Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы



бет2/4
Дата23.02.2016
өлшемі0.52 Mb.
#5077
1   2   3   4

көрсеткiштерi

жылдар

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Мақсат. «Халықтың тұруына қолайлы жағдайды қамтамасыз ету және коммуналдық инфрақұрылымның жағдайын жақсарту»

1-мiндет. «Тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделiн құру»

Нысаналы индикатор - жауапты орындаушылар ҚТКIША және ЖАО

нәтижелер көрсеткiштерi

2015 жылға қарай күрделi жөндеудi талап ететiн кондоминиум объектiлерiнiң үлесi 32 %-дан 22 %-ға төмендейдi, %

32

28

25

22

20

18

16

14

13

12

тұрғын үй қорын нормативтiк пайдалануды дербес қамтамасыз ететiн кондоминиум объектiлерiнiң үлесi, %

68

72

75

78

80

82

84

86

87

88

тұрғын үй қорын жаңғыртуға бағытталған бюджеттен тыс көздер қаражатының үлесi, %

19,3

21,4

29,7

31,6

40,4

42,3

45,0

47,2

48,5

50,0

2-мiндет. «Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту»

Нысаналы индикатор - жауапты орындаушылар ҚГКIША, ЖАО, «КЕГОК» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ (келiсiм бойынша)

нәтижелер көрсеткiштерi

2015 жылға қарай жаңғыртылған жүйелердiң ұзындығы 31 мыңнан астам км құрайтын болады (осы Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде 24,4 мың км және «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша) 6,7 мың км

2,3

4,8

8,2

9,1

9,7

12,3

14,7

17,1

18,4

20,7

Нысаналы индикатор - жауапты орындаушылар ҚТКШIА және ЖАО

нәтижелер көрсеткiштерi

Жөндеудi талап ететiн желiлердiң үлесi: (%)































жылумен жабдықтау

63

61

58

55

52

50

47

45

43

40

электрмен жабдықтау

73

71

70

68

66

63

61

58

55

53

газбен жабдықтау

54

53

52

51

50

48

45

43

41

38

2015 жылға қарай елдiң әр өңiрiндегi тұтынушылардың кемiнде 50 %-ы коммуналдық қызмет көрсету сапасына қанағаттанады, %

40

45

47

50

52

56

60

65

70

75

5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

      Бағдарламаны iске асыру белгiленген мiндеттер бөлiнiсiнде екi кезеңде жүзеге асырылатын болады:


      1-кезең: 2011 - 2015 жылдар
      2-кезең: 2016 — 2020 жылдар Бағдарламада мынадай iс-шаралар iске асырылады:
      1) тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделiн құру
      2) коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту

1. Тұрғын үй қорын күтiп-ұстауды қамтамасыз ету

      Ескерту. 5.1-кiшi бөлiм жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.20 № 501 Қаулысымен.



      2011 жылы сервистiк компанияларды тарта отырып, кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн басқару, күтiп ұстау және жөндеу жөнiндегi «пилоттық» жобаларды iске асыру.
      2011 жылы кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеудi қайтарымды қаржыландырудың жаңа тетiктерiн әзiрлеу және енгiзу.
      Азаматтардың жинақ жүйесiн және аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудi пайдалана отырып, 2012 - 2015 жылдары кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеу жұмыстарын қаржыландырудың жаңа тетiктерiн iске асыру.
      Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн басқару мен күтiп-ұстау функцияларын кондоминиум объектiлерiн басқару органдары мен сервистiк компаниялардың арасында бөлетiн тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделiн енгiзу, сондай-ақ кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеудi қаржыландыру тетiктерiн құру.
      2011 жылғы 22 шiлдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шеңберiнде кондоминиум объектiсiн басқару функцияларын кондоминиум объектiлерiн басқару органдарына, ал күтiп ұстау функцияларын сервистiк қызметтiң субъектiлерiне заңнамалық түрде бекiтiп беру көзделген.
      Кондоминиум объектiсiн күтiп-ұстау дегенiмiз кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн пайдалану, оған жөндеу жүргiзу үшiн объектiнi басқару органымен шарттың негiзiнде сервистiк қызметтiң субъектiлерi iске асыратын ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралардың жиынтығы деп түсiну қажет. Қазақстанның жекелеген қалаларында жаңа схеманы сынақтан өткiзу мақсатында шарттық негiзде сервистiк компанияларды тарта отырып, көп пәтерлi тұрғын үй қорын күтiп ұстау жөнiндегi «пилоттық» жобалар iске асырылатын болады.
      Кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеу үйдiң едендерiн, қабырғаларын, шатырларын жылылау есебiнен ғимараттың қоршау конструкцияларының жылу-техникалық сипаттамасын жақсарту жөнiндегi құрылыс жұмыстары түрiндегi терможаңғырту элементтерiн өзiне қамтуға тиiс. Ғимаратты терможаңғырту жөнiндегi кешендi жұмыстар кезiнде тұтынылатын жылуды реттеудiң автоматтандырылған жүйесi орнатылады.
      Терможаңғырту элементтерiмен ағымдағы жөндеу жүргiзу нәтижесiнде 10 пайызға дейiн, күрделi жөндеу жүргiзу нәтижесiнде – 30 пайызға дейiн тұтынылатын жылуды үнемдеуге қол жеткiзiледi.
      2011 – 2012 жылдары кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн ағымдағы және күрделi жөндеу мынадай екi тетiк бойынша жүргiзiлетiн болады.
      1-тетiк.
      Республикалық бюджеттен жергiлiктi атқарушы органдарға нысаналы трансферттер бөлiнедi, олар мамандандырылған өңiрлiк ұйымдарды – әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорацияларды (бұдан әрi – ӘКК) капиталдандыруға бағытталатын болады.
      Кондоминиум объектiсiн басқару органы, мердiгер, ӘКК мен үй-жай (пәтер) иелерiнiң арасында кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеуге шарт жасалады.
      Сервистiк қызмет субъектiсiн таңдауды кондоминиум объектiсiнiң үй-жай (пәтер) иелерi жалпы жиналыста жүзеге асырады.
      Кондоминиум объектiсiн басқару органы әрбiр объектiге екiншi деңгейдегi банкте жинақ шотын ашады.
      Шартта белгiленген мерзiмi iшiнде үй-жай (пәтер) иелерi екiншi деңгейдегi банктердегi жинақ шотына ай сайынғы жарналарды жүргiзедi.
      ӘКК сервистiк қызмет субъектiсiне жөндеу жұмыстарының құнын төлейдi.
      Жинақталған қаражат екiншi деңгейдегi банктiң шотынан орындалған жұмыстардың төлемi ретiнде ӘКК-ге аударылады, қаражатты одан әрi ӘКК басқа үйлердi жөндеуге жұмсайды.
      2-тетiк.
      2011 жылы республикалық бюджеттен жергiлiктi атқарушы органдарға нысаналы трансферттер бөлiнедi, олар мемлекет қатысатын мамандандырылған уәкiлеттi ұйымдарды капиталдандыруға жұмсалатын болады.
      2012 жылы республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-ға жылына 0,1 % ставкамен 7 жылға кредит бөлiнетiн болады.
      Облыстың ЖАО облыстық маңызы бар қаланың, ауданның ЖАО-сына кредит бередi.
      Облыстық маңызы бар қаланың, ауданның ЖАО-сы мемлекет қатысатын мамандандырылған уәкiлеттi ұйым құрады немесе осындай жұмыс iстеп жатқан ұйымдарды тартады және оларға кредит бередi.
      Кондоминиум объектiсiн басқару органы, бас мердiгер болып табылатын мамандандырылған уәкiлеттi ұйым мен үй-жай (пәтер) иелерi арасында кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеуге шарт жасалады.
      Үй-жай (пәтер) иелерiнiң жалпы жиналысымен келiсiм бойынша мамандандырылған уәкiлеттi ұйым жөндеу жұмыстарын жүргiзу үшiн қосалқы мердiгерлердi таңдайды.
      Мамандандырылған уәкiлеттi ұйым қосалқы мердiгерлердi тарту мүмкiндiгiмен ортақ мүлiктi жөндеудiң әрқилы түрлерiн жүргiзедi.
      Кондоминиум объектiсiн басқару органы әрбiр объектiге екiншi деңгейдегi банкте жинақ шотын ашады.
      Шартта белгiленген мерзiмi iшiнде үй-жай (пәтер) иелерi екiншi деңгейдегi банктердегi жинақ шотына ай сайынғы жарналарды жүргiзедi.
      Жинақталған қаражат екiншi деңгейдегi банктiң шотынан мамандандырылған уәкiлеттi ұйымға орындаған жұмыстарға бөлiп-бөлiп ақы төлеу ретiнде аударылады.
      Тұрғындар қайтарған соманы мамандандырылған уәкiлеттi ұйым кондоминиумның басқа объектiлерiн жөндеуге жұмсайды.
      Тұрғын үй қорында және республиканың әлеуметтiк саласында энергия пайдаланудың тиiмдiлiгiне талдау жүргiзу мақсатында 2011 – 2013 жылдары көп пәтерлi тұрғын үйлерге және әлеуметтiк сала объектiлерiне орталықтандырылған энергетикалық аудит жүргiзу көзделiп отыр.
      Бұл үшiн Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгiне (бұдан әрi – ҚТКШIА) республикалық бюджеттен трансферттер бөлiнедi. Осы қаражат есебiнен ҚТКШIА әртүрлi конструктивтi орындалған және республиканың әртүрлi климаттық аймақтарындағы ғимараттарға энергетикалық тексеру жүргiзедi.
      2014 жылдан бастап көрсетiлген трансферттер облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарына бөлiнедi, олар жөндеу жұмыстары жүргiзiлетiн үйлерде энергетикалық аудит жүргiзедi.
      Кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеу аяқталып, жылыту маусымы өткеннен кейiн жергiлiктi атқарушы орган осы жөндеудiң энергия тиiмдiлiгiн бағалау үшiн қайта энергетикалық аудит жүргiзедi.
      Энергия үнемдеудiң мемлекеттiк саясатын iске асыру мақсатында бюджет қаражатын пайдалана отырып, ортақ мүлiкке жөндеу жүргiзу шарттарының бiрi олардың жылу-техникалық сипаттамаларын жақсарту, үйге ортақ есептеу құралдарын және жылуды тұтынуды реттеудiң автоматтандырылған жүйесiн орнату болып табылады.
      Осы мiндеттердi жөндеу жұмыстарының мынадай үлгiлiк түрлерi негiзiнде жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзiрлеу арқылы шешуге болады:
      «Жертөле» деген бiрiншi түрiне үйге ортақ жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желiлерiн жөндеу, үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспабы мен сыртқы және iшкi ауаның температурасына байланысты жылу тұтынуды реттеудiң автоматтандырылған жүйесiн орнату, энергия үнемдейтiн жарықтандыру жүргiзу, Жертөленiң қабырғаларын, төбесiн және еденiн жөндеу жұмыстары жатады.
      «Жертөле-кiреберiс» деген екiншi түрге бiрiншi түрдiң барлық жөндеу жұмыстары және қосымша энергия үнемдейтiн кiреберiсте терезелер мен есiктер орнату, кiреберiстi жөндеу, домофондар, пошта жәшiктерiн және өзге кiреберiс жабдықтарын орнату жатады.
      «Жертөле-кiреберiс-шатыр» деген үшiншi түрге бiрiншi және екiншi түрлердiң барлық жөндеу жұмыстары мен қосымша шатырды жөндеу және энергия үнемдейтiн материалдарды жылылау жатады, бұл ретте шатырдың конструкциясын тегiс түрден сырғымалы түрге өзгертуге болады.
      «Жертөле-кiреберiс-шатыр-қабырғалар» деген төртiншi түрге бiрiншi, екiншi және үшiншi түрлердiң барлық жөндеу жұмыстары және қосымша қабырғаларды жөндеу мен жылылау, тұрғын үйдiң сыртқы түрiн өзгерту жатады.
      Энергия тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында жөндеу жұмыстарының бiрiншi, екiншi, үшiншi, төртiншi түрлерiн жүргiзген кезде үй-жай (пәтер) иелерiнiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша үйге ортақ жылу энергиясын есепке алудың және жылуды тұтынуды реттеудiң автоматтандырылған жүйесi орнатылады.
      «Лифт» деген бесiншi түрге лифтiлердi және лифт жабдықтарын жөндеу немесе ауыстыру жұмыстары жатады.
      «Ағымдағы жөндеу» деген алтыншы түрге ғимараттың жекелеген элементтерiн және конструкцияларын таңдаулы ағымдағы жөндеу жатады.
      Кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеу жөнiндегi жобаларды iске асыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құжаттарға сәйкес жүргiзiлуге тиiс.
      2013 жылдан бастап кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеу мынадай тетiктер бойынша жүргiзiледi.
      Республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарына нысаналы трансферттер бөлiнедi, олар мемлекеттiң қатысуымен мамандандырылған уәкiлеттi ұйымдарды капиталдандыруға жұмсалатын болады.
      Мамандандырылған уәкiлеттi ұйымдарды капиталдандыруға арналған бюджеттiк өтiнiмдi қалыптастыру экономикалық сараптаманың қорытындысын қоса бере отырып, қаржы-экономикалық негiздеменiң (ҚЭН) және кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн техникалық тексеру актiлерiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары қажет болған жағдайда көрсетiлген тетiктi iске асыру үшiн
жергiлiктi бюджеттiң қаражатын пайдаланады.
      Кондоминиум объектiсiн басқару органы, үй-жай (пәтер) иелерi мен бас мердiгер болып табылатын мамандандырылған уәкiлеттi ұйым арасында кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге шарт жасалады.
      Мамандандырылған уәкiлеттi ұйым қосалқы мердiгер ұйымды таңдаған кезде конкурстық комиссияның құрамына кондоминиумның жөнделетiн объектiлерiнiң үй-жай (пәтер) иелерiнiң өкiлдерiн қосады.
      Мамандандырылған уәкiлеттi ұйым қосалқы мердiгерлердi тарту мүмкiндiгiмен ортақ мүлiктi жөндеудiң әрқилы түрлерiн жүргiзедi.
      Кондоминиум объектiсiн басқару органы үй-жай (пәтер) иелерi бастапқы жарна жинақтауы үшiн кондоминиумның әрбiр объектiсiне екiншi деңгейдегi банкте жинақ шотын ашады.
      Осы қаражатты кондоминиум объектiсiн басқару органы бастапқы жарна енгiзуге және мамандандырылған уәкiлеттi ұйым орындаған жөндеу жұмыстарына ақы төлеуге пайдаланады.
      Шартта белгiленген мерзiм iшiнде үй-жай (пәтер) иелерi екiншi деңгейдегi банктердегi жинақ шотына ай сайынғы жарналарды жүргiзедi.
      Аз қамтылған отбасылар (азаматтар) үшiн үй-жайдың (пәтердiң) пайдалы алаңның 1 шаршы метрi үшiн орындалған жұмыс үшiн төлемнiң мөлшерi ай сайын 3 % АЕК-тен артық болмауға тиiс.
      Төлемнiң осы мөлшерiн негiзге ала отырып, үй-жай (пәтер) иелерiнiң шартты орындау мерзiмi белгiленедi.
      Үй-жай (пәтер) иелерi жинаған бастапқы жарнаның мөлшерi мынадай тәртiппен белгiленедi:
      2013 жылдан бастап – 3 %;
      2014 жылдан бастап – 5 %;
      2015 жылдан бастап – кемiнде 7 %.
      Бастапқы жарнаға ақшалай қаражаттан басқа кондоминиум объектiлерiн тiркеуге, техникалық аудит жүргiзуге және ақау ведомосiн әзiрлеуге, жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзiрлеу мен мемлекеттiк сараптама жүргiзуге арналған шығындар, сондай-ақ кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн жөндеуге байланысты өзге де шығындар жатады.
      Тұрғындар қайтарған соманы мамандандырылған уәкiлеттi ұйым басқа кондоминиум объектiлерiн жөндеуге пайдаланады.
      Перспективада мамандандырылған уәкiлеттi ұйымның рөлiн кәсiпкерлiк құрылымдар, ал оларды қаржыландыруды – мамандандырылған қаржы институттары (агенттiктер) және екiншi деңгейдегi банктер алады.
      Осы тетiктi iске асыру үшiн оған қатысушылар мынадай әрекет жасауға тиiс.
      Жергiлiктi атқарушы органдар:
      1) үй-жай (пәтер) иелерiнiң өтiнiмдерi бойынша жоғарыда көрсетiлген тетiктiң шеңберiнде жөндеуге жататын үйлердiң тiзбесiн қалыптастырады;
      2) тұрғын үй инспекцияларына тиiстi актiлердi бере отырып, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiне техникалық тексеру жүргiзудi ұйымдастырады;
      3) тұрғын үйге энергетикалық аудит жүргiзудi ұйымдастырады;
      4) ЖСҚ келiсудi қамтамасыз етедi;
      5) мамандандырылған уәкiлеттi ұйымның жарғылық капиталын ұлғайту үшiн ҚЭН әзiрлейдi;
      6) ҚЭН-ге экономикалық сараптама жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      7) ҚЭН және экономикалық сараптамасы бар бюджеттiк өтiнiмдi ҚТКШIА-ге жiбередi;
      8) жөндеу жұмыстарының барысын бақылауды және үй-жай (пәтер) иелерiнен қаражаттың қайтарылуына мониторингтi қамтамасыз етедi;
      9) аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй көмегiн төлеудi ұйымдастырады.
      Мамандандырылған уәкiлеттi ұйым:
      1) басқару органы мен үй-жай (пәтер) иелерi арасында жөндеу жұмыстарын орындауға шарт жасасуды;
      2) үй-жай (пәтер) иелерiнiң өкiлдерiмен бiрлесiп, қосалқы мердiгер ұйымды таңдау бойынша конкурс өткiзудi;
      3) жөндеу жұмыстарын орындау және шартқа сәйкес төлемдердi қабылдауды;
      4) үй-жай (пәтер) иелерiнен – шартқа қатысушылардан берешектердi сот тәртiбiмен өндiрiп алуды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
      Кондоминиум объектiсiн басқару органы:
      1) кондоминиум объектiсiн тiркеудi жүзеге асырады;
      2) екiншi деңгейдегi банктерден кондоминиум объектiсiне ағымдағы және жинақ шоттарын ашуды қамтамасыз етедi;
      3) кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiне техникалық аудит жүргiзудi және ақау ведомосiн жасауды ұйымдастырады;
      4) ЖСҚ әзiрлеудi және оған мемлекеттiк сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;
      5) мамандандырылған уәкiлеттi ұйыммен шартқа қол қоюды қамтамасыз етедi;
      6) орындалған жұмысты қабылдауға қатысады;
      7) жалпы жиналыстың шешiмiн орындаудан бас тартқан және шартқа қатыспайтын үй-жай (пәтер) иелерiнен берешектi сот тәртiбiмен өндiрiп алу туралы талап арыз берудi жүзеге асырады.
      Үй-жай (пәтер) иелерiнiң жалпы жиналысы:
      1) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiне жөндеу жүргiзу туралы шешiм қабылдайды;
      2) ҚТКШIА бекiткен жөндеу жұмыстарының түрлерiн таңдауды жүзеге асырады;
      3) бастапқы жарнаға жұмсалатын шығыстар сметасын бекiтедi;
      4) қосалқы мердiгерлердi таңдау жөнiндегi конкурстық комиссияға қатысу үшiн өкiлдердi таңдауды қамтамасыз етедi;
      5) қосалқы мердiгерлердi таңдауға келiсiм берудi жүзеге асырады;
      6) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн жөндеуге арналған ЖСҚ-ны бекiтедi;
      7) әрбiр үй-жайға (пәтерге) жүктелетiн кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн жөндеуге жұмсалатын шығыстардың сметасын бекiтедi, ол жеке (бөлек) меншiктегi тұрғын (немесе) тұрғын емес пайдалы алаңның осы кондоминиум объектiсiндегi барлық тұрғын пайдалы алаңның және барлық тұрғын емес алаңның сомасына қатынасы бойынша анықталады;
      8) екiншi деңгейдегi банктердiң шотында ай сайынғы жарналардың мөлшерiн бекiтедi;
      9) мамандандырылған уәкiлеттi ұйыммен шартқа қол қоюды қамтамасыз етедi;
      10) орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысу үшiн өкiлдердi таңдайды.
      Орындалған жұмыстарды қабылдауға ЖАО-ның тұрғын үй инспекциялары, кондоминиум объектiсiн басқару органдары және үй-жай (пәтер) иелерiнiң өкiлдерi қатысады.
      Аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға ақы төлеу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiне сәйкес тұрғын үй көмегi көрсетiледi.
      Кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеуге қатысушы тұрғындар санының артуы тұрғын үй көмегiне мұқтаж тұрғындар санының артуына алып келедi. Осыған байланысты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарына тұрғын үй көмегiн көрсетуге республикалық бюджеттен трансферттер бөлiнетiн болады.
      Пәтер (үй-жай) меншiк иелерiнiң тұрғын үй қорын терможаңғырту үдерiсiне тарту үшiн халықтың арасында энергия үнемдеудi насихаттау жөнiнде iс-шаралар жүргiзу қажет.
      Халықтың арасында энергия үнемдеудi насихаттау Бағдарламаны табысты iске асырудың негiзi болып табылады және мынадай негiзгi iс-шараларды қамтиды: ағартушылық және арнайы әдебиеттi тираждау және тарату, өңiрлiк семинарлар, көрмелер және конференциялар ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдық акциялар мен жарнамалық науқандар өткiзу.
      Осының нәтижесiнде көп қабатты тұрғын үйге өзiнiң жеке меншiк тұрғын үй ретiнде иелiк ету қатынасы және энергияны үнемдеу қатынасы қалыптасуға тиiс.

2. Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту

      2011 жылы халықаралық қаржы институттарын және екiншi деңгейдегi банктердi тарта отырып, коммуналдық сектордағы жобаларды бiрлесiп қаржыландырудың арнайы құралдарын әзiрлеу;


      2011 жылы ақпараттық-талдау жүйесiн құрудың техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу;
      2011 жылы жылумен жабдықтау саласындағы 18 базалық субъектiнiң инвестициялық тарифтер бойынша жұмыс iстеуге көшуi;
      2011 жылы ТКШ саласында кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және бiлiмдi тарату жүйесiн құру бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      2011 жылы ТКШ өзгешелiгi бойынша: «Инженерлiк желiлер мен жүйелер» деген жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi қосымша бiлiм мамандықтарының жiктеуiшiн енгiзу;
      2011 - 2015 жылдары ТКШ-тегi нормативтiк-техникалық құжаттамаларды әзiрлеу жөнiндегi iс-шараларды iске асыру;
      2012 жылы жаңа құрылыс салған кезде қоқысты жинау жөнiндегi жерасты контейнерлердi енгiзуге бағытталған қоқысты бөлек әкету жүйесiн енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      2014 жылы орта мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi инвестициялық бағдарламаларға өткен табиғи монополия субъектiлерiнiң желiлерiндегi нормативтен артық ысыраптарды жойылады;
      2012 - 2014 жылдары ТКШ саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу.
      Қолданыстағы инженерлiк желiлер мен объектiлерге жаңғырту және қайта жаңарту жүргiзу үшiн мынадай iс-шаралар кешенiн iске асыру қажет:
      1) инженерлiк желiлер мен объектiлердiң техникалық жай-күйiне бағалау жүргiзу;
      2) бағалау нәтижелерiнiң негiзiнде инвестициялық негiздемелер әзiрлеу;
      3) коммуналдық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру;
      4) коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды қаржыландырудың арнайы құралдарын жасау;
      5) ғылыми-техникалық дамыту;
      6) нормативтiк-техникалық құжаттаманы дамыту;
      7) кадрлық қамтамасыз ету.
      Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды қамтамасыз ету үшiн инженерлiк желiлер мен объектiлердiң техникалық жай-күйiне тұрақты бағалау жүргiзу қажет, оның нәтижесiнде объектiлердi пайдалану немесе күрделi жөндеу мүмкiндiгi туралы қорытынды (техникалық есеп) және тұжырымдар, олардың сенiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсынымдар жасалады.
      Инженерлiк желiлер мен объектiлердiң техникалық жай-күйiне жүргiзiлген бағалаудың негiзiнде коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға инвестициялық негiздеме әзiрлеу жүргiзiледi.
      Республикалық бюджеттен қаржыландыру үшiн жергiлiктi атқарушы органдар өтiнiм берген коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөнiндегi жобаларды iрiктеу инвестициялық негiздемелердiң деректерiне сәйкес жүргiзiлетiн болады.
      Бағдарламада коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын қаржыландырудың мынадай қағидаттары белгiленген:
      қайта жаңарту мынадай жолмен жүргiзiлуге тиiс:
      1) табиғи монополия субъектiлерiн орта мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi инвестициялық бағдарламаларға өткiзе отырып тарифтiк реттеу;
      2) мемлекеттiк меншiктегi объектiлер үшiн бюджеттiк қаражат бөлу, сонымен бiрге табиғи монополия субъектiлерiн (коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар) тарифтiк реттеудi жүргiзу;
      халықтың коммуналдық қызметтерге қол жеткiзуiн арттыру үшiн жаңа инженерлiк желiлер салу бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiлетiн болады.
      Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртудың тиiмдi және негiзгi аспектiлерiнiң бiрi жүргiзiлiп жатқан тарифтiк саясаттың озық құралдарын қолдану болып табылады.
      Оған инвестициялық (орта және ұзақ мерзiмдi) тарифтер бойынша жұмыс iстейтiн табиғи монополия субъектiлерiнiң санын iс жүзiнде арттыра отырып, инвестициялық тарифтердi қолдану жатады.
      Инвестициялық тарифтер бойынша жұмыс iстейтiн табиғи монополия субъектiлерiнiң санын арттыру мүмкiндiгiн iске асыру үшiн мыналар қамтамасыз етiледi:
      1) тарифтiк кiрiстер есебiнен және заемдық қаражатты мейiлiнше аз тарта отырып, жаңғырту жөнiндегiдегi жұмыстарды жүргiзу үшiн инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) қажеттi көлемде қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында негiзгi қаражатқа кезең-кезеңмен (үш-төрт жылда бiр рет) қайта бағалау жүргiзу;
      2) жабдықтарды ауыстыра, жаңа техникалар мен технологияларды енгiзе отырып, инженерлiк желiлер мен құрылғыларды жаңғыртуға және қайта жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеу және бекiту;
      3) реттелетiн қызметтерге инвестициялық тарифтер (орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кезеңдерге) бекiту;
      4) реттелетiн қызметтерге бiр мезгiлде тарифтердiң өсуiне жол бермеу үшiн республиканың барлық өңiрлерiнде табиғи монополия субъектiлерiнiң, ең алдымен - базалық субъектiлердiң (2015 жылға қарай мiндеттi көшуiне орай) инвестициялық тарифтерге көшуi бойынша кесте әзiрленетiн болады.
      Электр энергиясын беру және тарату секторында 2011 жылы 24 базалық ӨЭК инвестициялық тарифтер бойынша жұмыс iстейдi, бұл тарифтердiң тұрақтылығы мен болжамдығын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
      Жалпы 2011 — 2020 жылдар iшiнде тарифтiк кiрiстер есебiнен электр энергиясын беру және тарату секторында шамамен 271 млрд. теңгенi инвестициялау жоспарланып отыр.
      Жабдықтарды ауыстыру, трансформаторлық қосалқы станциялардың қуатын, электр беру желiлерiнiң өткiзу қабiлетiн арттыру жөнiндегi iс-шаралардан басқа басым және экономикалық тиiмдi iс-шаралардың бiрi ретiнде электрлiк желiлiк компаниялардың тұрмыстық деңгейде электр энергиясын коммерциялық есептеудiң автоматтандырылған жүйесiн (бұдан әрi - ЭКЕАЖ) енгiзуiн көздейдi.
      ЭКЕАЖ енгiзу ақпаратты жинау, беру және өңдеу жөнiндегi еңбек шығындарын бiршама төмендетедi, электр энергиясын тұтынуға жедел бақылауды және диспетчерлiк кестенiң жүктемесiн орындауды қамтамасыз етедi, техникалық ысырапты қысқартады.
      Жылу энергиясы секторында 2011 жылдың соңына дейiн 18 базалық субъект инвестициялық тарифтер бойынша жұмыстар жасайды деп болжанып отыр, 2010 жылы 8 базалық субъект инвестициялық тарифтермен жұмыс жүргiзген. Бұл ретте, 2011 жылдан бастап 2020 жылға дейiнгi кезеңдердегi инвестицияның көлемi тарифтер есебiнен 140 млрд. теңге мөлшерiнде жоспарланып отыр.
      Жылу-энергетика саласындағы табиғи монополия субъектiлерi iске асыратын, қызмет көрсету сапасын, қызмет мерзiмiн арттыратын және энергияның ысырап деңгейiн төмендететiн басым iс-шаралар шеңберiнде қызмет мерзiмi аяқталған құбырларды алдын ала оқшауланған құбырларға ауыстыру көзделiп отыр.
      Газбен жабдықтау секторында 2011 - 2020 жылдардың iшiнде тарифтердiң есебiнен шамамен 41 млрд. теңгенi инвестициялау жоспарланып отыр.
      Табиғи монополия субъектiлерiнiң инвестициялық тарифтермен жұмыс iстеуге көшуi тұтынушылар үшiн тарифтердiң тұрақтылығы мен болжамдығы, активтердi жаңғыртуға инвестициялар салу есебiнен қызметтердiң сапасын көтеру, желiлердегi нормативтерден артық ысыраптарды жою, техникалық ысыраптарды төмендету қамтамасыз етiледi.
      Өз кезегiнде, нормативтерден артық ысыраптарды нормативтiк-техникалық оңтайландыру және жою қаржылық қаражатты босатып алуға және коммуналдық секторды дамыту үшiн қаржыландыру көздерiн құруға мүмкiндiк бередi.
      Бүгiнгi күнi нормативтiк ысыраптардың деңгейi жыл сайын 1 - 2 % төмендеп отыр. Заңнамада 2014 жылдың соңына дейiн нормативтерден артық ысыраптарды толық жою көзделген.
      Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамаға сәйкес табиғи монополия субъектiлерiнiң инвестициялық бағдарламаларды iске асыруына мониторинг жүргiзу жалғасатын болады. Жүргiзiлген мониторинг шеңберiнде есептердi қарау, сондай-ақ бақылау iс-шараларын өткiзу қызметтердi тұтынушылардан, инвестициялық бағдарламаларды iске асырудан алынған қаражатты мақсатты пайдалануына кепiлдiктi қамтамасыз етедi.
      Табиғи монополия субъектiлерi инвестициялық бағдарламаларды орындамаған жағдайда оларға табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамада көзделген мынадай ықпал ету шаралар қолданылады: реттелетiн қызметтерге арналған тарифтердi уақытша төмендету және әкiмшiлiк айыппұл.
      Тарифтер өсуiнiң инфляция деңгейiне әсерiн төмендету, сондай-ақ электр экономикасын үнемдеудi ынталандыру үшiн тұтынушылардың топтары бойынша және тұтыну көлемiне байланысты сараланған тарифтердi қолдану практикасы жалғасатын болады.
      Тұтынушылардың топтары бойынша сараланған тарифтердi енгiзу коммуналдық сектор кәсiпорындарының табыстылығын арттыруға және тиiсiнше жаңғыртуға қаражат жұмсауға мүмкiндiк бередi. Бұл ретте, топтар бойынша сараланған тарифтердi енгiзгенге дейiн мiндеттi түрде аралас салаларда шығарылатын өнiмдердiң өзiндiк құнына олардағы өзгерiстердiң әсерiне талдау жүргiзiледi.
      Өңiрлердiң арасында республикалық бюджеттiң қаражатын бөлу кәсiпорындар-қызмет көрсетушiлер жоспарлаған инвестицияларға тепе-тең мөлшерде жүзеге асырылады.
      Жергiлiктi атқарушы органдарға республикалық бюджеттен қаражат бөлудiң мiндеттi шарты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысымен бекiтiлген Нысаналы даму трансферттерiн бөлу қағидасына сәйкес әрбiр жобаның құнына байланысты жергiлiктi бюджеттi қоса қаржыландыру болады.
      Iс-шаралардың жекелеген кешенi ретiнде қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрi - ҚТҚ) басқару және өңдеу саласын дамытуды қарастыру қажет. ҚТҚ басқарудың перспективалы жүйесiнiң негiзгi құрамдас бөлiгi кейiннен қалдықтарды толық қайта өңдей отырып, ҚТҚ түзiлген жерлерде оларды бөлек жинауды ұйымдастыру болып табылады.
      Қолданыстағы табысты шетелдiк тәжiрибенi қолдана отырып, елдiң 2 - 3 iрi қаласында қоқысты бөлек жинайтын технологияны енгiзу жөнiндегi пилоттық жобаларды iске асыру мүмкiндiгi қарастырылатын болады.
      Қоқысты бөлек жинауды дамытудың ойдағыдай болуы, әлбетте ақпараттық-түсiндiру жұмыстарының сапасымен айқындалады. ЖАО қоқысты бөлек жинауды түсiндiру және насихаттау жөнiнде халықпен жұмыс жүргiзгенi жөн.
      Қоқысты бөлек жинайтын жүйенi енгiзу үшiн ЖАО коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы кәсiпорындарды техникалық қайта жарақтандыру үшiн оларды қаржылық қолдау мүмкiндiгiн қарастыруы қажет.
      Коммуналдық кәсiпорындардың «ұзақ мерзiмдi» және «арзан» қарыздарға қол жеткiзуiн қамтамасыз ету мақсатында мамандандырылған қаржы ұйымын құру мүмкiндiгi қарастырылатын болады, олардың негiзгi мақсаты қаржы қаражатын шоғырландыру және коммуналдық сектордағы жобаларды қайтарымды негiзде қаржыландыру (қоса қаржыландыру) болып табылады.
      Бағдарламаны iске асыруды қамтамасыз ету үшiн тұрғын үй қоры мен коммуналдық қызмет инфрақұрылымы жай-күйiнiң тұрақты жаңартылатын көрсеткiштерi бар ақпараттық-талдамалық жүйе құру қажет, ол объектiлердiң жай-күйiне мониторинг жүргiзудi және жүргiзiлген iс-шаралардың тиiмдiлiгiн бағалауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
      Ақпараттық-талдау жүйесiн құру саланы одан әрi дамыту нұсқалары мен әлеуетiн модельдеуге, қажеттi ресурстар көлемiне бағалау жүргiзуге және iске асырылатын iс-шаралардың тиiмдiлiгiне болжамдар жасауға мүмкiндiк бередi.
      Қолға алынған елдi индустриялық-инновациялық дамыту бағытын ескере отырып, коммуналдық секторды дамыту ТКШ-те жүйелi түрде жаңа технологиялар әзiрлеу және енгiзудi талап етедi. Осыған орай ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу қажет.
      Секторды технологиялық дамыту үшiн 5-10 жылда кемiнде бiр рет барлық нормативтiк-техникалық құжаттарды қайта қарау қажет, бұл жыл сайын 20 нормативтiк-техникалық құжатты қайта қарауды және бекiтудi көздейдi. Нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлеу мен жетiлдiрудiң негiзгi мақсатының бiрi ТКШ-ге ресурс және энергия үнемдейтiн үдерiстердi енгiзу болып табылады.
      Саланы кадрлық қамтамасыз ету шеңберiнде практикалық оқыту үлесiн ұлғайту, ТКШ саласы үшiн ғылыми кадрлар даярлау, ТКШ саласы мамандарының бiлiктiлiгi мен құзыретiн арттыру жүйесiн дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру мамандықтарының жiктеуiшiне ТКШ өзгешелiгi бойынша «Инженерлiк жүйелер мен желiлер» жаңа мамандық енгiзу жолымен жоғарғы, техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарында кадрлар даярлау жүйесiн жетiлдiру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет