Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 14 желтоқсандағы «Қазақстан 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының іске асырылуы туралы



Дата25.02.2016
өлшемі91.14 Kb.
#22231
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылдың 14 желтоқсандағы «Қазақстан 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының іске асырылуы туралы
Жаңа Қазақстан-2050 стратегиялық бағдарламасы – Қазақстан Мәңгілік ел ету жолындағы Елбасының жаңа ғасырлық және жаңа дәуірлік бастамасы. Құжатта Елбасымыз 2050 жылға дейін Қазақстан қаншалықты деңгейде дамитынын, еліміздің алдында қандай мақсаттар тұрғанын, кездесетін қиындықтарды жеңу жолдарын нақты белгілеп берді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиялық Жолдауын аудан тұрғындары арасында насихаттау үшін ауданда 11 ақпараттық-насихат тобы құрылған, олардың құрамында 66 адам бар. Ақпараттық түсініктеме жұмыстарына мемлекеттік қызметкерлер, аудандық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасының 1-ші орынбасары, қоғамдық ұйым өкілдері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен жастар өкілдері тартылған.

19 желтоқсан күні Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы идеологиялық жұмыстың негізгі басымдықтары мен міндеттері туралы актив жиыны өткізілді. Жиын барысында Елбасы Жолдауы жан-жақты талқыланып, аудандық «Достық» газеті арқылы дайындалған Жолдаудың 120 дана толық мәтіні таратылды, сонымен қатар ақпараттық-насихат топтарының елді-мекендерді аралау кестесі бекітіліп, ақпараттық-насихаттық топтарына әдістемелік құралдарға қосымша ауданның 2012 жылғы даму қорытындысы және 2013 жылға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған іс-қимыл жоспары таратылып берілді. Мұндай жиындар әрбір ауылдық округтерде, әр мекемеде өтті. Талқылау барысында Жолдаудың тарихи маңызы зор құжат екенін атап өтілді.

Жолдау жарияланғаннан бері ақпараттық-насихат топтарының мүшелері аудан тұрғындары арасында түрлі формадағы 126 кездесулер, «дөңгелек үстелдер» мен семинар - кеңестер өткізіп, оған 21286 адам қамтылған.

Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп, насихаттауда аудандық мекемелер, дербес бөлімдер әр ауылдық округтерде көпшілікті толғандыратын мәселелер бойынша тұрғындармен тұрақты түрде мақсатты кездесулер өткізуде.

Елбасы Жолдауынан туындайтын мәселелерге байланысты ақпараттық-насихат топ мүшелеріне ай сайын тезистер жасалып, көмекші құралдар ретінде таратылып беріліп отырады. Желтоқсан- маусым айларына жиыны 1500 дана методикалық құралдар таратылды. Сонымен қатар әрбір айға жоспарланған қоғамдық маңызды шаралардың, ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелердің идеологиялық - саяси мазмұнына Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы тұғырнамасының негізгі басымдықтары алынып отырады.

Атап айтқанда, ақпараттық-насихат топтары желтоқсан-қаңтар айларында барлық елдімекендерде Елбасы Жолдауымен таныстыру, насихаттау жұмыстарын жүргізді, сонымен қатар барлық деңгейдегі қала, ауыл әкімдерінің халықпен кездесулері өтіп, халық алдындағы есептері берілді. Онда Жолдаудың маңыздылығы айтылып, аудан тұрғындары көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Елбасы Жолдауында берілген 7 түрлі стратегиялық бағыт бойынша алда атқарылатын шараларға тоқталып, орындалуының қамтамасыз етілуін басты міндет етіп қойды.

Аудан әкімінің аудан халқымен кездесулерінде өткен жылдың қорытынды есебі беріліп, Елбасы Жолдауының басты бағыттары бойынша ауданда жоспарланған жұмыстарды саралап, келешекте атқарылатын жұмыстар жөнінде айтылып, тиісті салаларға тапсырмалар мен міндеттер жүктелді.

Ақпан айында ақпараттық-насихат топтары Елбасы Жолдауын насихаттап, 21 еңбек ұжымдарында тұрғындармен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәліметтер беріп, мектеп ұжымдарында ақпан айында аталып өтілетін Кеңес Одағы әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 24 жыл толуына орай оқушыларға патриоттық тәрбие беруде осы даталы күннің маңыздылығы туралы қосымша деректі құралдар берілді. Жиын кезінде түскен ұсыныс-пікірлер жинақталып, оларға тиісті жауаптар берілді.

Наурыз айында, ақпараттық – насихат топтарына 2013 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және 1 Наурыз-Партия күніне орай «Нұр Отан» ХДП-ның тарихы, қазіргі саяси аренадағы орны жайлы методикалық құралдар таратылып берілді, 12 еңбек ұжымында, 16 елдімекендерде кездесулер өтіп, аудандық мәдениет үйінде «Нұр Отан» ХДП-ның құрылғанына 14 жыл толуына байланысты «Нұр Отан» - нағыз халықтық партия!» атты аудандық жастар Форумы өтті. Форумның саяси мазмұны Елбасының Қазақстан халќына Жолдауынан туындайтын идеяларға негізделді. Мәдениет үйінің фойесінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінен көрме, ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына орай кешенді материалдар қойылды.

Сонымен қатар наурыз айындағы мемлекеттік мереке - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін атап өтуде Жолдаудағы Анаға, әйел затына, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралту туралы бағыттарды кезінен насихатталып, Ұлттық мереке - 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күнін мерекелеу ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту, қазақстандық мәдени жадымызды сақтау және оны дамыту жөніндегі басымдықтарға негізделді. Өткен жылы жүзеге асқан шаралар жалғасын табатынына, елді-мекендерді көркейту, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын бастау туралы жоспарлар бекітіліп, жұмыстар бастау алды. Наурыз айында туған жерге, елге деген патриотизмді қалыптастырып, туған жердің табиғатын сүюге шақыруға бағытталған «Бұлақ көрсең, көзін аш» атты экологиялық акция өтіп, аудан жастары Үндеу қабылдап, Жеменей жағасында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Елбасы Жолдауынан туындаған әлеуметтік жаңғырту бағыттарына байланысты сәуір айының 2-сі күні Зайсан ауданының әкімінің әкімімен Қазақстан Республикасының Зейнетақы жүйесін жаңғыртуға байланысты жұмыс тобы құрылып, жұмыс жоспары жасалып бекітілді. Аталған мәселе бойынша ақпараттық топтар кестеге сай аудан көлемінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Сонымен қатар ауылшаруашылығы саласын дамытуға бағытталған «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстандағы агробизнес және ауылшаруашылығы саласындағы жаңалыќтар мен өзгерістерді аудан тұрғындары арасында насихаттайтын ақпараттық-насихат топтары халық арасына шығып,түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сәуір айында Елбасы Жолдауы негізінде қабылданған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері бойынша дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне арналған салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылды. 26 сәуір күні радиациялық авариялар мен зілзалаларда опат болғандарды еске алу күніне орай «дөңгелек үстел» отырысы өткізілсе, 30 сәуір күні Қазақстан қоғамының тұрақты дамуы мен ұлт бірлігін нығайтуды қолдауға, Елбасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа тәуелсіз мемлекет орнатудағы стратегиялық табыстылығын көрсету мақсатындағы «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» атты аудандық форумы ұйымдастырылды. Форумда Астана қаласының 15 жылдағы жеткен жетістіктері, Елбасының сындарлы саясатын, еңбегін көрсететін арнайы презентациялар ұсынылды. Фойеде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаңа тәуелсіз мемлекет орнатудағы стратегиялық табыстылығы туралы тақырыптық көрме ұйымдастырылды. «EXPO-2017» Халықаралық көрмесі, ЕҚЫҰ-на Қазақстанның төрағалық еткен кезеңінен және Астанада өткен Саммиттен, Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етуінің маңызын көрсететін, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуда халықтық Ассамблеяның рөлін айқындайтын материалдарды қамтитын 150 буклеттер даярланып, қойылды.

Сәуір айында барлығы 50-ге тарта кездесулер өткізіліп, оған 5 000 адам қамтылды.

Мамыр айында Зайсан ауданында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай салтанатты шеру ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың басты басымдығы – мемлекеттің және халықтың бірлігі деп атап көрсетті. Жолдауды насихаттау барысында ақпараттық – насихат топтары «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясындағы Елбасының баяндамасында айтылған мәселелерді аудан жұртшылығына кеңінен түсіндірді. Ағымдағы жылы қабылданған Қазақстан Халқы Ассамблеясын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы бойынша ақпарат береді.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында, 9 Мамыр-Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 68 жылдығын өткізу барысындағы ұйымдастырылған іс-шаралардың идеялық-саяси мазмұны ретінде Жолдаудың басым бағыттарын алынды. Жерлестеріміз, жұмыс бабында әскери ұшақтың апатынан қаза тапқан батырларға арналған ескерткіштің ашылуы Елбасы Жолдауындағы қазақстандық патриотизмді жастардың бойында қалыптастырудың жарқын үлгісі болып табылады.


Мамыр айында ақпараттық-насихат топтары «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының аудан бойынша іске асырылу барысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мәселелері туралы жоспар бойынша аймақтарға шығып, кездесулер ұйымдастырды.

Ауыл, қала әкімдерінің ақпараттық-насихат топтары шаруа қожалықтары, мектеп, мекеме ұжымдары мен балабақшаларда, мәдениет үйлері мен аудан бөлімдерінде, банктер мен мекемелерде, ауыл округтерінде, т.б. жерлерде арнайы дайындалып берілген әдістемелік материалдары бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді.

Аудан мектептерінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Жолдаумен таныстыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.

Ақпараттық-насихат топтарының кездесулері барысында түскен өтініштерге жүйелі түрде жауаптар беріліп отырды, жүргізілген мониторинг барысында Елбасының биылғы Жолдауы шыққаннан бері аудан тұрғындарының әлеуметтік, саяси-экономикалық сипаттағы сұрақтары азайғаны байқалды.

Мемлекеттік және бұқаралық мерекелердің үйлестіруші факторын барынша пайдалану мақсатында Жолдаудың идеялары барлық даталы күндерде қолданылды.

Жолдауды насихаттау мақсатында 2013 жылдың 5 айында барлығы 38 дөңгелек үстел, 3 әлеуметтік акция, 3 митинг, 5 семинар, 5 жастар акциясы, әрбір даталы күндерге арналған спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырылды.

Елбасы Жолдауын насихаттауға бағытталєан стендтердің жобасы дайындалып, барлық мектептерде, ауыл округ әкімшіліктерінде, мәдениет үйлерінде орнатылды және барлық кітапханаларда арнайы тақырыптық сөрелер ұйымдастырылды. Барлық білім беру және мәдениет саласындағы мекемелерде Жолдауға байланысты арнайы ақпараттық бұрыштар ұйымдастырылды. Жолдауды насихаттауда қоғамдық – саяси және әлеуметтік бағыттарды айқындайтын сыртқы жарнамалар қолданылды. Ауданда Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жодауының 7 басым бағыттары бойынша әртүрлі тақырыпта 45 көрнекі үгіт құралдары (баннерлер) және қосымша 63 лайтбокстар орнатылды. Қаланың орталық алаңында лед-дисплей орнатылып, аудан көлемінде атқарылған іс-шараларды тұрғындар назарына ұсынуда. Аудандық кітапхана, ауылдық округтердегі кітапханалар мен аудандағы мектеп кітапханаларында тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, мәдени іс-шаралар өтуде.

Жолдауды насихаттау бойныша медиа-жоспар жасалынып бекітілген.

Елбасы Жолдауымен аудан тұрғындарын хабардар етіп, түсіндіру мақсатында аудандық «Достық» газетінің 2012 жылдың 19 желтоқсанындағы №100 (10205) санында оның толық мәтіні берілді. «Жолдаудан туындайтын міндет айқын», «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – жасампаздықтың жаңа межесі», «Елбасы Жолдауы – халықтың қолдауы», «Жолдау – жасампаздықтың негізі» айдарларымен «Болашақтың негізін қалаған құжат», «Мемлекет дамуының жаңа бағыты», «Болашағымызды айқындап берді», «Үлес қосу – парызымыз», «Жас ұрпақтың болашағына жаңа белес», «Мазмұны терең, мақсаты айқын», «Жаңа тарихи дәуірдің негізі», «Нұрлы болашақтың кепілі», «Елбасының Жолдауы – халықтың қолдауы», «Қолдауға ие болды», «Болашаққа нық қадаммен», «Жолдауды қолдаймын» сынды 25 мақала жарық көрді.

Сонымен қатар облыстық басылымдарға мақалалар жариялау кестесіне сәйкес соңғы 6 айда:



  • «Дидар» газетінде – 9;

  • «Рудный Алтай» газетінде – 2;

  • «Семей таңы» газетінде – 23.

Республикалық басылымдарда:

  • Республикалық «Егемен Қазақстан» басылымында – 5,

  • «Айқын» газетінде – 3 мақала жарияланды.

Мемлекеттік органдар жетекшілерінің Жолдау тақырыбы бойынша сөз сөйлеу кестесі жасалып, бүгінгі күнге 14 мақала жарияланды. Аудандық «Достық» газетінде арнайы айдар ашылып, Қазақстан Республикасының Президентінің Халыққа Жолдауы жайлы зиялы қауым, ҮЕҰ-дар, жастар өкілдерінің, мекеме басшыларының пікірлері, мақалалары жарық көрді.

Сонымен қатар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар туралы облыстық телевидение арқылы да ақпараттар көрсетілуде.

Президенттің Жолдауын түсіндіру және насихаттау жөніндегі материалдар облыс және аудан әкімдерінің сайтына жүйелі түрде орналастырылып отыр. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы фильм, слайдтар дайындалып, аудан әкімінің есеп беру жиналыстарында қолданылды.

Жолдау шыққан 6 ай көлемінде «Жолдауды білесіз бе?», «Ауданның қоғамдық-саяси жағдайы» туралы сауалнама жүргізіліп, 1500-ға тарта аудан тұрғындары сұралды. Зерттеу жұмыстары арқылы Жолдаудың басымдықтарын қоғамның қабылдауы мен халықтың қолдау деңгейінің әлеуметтанулық диагностикасы, жергілікті мемлекеттік органдардың Жолдаудың іске асырылуы барысы жөніндегі қызметі нәтижелерінің бағалары, Президент Жолдауы туралы аудан тұрғындарының ақпараттану деңгейі анықталды. Зерттеу нәтижесі бойынша аудан тұрғындары Жолдау туралы толық ақпараттанғаны және толық қолдайтындары анықталды.



Дегенмен, ақпараттық-насихаттық топтардың алыс елдімекендерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізулері жеткіліксіз орындалуда және уақытылы есептері берілмейді. Аудан әкімінің 2013 жылдың 3 маусымындағы №1-340ө өкімімен ақпараттық-насихат топтарының құрамы өзгертіліп бекітілді, топ жетекшілеріне аудан әкімінің орынбасарлары бекітіліп, маусым айының аймақтарға шығу кестесі бекітіліп,таратылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет