28.12 Гидравликалық және пневматикалық жабдықтар өндіру
28.12.0 Гидравликалық және пневматикалық жабдықтар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- гидравликалық және пневматикалық түйіндер және агрегаттар (гидравликалық сорғыларды, гидравликалық қозғалтқыштарды, гидравликалық және пневматикалық цилиндрлерді, клапандарды, шлангыларды мен қосатын бөлшектерді қоса алғанда) өндіру
- пневматикалық жүйелерде пайдалану үшін қысылған ауаны тазалауға арналған жабдық өндіру
- гидравликалық жүйелер өндіру
- гидравликалық жетекті жабдықты өндіру
- гидростатикалық трансмиссияларды өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- гидравликалық емес аппаратураға арналған сорғылар өндіру, (28.13.1 қараңыз)
- компрессорлар өндіру, (28.13.2 қараңыз)
- гидравликалық емес аппаратураға арналған клапандарды өндіру, (28.14.0 қараңыз)
- механикалық жетекті жабдықты өндіру кірмейді, (28.15.2 қараңыз)
28.13 Басқа сорғылар және компрессорлар өндіру
Бұл класқа:
- гидравликалық және пневматикалық жабдық өндіру кірмейді, (28.12.0 қараңыз)
28.13.1 Вакуум және әуе сорғылар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- әуе немесе вакуумды сорғылар өндіру
- өлшеу құрылғылары бар немесе жоқ сұйықтықтар үшін сорғылар өндіру
- іштей жану қозғалтқыштары үшін сорғылар: автомобильдер үшін май, су және жанар-жағар т.б. сорғылар өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа сондай-ақ:
- қол сорғылар өндіру кіреді
28.13.2 Компрессорларды жасау
Бұл ішкі класқа:
- әуе немесе басқа да газ компрессорлар өндіру кіреді
28.14 Өзге де крандар, клапандар мен вентильдер өндіру
28.14.0 Өзге де крандар, клапандар мен вентильдер өндіру
Бұл ішкі класқа:
- реттеуші клапандарды және бастоған крандарды қоса алғанда, өнеркәсіптік крандар, клапандар және вентильдерді өндіру
- суқұбырлық крандар және клапандарын өндіру
- жылыту жүйелерінің крандарын, клапандарын мен вентильдерін өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- күшейтілмеген вулкандалған резеңкелерден, шыныдан немесе қыш материалдардан клапандар өндіру, (22.19.1, 23.19.9, 23.44.0 қараңыз)
- іштен жанатын қозғалтқыштар үшін жіберу және шығару клапандарын өндіру, (28.11.1 қараңыз)
- гидравликалық және пневматикалық клапандар және пневматикалық жүйелерде пайдалану үшін сығымдалған ауаны тазарту жабдықтар өндіру кірмейді, (28.12.0 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |