ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ
Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер қабылданып, олар жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады. Оларға жататындар Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемеңдігі туралы Декларация, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң, 1993 ж. және 1995 ж. Конституциялары Аталған конституциялық актілер Қазақстанның тәуелсіздігін, дербестігін жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құру туралы ойларды апға салды.
Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясы. Ол тәуелсіздік кезінде қабылданған Конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап бір арнаға салды. Оның негізгі ережелері мыналар:
1. Халықтың билік етуі жарияланды. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі - хапық. Халыққа негізін мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы берілген. Қазақстан халқы- тек қазақ ұлтьы емес, сонымен қатар Қазақстанмен тарихи тағдыры тығыз байланысты басқа ұлттар топтары. Қазақстан халқы дауыс беру арқылы рефереңдум, талқылау арқылы, сондай-ақ тікелей және жанамалап Парламент депутаттарын сайлау арқылы мемле-кеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысады. Халық тікелей мемлекет басшысын Президентті сайлайды.
2. Егемеңдікті және тәуелсіздікті жариялау. Қазақстан Республикасының Конституциясында егемендік пен тәуелсіздіктің негізгі белгісі деп аталған. Оларға жататындар: өзінің аумағының болуы, оның тұтастығы, қол сұғылмауы мен белінбеуінің жариялануы; өзінің дербес жоғары және жергілікті мемлекеттік орындарының жүйесі болуы; өзінің дара азаматтығының болуы; Халық, Парламент, Президент және Үкімет қабылдайтын өзінің-заңдарының болуы; Қазақстан республикасының жер жүзі мемлекеттер жүйесіңде терезесі таңжағайы болуы. Тәуелсіздік, егемендік деген Қазақстан көрші мемлекеттерден, басқа елдердің біржолата тәуелсіз деген емес. Жер жүзі мемлекеттерінің барлығы бір-біріне белгілі сәттерде тәуелді, өзара қатыстарын анықтайтын мойыңдайды, бейбітшілік негізде өмір сүруге тырысады, қарым-қатынас жасасады, адамның құқығын ойлайды т.с. Осы тұрғыдан Қазақстан Конститутция адамның құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық құқықтық құжаттарының талаптарына толығынан сәйкес келеді.
3.Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азамат құқықтарының артықшылығын, басымдылығын баянды өтеді. Оған дәлел Конституцияның адам мен азаматты алдыңғы қатарға қоюы. Конституцияның баптарының 1/3 адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына арналған.
Әрине, қоғамдағы демократизм және адамгершіліктің деңгейі Конституцияда құқықтар мен бостандықтардың жариялануымен ғана анықталмайды. Оларды пайдаланып, жүзеге асыра алатындай азаматтарға жағдайлар туғызу керек. Ол үшін мемлекет органдары, лауазым иелері заң жүктеген өз міндеттерін қалтқысыз, адал орындаулары қажет. Осы кітапта мемлекет органдарының, лауазым иелерінің міндетіне байланысты ваңдардан үзінділер берілген. Сонымен қатар әрбір адам көптеген құқықтар мен бостандықтарға ие бола отырып, қоғам, мемлекет, басқа адамдар алдында міндеттері де бар екенін түсінуі қажет. Егер барша адамдар өздерінің құқықтарынан бостандықтарын пайдалану мен қатар әдепті және құқықтық міндіттарін де орындаса, онда шын мәнінде құқыктар мен бостаңдықтардың бар екені туралы айтуға болады.
4. Конституцияда адамдардың ұлтына қарамай құқықтары мен бостандықтарының тең екендігі баяңды етілген. Қазақстанда көптеген ұлттардың өкілдері тұрады. Ұлттардың теңдігі туралы ой Конститутцияның барлық қағидаларында лайықты орын алған. Барлық ұлттардың өкілдері өз тілін пайдалана алады, ана тілінде оқи алады. Мемлекеттік қызметте ұлтына ұқарамай барлық азаматтар істей алады. Оқуға түсуге, қызметке орналасуға ұлтына қарап шектейтін еақандай кедергі жоқ. Конститутциядан айтылғандай әр адам өзінің ұлтын анықтауға, көрсетпеуге немесе көрсетуге еркі бар. Осының барлығы ұлттар арасындағы келісімді нығайтуға, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының Конститутциялысы - мемлекетіміздің негізгі заңы. Ол мемлекет өмірінің негізгі мәселелерін заң жүзіндегі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, мемлекеттің құрылымы және қоғамның экономикалық негізі. Конститутциялық заңдардың, басқа да мемлекет органдары қабылдайтын нормативтік актілердің негізі болып табылады. Кез келген заң, Президенттің жарлығы, Үкіметтің қаулысы, министрліктердің бұйрығы, ституцияның негізінде, оның қағидалары , ойлары қайшы болмауы керек. Егер олар УКонститутцияның қағидаларына, нормаларына қайшы болса, олар Конститутцияға жат деп танылып, күші жойылады. Конститутцияның нормаларын, ережелерін мүліксіз сақтау. Сақтау талаптарына тек қана мемлекет органдарына, лауазым иелеріне емес, сонымен қатар азаматтарға, олардың бірлестіктеріне де қойылады.
БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 1948 жылы "Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын" қабыл-даған болатын. Қазір бұл құжат өркениетті адамзат түгел мойындаған, адам атаулының бәріне бірдей, дүние жүзінің прогресшіл күштері түгел таныған, адам құқықтары туралы негізгі құжат болып табылады.
Декларация мәтінінен орын алған адам құқықтарын сипатына қарай үш топқа жіктеуге болады. Бірінші топқа адамдардың табиғи және айырғысыз қшықтары жатады. Адамның өмір сүру құқығы, оның жеке басының бостандығы, құлдықтан азат болу құқықтары осының мысалдары. Әр адамның туылғаннан пешенесіне жазылған, қасиетті және кастерлі құқықтарына ешкімнің қол сұғуға қақысы жоқ. Адамды азапқа салуға, оған өрескел қаталдық көрсетуге немесе оның намысын қорлайтын шаралар қолдануға, оның жеке өміріне қол сұғуға тыйым салынады. Адамның арына, абыройына тиетін өрекеттерге, оның тұрғын орнына басып кіруге, мүлкіне қол сұғуға жол берілмеуі тиіс.
Екінші топқа азаматтыша байланысты мен бостандықтар жатады. Бұлар — адамның азаматтық алу, еркін жүру, тұрғылықты жерін таңдап алу, некеге отыру, отбасын құру, баспана иесі болу, ұждан бостандығы; шерулерге қатысу; мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтары.
Үшінші топқа — экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жатады. Бұлар — адамның еңбек ету, өз қалауы бойынша жұмыс таңдау, еңбегіне сай ақы алу, меншік иесі болу, кәсіптік одақтарға бірігу, қоғамдық бірлестіктердің жұмысына қатысу, демалу, білім алу, адамға лайық тұрмыс құру құқықтары.
1966 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы экономикалық, саяси және мәдени құқықтар туралы шарттар қабылдады. Бұл шарттар "Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының" ережелері негізінде қабылданды. Оларды жүзеге асырудың кемшіліктерін қарастыратын, адам құқықтарының сақталуын бақылап отыратын арнайы комитет құрылды. Бұл комитетке шартқа қосылған мемлекеттердің өкілдері сайланатын болды. Оған қаты-сушылар мемлекет ретінде адам құқықтарының қорғалуы жайында комитетке ұдайы баяндап отырады. Сонымен бірге комитет шартқа қосылған мемлекеттердегі адам құқығының қорғалу жайын өз тарапынан тексеріп отырады.
Комитет адам құқықтарының қорғалу деңгейін, біріншіден, мүше мемлекеттің өз органдарының баяндауларына қарап; екіншіден, өз тексеруінің нәтижелері бойынша; үшіншіден, адам құқықтарының бұзылуын хабарлап, шағым білдірген азаматтар мен ұйымдардың мәлімдеулерін ескере отырып бағалайды. Мемлекеттік органдардын жұмысын мемлекеттік лауазымды адамдар жүзеге асырады. Азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын нақты және толық пайдалануы едәуір дәрежеде соларға тәуелді. Егер мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, лауазымды тұлғалар өз істерінің кәсіпқой маманы болуымен қатар, қоғам мүшелері алдындағы өз борыштарын түсінетін, оларды жауапкершілікпен атқаратын болса, өздерінің міндеттерін адал орындаса, онда азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын шын мәнінде пайдалана алады. Президенттік институт. Президенттік басқаруға ауысу. Президенттің мемлекеттік билік жүйесіндегі орны, рөлі, атқаратын функциясы.
Қазақстанда президенттік лауазым КСРО-ның ыдырауы қарсаңында енгізілді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылғы сәуірдегі сессиясының ұйғаруымен Қазақ жүйесіндегі президенттің орнын анықтады. Алғашқыда президенттің өкілеттігі біршама шектеулі болды. Билік, негізінен, Жоғарғы Кеңестің қолында болды. Жоғарғы Кеңес барлық мәселелер бойынша заң қабылдады, президентті қайта сайлай алатын болды. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде президенттің өкілеттігі күшейтілді. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы елімізді президенттік басқару формасындағы мемлекет деп, Президентті мемлекет басшысы деп жариялады. Дүние жүзі елдерінің көпшілігінде қабылданғандай, біздің республикамызда да мемлекеттік билік шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну ұстанымына негізделіп құрылды. Президенттік осы тармақтардың ешқайсысына жатпайды, солай болса да, Презид
Достарыңызбен бөлісу: |