Қазақстан Республикасының Заңы «Азаматтық қорғау туралы»


-бап. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік инспектордың құқықтары мен міндеттері



бет5/11
Дата09.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#124578
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

21-бап. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік инспектордың құқықтары мен міндеттері


    1. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік инспектор:

белгіленген тәртіпті сақтай отырып, азаматтық қорғау саласындағы жағдайға тексерулерді жүргізу мақсатында құқықтық мәртебесіне, меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан тексерілетін субъектіге барып шығуға;

азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын тексеруге қажетті құжаттармен танысуға;

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте бұзушылықтарға кінәлі адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға;

адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ұйымның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін, оның ішінде қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты қызметін соттың шешімінсіз үш тәуліктен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға және анықталған бұзушылықтар үш тіулік ішінде жойылмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес тоқтата тұруға немесе тыйым салуға сотқа талап-арыз жолдауға;

Актіні шығару жолымен тексерілген заңды немесе жеке тұлға ұсынған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша хабарламаның негізінде ұйымның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін, оның ішінде қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдауға құқылы.

Қалған барлық жағдайларда ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын жартылай немесе толық тоқтата тұруды, субъектiлер азаматтық қорғау саласындағы нормаларды, қағидалар мен техникалық регламенттерді бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектiнi, құрылыстарды, ғимараттарды салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт және өнеркәсіптік қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмағанда ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салуды уәкiлеттi орган ведомстволарының немесе аумақтық бөлімшелерінің арызы бойынша сот жүргiзедi.

Субъектiнiң жұмысын жартылай немесе толық тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы талап-арыз уәкiлеттi орган немесе уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте және негiздерде сотқа жiбередi.


    1. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік инспектор:

азаматтық қорғау саласындағы бақылау және қадағалауды жүзеге асыруға;

азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың сақтау жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерді жинауға, жалпылауға, жүйелендіруге және талдауға;

азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндетті.

3. Өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін мемлекеттік инспекторлар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тәртіптік, әкімшілік, материалдық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Мемлекеттік инспектордың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шағым берілуі мүмкін.

4. Мемлекеттік инспекторлардың өмірі мен денсаулығын сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мүгедектігі бойынша, асыраушыдан айырылған жағдайда мемлекеттік инспекторлардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қамсыздандырылуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

22-бап. Мемлекеттік инспектор актілері


  1. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуына қарай жүргізілген мемлекеттік бақылау және қадағалаудың нәтижелері бойынша:

  1. тексеру нәтижелері туралы акт;

  2. әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама;

3) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы;

4) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым;

5) тексеру нәтижелері бойынша ұйымның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін, оның ішінде қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты қызметіне тыйым салу туралы нұсқама-акт;

6) тексерілетін заңды немесе жеке тұлғалар құқық бұзушылықтарды жойғаны туралы жазбаша хабарламаны ұсынғаннан кейін берілетін ұйымның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін, оның ішінде қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты қызметін қайта бастау туралы акт шығарылады.

3. Мемлекеттік инспекторлардың актілері жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

23-бап. Азаматтық қорғау саласындағы бақылау және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі
1. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тексеру және өзге нысандарда жүзеге асырылады.

2. Тексерулерді жүргізудің түрлері мен тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасына сәйкес анықталады.

3. Мемлекеттік бақылау және қадағалаудың өзге нысандары осы Заңға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың өзге нысандары жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік бақылау және қадағалаудың өзге нысандарының қорытындылары бойынша азаматтық қорғау саласындағы заңнаманың бұзушылықтары анықталған жағдайда уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша анықталған бұзушылықты дереу жою туралы нұсқама шығарылады.

6. Бақылаудың өзге нысандарының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дереу жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткізілетін жоспардан тыс тексерулер арқылы жүзеге асырылады.



24-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау
1. Қауіпті өндірістік объектілерде өндірістік бақылауды қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерінің тәуекелін барынша азайту мақсатында ұйым иесіне тікелей бағынатын өндірістік бақылау қызметінің персоналы жүзеге асырады.

2. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті өндірістік бақылаудың міндеттері болып қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс өндірісі қауіпсіздігінің жағдайына әсер ететін бұзушылықтардың мән-жайлары мен себептерін анықтау табылады.

3. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын барлық ұйымдарда өндірістік бақылау туралы ереже әзірленеді.

Ережеде өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары мен талаптарының іске асырылуына бақылауды жүзеге асыратын ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің өкілеттігі қамтылуы тиіс.

Ережеге сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары мен талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыратын адамдардың функциялары мен өкілеттігін бекіту ұйым бойынша бұйрықпен ресімделеді.

5-бөлім. Азаматтық қорғаныс
25-бап. Азаматтық қорғанысқа басшылық ету және оны басқару


    1. Азаматтық қорғаныс азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде соғыс уақытында азаматтық қорғау міндеттерін орындауға арналған.

2. Азаматтық қорғанысқа басшылық етуді лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысының бастығы болып табылатын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жүзеге асырады.

3. Уәкілетті орган басшысы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары болып табылады және бейбіт уақытта азаматтық қорғанысқа басшылық етеді.

4. Ұйымдарда, орталық және жергілікті атқару органдарында азаматтық қорғанысқа басшылықты лауазымы бойынша осындай қорғаныстың басшысы болып табылатын олардың бірінші басшылары жүзеге асырады.

5. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша азаматтық қорғаныстың соған сәйкес басшыларының орынбасарлары болып табылады.

6. Мемлекетті азаматтық қорғанысқа дайындау қару-жарақтың, әскери техниканың және әскери қақтығыстарды жүргізу кезінде немесе осы қақтығыстардың салдарынан туындайтын қауіптерден халықты қорғау құралдарының дамуын ескере отырып, бейбіт уақытта алдын ала жүзеге асырылады.

7. Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде азаматтық қорғанысты жүргізу ерекше жағдайларда әскери қақтығыстардың нақты басталуынан немесе Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізуден, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі бойынша басталады.

8. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету:

уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелеріне;

облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орталық және жергілікті атқарушы органдарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі бөлімшелеріне;

бірінші басшыға тікелей бағынысты азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі санатталған ұйымдардың бөлімшелеріне (жекелеген қызметкерлеріне) жүктеледі.

Уәкілетті органдарда, оның аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты мекемелерде штат санының лимиті шегіндегі лауазымдар бөлігі әскери қызметкерлермен, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарынан, өзге әскерлер мен әскери құралымдардан ауыстырылғандармен (іссапармен жіберілгендермен) жасақталады.

9. Азаматтық қорғаныс бастықтары:

Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығы белгiлеген тәртiпте соған сәйкес деңгейдегi азаматтық қорғаныс жоспарларын бекiтуге және қолданысқа енгізуге;

белгiленген тәртiпте бағынысты аумақта халықтың эвакуациясын жүргізуге;

заңнамада белгiленген тәртiпте азаматтар мен ұйымдарды азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүргiзуге қатыстыруға міндетті.

10. Уәкілетті органның туы мен рәмізі болады.

Уәкілетті органның туы мен рәмізінің сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.


26-бап. Қалаларды азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызу. Ұйымдарды азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызу
1. Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу халықтың мемлекеттiк, қорғаныстық маңызына және қамсыздандырылуына қарай азаматтық қорғаныс iс-шараларын кешендi және сараланған түрде жүргiзу мақсатында жүзеге асырылады.

2. Азаматтық қорғаныс бойынша орындалатын мiндеттердiң көлемiне қарай қалалар үшін мынадай топтар айқындалады: ерекше, бiрiншi, екiншi және үшінші.

Қалаларды топтарға жатқызу мынадай критерийлер бойынша белгіленеді:

1) ерекше топқа республикалық маңызы бар қала және астана;

2) бiрiншi топқа:

халқының саны миллион және одан астам адам;

аумағында аса маңызды санаттағы үш ұйымнан немесе 50-ден астам санаттандырылған ұйымдар орналасқан халқының саны 500 мың және одан астам адам;

қала халқының не аумағының 50 пайыздан астамы ғаламдық немесе өңiрлік ауқымдағы төтенше ахуалдардың болуы ықтимал аймағына кіретін қалалар;

3) екiншi топқа:

халқының саны 500 мың және одан астам адам;

халқының саны 250 мыңнан 500 мың адамға дейiн, аумағында кемiнде аса маңызды санаттағы екi ұйым не 20-дан астам санаттандырылған ұйымдар орналасқан;

қала халқының не аумағының 30-дан 50 пайызға дейiн ғаламдық немесе өңiрлiк ауқымдағы төтенше ахуалдардың болуы ықтимал аймағына кіретін қалалар жатады;

4) үшінші топқа:

халқының саны 250 мыңнан 500 мың адамға дейiн;

халқының саны 10 мыңнан 250 мың адамға дейiн, аумағында кемiнде аса маңызды санаттағы бiр ұйым не екіден астам санаттандырылған ұйымдар орналасқан;

қала халқының не аумағының 30 пайызға жуығы ғаламдық немесе өңiрлiк ауқымдағы төтенше ахуалдардың болуы ықтимал аймағына кіретін болып бөлінеді.

3. Ұйымдар үшін қауіпті болуы ықтимал әлеуметтiк-экономикалық салдарының шамасына, төтенше ахуалдардың ықтималдығына қарай азаматтық қорғаныс бойынша мынадай санаттар айқындалады: аса маңызды және санаттандырылған.

Ұйымдар мынадай белгілері бойынша санаттарға бөлінеді:

1) аса маңызды санатқа аумағында жұмыс iстеуiнiң бұзылуы ұлттық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн және төтенше ахуалдардың пайда болу қаупiн тудыратын стратегиялық объектілер орналасқан ұйымдар;

2) санаттандырылғандарға жұмыс iстеуiнiң бұзылуы елеулі әлеуметтік-экономикалық салдарға, өңiрлiк және жергілiктi ауқымдағы төтенше ахуалдардың туындауына әкелуi мүмкiн ұйымдар;

аса маңызды мемлекеттік объектiлер;

өнеркәсіптің, көлiк-коммуникация кешенiнiң, энергетиканың, байланыстың жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан, қайта құрылатын және жобаланатын қауiптi өндiрiстік объектiлерге ие, мемлекеттiк және экономикалық маңызы бар ұйымдар;

тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiмен бекiтілген уларды өндіріп шығарумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен, сатып алумен, сақтаумен, сатумен, іске асырумен, пайдаланумен және жоюмен айналысатын ұйымдар;

аумағында тіршілiктi қамтамасыз ету объектiлерi орналасқан ұйымдар жатады.

4. Ұйым азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйыммен бiр өндiрiстік аумақта орналасқан кезде дәл сол санатқа теңестiрiледi.

5. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органдары азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келiсе отырып, жыл сайын азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу жөнiндегі ұсыныстарды дайындайды және оларды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға бекiту үшiн жiбередi.



27-бап. Азаматтық қорғаныс іс-шаралары
1. Әскери қақтығыстар туындаған жағдайда халықты, аумақ пен объектілерді қорғау, залал мен ысырапты азайту мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғаныстың санаттандырылған ұйымдары өз құзыреті шегінде:

1) алдын ала:

азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлейді;

азаматтық қорғаудың басқару, хабардар ету және байланыс жүйелерін құрады және дамытады, оларды пайдалану үшін әзірлікте ұстайды;

азаматтық қорғау күштерін құрады, жасақтайды, жарақтайды және әзірлікте ұстайды;

басқару органдарын дайындайды және зақым келтіру құралдары қолданылған жағдайда халықты қорғау тәсілдері мен іс-әрекеттерді жүргізуге жаппай оқытады;

қорғау құрылыстарын салады және оның қорын жинақтайды, оларды жұмыс істеу әзірлігінде ұстайды;

азаматтық қорғаныс мүлкін құрады, жинақтайды және уақытылы жаңартады;

эвакуациялау іс-шараларын жоспарлайды;

салалар мен ұйымдардың тұрақты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларын жоспарлайды және орындайды;

азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларын жүргізеді;

2) әскери қақтығыстар туындаған жағдайда:

қауіп және қазіргі зақым келтіру құралдарын қолдану туралы хабардар етеді, халықты іс-әрекет тәртібі мен қағидалары туралы ақпараттандырады;

қорғау құрылыстарында халықты жасырады, қажет болған жағдайда жеке қорғану құралдарын пайдаланады;

жарақаттанғандар мен зақымданғандарға медициналық көмек көрсетеді;

эвакуациялық іс-шараларды жүргізеді;

азаматтық қорғаудың қосымша басқару, хабардар ету және байланыс пункттерін құрады;

авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізеді;

басқарудың, хабардар етудің және байланыстың бұзылған жүйелерін қалпына келтіреді;

азаматтық қорғау құралымдарының әзірлігін қалпына келтіреді.



28-бап. Азаматтық қорғаныс күштерінің құрамы
Азаматтық қорғаныс күштеріне азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныс басқармалары мен бөлімдері органдары, азаматтық қорғаудың басқару органдары, азаматтық қорғау күштері және басқа да ұйымдар кіреді.

29-бап. Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының әскери бөлімдері және олардың бейбіт және соғыс уақытындағы міндеттері


  1. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің негізгі міндеттері:

  1. бейбіт уақытта:

Қазақстан Республикасының аумағында төтенше ахуалдар кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;

әскери, жұмылдыру және саяси дайындықты ұйымдастыру;

төтенше ахуалдар аймақтарында халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау;

төтенше ахуалдардың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған іс-шараларға қатысу;

Қазақстан Республикасының соған сәйкес келiсiмдері жасалған шетел мемлекеттерінің аумақтарында төтенше ахуалдар болған кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;

басқару пункттерін күзету және оларға қызмет көрсетілуді қамтамасыз ету;

төтенше ахуалдар аймақтарына, оның ішінде шетел мемлекеттеріне жеткізілетін жүктерді тасымалдау, бiрге алып жүру және күзету;

жұмылдыруды күшейту дайындығы мен әскери дайындықты жоғарғы дәрежеге келтіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

бейбiт және соғыс уақытында азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiн күшейтуге, авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзуге арналған қару-жарақты, техниканы, басқа материалдық-техникалық құралдарды жинақтау, сақтау және уақытылы жаңарту;

оқу-жаттығу объектілері мен полигондарын әзірлікте ұстау;

уәкілетті органның шұғыл резервін қамсыздандыру болып табылады.


  1. соғыс уақытында:

қорғаныс шептері мен позицияларын құру;

зақымдану ошақтарында және жұқтыру аймақтарында радиациялық, химиялық барлауды жүргізу;

зақымдану ошақтарында, жұқтыру және апаттық су басу аймақтарында авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу;

аэродромдарды, жолдарды, өткелдерді және тыл инфрақұрылымның басқа да маңызды элементтерін қалпына келтіру, жүк тиейтін пункттерді жабдықтау;

халықты эвакуациялауға қатысу;

аумақтық қорғаныстың жекелеген міндеттерін орындау;

қорғанысты ұйымдастыру мәселелері жөніндегі Қорғаныс министрлігінің Штаб бастықтары комитетінің нұсқауларын орындау болып табылады.

2. Азаматтық қорғаныс әскери бөлiмдерiнің Қазақстан Республикасының соған сәйкес келiсiмдер жасаған шетел мемлекеттері аумақтарында авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарға қатысуы халықаралық шарттарда белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.

3. Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiн қолдану туралы шешімді уәкілетті орган басшысы қабылдайды.

4. Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының әскери бөлімдері сондай-ақ азаматтық персоналмен де жасақталады. Орны азаматтық персоналмен ауыстырылатын лауазымдар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жалпы саны шегінде уәкілетті орган басшысы белгілейді.

5. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері техникамен және құрал-жабдықтармен жарақталады.

6. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің жұмылдырылуын күшейту үшін штаттарға және тиістілік нормаларына сәйкес техника, қару-жарақ, материалдық және техникалық құралдардың қорлары құрылады және қамсыздандырылады.

7. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi жеке құрамының авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезіндегі қызмет режимін және жұмыс уақытының ұзақтығын төтенше ахуалдарды жоюдың сипаты мен жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктерін ескере отырып оның басшысы белгілейді.

8. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің тұрғын үй-жайлары және өз әскери қалашықтарының өзге құрылыстары, полигондар, оқу-жаттығу объектілері, оқу-материалдық базасы, материалдық және техникалық құралдары мемлекеттің меншігі, активтері болып табылады. Азаматтық қорғаныс бөлімдері жоғарыда аталып кеткен және бөлінген өзге мүліктерге қатысты оралымды басқару құқығын пайдаланады.



30-бап. Азаматтық қорғаныстың объектiлерi және мүлкi
1. Азаматтық қорғаныстың объектiлерiне: азаматтық қорғаныстың басқару органдарының басқару пункттерi, жеке тұрған және қосып салынған радиацияға қарсы баспаналар, азаматтық қорғаныс мүлкiн сақтауға арналған қойма үй-жайлары жатады.

Азаматтық қорғаныс мүлкiне: жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық барлау мен дозиметрлiк бақылау құралдары, жеке медициналық қорғану құралдары, байланыс және хабардар ету құралдары және басқа материалды-техникалық құралдар жатады.

2. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету үшiн азаматтық қорғаныстың басқару органдарында азаматтық қорғаныс мүлкiнiң қоры құрылады.

3. Жедел басқару, шаруашылық жүргізу құқығындағы экономика салаларының ұйымдарына бекітілген және азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету мен жұмылдыру тапсырмаларын орындауға арналған мемлекет меншігі болып табылатын азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкi иеліктен айыруға жатпайды.

4. Мемлекеттік органдардың басқару пункттері қосымша (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы болып бөлінеді.

Қалалық қосымша басқару пункттері азаматтық қорғаныстың санаттандырылған қалаларының қорғаныс жайларында орналастырылады. Азаматтық қорғаныстың санаттандырылмаған қалалардағы және ауыл аудандарындағы басқару пункттері радиациядан қорғану жайларында орналастырылады.

Қала сыртындағы қосымша басқару пункттері қауіпсіз аймақта, апатты су басу ықтимал аймағынан тыс жерде орналастырылады.

Қосымша басқару пункттерінің күштері мен құралдарын басқару қиын болған немесе мүмкін болмаған жағдайда белгілі бір уақыт кезеңіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік басқару органының біріндегі басқару пункттерінің негізінде күшейтілетін қосымша басқару пункттері құрылады.

Жылжымалы басқару пункттері автомобильдерде, әуе кемелерінде, ішкі су және темір жол көліктерінде орналастырылуы мүмкін.

5. Мемлекеттік органдардың қорғау құрылыстары соған сәйкес деңгейдегі мемлекеттік бюджет есебінен қамсыздандырылады.

Қауіптілігі ықтимал объектілердің, азаматтық қорғаныстың санаттандырылған объектілердің аумағында орналасқан, олардың ең көп жұмыс істейтін ауысымы үшін жұмылдыру тапсырысы бар қорғау құрылыстары ұйымдар қаражаты есебінен қамсыздандырылады және азаматтық қорғаныс мүддесінде қолданылады.

6. Азаматтық қорғаныстың объектісі мен мүлкі бар заңды тұлғаның түрі және нысаны өзгерген жағдайда, олардың объекті мен мүлікті мақсаты бойынша қолдану дайындығы қалпында ұстау, сондай-ақ оларды құру және жинақтау тапсырмалары сақталады.



2-бөлім. Табиғи және техногендік сипаттағы

төтенше ахуалдардың алдын алу
6-тарау. Азаматтық қорғау іс-шаралары
31-бап. Халықты, аумақтар мен объектiлерді табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше ахуалдардан азаматтық қорғау іс-шаралары
1. Төтенше ахуалдардың алдын алу олардың пайда болу мүмкіндігін, келтірілетін залалдың мүмкіндігін ескере отырып, жүргізіледі.

2. Табиғи және техногендік төтенше ахуалдардың алдын алу жөніндегі іс-шараларына:

1) Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын қорғау жөніндегі құқықтық, экономикалық, нормативтік-әдістемелік және техникалық құжаттарды әзірлеу;

2) төтенше резервтерді құру және пайдалану жөніндегі жұмысты үйлестіру, тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу;

3) меншік нысаны мен ведомстволық қатысына қарамастан атқарушы билік, жергілікті басқару органдарының, мемлекеттік мекемелердің, объектілердің және ұйымдардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алу саласындағы қызметтерін үйлестіру;

4) тиісті аумақта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алу жөніндегі бағдарламаларын, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері аумағының қауіпсіздік паспорттарын, тиісті аумақтың су айдындары паспорттарын, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдар қауіп-қатерінің каталогтарын, қауіпті өндірістік объектілердің қауіпсіздік декларациясын, объектілердің тұрақты қызмет етуін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу;

5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың болуы ықтималдығын есепке ала отырып, аумақтағы құрылыстарды жоспарлауды үйлестіру;

6) ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық тұрақты етіп салу және оларды сейсмикалық күшейту;

7) халық үшін қаржы ресурстарының резервін, азық-түліктің, дәрі-дәрмектің және материалдық-техникалық құралдардың, уақытша тұрғын үй қорларын құру;

8) басқару органдарының, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының әзірлігін қамтамасыз ету;

9) төтенше ахуалдардың салдарын жою дайындығы бойынша оқулар, жаттығулар, сабақтар өткізу және іс-әрекеттер жоспарларын әзірлеу;

10) табиғи және техногендік сипаттағы болуы ықтимал төтенше ахуалдар қауіптілігін, сондай-ақ халық үшін әлеуметтік-экономикалық салдарын ғылыми зерттеу, болжамдау және бағалау;

11) мониторинг, халықты хабардар ету, аумақтар мен объектілерді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардан қорғау жүйелерін ұйымдастыру;

12) жер сілкінісін болжаудың жаңа тәсілдерін әзірлеу және енгізу жөніндегі сын-тәжірибелік және ғылыми-зерттеу жұмыстары кешенін орындау жатады.

3. Халықты, аумақтар мен объектiлерді болуы ықтимал жер сiлкiнiстерiнен қорғау мақсатында ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту жөніндегі алдын ала іс-шараларды жүргізеді.

4. Cу басулардан, селден, тасқындардан және ірі су қоймаларының саяздануынан, сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, сырғымалардан, опырылулардан, қатты жер сілкіністерінен қорғану іс-шаралары халық, объектілер, инфрақұрылымдар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және оларға:

1) қорғау гидротехникалық және өзге құрылыстарды жобалау, салу және пайдалануға беру;

2) теңiздер мен iрi су қоймалары деңгейлерi өзгеруiнiң, қоршаған орта жағдайының мониторингi жүйелерiн ұйымдастыру, жағалау аймағындағы желкөтерме құбылыстары туралы халықты және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi хабардар етуді ұйымдастыру;

3) сел және көшкін қауіпсіздігі мониторингі, халық пен объектілерді сел қаупі мен туындауы туралы тиісті хабардар ету жүйелерін ұйымдастыру;

4) таулы беткейлер, биік таулар, морена және мұздық көлдер қаупін азайту жөніндегі алдын ала іс-шараларын әзірлеу және жүзеге асыру;

5) тау арналарының, сел ошақтарының, көшкін қауіпті аймақтардың фитомелиорациясын өндіру;

6) қар көшкіндерін күштеп түсіру жұмыстарын жүргізу кіреді.

5. Пайдалы қазбалардың кен орындарын өңдеуге байланысты төтенше ахуалдардан азаматтық қорғау іс-шараларына:

1) өңделіп жатқан кен орындары аудандарындағы бұрыннан бар үйлер мен ғимараттардың беріктілігі мен орнықтылығын арттыру;

2) табиғи және техногендік сипаттағы болуы ықтимал төтенше ахуалдар туралы мониторинг жүйесін ұйымдастыру;

3) кен орындарын өңдеуге байланысты төтенше ахуалдардан келтірілуі мүмкін залалды азайту жөнiндегi іс-шараларды ұйымдастыру, ал оларды жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайда қорғау іс-шараларының қажеттi кешенiн орындап, кен орындарын өндiрудi тоқтату және кенiштердi консервациялау кiредi.

6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды уақытылы және толық жүргізу мақсатында орталық, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, объектілер және ұйымдар басшылары меншік нысанына және ведомстволық қатысына қарамастан халықты, аумақты және объектілерді қорғау жөніндегі қосымша шараларды қабылдауы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет