Қазақстан республикасының мемлекеттік стандарты


Жалпы талаптар ЕАЖ-не қойылатын мақсатты талаптар



бет3/9
Дата23.02.2016
өлшемі358 Kb.
#3179
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жалпы талаптар

  1. ЕАЖ-не қойылатын мақсатты талаптар


ЕАЖ-не келесі жүйелік талаптарды қанағаттандыруы керек:

  1. Бейімділік – ЕАЖ-нің өзгермелі заңнамалық және нормативтік актілерге, регламенттелетін байланыс қызметін есептеуге бейімделу мүмкіндігі;

  2. Адекваттылық – ЕАЖ-нде пәндік аймақтағы әрбір нысанға деректер базасында деректер, ал пәндік аймақтағы әрбір үрдіске деректерді өңдеу функциясы сәйкес болуы керек;

  3. Валидтік – ЕАЖ-нің функциялары Техникалық тапсырманың жариялаған мақсаттары мен талаптарына сәйкес келуі керек;

  4. Иілгіштік – ЕАЖ-нің оны ендірген кезде оператордың әлі түсініксіз перспективалық есептерін шеше алатын және жұмыстың тиімділігін асыра алатын толықтыру, қайта баптау, бейімдеу мүмкіндіктері болуы керек;

  5. Ақпараттың қорғалымдығы – ЕАЖ-нің кез келген ақпараты санкцияланбаған қолжетімнен қорғалуы қажет;

  6. Бірігушілік – ЕАЖ-нің сыртқы автоматтандырылған ақпараттық жүйелермен және телекоммуникациялық оператордың ішкі құжат айналымының жүйесімен бірігу, сонымен бірге нормативтік құқықтық ақпараттың деректер базасын қолдау мүмкіндігі;

  7. Интерактивтілік – ЕАЖ-нің алға қойған мақсатқа жету үшін пайдаланушы мен компьютердің арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз ету мүмкіндігі;

  8. Масштабталулығы – ЕАЖ-нің жүктемесін пайдаланудың бастапқы кезеңінде аппараттық қамтама мен базалық программалық қамтамаға шамадан тыс талап қоймай, техникалық құралдарды және оның арнайы программалық қамтамасын өзгертусіз және толықтырусыз базалық программалық қамтамаға лицензияларды қарапайым қосу арқылы көтеру мүмкіндігі;

  9. Мобильділік – қосымша қомақты шығындарсыз ЕАЖ-нің әртүрлі платформалар мен орталарда жұмыс істеу мүмкіндігі;

  10. Модулділік – ЕАЖ-нің құрамында нақты тапсырманы шешуге мүмкіндік беретін және дербес қолданыла алатын араларында анық сипатталған интерфейсі бар ақпараттық-программалық бірліктер болуы керек;

  11. Мультитілділік – ақпаратты бейнелеу үшін түрлі тілдерді орнату мүмкіндігі;

  12. Сенімділік – базалық программалық қамтаманың сенімділігімен және программалаудың аспаптарын игеру деңгейімен, жеткізушінің ЕАЖ-нің арнайы программалық қамтамасын жасау мен ендіру тәжірибесімен, сонымен бірге ЕАЖ-ні жасау кезінде қолданатын стандарттар және технологиялармен қамтамасыз етіледі;

  13. Бапталымдық – ЕАЖ-нің өзгеру мүмкіндігі "туыс" жобалардың шешімдерін жалпылау өнімі болатын жүйенің анықтамаларында берілетін баптау параметрлерінің санымен анықталады, мұнда, биллингтік жүйе негізінде неғұрлым бір бірінен ерекшеленген көп жобалар орындалған сайын оларда жасаушылардың тәжірибелері соғұрлым көбірек шоғырланады, соғұрлым ЕАЖ-нің бапталу мүмкіндігі жоғары болады.

  14. Объектілі-бағыттылық – ЕАЖ-ні жобалау және программалау кезінде топтық жүйені әзірлеуге, жүйенің моделін тұрғызу және жобаның бірегей депозитарий деректері бойынша жобаны құжаттандыруды автоматты түрде орындауға мүмкіндік беретін CALS-технологиясы мен CASE-құралдарын қолдану керек;

  15. Ашықтық – ЕАЖ-нің құрамы, құрылымы мен алғашқы кодтарының толық және нақты сипатталуы, ол болашақта операторға әзірлеушінің көмегінсіз жүйені жетілдіруге мүмкіндік береді;

  16. Әкімшіліктің қарапайымдылығы – әкімшінің пайдаланушыларға тек ЕАЖ-нің нысандары мен функцияларына қолжетім құқығын беріп ақырғы пайдаланушылардың автоматтандырылған жұмыс орнын программаламай құруға мүмкіндік беретін, құралдардың болуы;

  17. Кеңейтілімдік – ЕАЖ-не қосылған жаңа нысандар мен функциялар бұрыннан барларға шығын келтірмей және жасалынған мен пайдаланылған бөлімдерге өзгерістер ендірмей сүйемелденулері керек;

  18. Баланстанғандылық – ЕАЖ-нің негізгі есептеу мен деректерге қолжетім процедураларының деректер базасының серверінде шоғырландыру есебінен клиент бөліміндегі жүктемелерді төмендету және серверлік бөліміндегі жүктемелерді көтеру;

  19. Келісімділік – ЕАЖ-нің программалары мен құжаттамасы бірдей терминдер, анықтамалар, нысандар және функциялар үшін бір мағыналы, қарама қайшылықсыз сипаттамаларды қамтуы керек;

  20. Стандарттылық – ЕАЖ-нің программалық қамтамасы мен құжаттамасы мемлекеттік және халықаралық стандартқа сәйкес болуы;

  21. Бірегейлік – ЕАЖ-нің енгізу, түзету, сақтау, репликация, қайта қалпына келтіру, қосақтау, деректерді беру, тестілеу, ендіру үрдістерін және сыртқы түрін бірегейліктеуге, сонымен қатар интерфейстегі көп қателер мен ауытқулардан құтылуға мүмкіндік беретін пайдаланушы интерфейсін тудыру (генерациялау) әдісінің болуы;

  22. Орнатушылық – ЕАЖ-ні қосымша программалық құралдарды, соның ішінде қазақша, орысша, ағылшынша қаріптер мен драйверлерді қажет етпей қарапайым орнату мүмкіндігі;

  23. Тұрақтылық – ЕАЖ-нің тұрақсыздандыру ықпалынан пайда болған ауытқудан кейін өзінің жұмысын жалғастыра беру мүмкіндігі.
  1. Құрамы, құрылымы және функциясына қойылатын талаптар

4.2.1 ЕАЖ төмендегідей компоненттерден тұрады:



  1. абоненттер мен байланыс қызмет түрлерін тіркеу мен есепке алу, абоненттермен есеп айыру және төлемдерді өңдеу, сонымен бірге байланыс қызметін көрсету сұрақтары бойынша нормативтік-құқықтық және ведомствалық актілерге сәйкес шығыс құжаттарын тудыратын телекоммуникациялық оператор қызметшісінің жұмысын автоматтандыру үшін қажетті құралдар.

  2. жергілікті желідегі ЕАЖ-нің компоненттері мен телекоммуникациялық желідегі стандарты хаттамалар бойынша басқа сыртқы ақпараттық жүйенің арасындағы ақпарат алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ететін деректерді қабылдау, сақтау және жіберу үшін қажетті құралдар.

  3. апат кезінде деректер мен программалардың сақталымдығы мен бүтіндігін қамтамасыз ететін ақпаратты резервтік сақтау және қайта қалпына келтіру үшін арналған құралдар;

  4. ЕАЖ-нің жұмыс қабілеттілігін тексеруді және аппараттық және программалық құралдардың ақаулы жұмыс істейтін себептерін жергіліктендіріп және оларда сақталған ақпараттың бүтіндігі мен дұрыстығын бұзбай отырып, ақаулыққа диагностика жасауды қамтамасыз ететін техникалық күтімге арналған құралдар.

4.2.2 ЕАЖ компоненттері бірыңғай ақпараттық қамтамамен бірігуі және өзара әрекеттесуі керек.

4.2.3 ЕАЖ компоненттері телекоммуникациялық операторлардың бірыңғай функционалдық менeджмент жүйесі құрамында жұмыс жасауы керек.

4.2.4 ЕАЖ-нде жұмыс істеу үшін банктік жүйе, телекоммуникациялық операторлардың төлем қабылдау пунктісі, төлемдерді қабылдаудың басқа да пунктері арқылы абонент шоттарын төлеу мүмкіндігі қарастырылуы қажет.

4.2.5 ЕАЖ-нің ақпаратты қағаз және электронды тасушыларынан қабылдайтын банктер, пошта бөлімдері немесе басқа пункттер және деректерді беру арналары арқылы абоненттер жасаған төлемдер туралы деректерді ендіруге мүмкіндігі болуы керек.

4.2.6 ЕАЖ алдын ала төлемдерді (аванс), кешіктірілген төлемдерді және қызмет көрсетілгеннен кейін (ұжымдық пайдалану пункті) тікелей өткізген төлемдерді жүргізуге мүмкіндігі болуы керек.

4.2.7 ЕАЖ-нде есеп айыруды бастаудың регламентті уақытына дейін ЕАЖ-нің есеп айыру қызметі операторының өтінімі бойынша бір немесе абоненттер тобы үшін есеп айыру аралығындағы есептеулерді жүргізуге мүмкіндік болуы керек.

4.2.8 ЕАЖ телекоммуникациялық оператордың бөлімшесіне байланыс күтіміне байланысты анықтамалық ақпараттарды беруге міндетті.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет