Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпығА



бет1/4
Дата13.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#133713
  1   2   3   4




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА


МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
Магистратура
мАМАНДЫғЫ 6М110500 – МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС

СПЕЦИАЛЬНОСТЬ 6М110500 – МЕДИКО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЕ ДЕЛО

SPECIALITY 6М110500 – MEDICAL AND PROPHYLACTIC BUSINESS

ҚР МЖМБС - 7.09.112-2009

Ресми басылым

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Астана

Алғы сөз
1 ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар Республикалық орталығының медициналық және фармацевтикалық білім беру жөніндегі оқу әдістемелік секциясы ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ енгізген.
2 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 29 шілдедегі № 387 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН.
3 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН
4 Осы стандартта Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ «Білім туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі №1290 «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу, бекіту және іске қосу мерзімдерінің тәртібі туралы» қаулысының және ҚР МЖМБС 5.04.033-2008 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Магистратура. Негізгі ережелердің» нормалары іске асырылған.
5. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен 10 қыркүйектегі № 26-01-4/3-8286 КЕЛІСІЛГЕН.

Осы стандартты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара көбейтуге және таратуға болмайды.



Мазмұны


1

2

3



4

5

6


7
8
9

Қолдану саласы …………………..…………………………………..…........

Нормативтік сілтемелер .....…………………………………………..………

Терминдер мен анықтамалар…………………………………………..........

Магистрантты дайындау бағыттарының жалпы сипаттамасы …..………

Магистратураға түсуші тұлғаларға қойылатын талаптар ..……………….

6М110500 – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша магистрлік бағдарламаның негізгі міндеттері .....…………………………

6М110500 – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша магистрлік білім беру бағдарламасының мазмұны ……………………….

Магистрлік білім беру бағдарламасының әзірленуіне және шарттарына қойылатын талаптар ..……………………………………………………….

Магистратураның білім беру бағдарламасын орындағандардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар .......…………………………...

А қосымшасы (міндетті) .........……………………………………………..

Б қосымшасы (міндетті).........……………………………………………...

В қосымшасы (міндетті) ...............................................................................




1

1

1



2

4
4
5


16
20

21

22



23


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА


МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

Магистратура
МАМАНДЫҒЫ 6М110500 – МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС
Енгізу күні 2009.09.01.
1 Қолдану саласы
Осы стандарт магистратураның білім беру бағдарламалары мазмұнының міндетті минимумына және оны бітірушілерді дайындау деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.

Стандарттың ережелерін, ведомстовалық бағыныштылық және құқықтық-ұйымдық формасы ерекшелігіне қарамастан, магистранттарды дайындауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының білім және ғылым ұйымдары қолдануы және оны сақтауы міндетті болып табылады.

Стандартты мемлекеттік басқару, аккредиттік органдары, білім және ғылым ұйымдарын аттестаттау мен лицензия беру комиссиялары, мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциялары (кеңестер), тапсырыс берушілер мен жұмыс берушілер де пайдалана алады. Сонымен бірге магистранттарды дайындау сапасын сараптау үшін негізгі құжат болып табылады.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта төмендегі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылған:

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;

ҚР МЖМБС 5.04.033-2008 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Магистратура. Негізгі ережелер»;

ҚР МЖМБС 5.04.019-2008 «Жоғары білім беру. Негізгі ережелер»;

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексі.

3 Терминдер мен анықтамалар

Осы стандартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, ҚР МЖМБС 5.04.019, ҚР МЖМБС 5.04.033 сәйкес қысқартулар, терминдер мен анықтамалар қолданылған. Сонымен қатар, бұл стандартта төмендегідей қысқартулар пайдаланылған:


Ресми басылым

НП – негізгі пәндер;

БП – бейіндік пәндер;

МҒЗЖ – магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы;

МЭЗЖ –магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы;

МӨЖ – магистранттың өзіндік жұмысы

МОБӨЖ – магистранттың оқытушының басшылығымен орындайтын өзіндік жұмысы
4 Магистрантты дайындау бағыттарының жалпы сипаттамасы
4.1 6М110500 – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларын, ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, осы мамандық бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиялары бар білім беру және ғылым ұйымдары жүзеге асырады.

4.2 Магистрлерді дайындау:

- осы стандартқа;

- Қазақстан Республикасының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының классификаторына;

- оқу-бағдарламалық және әдістемелік құжаттарға;

- магистранттардың жеке жұмыс жоспарына;

- белгіленген тәртіп бойынша бекітілетін басқа да құжаттарға

сай іске асырылады.

4.3 6М110500 – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша мамандар дайындау екі бағытта жүргізіледі:

- бейіндік;

- ғылыми-педагогикалық.

Бейінді магистратура тар шеңберлі бейіндік бағыт бойынша гигиена және эпидемиология саласының жетекші мамандарын дайындауға, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің кәсіби менеджерлерін дайындауды қамтамасыз етуге және басқару машығын қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Бағдарламалар қолданбалы сипатқа ие.

Ғылыми және педагогикалық магистратура жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми-зерттеу секторлары үшін тереңдетілген ғылыми педагогикалық дайындығы бар кадрларды ЖОО-дан кейінгі дайындаудың білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

4.4 Бейінді магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаға 6М110500 – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша «денсаулық сақтау магистрі» деген академиялық дәреже беріледі.

Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаға 6М110500 – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша «медицина ғылымдарының магистрі» деген академиялық дәреже беріледі.
4.5 Осы стандарт ережелерінің мақсаттары:

- магистранттар дайындауды жүзеге асыратын білім беру және ғылым ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыру;

- магистранттардың өз бетімен оқуын, ғылыми зерттеу жүргізуін және педагогикалық қызмет атқаруын ынталандыру;

- «денсаулық сақтау магистрі» және «медицина ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежелерін беру туралы Қазақстан Республикасы құжаттарының халықаралық білім беру кеңістігінде және халықаралық еңбек нарығында мойындалуын қамтамасыз ету.

4.6 Кәсіптік қызмет объектілері.

Магистратураны бітірушілердің кәсіптік қызмет объектілері.

бейіндік дайындық бойынша:

- денсаулық сақтауды басқару органдары;

- мемлекеттік санитария-эпидемиология қызметі ұйымдары (санитария-эпидемиология станциялары, дезинфекциялау станциялары, обаға қарсы күрес мекемелері, санитариялық карантин және санитариялық бақылау орындары)

- емдеу-сауықтыру ұйымдары, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары, әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары;

- ғылыми ұйымдар.

ғылыми және педагогикалық дайындық бойынша:

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;

- ғылыми ұйымдар;

- денсаулық сақтауды басқару органдары, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары.

4.7 Кәсіптік қызмет түрлері.

6М110500 – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша магистратура түлектері кәсіптік қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

бейіндік дайындық бойынша:

- әкімшілік-басқару, бақылаушы-реттеуші (денсаулық сақтауды басқару органдарының және санитария-эпидемиология қызметінің мамандары және санитария-эпидемиология қызметі ұйымдарының әкімшілік-басқару қызметкерлері);

- санитариялық-гигиеналық, эпидемияға қарсы (санитария-эпидемиология қызметі ұйымдарының қызметкерлері);

- талдау (ақпараттық-талдау орталықтарының қызметкерлері);

- сараптамалық-консультациялық (денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының сарапшылары, консультанттары).

ғылыми және педагогикалық дайындық бойынша:

- педагогикалық (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары);

- ғылыми-зерттеу (ғылыми ұйымдардың қызметкерлері);

- әкімшілік-басқару, бақылаушы-реттеуші (денсаулық сақтауды басқару органдарының және санитария-эпидемиология қызметінің мамандары, санитария-эпидемиология қызметі ұйымдарының әкімшілік-басқару қызметкерлері);

- санитариялық-гигиеналық, эпидемияға қарсы (санитария-эпидемиология қызметі ұйымдарының қызметкерлері);

- талдау (ақпараттық-талдау орталықтарының қызметкерлері);

- сараптамалық-консультациялық (денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының сарапшылары, консультанттары).

4.8 Оқу мерзімі

Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік ұзақтығы:

- бейіндік дайындықта - 1-1,5 жыл;

- ғылыми және педагогикалық дайындықта - 2 жыл.

4.9 Магистратурада білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийлері:

- бейіндік дайындықта магистрант - оқу мерзімі 1 жыл болса, кем дегенде 30 кредитті меңгеруі тиіс, оқу мерзімі 1,5 жыл болса, кем дегенде 40 кредитті меңгеруі тиіс;

- ғылыми және педагогикалық дайындықта магистрант кем дегенде 55 кредитті меңгеруі тиіс.


5 Магистратураға түсушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
5.1 6М110500 – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге тілек білдіруші тұлғалардың алдыңғы минималды білім деңгейі – жоғары кәсіби немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

5.2 Магистратураға азаматтарды қабылдау тәртібі Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың типтік ережелерімен белгіленеді.


6 6М110500 – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша магистрлік бағдарламаның негізгі міндеттері
6.1 «Денсаулық сақтау магистрлерін» дайындау бойынша білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері:

- магистранттарға гигиена мен эпидемиологияның тар шеңберлі бейіндік бағыты бойынша терең теориялық білім беріп, практикалық тұрғыдан жеке дайындай отырып, магистранттың әлемдегі ғылым бейнесін тұтастай қабылдауға көмектесетін ең маңызды әрі тұрақты білімдерді меңгеруі арқылы білімнің жоғары сапасына қол жеткізу;



  • магистранттардың гигиена мен эпидемиология саласында жеке білім беру траекториясын таңдауы;

  • өзін-өзі жетілдіру және өздігінен даму қабілетін қалыптастыру, белсенді тіршілік әрекеті барысында жаңа білімдерді игеруге қажеттілікті және оларды өз бетінше шығармашылықпен игеру дағдыларын қалыптастыру;

  • кәсіби мәдениет, оның ішінде кәсіби қарым-қатынас мәдениетінің деңгейі жоғары, азаматтық ұстанымы бар, қазіргі кездегі ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын, кәсіптік қызметті табысты атқара алатын мамандарды дайындау;

  • үнемі дамып отыратын шынайы ортада кәсіби икемділікке кепілдік беретін шектес ғылымдар бойынша іргелі біліммен қамтамасыз ету.

6.2 «Медицина ғылымдарының магистрін» дайындау бойынша білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері:

- магистранттарға гигиена мен эпидемиологияның және педагогикалық қызметтің тар шеңберлі бейіндік бағыты бойынша терең теориялық білім беріп, практикалық тұрғыдан жеке дайындай отырып, магистранттың әлемдегі ғылым бейнесін тұтастай қабылдауға көмектесетін ең маңызды әрі тұрақты білімдерді меңгеруі арқылы білімнің жоғары сапасына қол жеткізу;

- өзін-өзі жетілдіру және өздігінен даму қабілетін қалыптастыру, белсенді тіршілік әрекеті барысында жаңа білімдерді игеруге қажеттілікті және оларды өз бетінше шығармашылықпен игеру дағдыларын қалыптастыру;


  • кәсіби мәдениет, оның ішінде кәсіби қарым-қатынас мәдениетінің деңгейі жоғары, азаматтық ұстанымы бар, қазіргі кездегі ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын, ЖОО-да оқытушылық қызметті атқара алатын, зерттеу жұмысын және басқару қызметін табысты жүзеге асыра алатын мамандарды дайындау;

- үнемі дамып отыратын шынайы ортада кәсіби икемділікке кепілдік беретін шектес ғылымдар бойынша іргелі біліммен қамтамасыз ету;

  • ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын үйрету, ғылыми жұмысын докторантурада жалғастыруға қажетті негізді қалыптастыру;

- магистранттың жоғары оқу орнындағы педагогика мен психологиядан қажетті білім минимумын алуын және ЖОО-да сабақ беру тәжірибесін меңгеруін қамтамасыз ету.
7 6М110500 – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша магистрлік білім беру бағдарламасының мазмұны
7.1 Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы білім беру мазмұнын анықтайтын түрлі оқу жұмыстарынан құралады, олардың арақатынасын, өлшемі мен есебін көрсетеді.

Оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есепке алу игерілген материал көлемімен жүргізіледі және кредитпен өлшенеді. Сонымен қатар, білім алудың алдыңғы деңгейлерінде игерілген кредиттерді есепке алатын жинақтаушы кредиттік жүйе жұмыс істейді.

7.2 Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау/қорытынды бақылау кезеңінен, практикадан, қорытынды аттестаттау мен демалыстан тұрады. Білім беру және ғылым ұйымдары академиялық кезеңдердің үш түрінің бірін (15 апталық семестр, 10 апталық триместр, 8 апталық тоқсан) дербес өзі таңдап бекітеді.

7.3 Магистратурада оқыту тек күндізгі оқу түрі бойынша жүзеге асырылады.

7.4 Теориялық оқыту міндетті және таңдау компоненттерінен құралады. Міндетті компонент пәндерінің тізімі мен оған сәйкес кредиттердің ең аз көлемі осы стандарт негізінде анықталады. Таңдауы бойынша пәндер тізімі мен оған сәйкес кредиттердің ең аз көлемін, жұмыс берушілердің сұранысына және еңбек нарығының талаптарына сәйкес білім беру және ғылым ұйымдары өзі бекітеді.

7.5 Магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны дайындық бағытына қарай 1-кестеге сәйкес белгіленеді.

1-кесте





Пәннің аты

Кредиттер көлемі

Оқу мерзімі

1

жыл

1,5

жыл

2

жыл

1

2

3

4

5

1.

Негізгі пәндер (НП)

13

14

22

1.1

Міндетті компонент :

8

8

14




Ғылым тарихы  мен философиясы

Философия және ғылым әдістемесі философиялық білімнің саласы ретінде. Өркениет пен мәдениеттегі ғылым. Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи дамуының негізгі кезеңдері. Ғылыми білімнің құрылымы. Ғылыми төңкерістер. Ғылыми рационалдық. Ғылым дамуының қазіргі кезеңінің ерекшеліктері. Ғылым әлеуметтік институт ретінде. Қазіргі таңдағы ғылыми білімнің құрылымындағы жаратылыстану ғылымдары. Адам, тарих, мәдениет және қоғам туралы ғылымдардың қалыптасу тарихы. Нақты ғылымдардың өзекті философиялық мәселелері.



1

1

2




Шетел тілі (кәсіби)

Шетел тілін күнделікті және кәсіби қарым-қатынаста белсенді қолдану үшін білімі мен дағдысын дамытып, тереңдету.

Лексика: күнделікті, жалпы ғылыми және кәсіби сипаттағы лексиканы меңгеру - 5000-нан кем емес бірлікті меңгеру.

Грамматика: ғылыми стильдегі грамматикалық құбылыстардың ауызша және жазбаша формалары; етістіктердің жақсыз формалары және олардың оралымдары, салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдер, бағыныңқы сөйлем түрлері,



2

2

2

1-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5




шартты сөйлемдер, шақтар қиысуы.

Ауызекі тілді меңгеру - кәсіптік қызметіне байланысты сан құбылған ситуацияларда, күнделікті қарым-қатынастағы және қоғамдық-саяси мәндегі ауызекі тілді - диалог пен монологті игеру.

Жазу дағдылары: шетел тілінде реферат, аннотация, тезистер, баяндамалар, түйіндеме жазу дағдысын жетілдіру.

Тыңдап қабылдау: тұрмыстық, ақпараттық және кәсіптік мазмұндағы хабарларды тыңдап қабылдау.

Аударма: түсіндірме сөздікпен және қос тілдік терминологиялық сөздіктермен, мамандыққа қатысты анықтамалық әдебиетпен жұмыс істей білу; шетел тілінен ана тіліне және ана тілінен шетел тіліне жазбаша және ауызша аудара алу дағдыларын дамыту.














Педагогика

Педагогиканың жалпы негіздері: негізгі ұғымдар, әдіснама, нысандары және даму тарихы. Жоғары білім педагогикасы. Қазіргі таңдағы жоғары білімнің негізгі даму бағыттары мен үрдістері. Білім берудің жаңа үлгісі. Қазақстан Республикасындағы жоғары білім: реформалаудың негізгі кезеңдері, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасу (интеграция).

Педагогикалық қызметтің мәні және құрылымы. Оқытушы тұлғасы, кәсіби қабілеті және біліктілігі.

Жоғары мектепте оқыту теориясы (дидактика): кәсіптік оқытудың мәні мен құрылымы, оқытудың қозғаушы күштері мен принциптері, оқу процесінің мазмұны және оны ұйымдастыру. Жоғары мектептегі тәрбие жұмысы: мәні және негізгі бағыттары. Жетекшілік (кураторлық). Білім берудің қазіргі технологиялары. Оқытудың белсенді формалары мен әдістері. Оқу процесін оқытудың кредиттік жүйесі негізінде ұйымдастыру: СӨЖ-ді, педагогикалық бақылауды ұйымдастыру, оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру. Білім сапасының менеджмент жүйесі.



-

-

3




Психология

Жоғары мектептегі психология пәні және оның міндеттері. Білім беру саласының және ақпараттық ортаның психологиясы. Әлеуметтік психология. Қазіргі заманғы жағдайда оқытудың тиімділігі мен



1

1

2


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет