халықаралық инвестициялық позицияның «Резервтік активтері» көрсеткіші.
Миллион АҚШ долларында көрсетілген өтеуге дейін қалған мерзім бойынша қысқамерзімді сыртқы борыш көлемінің көрсеткіші мыналарды қамтиды:
-
есепті күнгі бастапқы өтеу мерзімі бойынша қысқамерзімді сыртқы борыш;
-
есепті күнгі және бір жыл ішінде және есепті күннен кейін кемінде бір жылда өтеуге жататын ұзақмерзімді сыртқы борыштың бөлігі;
-
есепті күнгі жағдай бойынша бар сыртқы борышқа бір жыл ішінде және есепті күннен кейін кемінде бір жылда есептелетін сыйақы.
Деректерді алу көздері: халықаралық инвестициялық позиция, өтеуге дейін қалған мерзім бойынша қысқамерзімді сыртқы борыш
Деректерді алу мерзімдері: тоқсан сайын 90-ші күні (халықаралық инвестициялық позиция), 100-ші күні (өтеуге дейін қалған мерзім бойынша қысқамерзімді сыртқы борыш)
|
Көрсеткіштің белгілі бір бағдарламалық құжатқа (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама) қатыстылығы
|
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-38.67 бұйрығы
|
Шығыс ақпаратын орналастыру орны
|
Тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында www.nationalbank.kz ««Статистика/Сыртқы сектор статистикасы/Сыртқы борыш статистикасы» бөлімінде «Сыртқы борыштың абсолюттік және салыстырмалы өлшемдері» файлында жарияланады.
«ҚРҰБ Стратегиялық жоспарын орындау жөніндегі есеп» шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банк туралы»/«ҚҰБ стратегиялық жоспары» бөлімінде жыл сайын жарияланады.
|
8. «Соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық қоры активтерінің кумулятивтік кірістілігі мөлшерінің АҚШ қазынашылығының алты айлық борыштық міндеттемелерінің кумулятивтік кірістілігі мөлшерінен асып кетуі» көрсеткіші
Көрсеткішті қалыптастыру кезеңділігі және мерзімдері
|
Жыл сайын
|
Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)
|
Соңғы үш жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі активтерінің кумулятивтік кірістілігі және АҚШ қазынашылығының алты айлық борыштық міндеттемелерінің үш жылдық кумулятивтік кірістілігі нарықтық және Қазақстан Республикасы Ұлттық Қоры кастодиандарының деректері негізінде есептеледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорын сенімгерлікпен басқару нәтижелері туралы есеп тоқсан сайынғы және жыл сайынғы негізде жүргізіледі.
Есеп мыналар негізінде әзірленеді:
-
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 тіркелген «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысы;
-
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару туралы 2001 жылғы 11 маусымдағы № 299 шарт.
|
Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаты (есептер болған кезде осы есептерге қатысқан деректерді алу мерзімдері, кезеңділігі және көздері көрсетіледі)
|
Көрсеткіш соңғы үш жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің кумулятивтік кірістілігі және АҚШ қазынашылығының алты айлық борыштық міндеттемелерінің үш жылдық кумулятивтік кірістілігінің мөлшері арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Деректерді алу мерзімдері: ай сайын.
Кезеңділігі: жыл сайын.
|
Көрсеткіштің белгілі бір бағдарламалық құжатқа (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама) қатыстылығы
|
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-38.67 бұйрығы
|
Шығыс ақпаратын орналастыру орны
|
«ҚРҰБ Стратегиялық жоспарын орындау жөніндегі есеп» шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банк туралы»/«ҚҰБ стратегиялық жоспары» бөлімінде жыл сайын жарияланады.
|
9. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы басқарушыларының ерекше жағдайлар саны» көрсеткіші
Көрсеткішті қалыптастыру кезеңділігі және мерзімдері
|
Жыл сайын
|
Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)
|
Көзделмеген
|
Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаты (есептер болған кезде осы есептерге қатысты деректерді алу мерзімдері, кезеңділігі және көздері көрсетіледі)
|
Сипаттау: Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы басқарушыларының жұмыстан босатылу саны.
Көрсеткіш Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4360 тіркелген «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысы негізінде қадағаланады.
|
Көрсеткіштің белгілі бағдарламалық құжатқа қатыстылығы (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама)
|
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-38.67 бұйрығы
|
Шығыс ақпаратын орналастыру орны
|
«ҚРҰБ Стратегиялық жоспарын орындау жөніндегі есеп» шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банк туралы»/«ҚҰБ стратегиялық жоспары» бөлімінде жыл сайын жарияланады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |