Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша



Дата24.02.2016
өлшемі211.65 Kb.
#14506
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша бiлiктiлiк комиссиялары туралы ереженi және Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 9 қарашадағы № 533-534 (26926)


      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.13 № 1586 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңының 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша бiлiктiлiк комиссиялары туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидалары бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.13 № 1586 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      2. «Кемелер экипаждары мүшелерiне диплом беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 14 сәуiрдегi № 350 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 15, 188-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                               К.Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2011 жылғы 5 тамыздағы
№ 315 қаулысымен 
бекiтiлген 

Қазакстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде
мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық
құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша
бiлiктiлiк комиссиялары туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.13 № 1586 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.



1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша бiлiктiлiк комиссиялары туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзiрленген және iшкi су жолдарында пайдаланылатын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша бiлiктiлiк комиссияларын құру тәртiбiн айқындайды.


      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарын аттестаттау - кеменi басқару, оның iшiнде кеме жүргiзу және түбiн тереңдету, Қазақстан Республикасында iшкi су жолдары бойынша кемелердiң жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, кемеде тәртiп сақтау, қоршаған ортаны қорғау, кемеге, кемедегi адамдарға, багажға және жүкке қауiп төндiрудi болдырмау үшiн қажеттi командалық құрамның бiлiм деңгейiн анықтау үшiн жүзеге асырылатын рәсiм, ол әрбiр кейiнгi бес жыл аяқталғанда жүргiзiледi;
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру - кемелердiң командалық құрамының адамдарына бiлiктiлiк деңгейiн анықтау жөнiнде жүзеге асырылатын рәсiм, оның қорытындылары бойынша дипломдар берiледi.
      3. Осы Ереже Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi мен Жалға алынған шетел кемелерi тiзiлiмiнде тiркелген Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарында пайдаланылатын кемелер экипажында қолданылады.

2. Бiлiктiлiк комиссияларын құру

      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша бiлiктiлiк комиссиялары (бұдан әрi - комиссия) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiнде (бұдан әрi - аумақтық бөлiмше) тұрақты негiзде құрылады.


      5. Комиссия қызметiнiң мақсаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының iшкi су көлiгiн қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етуде құзыреттiлiгiн айқындау болып табылады.
      6. Комиссия өз қызметiн осы Ережеге сәйкес және Қазақстан Республикасының су көлiгi саласындағы заңнама нормаларын сақтай отырып, жүзеге асырады.
      7. Комиссия құрамы кемiнде бес адамнан құралады, аумақтық бөлiмше басшысының орынбасары (комиссия төрағасы) төрағалық етедi және су көлiгiнде қауiпсiздiкке бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлiмшенiң қызметкерлерiнен, сондай-ақ су көлiгi саласында кемiнде бес жыл жұмыс өтiлi бар тәжiрибелi мамандардан (капитандар, командирлер, кеме жүргiзушiлерi, механик-тәлiмгерлер, механиктер, электрмеханиктер және кеме иесiнiң өкiлдерi) (келiсiм бойынша) тұратын комиссия мүшелерi қатысады.
      8. Комиссияның құрамы аумақтық бөлiмше басшысының бұйрығымен бекiтiледi.
      9. Хаттаманы жасау үшiн комиссияның отырысына комиссия мүшесi болып табылмайтын және дауыс беру құқығы жоқ комиссия хатшысы қатысады.
      10. Комиссияның хатшысы диплом беру және аттестаттауды дайындау бойынша мынадай ұйымдастырушылық iс-шараларды:
      1) кандидаттарға қажеттi құжаттарды дайындауды;
      2) кандидаттардың тiзiмiн дайындауды;
      3) диплом беру және аттестаттауды жүргiзу кестелерiн әзiрлеудi;
      4) диплом беру және аттестаттауды жүргiзудiң мақсаттары мен тәртiбi туралы түсiндiрме жұмыстарын ұйымдастыруды;
      5) кандидаттармен диплом беру және аттестаттау жүргiзу мерзiмi мен орнын келiсудi жүзеге асыратын аумақтық бөлiмшенiң қызметкерi болып табылады.

3. Бiлiктiлiк комиссияларының функциялары

      11. Комиссия өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдары лауазымдарына үмiткер адамдарды iшкi су көлiгi мәселелерi бойынша тыңдайды.


      12. Аумақтық бөлiмшенiң басшысы комиссия хатшысы ұсынылған құжаттар пакеттерiнiң негiзiнде үмiткерлер тiзiмiн бекiтедi, диплом беру мен аттестаттауды жүргiзу мерзiмi мен орнын белгiлейдi.
      13. Комиссия хатшысы кандидаттарды жазбаша түрде пошта арқылы диплом беру мен аттестаттауды жүргiзу мерзiмi туралы оның басталуына дейiн он жұмыс күннен кешiктiрмей хабарлайды.
      14. Комиссия шешiмi, егер отырысқа комиссия мүшелерiнiң жалпы санынан кем дегенде 2/3 қатысса және ол үшiн олардың елу пайыздан артығы дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледi.

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң      
2011 жылғы 5 тамыздағы
№ 915 қаулысымен   
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.13 № 1586 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.



1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзiрленген және iшкi су жолдарында пайдаланылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау тәртiбiн айқындайды.


      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.13 № 1586 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      2. Осы Қағида Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi мен Жалға алынған шетел кемелерi тiзiлiмiнде тiркелген Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарында пайдаланылатын кемелер экипаждарына пайдаланылады.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының атқаратын лауазымдары бар немесе арнайы бiлiктiлiктi талап ететiн жұмыстарды орындайтын адамдарына диплом берiлуi тиiс, сондай-ақ олар әрбiр кейiнгi бес жыл өткен соң аттестатталуға жатады.
      Кемелердiң капитаны және олардың көмекшiлерi лауазымдарына тағайындалған адамдарға, су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтары командирлерi мен олардың көмекшiлерiне, электр-механиктерiне және олардың көмекшiлерiне, сондай-ақ осы лауазымдарды қоса атқаратын диплом беру рәсiмiнен өткен адамдарға диплом берiледi.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.13 № 1586 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беруге қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналардың:
      1) жоғарғы немесе орта техникалық бiлiмiнiң
      2) жүзу өтiлiн растайтын құжаттың
      3) кемеде жұмысқа жарамдылығы туралы тиiстi медициналық комиссияның қорытындысының болуын қамтиды.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.13 № 1586 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      5. Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұрып жатқан шетел мемлекеттерiнiң азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға диплом беру және аттестаттау, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, осы Қағидаға сәйкес жалпы негiздерде жүргiзiледi.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.13 № 1586 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.



      6. Осы Қағидалардың 7-тармағында аталған құжаттарды комиссияға ұсына отырып, осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетiлген тиiстi бiлiмi бар адамдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беруiне рұқсат етiледi.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.13 № 1586 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      7. Диплом берудi жүргiзу кезiнде диплом алу үшiн адам Комиссия төрағасының атына аумақтық бөлiмшеге еркiн нысанда жеке өтiнiш бередi, оған мынадай құжаттар:
      1) жеке куәлiктiң немесе паспорттың көшiрмесi;
      2) жоғары немесе ортадан кейiнгi бiлiмi туралы құжаттың (дипломның) көшiрмелерi;
      3) жүзу өтiлiн растайтын құжат;
      4) кемеде жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссия қорытындысы қоса берiледi.
      8. Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.13 № 1586 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом берудi өткiзу туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық бөлiмшесi (бұдан әрi — аумақтық бөлiмше) күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қарайды.
      Осы Қағиданың талаптарына ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда құжаттарды ұсынған адамға оның өтiнiшiн қараудан бас тарту себептерiн көрсете отырып, ұсынылған құжаттардың қосымшалары бар өтiнiштi берген сәттен бастап жетi жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.13 № 1586 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      10. Комиссияның әрбiр отырысы хаттамамен ресiмделедi, онда дипломдар және кемелердiң тобы мен қуаты, сондай-ақ диплом берiлетiн және аттестатталатын кандидаттар атқарған лауазымдары көрсетiлетiн, аттестаттаудан өту туралы анықтамалар беру туралы комиссия шешiмi жазылады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.13 № 1586 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      11. Нысаны iшкi су көлiгi саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен (бұдан әрi - орталық атқарушы орган) бекiтiлетiн дипломдар және аттестаттаудан ету туралы анықтамалар беру аумақтық бөлiмшелерде жүзеге асырылады, сондай-ақ беру журналында тiркеледi.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.13 № 1586 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      12. Диплом беру кезiнде қанағаттанғысыз бiлiм көрсеткен кандидаттар емтихандарға бiр айдан кейiн ғана жiберiледi.
      13. Кемелердiң командалық құрамының мүшелерi екiншi сабақтас мамандық бойынша кәсiби қайта даярлау бағдарламасы бойынша оқығаннан кейiн, сондай-ақ өздiгiнен жүретiн кемелердiң командалық құрамына жататын лауазымдарда iшкi су жолдарында тиiстi жүзу өтiлi бар болған кезде тиiстi сабақтас мамандыққа диплом беруден өтедi.
      14. Жүрдек кемелердiң командалық құрамының дипломы бар адамдары басқа кемелерге жұмысқа ауысу үшiн капитан, 1 – 2-топтағы кемелер механигi немесе капитанның аға көмекшiсi және 3 – 5-топтағы кемелер механигiнiң бiрiншi көмекшiсi лауазымындағы жұмысы үшiн диплом беру өтедi.
      15. Су түбiн тазарту және су түбiн тереңдету снарядтарындағы жұмыс үшiн кеме механиктерi, электр-механиктер мен олардың көмекшiлерi дипломдарын алу үшiн диплом беру өздiгiнен жүретiн және/немесе өздiгiнен жүрмейтiн су түбiн тазарту және су түбiн тереңдету снарядтарындағы командалық лауазымда осы Қағиданың 41–49-тармақтарында көрсетiлген тиiстi жүзу өтiлi болған кезде жүзеге асырылады.
      16. Кемелердiң командалық құрамы адамдарының дипломы жоғалған немесе ол жарамсыз болып қалған жағдайда (физикалық тозу, бүлiнуi) иесi командалық құрам адамдарының дипломын берген комиссия төрағасының атына жоғалуы және бүлiнуi жағдайы мен себептерiн жаза отырып, өтiнiш бередi. Сонымен қатар, дипломының иесi өз есебiнен жергiлiктi баспа басылымдары арқылы құжаттың жоғалғаны туралы көрсете отырып, хабарландыру бередi. Егер хабарландыру жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде құжат табылмаса, өтiнiш келiп түскен комиссия жоғалған құжатты жарамсыз деп таниды және өтiнiш берушiге жетi жұмыс күнi iшiнде телнұсқа бередi. Өтiнiш берушi телнұсқа берiлгенге дейiн комиссиядан жоғалған құжатты уақытша алмастыратын анықтама алады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.13 № 1586 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      17. Кеменi басқару құқығынан айырылған адамдар көрсетiлген құқықтан айырылған мерзiм өткеннен кейiн диплом беруден өтуге жiберiледi.
      18. Диплом беру мақсаты үшiн өздiгiнен жүретiн кемелер олардың қозғалысын қамтамасыз ететiн қозғалтқыштардың тиiмдi қуатына қарай мынадай топтарға бөлiнедi:
      1) 1 топқа дейiн — 55-тен 110 кВт дейiн (75-149 ат күшi);
      2) 1 топ - 110-нан 330 кВт дейiн (150-450 ат күшi);
      3) 2 топ - 331-ден 550 кВт дейiн (451-750 ат күшi);
      4) 3 топ - 551-ден 850 кВт дейiн (751-1 150 ат күшi);
      5) 4 топ - 581-ден 1 620 кВт дейiн (1 151-2 200 ат күшi);
      6) 5 топ - 1 621-ден және одан астам кВт (2 201 және одан көп ат күшi).
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.13 № 1586 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      19. Су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтары олардың өнiмдiлiгiне қарай мынадай топтарға бөлiнедi:
      1) 1 топ – сағатына 100 м3 – өнiмдiлiкке дейiн;
      2) 2 топ – сағатына 101-ден 250 м3 дейiн;
      3) 3 топ – сағатына 251-ден 500 м3 дейiн;
      4) 4 топ – сағатына 501-ден 700 м3 дейiн;
      5) 5 топ – сағатына 701 м3 және жоғары.
      Сағатына 35 км және одан астам жылдамдықты өрлете алатын су асты қанаттардағы, глиссирленген және әуе жастығындағы кемелер жүрдектерге жатады. Бiлiмi және жүзу өтiлi бойынша талаптар арнайы бөлiмде белгiленген.
      20. Диплом беруден өткен адамдарға берiлген дипломда кеме тобы және олар атқара алатын лауазымы көрсетiледi.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.13 № 1586 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      21. Бiлiмiне сәйкес диплом беруге мыналар жiберiледi:
      1) кемелерге және барлық топтардың су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарына тиiстi мамандық бойынша жоғары және орта кәсiптiк оқу орындарын аяқтаған адамдар;
      2) кемелерге және 1 – 3-топтардың су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарына, 2-топтағы жолаушылар кемелерiнiң капитаны, кемелердiң барлық түрлерiнiң капитандары мен 3-топтағы бiрiншi штурмандары лауазымдарын басқа тиiстi мамандығы бойынша орта кәсiптiк оқу орындарын аяқтаған адамдар;
      3) кемелерге және 1-топтың су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының барлық кеме жүргiзушi, механик, электр-механик (жолаушылар кемелерiнiң капитандарынан басқа) лауазымындағы; 2 және 3-топтағы кемелерге үшiншi штурман, механиктiң үшiншi көмекшiсi, электр-механиктiң екiншi көмекшiсi; орта кәсiптiк оқу орындарын күндiзгi немесе сырттай бөлiмiнiң 3-курсын, iшкi жүзу кеме командалық құрамын даярлау бойынша курстарды аяқтау шарты кезiнде 2 және 3-топтағы кемелердiң капитан көмекшiсi, жүк және сүйреу кемелерi механигiнiң екiншi көмекшiсi, бiрiншi көмекшiсi лауазымына;
      4) 55-тен 110 Квт (75 - 149 ат күшi) дейiнгi қуаты бар кемелерге - жоғарғы немесе орта техникалық бiлiмi бар, сондай-ақ осы кемелердi басқару бойынша бiр айдан кем емес тағылымдамадан өткен адамдар.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.13 № 1586 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      22. Өздiгiнен жүретiн кемелердегi капитан, ауысым капитандары мен олардың көмекшiлерi, су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарындағы командирлер мен олардың көмекшiлерi, сондай-ақ, су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарындағы механиктер және олардың көмекшiлерi лауазымын, капитан, капитан көмекшiлерiнiң лауазымын қоса атқаратын барлық адамдар аттестаттаудан өтуге тиiс.
      23. Аттестаттау үш түрге бөлiнедi:
      1) кемелердiң, олардың ведомстволық тиiстiлiгiне қарамастан командалық құрамының барлық адамдарына бес жылда бiр рет өткiзiлетiн кезектi;
      2) олардың кiнәсi бойынша авариялық көлiк оқиғаларына жол берген кемелердiң командалық құрамының адамдары үшiн ғана қолданылатын кезектен тыс;
      3) кемелерге басқа, теңiз бассейндерiн қоса алғанда, жұмысқа келген адамдар үшiн, сондай-ақ ұзақ үзiлiстен (бес жылдан астам) кейiн кемелердiң командалық құрамына қайтып келген адамдар үшiн қолданылатын арнайы.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.13 № 1586 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      24. Кезектi аттестаттау жылы тиiстi мамандық бойынша оқу орындарын аяқтаған адамдар, сондай-ақ сол жылы диплом беруден өткендер аттестаттаудан босатылады.
      25. Кемелердiң командалық құрамының адамдарын аттестаттау мынадай бiрқатар жүйелi кезеңдердi қамтиды:
      1) аттестаттауды өткiзуге дайындық
      2) Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарында кеме қатынасының қауiпсiздiгiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерiн бiлудi тексеру мақсатында комиссия өткiзетiн аттестаттауға жататын тұлғалармен сұхбаттасу;
      3) комиссия шешiмiн шығару.
      26. Аттестаттауды комиссия аттестаттауға жататын адамның қатысуымен өткiзедi.
      27. Аттестаттауға жататын адам дәлелдi себептермен комиссияның отырысына келмеген жағдайда жұмысқа шыққаннан кейiн аттестаттаудан өтедi.
      Егер ол дәлелдi себептерсiз комиссияның отырысына келмеген жағдайда комиссия қайта аттестаттау туралы шешiм қабылдайды.
      28. Комиссия кемелердiң командалық құрамының адамдарына аттестаттау жүргiзу кезiнде мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      1) атқаратын лауазымына тиiстiлiгi;
      2) қайта аттестаттауға жататыны;
      3) атқаратын лауазымына тиiстi еместiгi.
      29. Аттестаттаудан өтпеген адам осы Қағидада айқындалған тәртiппен бастапқы аттестаттаудан өткен күннен бастап кемiнде екi ай өткен соң қайта аттестаттаудан өтуге жiберiледi.
      30. Қайта аттестаттау кезiнде аттестаттаудан өтпеген адамға комиссия атқаратын лауазымына тиiстi еместiгi туралы шешiм қабылдайды.
      31. Комиссияның шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады. Комиссияның құрамына кiретiн кемелердiң командалық құрамының аттестаттаудан өтетiн адамы өзiне қатысты дауыс беруге қатыспайды.
      32. Комиссияның шешiмi бiр данада жасалып аумақтық органда сақталатын хаттамамен ресiмделедi.
      Аттестаттаудан өткен адам комиссия шешiмiмен танысады.
      Командалық құрамның аттестаттаудан өткен адамдарына кемелердiң командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендiгi туралы анықтама берiледi.
      33. Аттестатталушы адамның оның бiлiмiн бағалау бойынша емтихан комиссиясының мүшелерiмен келiспеушiлiктерi болған жағдайда аттестатталушы адам Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiне (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) аттестаттауды жүргiзудiң белгiленген тәртiбiнiң бұзылғаны және (немесе) аттестаттаудың нәтижелерiмен келiспеуi туралы жазбаша апелляциялық өтiнiш (бұдан әрi – аппеляция) бере алады.
      34. Апелляция оны уәкiлеттi органға берген күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде қаралады.
      35. Аттестатталушы адам апелляцияны емтихан бойынша баға жарияланғанынан кейiн келесi жұмыс күнi бередi. Бұл ретте аттестатталушы адам нәтижелердi жариялаған күнi өзiнiң емтихан жұмысымен таныса алады.
      36. Апелляцияны қарау кезiнде уәкiлеттi орган жұмыс мазмұнына және емтихан комиссиясының оны дұрыс бағалауына талдау жүргiзедi.
      37. Апелляцияны қарау барысында аттестатталушы адамның бiлiмiн тексеру бойынша бағаның дұрыстығы тексерiледi.
      38. Уәкiлеттi орган аппеляцияны қарау кезiнде аттестатталушы адамның өтiнiшiн қанағаттандырудан бас тартады және аттестаттауда алған бағасын растайды не аттестатталушы адамның өтiнiшiн қанағаттандырады және оң баға қояды.
      39. Аттестатталушы адамның өтiнiшiн қанағаттандырудан бас тарту не бағасын өзгерту туралы шешiм аттестатталушы адамға және емтихан комиссиясының төрағасына жiберiледi.
      40. Уәкiлеттi органның шешiмiне сәйкес емтихан комиссиясы бағаны хаттамаға және аттестатталушы адамның жеке карточкасына жазады.
      Аттестатталушы адам апелляциялық комиссияның шешiмiмен келiспеген кезде комиссия шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануына болады.
      41. Кеме жүргiзу, кеме механигi және электр-механик мамандықтары бойынша жоғарғы оқу орындарын аяқтаған адамдар мынадай мамандықтар бойынша:
      1) кемелер мен 4-тобын қоса алғанда (кемiнде үш ай кемелердi басқару бойынша практикалық дағдысының болуын ескере отырып) су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитан көмекшiсi (екiншi штурман), электр-механиктiң екiншi көмекшiсi және барлық топтардың кемелер мен су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитан көмекшiсi (үшiншi штурман), механиктiң және электр-механигiнiң үшiншi көмекшiсi;
      2) командалық лауазымдарда 6 ай бойы жүзу өтiлi болған кезде – барлық топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитан көмекшiсi (екiншi штурман), механиктiң және электр-механигiнiң екiншi көмекшiсi;
      3) командалық лауазымдарда 12 ай бойы жүзу өтiлi болған кезде – 2-топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитан көмекшiсi (бiрiншi штурман), механиктiң және электр-механигiнiң бiрiншi көмекшiсi;
      4) командалық лауазымда 18 ай бойы жүзу өтiлi болған кезде – 1–3-топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитаны, механигi және электр-механигi мен барлық топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының, капитан көмекшiсi (бiрiншi штурман), механиктiң және электр-механиктiң бiрiншi көмекшiсi;
      5) командалық лауазымда 24 ай бойы жүзу өтiлi болған кезде – 1–4-топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитаны, механигi, электр-механигi (жолаушылар кемелерiнен басқа);
      6) командалық лауазымда 30 ай бойы жүзу өтiлi болған кезде – барлық топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитаны, механигi және электр-механигi дипломын алады.
      42. Iшкi су көлiгi қызметкерлерiне диплом беру кезiнде табиғи жағдайлар бойынша навигациялық кезеңнiң ұзақтығы кемiнде алты айды құрайтын өзен бассейндерiнде жүзу өтiлi алты айға теңестiрiледi. Толық навигацияны атқармаған адамдарға өтiлге нақты жүзу уақыты есептеледi.
      43. Орта кәсiптiк оқу орындарының кеме жүргiзу, кеме механикалық пен электр-механикалық бөлiмшелерiн және су жолдары мен қатынастары бөлiмшелерiн аяқтаған адамдар мынадай мамандықтар бойынша:
      1) 1–2-топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитан көмекшiсi (екiншi штурман), механиктiң және электр-механигiнiң екiншi көмекшiсi және барлық топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитан көмекшiсi (үшiншi штурман), механиктiң және электр-механигiнiң үшiншi көмекшiсi (кеменi басқару бойынша кемiнде үш ай практикалық дағдысының болуы);
      2) командалық лауазымда 6 ай бойы жүзу өтiлi болған кезде – 1– 4-топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитан көмекшiсi (екiншi штурман), механиктiң және электр-механигiнiң екiншi көмекшiсi;
      3) командалық лауазымда 12 ай бойы жүзу өтiлi болған кезде – 1–2-топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитан көмекшiсi (бiрiншi штурман), механиктiң және электр-механигiнiң көмекшiсi, барлық топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитан көмекшiсi (екiншi штурман), механиктiң және электр-механигiнiң көмекшiсi, 1-топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитаны, механигi және электр-механигi;
      4) командалық лауазымда 18 ай бойы жүзу өтiлi болған кезде – 1–3-топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитан көмекшiсi (бiрiншi штурман), механиктiң және электр-механигiнiң бiрiншi көмекшiсi;
      5) командалық лауазымда 24 ай бойы жүзу өтiлi болған кезде – 1–3-топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитаны, механигi және электр-механигi, барлық топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитан көмекшiсi (бiрiншi штурман), механиктiң және электр-механигiнiң бiрiншi көмекшiсi;
      6) командалық лауазымда 30 ай бойы жүзу өтiлi болған кезде – 1–3-топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитаны, механигi, электр-механигi (жолаушылар кемелерiнiң капитанынан басқа);
      7) командалық лауазымда 36 ай бойы жүзу өтiлi болған кезде – 1–4-топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитаны, механигi, электр-механигi (жолаушылар кемелерiнiң капитанынан басқа);
      8) командалық лауазымда 42 ай бойы жүзу өтiлi болған кезде – барлық топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитаны, механигi, электр-механигi дипломын алады.
      44. Кеме жүргiзушi, кеме механикалық (электр-механикалық) мамандықтары бойынша орта кәсiптiк оқу орындарын аяқтаған адамдар мынадай мамандықтар бойынша:
      1) 1–3-топтарды қоса алғанда, кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитан көмекшiсi (үшiншi штурман), механиктiң, электр-механигiнiң үшiншi көмекшiсi, 1-топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитан көмекшiсi (екiншi штурман), механиктiң және электр-механигiнiң екiншi көмекшiсi (кемелердi басқару бойынша кемiнде үш ай практикалық дағдысының ескере отырып);
      2) командалық лауазымда 6 ай бойы жүзу өтiлi болған кезде 1–2-топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитан көмекшiсi (екiншi штурман), механиктiң және электр-механигiнiң екiншi көмекшiсi және 1-топтағы кемелер мен су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитан көмекшiсi (бiрiншi штурман), механиктiң және электр-механигiнiң бiрiншi көмекшiсi;
      3) командалық лауазымда 12 ай бойы жүзу өтiлi болған кезде 1–3-топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитан көмекшiсi (екiншi штурман), механиктiң, электр-механигiнiң екiншi көмекшiсi, ал капитанның, механиктiң және электр-механигiнiң лауазымы бойынша бiр ай iшiнде тағылымдамадан өткен – 1-топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитаны, механигi, электр-механигi;
      4) командалық лауазымда 18 ай бойы жүзу өтiлi болған кезде 2-топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитан көмекшiсi (бiрiншi штурман), механиктiң, электр-механигiнiң бiрiншi көмекшiсi;
      5) командалық лауазымда 24 ай бойы жүзу өтiлi болған кезде 2-топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитаны, механигi, электр-механигi қызметiне диплом алады.
      45. Iшкi суда жүзу командалық құрамын даярлау бойынша (қайта даярлау) курстарды аяқтаған адамдар (кемелердi басқару бойынша кемiнде 6 ай практикалық дағдысын ескере отырып) мына лауазымдарға:
      1) 3-топты қоса алғанда (сүйреу және жүк флоты) кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитан көмекшiсi (үшiншi штурман), механиктiң, электр-механигiнiң үшiншi көмекшiсi, 1-топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитан көмекшiсi (екiншi штурман), механиктiң, электр-механиктiң екiншi көмекшiсi;
      2) командалық лауазымда 6 ай бойы жүзу өтiлi болған кезде 2-топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитан көмекшiсi (екiншi штурман), механиктiң және электр-механигiнiң екiншi көмекшiсi, 1-топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының (жолаушылар кемелерiнен басқа) капитан көмекшiсi (бiрiншi штурман), механиктiң және электр-механигiнiң бiрiншi көмекшiсi;
      3) командалық лауазымда 12 ай бойы жүзу өтiлi болған кезде 3-топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитан көмекшiсi (екiншi штурман), механиктiң және электр-механигiнiң екiншi көмекшiсi;
      4) командалық лауазымда 18 ай бойы жүзу өтiлi болған кезде 2-топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитан көмекшiсi (бiрiншi штурман), механиктiң және электр-механигiнiң бiрiншi көмекшiсi, 1-топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитаны, механигi мен электр-механигi;
      5) командалық лауазымда 36 ай бойы жүзу өтiлi болған кезде 2-топтағы кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының (жолаушылар кемелерiнен басқа) капитаны, механигi мен электр-механигi қызметiне диплом алады.
      46. Жоғары және орта кәсiптiк оқу орындарын аяқтаған адамдар 1-топтағы кемелердi (жолаушылар кемелерi мен транзиттен басқа) капитаны, механигi және электр-механигi лауазымына осы лауазымдарда кемiнде үш ай капитанның немесе механиктiң қолдаухат-мiнездемесiмен расталған ойдағыдай тағылымдамадан өткеннен кейiн диплом алуға жiберiледi. Командалық құрамды даярлау бойынша курсты аяқтаған адамдар 225 Квт (300 ат күшi) дейiнгi қуаты бар кемелерге сол шарттарда және сол лауазымдарға диплом алады.
      47. Рульдiк моторшы, электрик, шығыршы лауазымында кемiнде 12 ай жүзу өтiлi бар және жоғарғы оқу орындарында 4-курстан және орта кәсiптiк оқу орындарында 3-курстан төмен емес курстарда ойдағыдай оқып жатқан қатардағы құрам адамдары тиiстi мамандықтар бойынша 3-топты қоса алғанда кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтары механигiнiң, электр-механигiнiң үшiншi көмекшiсi дипломын алады, ал орта кәсiптiк оқу орындарын сондай шарттарда бұрын аяқтаған адамдар кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының капитан көмекшiсi (үшiншi штурман) лауазымын атқаруға диплом алады.
      48. Кеме жүргiзушiсi, кеме механикалық және электр-механикалық мамандығы мен «су жолдары және қатынастары» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттердiң рульдiк моторшы, электрик, шығыршы лауазымында 4-курстан кейiн кемiнде 6 ай жүзу өтiлi болған кезде 4-топты қоса алғанда, кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтарының механигi мен электр-механиктiң көмекшiсi лауазымына диплом алады.
      49. Орта кәсiптiк оқу орындарында кеме жүргiзу, кеме механикалық пен электр-механикалық және «су жолдары және қатынастары» мамандықтары бойынша курсанттар мен бiлiм алушылар 3 курсты аяқтағаннан кейiн рульдiк моторшы, электрик, шығыршы лауазымдарына 6 ай жүзу өтiлi болған кезде 2-топты қоса алғанда кемелердiң және су түбiн тереңдету және су түбiн тазарту снарядтары механигi мен электр-механигi үшiншi көмекшiсi лауазымына диплом алады.
      50. Жүрдек кемелерде командалық лауазымдарды атқаруға диплом беруге iшкi суда жүзу кемелерiнде командалық лауазымда жұмыс тәжiрибесi жоқ, бiрақ мынадай лауазымдарда:
      1) капитан көмекшiсi (үшiншi штурман) – механиктiң үшiншi көмекшiсi - қызметiнде 6 ай бойы – вахтада дербес тұруға құқығы жоқ капитан көмекшiсi (екiншi штурман) механиктiң екiншi көмекшiсi қызметiне;
      2) капитан көмекшiсi (екiншi штурман) – механиктiң екiншi көмекшiсi қызметiнде 18 айдың 6 айы iшiнде – үш ай мерзiмге дейiнгi тiкелей рейстерде тағылымдамадан өткен сынақ тапсырғаннан кейiн тиiстi топтағы механиктiң бiрiншi көмекшiсi қызметiне;
      3) капитан көмекшiсi (бiрiншi штурман) – тиiстi топта механигiнiң бiрiншi көмекшiсi лауазымына 30 айдың 12 айы iшiнде капитан-механик қызметiне жүрдек кемелерде жүзу өтiлi бар жоғарғы немесе орта кәсiптiк бiлiмi бар адамдар жiберiледi.
      51. Жүрдек кемелерде командалық лауазымды атқаруға диплом беруге жоғарғы немесе орта кәсiптiк бiлiмi, iшкi суда жүзу кемелерiнде командалық лауазымда жұмыс тәжiрибесi бар, тиiстi кемеде бiр айдан кем емес мерзiмде тiкелей рейсте тағылымдамадан өткен және осы кеменi басқару бойынша капитан-тәлiмгерге практикалық сынақ тапсырған адамдар мынадай дипломы болған кезде:
      1) 2-топтан төмен емес iшкi суда жүзу кемелерi капитанның көмекшiсi (бiрiншi штурман) және осы лауазымында кемiнде 12 ай жүзу өтiлi бар – 3-топтағы жүрдек кемелер капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурман);
      2) 3-топтан төмен емес iшкi суда жүзу кемелерi капитанның көмекшiсi (бiрiншi штурман) және осы лауазымында кемiнде 6 ай жүзу өтiлi бар – барлық топтағы жүрдек кемелер капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурман);
      3) 1-топтағы iшкi суда жүзу кемелерiнiң капитаны және осы лауазымында кемiнде 18 ай жүзу өтiлi бар – капитан көмекшiсi (бiрiншi штурман), ал 24 ай жүзу өтiлi бар болса – 3-топтағы жүрдек кемелердiң капитаны;
      4) осы лауазымында кемiнде 12 ай жүзу өтiлi бар және 2-топтан төмен емес iшкi суда жүзу кемелерiнiң капитаны – 3-топтағы жүрдек кемелер капитаны;
      5) 3-топтан төмен емес iшкi суда жүзу кемелерiнiң капитаны және осы лауазымында кемiнде 6 ай жүзу өтiлi бар – барлық топтағы жүрдек кемелер капитаны бола алады.
      52. Жүрдек кемелердiң командалық құрамына лауазымын жоғарылатпай жоғары топтағы жүрдек кемелерге ауысу үшiн диплом беруге алдындағы топтағы кемелерде осы лауазымда кемiнде 6 ай жүзу өтiлi бар адамдар жiберiледi.
      53. Осы Қағиданың 50-тармағына сәйкес жүрдек кемелердiң командалық құрамының дипломын алған адамдарға өз тобындағы iшкi суда жүзу кемелерi капитанының көмекшiсi (екiншi штурман), механиктiң екiншi көмекшiсi лауазымына диплом берiледi.
      Жүрдек кемелердiң капитаны көмекшiсiнiң (бiрiншi штурманының), механигiнiң бiрiншi көмекшiсiнiң, капитанының, механиктiң дипломдары бар адамдарға кейiннен диплом беру әрбiр лауазымда кемiнде 6 ай жүзу өтiлi болған кезде жүргiзiледi.
      54. Жүрдек кемелердiң командалық құрамының механикалық мамандығы бар адамдары (немесе кеме жүргiзушiсi және кеме механигi лауазымдарын қоса атқаратын) механикалық мамандық бойынша дипломдары болған және iшкi суда жүзу кемелерiнде жұмыс iстейтiн адамдар ретiнде кезектi диплом беруден өткен кезде ғана жұмысқа жiберiледi.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет