Источник: ИС ПАРАГРАФ, 07.12.2011 16:29:24
Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің, теңізде жүзу кітапшасының, дипломдарды растаудың үлгісін, оларды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 797 Қаулысы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің үлгісі;
2) теңізде жүзу кітапшасының үлгісі;
3) дипломды растау үлгісі;
4) Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасы;
5) Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу және беру қағидасы;
6) Дипломдарды растауды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының теңізшісі паспортының үлгісін (сипаттамасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 тамыздағы № 941 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 28, 317-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы теңізшісінің паспортын ресімдеу, беру, оның мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 қарашадағы № 1134 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 42, 572-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
|
К. Мәсімов
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 14 шілдедегі
№ 797 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің үлгісі
1. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі (бұдан әрі - ТЖК) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 9303 құжатының 3-бөлігіндегі (алтыншы басылым, 2006 жыл) талаптарға және машина оқитын жол жүру құжаттары ұсынылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес машинамен оқу үшін жарамдылығына сәйкес теңізде жұмыс істеу ерекшеліктерін ескере отырып, жоғары сапалы материалдардан жасалады.
2. Қолдан жасау және басқа да сыртқы әсерлерден қорғау үшін ТЖК бланкісі толтырылғаннан кейін ламинатталады.
3. ТЖК мөлшері - 84х118 милиметр. Ламинатталған ТЖК бланкісінің форматы - 88х125 милиметр.
4. Қолдан жасаудан қорғау үшін бланкілер мыналардан тұрады: су белгілері, қорғаудың ультрокүлгін элементтері, арнайы бояуларды пайдалану, арнайы түрлі түсті дизайндар, бейнені тесу, голограммалар, лазерлік гравировкалау, шағын басу және термикалық ламинат жағу. Ламинат жағылған пакеттің қабаттарын дифракциялық элементтермен қорғауға рұқсат етіледі.
5. ТЖК-да жазулар мемлекеттік және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
6. ТЖК бланкісінің 1-суретке сәйкес беткі және 2-суретке сәйкес артқы жақтары болады. Бланкінің түстік реңкі - көгілдір.
7. ТЖК-нің беткі жағында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, құжат үлгісі және коды, теңізшінің жеке куәлігі иесінің мынадай жеке деректері басылған түрде орналастырылады: тегі, аты, әкесінің аты және теңізшінің туған жері, азаматтығы, жынысы, жеке сәйкестендіру нөмірі, фотобейнесі және қолы. Машина оқитын екі өлшемді штрих-кодқа қол саусақтарының іздері негізінде жасалған иесінің биометрикалық деректері орналастырылған. Бұдан басқа беткі бөлігінде ТЖК-нің берілген күні мен орны және қолданылу мерзімінің аяқталатын күні болады.
ТЖК беткі жағы екі бөліктен тұрады:
жоғарғы бөлігі - көрнекі аймағы, онда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және мынадай жазулар орналастырылған:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
ТЕҢІЗШІНІҢ ЖЕКЕ КУӘЛІГІ
SEAFARER’S IDENTITY DOCUMENT
Түрі/Type
Мемлекет коды/Code of issuing State
№ ТЖК/SID’s №
Тегi/Surname
Аты/Given names
Әкесінің аты/Patronymic
Азаматтығы/Nationality
Жынысы/Sex
Туған күні/Date of birth
Туған жері/Place of birth
Берілген күні/Date of issue
Қолданылу мерзімі/Date of expiry
Қолы/Signature
төменгі бөлігі:
қол саусақтарының іздері негізінде жасалған құжат иесінің биометрикалық орналасқан және цифр түрінде берілген екі өлшемді штрих-код;
құжат иесінің тегі, аты, әкесінің аты, туған күні құжат нөмірінен тұратын 2-жолды қамтыған машина оқитын аймақ.
8. ТЖК-нің артқы бетінде иесінің ерекше физикалық белгілері, ТЖК-ні берген орган туралы мәліметтер, ТЖК-ні берген органның пошталық мекенжайы, телефон (дар) нөмірі, электрондық пошта мекенжайы және Интернет-ресурсы орналастырылады.
Артқы бетінде мынадай жазулар орналастырылған:
Ерекше белгілер/Special physical characteristics
Беруге рұқсат ету/Authorized by
Құжатты берген мекеменің мекенжайы/Authority address
Үйлестіру орталығы/Focal point
Халықаралық еңбек ұйымының Теңізшілердің жеке куәліктері туралы 2003 жылғы (қайта қаралған) конвенциясының мақсаттары үшін осы құжат теңізшінің жеке куәлігі болып табылады.
Осы құжат дербес мазмұнды және паспорт болып табылмайды.
This document is a seafarer’s identity document for purpose of the Seafarer’s Identity Documents Convention (Revised), 2003, of the International Labour Organization. This document is a stand - alone document and not a passport.
9. ТЖК-да орналастырылатын ақпараттың негізгі сипаттамалары:
1) берген орган: берген мемлекеттің ИСО (ISO) коды, теңізшінің жеке куәлігін берген ұйымның толық мекенжайы, сондай-ақ куәлікті беруге рұқсат ететін адамның аты мен лауазымы;
2) берілген күні мен орны: күні;
3) жынысы;
4) туған күні мен орны: күні;
5) азаматтығы туралы ақпарат;
6) ерекше физикалық белгілері: тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін кез келген ерекше белгілері;
7) құжаттың қолданылу мерзімінің аяқталатын күні;
8) құжат үлгісі;
9) ТЖК-нің бірегей нөмірі: Қазақстан Республикасының коды - «KAZ», одан кейін ең көбі он белгіден тұратын әріп-цифрлық есепке алу нөмірі келеді;
10) жеке сәйкестендіру нөмірі: ең көбі он төрт әріп-цифрлық белгілерден тұратын теңізшінің факультативтік жеке нөмірі;
11) ТЖК иесінің қолы фотосуретке арналған аймақ астына қойылады.
10. ТЖК бланкісіне бланкіні және оған жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғауға арналған қосымша элементтер енгізілуі мүмкін.
1-сурет. Алдыңғы беті
2-сурет. Артқы беті
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 14 шілдедегі
№ 797 қаулысымен
бекітілген
Теңізде жүзу кітапшасының үлгісі
1. Теңізде жүзу кітапшасы бланкісінің өлшемі 88 х 125 милиметр және мұқабадан, мұқабаға желімделген өңірбеттерден және қағаз парақтардан тұрады.
Теңізде жүзу кітапшасы 32 беттен тұрады. 1-парақ титульдік болып табылады. Онда теңізде жүзу кітапшасы иесінің жеке деректері орналастырылады. 2-беттен бастап 32-беттер - ауысатын ақпараттарды жазуға арналған. Ішкі 1-беттен бастап 32-бетті қоса алғандағы беттер көгілдірден ашық-қоңыр реңктерге иристік ауысуды қолданумен офсеттік тәсілмен басылған.
Алдыңғы және артқы өңірбеттердің ашық-көк аялы және офсеттік және металлографтық басылу тәсілмен басылған.
Теңізде жүзу кітапшасының бланкісі беттерінің нөмірлері 2-беттен бастап 32-бетті қоса алғанда бүктеу сызығында парақ бетінің жоғарғы бұрышында орналасқан. 1-бет нөмірленбейді.
Теңізде жүзу кітапшасының бланкісі түбіршек ұзына бойына УК-сәулемен үзік-үзік жалтырайтын жіппен тігілген.
2. Теңізде жүзу кітапшасының бланкісі арнайы қағазды пайдаланумен дайындалады.
1-беттен бастап 32-бетке дейін 3 түрлі қорғаныш талшығынан тұратын, саңылаудан көрінетін екі реңктік су белгісінің бейнесі бар.
Өңірбеттер үшін су белгісі жоқ және қорғаныш талшығының екі түрі бар қағаз қолданылады.
3. Теңізде жүзу кітапшасы бланкісінің сериясы мен нөмірі жоғары баспа тәсілімен 1, 4, 5, 8, 9, 12, 13, 16, 17, 20, 21, 24, 25, 28, 29 және 32-беттерде қызыл бояумен шығарылады.
4. Теңізде жүзу кітапшасы бланкісінің мұқабасы Қазақстан Республикасы Туының түсіндей - тез тозбайтын көгілдір түсті материалдан дайындалады.
5. Теңізде жүзу кітапшасының бланкісі мұқабасының жоғарғы бөлігінде мемлекеттік және ағылшын тілдерінде мынадай жазулар орналасқан:
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
REPUBLIC OF KAZAKHSTAN».
Ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы (бұдан әрі - Елтаңба) орналастырады.
Елтаңба бейнесінің астыңғы жағында құжаттың атауы көрсетіледі:
«ТЕҢІЗДЕ ЖҮЗУ КІТАПШАСЫ
SEAMAN’S BOOK».
Елтаңба бейнесі және жазулар күміс түсті фольгамен баспа-таңбамен орындалады.
6. Теңізде жүзу кітапшасы бланкісінің алдыңғы және артқы өңірбеттерінде теңізде жүзу кітапшасының иесі үшін ақпарат орналастырылған:
алдыңғы өңірбетте - мемлекеттік және орыс тілдерінде мәтін:
«Теңізде жүзу кітапшасының иесі үшін АҚПАРАТ
1. Теңізде жүзу кітапшасы теңіз кемесі экипажының мүшесі ретінде теңізші жұмысы туралы мәліметтерден тұратын құжат болып табылады.
Мореходная книжка является документом, содержащим сведения о работе моряка в качестве члена экипажа морского судна.
2. Теңізде жүзу кітапшасы теңізшінің жеке куәлігі болып табылмайды.
Мореходная книжка не является удостоверением личности моряка.
3. Теңізде жүзу кітапшасы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыс беруші беретін еңбек кітапшасын ауыстырмайды.
Мореходная книжка не заменяет трудовую книжку, выдаваемую работодателем в соответствии со статьей 35 Трудового кодекса Республики Казахстан.
4. Теңізде жүзу кітапшасын теңіз портының әкімшілігі береді.
Мореходная книжка выдается администрацией морского порта.
5. «Кемедегі қызметтік жағдайы» бөліміне енгізілетін мәліметтерді (кемеде жұмыс істеуді бастаған күні мен портты қоспағанда) жұмыс беруші кеме иесі немесе теңіз порты әкімшілігінің уәкілетті лауазымды адамы куәландырады.
Сведения, вносимые в раздел «Служебное положение на судне» (за исключением даты и порта начала работы на судне), заверяются судовладельцем-работодателем или уполномоченным должностным лицом администрации морского порта.
Теңізде жүзу кітапшасы иесінің кемеде жұмыс істеуді бастаған күні мен порт туралы мәліметтерді және «Жұмысты аяқтау» бөліміне енгізілетін мәліметтерді кеме капитаны немесе ол тағайындаған лауазымды адам куәландырады.
Сведения о дате и порте (регионе) начала работы владельца мореходной книжки на судне и сведения, вносимые в раздел «Завершение работы», заверяются капитаном судна или назначенным им должностным лицом.
6. Теңізде жүзу кітапшасының қолданылу мерзімі шектелмеген.
Срок действия мореходной книжки не ограничен.
7. Теңізде жүзу кітапшасы теңізшінің жазбаша келісімімен кеме капитанында сақталатын жағдайларды қоспағанда, үнемі теңізшімен бірге болады.
Мореходная книжка всегда находится у моряка за исключением случаев, когда с письменного согласия моряка она хранится у капитана судна.».
Артқы өңірбетте - ағылшын тіліндегі мәтін:
«INFORMATION for Seaman’s Book holder
1. The Seaman’s Book is a document containing information of seaman activity as a crew member at sea-going vessel.
2. The Seaman’s Book is not the seafarer’s identity document.
3. The Seaman’s Book cannot be considered as a substitute for the work record book issued by an employer in accordance with Article 66 of the Labour Code of the Republic оf Kazakhstan.
4. The Seaman’s Book is issued by a shipowner-employer, sea port administration, water transport educational institutions.
5. Records written down in «Position on the vessel» section (except date and port of signing on) are certified by a shipowner-employer or by an authorized official of sea port administration or state basin authority on inland water transport.
Records on date and port (region) of signing on and records written down in «Signing off» section are certified by the shipmaster or the officer authorized by the shipmaster.
6. Validity of the Seaman’s Book is not limited.
7. The Seaman’s Book shall remain in the seaman’s possession at all times, except when it is held by the shipmaster with the seaman’s written consent.».
7. 1-беттің жоғарғы бөлігінің ортасында Елтаңбаның контурлық бейнесі орналасқан.
Елтаңбаның сол жағынан мынадай жазу орналасады:
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ»
Елтаңбаның оң жағынан мынадай жазу орналасады:
«REPUBLIC OF KAZAKHSTAN»
Елтаңбаның астыңғы жағынан мынадай жазу орналасады:
«ТЕҢІЗДЕ ЖҮЗУ КІТАПШАСЫ
SEAMAN’S BOOK
Теңізде жүзу кітапшасы теңіз кемесі экипажының мүшесі ретінде теңізші жұмысы туралы мәліметтерден тұратын құжат болып табылады. Теңізде жүзу кітапшасы 32 беттен тұрады.
Настоящая мореходная книжка является документом, содержащим сведения о работе моряка в качестве члена экипажа морского судна. Мореходная книжка содержит 32 страницы.
The Seaman’s Book is a document containing information of seaman activity as a crew member at sea-going vessel. It contains 32 Pages.
Берген мемлекеттік коды / Code of issuing State
Құжат № / Document No
Тегі/Фамилия / Surname
Аты/Имя, отчество / Given names
Азаматтығы/ Гражданство / Nationality
Туған күні/ Дата рождения / Date of birth
Туған жері/ Место рождения / Place of birth
Жынысы/ Пол / Sex
Берілген күні/ Дата выдачи / Date of issue
М.О.
иесінің қолы/ подпись владельца / holder’s signature
Уәкілетті адамның лауазымы, тегі, қолы/ Должность, фамилия, подпись уполномоченного лица / official’s position, name, signature қолы /подпись / signature».
«Берген мемлекеттің коды / Code of issuing State» деген бағанда Қазақстан Республикасының коды «KAZ» енгізілген.
«Құжат № / Document No» деген бағанда жоғарғы басылу тәсілімен қызыл түспен «МК» сериясы және теңізде жүзу кітапшасының жеті мәнді нөмірі басылған.
1-беттің төменгі сол жақ бөлігінде теңізде жүзу кітапшасы иесінің 30х40 миллиметр өлшемдегі фотосуретін орналастыру үшін орын бар.
Жеке деректерін қолдан жасаудан және сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен қорғау мақсатында 1-бетте салқындай домалату тәсілімен ламинат жағылған пленка жапсырылады. Ламинат жағылған пленканы дифракциялық элементтермен қорғауға рұқсат етіледі.
8. Теңізде жүзу кітапшасы бланкісінің 2-бетінен бастап 32-бетінде мынадай жазулар орналастырылған:
«КЕМЕДЕГІ ҚЫЗМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ
СЛУЖЕБНОЕ ПОЛОЖЕНИЕ НА СУДНЕ
POSITION ON THE VESSEL»
»(лауазымы /должность / seaman’s position)
(кеменің атауы, ұлты, ИМО нөмірі / название, национальность, ИМО номер судна / name, flag, IMO number of vessel)
(кеме иесі / судовладелец / shipowner)
(кеме түрі / тип судна / type of vessel)
(тіркеу порты / порт регистрации/ port of registry)
(жалпы сыйымдылығы / валовая вместимость / gross tonnage)
(түрі, маркасы, қозғалтқыш қуаты кВт / тип, марка, мощность двигателя, кВт / type, model, propulsion power, kW)
М.О. /М.П. / (seal)
(лауазымы, тегі, қолы / должность, фамилия, подпись / position, name, signature)
(Жұмыстың басы (жылы, айы, күні) /начало работы (год, месяц, день) / the position was taken (year, month, day)
порт / port
М.О. (кеменің мөрі) / М.П. (судовая печать / vessel’s seal)
(тегі, қолы / фамилия, подпись / name, signature)
ЖҰМЫСТЫ АЯҚТАУ / ЗАВЕРШЕНИЕ РАБОТЫ / SIGNING OFF
Жұмысты аяқтау (жылы, айы, күні) / завершение работы (год, месяц, день) / the position was left (year, month, day)
порт / port
М.О. (кеменің мөрі) М.П. (судовая печать / vessel’s seal)
(тегі, қолы / фамилия, подпись / name, signature)».
9. Теңізде жүзу кітапшасының бланкісінде енгізілетін жазулардың сақталуын арттыруға арналған және бланкіні және оған жүргізілген жазуларды қолдан жасаудан қорғау үшін қосымша арнайы әзірленген элементтер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |