24.45 Өзге де түсті металдар өндіру
Бұл класқа:
- кендерден немесе оксидтерден хром, марганец, никель және т.б. өндіру
- хром, марганец, никель және т.б. қалдықтары және сынықтарын электролиттік немесе алюминотермикалық тазарту арқылы өндіру
- хром, марганец, никель және т.б. қорытпаларын өндіру
- хром, марганец, никель және т.б. жартылай дайын фабрикаттар өнімдер өндіру
Бұл класқа сондай-ақ:
- сымдау арқылы хром, марганец, никельден және т.б. сымдар жасау кіреді
Бұл класқа:
- түсті металдар құю кірмейді, (24.53.0, 24.54.0 қараңыз)
24.45.1 Никель және кобальт өндіру
Бұл ішкі класқа сондай-ақ:
- никельден штейн өндіру кіреді
24.45.2 Титан, титан ұнтағын және магний, вольфрам мен молибден өндіру
24.45.3 Сүрме және сынап өндіру
24.45.4 Түсті металдар мен қорытпаларды өңдеу
24.45.5 Сирек металдар, сирек кездесетін жер металдарын және жартылай өткізгіш материалдар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- сирек, сирек кездесетін жер металдарын және жартылай өткізгіш материалдарды, соның ішінде көмірді термиялық өңдеуден кейін көмірден күл және қож өндіру кіреді
24.46 Ядролық отынды қайта өңдеу
24.46.0 Ядролық отында қайта өңдеу
Бұл ішкі класқа:
- шайыр қоспалар немесе басқа кендерден уран өндіру
- уранды балқыту және тазарту кіреді
24.5 Металдарды құю
Осы топқа құю процесінде дайындалатын жартылай дайын фабрикаттар мен түрлі бұйымдар өндіру кіреді.
Осы топқа:
- қазандықтар және радиаторлар сияқты құйылған дайын бұйымдар өндіру, (25.21.0 қараңыз)
- құйылған тұрмыстық мақсаттағы бұйымдар өндіру кірмейді, (25.99 қараңыз)
24.51 Шойын құю
Бұл класқа шойын құю өндірісі қызметінің түрлері кіреді.
24.51.1 Құбырлар өндіруден басқа, шойын құю
Бұл ішкі класқа:
- шойыннан жартылай фабрикаттар құю
- сұр шойыннан құймалар құю
- шар тәрізді графитпен шойынды құймаларын өндіру
- соғылған шойыннан бұйымдар құю кіреді
24.51.2 Шойыннан құбырлар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- шойыннан құйылған құбырлар, түтіктер, іші қуыс және құбырлар мен түтіктерге арналған фитингтер өндіру кіреді
24.52 Болат құю
24.52.0 Болат құю
Бұл ішкі класқа болат құю өндірісі қызметінің түрлері кіреді.
Бұл ішкі класқа:
- болаттан жартылай фабрикаттар құю
- болаттан құймалар құю
- центрден тепкіш құю тәсілімен болаттан жіксіз құбырлар мен түтіктер өндіру
- болаттан құйылған құбырлар мен түтіктерге арналған фитингтер өндіру кіреді
Достарыңызбен бөлісу: |