10.84 Татымдықтар мен дәмқосарларды өндіру
10.84.0 Татымдықтар мен дәмқосарларды өндіру
Бұл ішкі класқа:
- дәмдеуіштерді, тұздықтарды және дәмқосарларды: майонез, қыша ұны мен ұнтағы, дайын қышаны және т.б. өндіру
- сірке суын өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа сондай-ақ:
- тағамға пайдалануға жарамды тұз өндіру, мысалы, йодталған тұз кіреді
Бұл ішкі класқа:
- татымдықтар өндіруге арналған дақылдарды өсіру кірмейді, (01.28.0 қараңыз)
10.85 Дайын тағам өнімдерін өндіру
10.85.0 Дайын тағам өнімдерін өндіру
Бұл ішкі класқа дайын тағамдарды (яғни қолдануға дайындалған дәмқосар қосылған және пісірілген) өндіру кіреді. Бұл тағамдар тоңазытылған немесе консервіленген түрде, ұзақ сақтау үшін дайындалған, олар әдетте оралған және оларда затбелгілер болады, яғни бұл ішкі класқа мейрамханалардағы сияқты тікелей тағамды қолдану үшін тағамдарды дайындау кірмейді. Бұл тағамдар кем дегенде екі құрамбөліктен тұрады (дәмдеуіштерді және т.б. қоспағанда).
Бұл ішкі класқа:
- ет тағамдарын немесе үй құсынан жасалған тағамдарды өндіру
- балықтың тартылған етін қоса, балық тағамдарын өндіру
- көкөністерден тағамдар дайындау
- тоңазытылған пиццаны немесе сақтау үшін өзге де тәсілдермен дайындалған пиццаны өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа сондай-ақ:
- жергілікті және ұлттық асхана тағамдарын өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- жаңадан жасалған тамақ өнімдерін немесе кемі екі құрамбөліктен тұратын тамақ өнімдерін дайындау, (10-бөлімде тиісті ішкі класты қараңыз)
- тез бұзылатын дайын тамақ өнімдерін өндіру, (10.89.9 қараңыз)
- дайын қоспалар мен тағамдарды көтерме саудада сату, (46.38 қараңыз)
- дайын қоспалар мен тағамдарды дүкендерде бөлшек саудада сату, (47.11, 47.29 қараңыз)
- тамақ өнімдерін шарттық негізде ұсыну қызметі кірмейді, (56.29 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |