Қазақстан республикасының заңЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға»



бет1/3
Дата07.07.2016
өлшемі236 Kb.
#183437
  1   2   3


Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар, № 15, 77,79,81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63,64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2014 жылғы 6 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 43-бап мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:

«15. Су объектісінің жағалау жиегінен 500 метр шегінде орналасқан жер учаскелерін беру ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қорының жерлерін қоспағанда, су қорғау аймақтарының, белдеулерінің шекараларын айқындағаннан және олардың шаруашылық пайдалану режимін белгілегеннен кейін жүзеге асырылады.

Жағалау жиегінен тағайындау су қорын қорғау, сумен жабдықтау, су бұрғыштау саласындағы уәкілетті органмен бекіткен су қорғау аймақтарын анықтау ережелерімен белгіленеді».

2. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; №3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; №14, 72,75-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 30 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-бапта:

28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«28) су қорғау аймағы - судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшін шаруашылық қызметінің арнайы режимі белгіленетін су объектілеріне іргелес аумақ;»;

мынадай мазмұндағы 61), 62) және 63) тармақшалармен толықтырылсын:

«61) су тұтынудың немесе су бұрудың үлестік нормасы – өнім бірлігіне тұтынылатын немесе бұрылатын сарқынды судың белгіленген саны;

62) су тұтынудың немесе су бұрудың ұлғайтылған нормасы –экономиканың түрлі салаларында өнім бірлігіне тұтынылатын немесе бұрылатын сарқынды судың саны;

63) су сапасының стандарттары – жерүсті су объектілерінің жай-күйінің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қадағалануы тиіс судың гидрохимиялық, микробиологиялық, физикалық шекті сипатының сандық көрсеткіші.»;

2) 37-баптың 1-тармағының 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«26) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы әдістемені әзірлейді және бекітеді;»;

3) 40-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 25) және 26) тармақшалармен толықтырылсын:

«25) мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдерге сәйкес құрылған трансшекаралық өзендердің бассейндері бойынша шекаралас елдермен жұмыс топтарының қазақстандық бөлігінің қызметіне қатысады, трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау бойынша үкіметаралық комиссияның жұмысына қатысады;

26) бассейннің су режиміне басым ықпал ететін шекаралас елдердің аумағында орналасқан трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимінің есебі бойынша шекаралас елдердің бассейндік органдарымен өзара іс-әрекет жасайды.»;

4) 56-бапта 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша жерүсті су объектiсiнiң бассейні үшін уәкілетті органмен бекітілген су объектілерінің сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесі негізінде су сапасының стандарттарын әзірлейді және бекітеді.»;

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жерүсті су объектілері жай-күйінің нысаналы көрсеткіштері мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп уәкілетті органмен бекітілген әдістеме негізінде оларға қол жеткізу іс-шараларын әзірлейді.»;

5) 69-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«69-бап. Бастапқы және қайталама су пайдалану

1. Өз мұқтаждарын қанағаттандыру және (немесе) оны қайталама су пайдаланушыларға жеткізу үшін тікелей су объектiлерiнен су алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы бастапқы су пайдалану болып табылады.

2. Бастапқы су пайдаланушылармен немесе басқа жеке немесе заңды тұлғалармен шарт негізінде су алатын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы қайталама су пайдалану болып табылады.

3. Қайталама су пайдалануға арналған шартта су пайдалану мақсаты және арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілген көлемдер есебімен оны пайдаланудың негізгі талаптары көрсетіледі.

Сондай-ақ шарт су беру бойынша қызмет төлемімен бір уақытта бастапқы су пайдаланушылардың су ресурстарын пайдалануға және (немесе) ағынды суды тастау төлемді жүзеге асыру бойынша қайталама суды пайдаланушыға талаптарды қамтуы тиіс.

6) 72-бапта:

7) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«7) арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта немесе қайталама су пайдалануға арналған шартта айқындалған су пайдалану шарттарын, сондай-ақ бақылаушы органдардың нұсқамаларын белгіленген мерзімде толық көлемінде орындауға;

13) уәкілетті органның, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның, тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының оң шешімінсіз ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтумен байланысты емес мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жерасты суларын пайдалануға жол бермеуге;»;

7) 82-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«82-бап. Су пайдалану лимиттерi.

1. Өзен бассейндері бойынша және облыстардың су пайдалану лимиттерi бассейндiк схемалар негiзiнде онжылдық кезеңге белгiленедi және оларды уәкiлеттi орган бекiтедi.

2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес белгіленетін лимиттер негізінде уәкілетті органның өңірлік органдары облыстар, аудандар және бастапқы су пайдаланушылар бөліндісінде ағымдағы жылдың сулылығы болжамын, су объектілерінің экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйін, сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары мен қарқындарын ескере отырып, су пайдалану лимиттері белгіленеді.

Суға жыл сайынғы қажеттіліктерді қалыптастыру қайталама су пайдаланушылардың су пайдалану және су бұру көлемдерінің дәлелдері бойынша есептеулерге негізделген бастапқы су пайдаланушылардың өтінімдері бойынша жүзеге асырылады. Қайталама су пайдаланушылар үшін суды жеткізу көлемдері белгіленген лимиттерді ескере отырып, шарттармен айқындалады.

3. Уәкілетті органның өңірлік органы су тапшы жылдары су пайдалануды жедел реттеу мақсатында бастапқы су пайдаланушыларға ресми хабарлама жіберу арқылы су объектісінен су алуды шектеу немесе тоқтату бойынша шараларды қабылдайды. Сонымен қатар сумен қамтамасыз ету табиғат қорғау су жіберулерінен кейін басымдылығы суы аз жылдарды қамтамасыз етуге кепіл беретін, суармалы егіншілік, орта суы аз жылдарды және жайылма суаруды қамтамасыз кепіл ететін, орташа сулы жылда кепірді қамтамасыздыққа есептелген өнеркәсіптік кәсіпорындар болып табылады.

Реттеудің жедел шаралары қабылданғаннан кейін су пайдалану лимиті түзетуге жатады.»;

9) 86-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Су алу және пайдалану көлемдерiн қысқарту жөнiндегi талаптарға экономиканың барлық салаларында әртүрлi технологиялық процестерге су жұмсау нормативтерiн және су тұтынудың және су бұрудың нормаларын қайта қарау арқылы қол жеткiзiледi.»;

3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:

«Уәкілетті орган кемінде бес жылда бір рет экономиканың салалары үшін олар айқындайтын әдістеме бойынша су тұтынудың және су бұрудың ұлғайтылған нормаларын салалақ экономика үшін әзірлейді және бекітеді. Су тұтынудың және су бұрудың ұлғайтылған нормалары су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын әзірлеу, өнеркәсіп, энергетика және ауыл шаруашылығы объектілерін жобалау және қайта жаңарту, сондай-ақ өндіргіш күштер мен экономика салаларын орналастыру және дамыту схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдарын әзірлеу кезінде ескеріледі.

Су пайдаланушылар кемінде бес жылда бір рет уәкілетті органмен келісім бойынша су тұтынудың және су бөлудің ұлғайтылған нормалары шеңберінде өнім бірлігінің өндірісі үшін қажетті су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлейді.

Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары су тұтыну және су бұру көлемдерін негіздеу бойынша есептеулер кезінде ескеріледі.»;

9) 90-баптың 6-тармағында «пайдалануға рұқсат бере алады» деген сөздер «пайдалану туралы шешім қабылдайды» деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 92-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«92-бап. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау

1. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезiнде жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органдарында (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) су пайдалануды мiндеттi түрде тiркеп, жалпы осы су объектілеріне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығы саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысы болған жағдайда тiкелей жерүстi және жерасты су объектiлерiнен су алуға құқылы.

Өз қажеттіліктері үшін орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауды жүзеге асыратын жеке тұлғалар су пайдалануды тіркеуді ерікті түрде жүзеге асырады.

Су объектiлерiнен тәулiгiне елу текше метрге дейiнгi көлемде су алу кезiнде халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау арнайы су пайдалануға рұқсат алуды талап етпейдi.».

3. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат, № 12, 57-құжат, № 14, 72, 75-құжаттар, 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-бапта:

39) және 40) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«39) қондырғы операторы - жұмыс істеуі парниктік газдар шығарындыларын көздейтін, Қазақстан Республикасы аумағында меншігінде немесе заңды пайдалануында қондырғысы бар заңды немесе жеке тұлға;

40) қондырғы паспорты – парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асыратын қондырғының географиялық орналасқан жері, пайдаланылатын технологияның қызмет түрлерін, сипаттамалары туралы мәліметтерді және қондырғы паспортының нысанымен белгіленген өзге де мәліметтерді қамтитын құжат;»;

мынадай мазмұндағы 106) 107), 108), 109) және 110) тармақшалармен толықтырылсын:

«106) парниктік газдар шығарындыларының базалық деңгейі – Парниктік газдар шығарындыларына квотларды бөлудің ұлттық жоспарымен анықталған алдындағы жылдардағы парниктік газдар шығарындылары көлемінің орташа мөлшері;

107) парниктік газдар шығарындыларының мониторинг жоспары – қондырғы операторы тиісті Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлудің ұлттық жоспарының әрекет ету кезеңіне немесе парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірулерін арттыру бойынша жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мерзіміне әзірлейтін орындалуға міндетті құжат;

108) парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеу – тиісті Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлудің ұлттық жоспарының әрекет ету кезеңінде Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде жүзеге асырылатын көміртегі бірліктерін айналымнан алу (есептен шығару);

109) Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау – қалдықтардың түріне байланысты кейіннен кәдеге жаратуды, қайта өңдеуді және жоюды қамтамасыз ету үшін коммуналдық қалдықтар бөлек жиналатын процесс;

110) өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі операторы – өнімдерді және олардың қалдықтарын жинауды, шығаруды, кәдеге жаратуды, қайта өңдеуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын, өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі қолданылатын ұйым.»;

2) 5-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

«11-1) өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайталама материалдық ресурстар ретінде пайдаланудың басымдылығы;»;

3) 16-баптың 9) тармақшасында «мыналарды:» деген сөзден кейін мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

«Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу және белгіленген мөлшер және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының резервін қалыптастыру тәртібін;»;

4) 17-бапта:

мынадай мазмұндағы 24-2), 24-3) және 28-10) тармақшалармен толықтырылсын:

24-2) қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша операцияларды орындайтын субъектілердің тізілімін жүргізуді қамтамасыз етеді;

24-3) өнімдерді өндіру және (немесе) өнім тауарларын шеттен әкелуді жүзеге асыратын, өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі қолданылатын субъектілердің тізілімін жүргізуді қамтамасыз етеді;

28-10) парниктік газдарды реттеу мен сіңірулері саласында валидация және верификациясы тәртібін әзірлейді;»;

28-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«28-5) Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшері резерві мен көлемі резервін қалыптастыру мен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу тәртібін әзірлейді;»;

29) тармақшада «мыналарды:» деген сөзден кейін мынадай мазмұндағы отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

«өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігіне таратылатын өнімдер тізбесін;

өндірушінің кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру тәртібін;

коммуналдық қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге тарифтерді есептеу әдістемесін;

қалдықтарды жинау, әкету, қайта өңдеу, кәдеге жарату және көму бойынша операцияларды орындайтын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын;

мониторинг жоспары нысанын;

мониторинг жоспары бойынша және қондырғы паспорты бойынша валидациялық қорытынды нысандарын;

парниктік газдарды түгендеу туралы есеп бойынша верификациялық қорытынды нысанын;

Парниктік газдар шығарындыларының ұлттық жоспарының квота көлемі резервінен квоталарды бөлу әдістемесін;»;

30) тармақшада үшінші абзац алып тасталсын;

36-4) тармақшасы алып тасталсын;

5) 19-1-бапта:

барлық мәтін бойынша «қалалардың» деген сөзден кейін «, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен толықтырылсын;

2) тармақшада «көму» деген сөзден кейін «, қайта өңдеу» деген сөздермен толықтырылсын;

6) 20-1-бапта:

барлық мәтін бойынша «қалалардың» деген сөзден кейін «, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен толықтырылсын;

2) тармақшада:

«көму» деген сөзден кейін «, қайта өңдеу» деген сөздермен толықтырылсын;

«коммуналдық қалдықтарды» деген сөздердің алдында мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:

«қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін әдістемеге сәйкес есептелген;»;

7) 94-1-бапта:

1) тармақшада:

«табиғат пайдаланушыларға» деген сөздер «қондырғы операторларына» деген сөздермен ауыстырылсын»;

3) тармақшада:

«табиғат пайдаланушыларды» деген сөздер «қондырғы операторларын» деген сөздермен ауыстырылсын»;

8) 94-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«94-2-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар 

1. Қондырғыларды шығарындылары келесі реттелетін қызмет: мұнай-газ, энергетика, тау-кен металлургиясы, химия, өңдеуші (цемент, әк, гипс және кірпіш өндірісі) салаларында жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тоннасына тең келетін мөлшерден асатын парниктік газдар шығарындыларына квоталар алмай пайдалануына тыйым салынады.

2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын сақтауын тексеру Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына енгізілген қондырғыларға ғана қатысты жүзеге асырылады.

3. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарында көрсетілген көлемге сәйкес Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде қондырғы операторының шотына есепке салу арқылы тиісті Ұлттық жоспардың күшіне енген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде айналымға енгізіледі.

4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды енгізгеннен кейін қондырғы операторы Ұлттық жоспардың әрекет етуінің бірінші жылының бірінші сәуіріне дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымына валидацияланған мониторинг жоспары мен қондырғы паспортын ұсынады.

Осы тармақпен белгіленген мерзімде мониторинг жоспары мен қондырғы паспортын ұсынбаған жағдайда, қондырғы операторының шоты талап етілетін құжаттарды ұсынғанға дейін оқшауланады.

5. Қондырғы операторы есептік жылдан кейінгі жылдың бірінші сәуіріне дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға верификацияланған парниктік газдарды түгендеу туралы есепті ұсынуға немесе Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастры жүйесіндегі есептіліктің электрондық нысанын толтыруға міндетті.

6. Қондырғы операторына тиісті Ұлттық жоспарда белгіленген парниктік газдар шығарындыларына квоталарды артыруға тыйым салынады.

6-1. Қондырғы операторы квота бірліктерінің жетіспеушілігін Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына кірген өзінің қондырғылары арасында өтеуге құқылы.

Бұл ретте табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өзінің қондырғылары үшін берілген парниктік газдар шығарындыларына квота көлемін қайта қарау үшін жүгінуге құқылы емес.

7. Қондырғы операторы осы Кодекстің 94-4-бабының 1-тармағына сәйкес берілген квоталарды есептемегенде, квоталар бірліктерін сатуға немесе сатып алуға құқылы.

8. Ұлттық жоспардың әрекет ету кезеңінде берілген парниктік газдар шығарындыларына квоталар парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру және өзгерту қағидаларына сәйкес өтеуге жатады.»;

9) 94-3-бап алынып тасталсын;

10) 94-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«94-4-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту

1. Қондырғы операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға белгіленген базалық деңгейдің әрекет ету кезеңінен осы Кодекстың 94-2 баптың 6-1 тармақшасында көрсетілген оқиғалардан басқа, Ұлттық жоспардың әрекет ету мерзімінің аяқталуына дейін қондырғылардың қуаты көбейген, басқа жанармай түріне көшу немесе парниктік газдар шығарындыларының жаңа стационарлық көзін (көздерін) енгізген жағдайларда парниктік газдар шығарындыларына қосымша квота көлемін алу үшін өтініш жасайды.

2. Қондырғы операторы, оның атауы немесе ұйымдық-құқықтық нысаны ауысқан жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган растаушы құжаттар негізінде өтініш беруші жүгінген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміне тиісті өзгерістер енгізеді.

Парниктік газдар шығарындылары бойынша міндеттемелер жаңа қондырғы операторына ауыстырылады.

3. Заңды тұлға таратылған жағдайда, парниктік газдар шығарындыларына пайдаланылмаған квота көлемі Ұлттық жоспардағы квоталар көлемінің резервіне өтеді.

4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту тәртібі парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру және өзгерту қағидаларымен айқындалады.»;

11) 94-5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«94-5-бап. Ұлттық жоспар

1. Ұлттық жоспар парниктік газдар шығарындылары бойынша нысаналы көрсеткіштерді сақтауды қамтамасыз етеді.

Ұлттық жоспар парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу және белгіленген мөлшер резерві мен парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін қалыптастыру қағидаларына сәйкес әзірленеді және тиісті кезеңге бекітіледі.

2. Ұлттық жоспарда реттелетін қызмет салалары бойынша парниктік газдар шығарындыларына жалпы квота көлемі және қондырғы операторларының тізбесі олар үшін бөлінген парниктік газдар шығарындыларына квота көлемдерімен белгіленеді.

3. Ұлттық жоспар:

ішкі көміртегі нарығының теңгерімін қолдауға;

жаңа қондырғылар үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлуге;

осы Кодекстің 94-4-бабының 1-тармағымен көзделген жағдайларда қосымша квота бірліктерін беруге;

Ұлттық жоспардың әрекет ету кезеңінде шығарындылары жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тоннасын арттыратын әкімшілендіру субъектілері үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлуге;

аукцион шарттарында квоталарды сатуға арналған квоталар резервін қамтиды.

4. Қондырғы операторларын Ұлттық жоспарға енгізу және шығару тәртібі, сондай-ақ квота резервінен квоталарды бөлу мен сату парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу, белгіленген мөлшер резерві мен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін қалыптастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Квота көлемінің резервін басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның жүзеге асырады.

Резервтен парниктік газдар квоталарын сатудан түскен қаражат мемлекеттік бюджет кірісіне түседі.»;

12) 94-6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«94-6-бап. Қондырғы операторларын әкімшілендіру субъектілері

1. Қондырғы операторларын әкімшілендіру субъектілері (бұдан әрі - әкімшілендіру субъектілері) мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, химиялық, өңдеуші (цемент, әктас, гипс және кірпіш өндірісі) реттелетін қызмет салаларындағы парниктік газдар шығарындыларының көлемі жылына көміртегі қостотығының оннан жиырма мың тоннасына дейін құрайтын қондырғыларды пайдаланатын заңды тұлғалар болып табылады.

2. Осы Кодекс нормаларының күші, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлуді субъектілер жүзеге асыратын рәсімдер бөлігінде әкімшілендіру субъектілеріне қолданылмайды.

3. Әкімшілендіру субъектілері есептік жылдан кейінгі жылдың бірінші сәуіріне дейін Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастры жүйесіндегі есептіліктің электрондық нысанын толтырады немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға парниктік газдарды түгендеу туралы есепті ұсынады. Парниктік газдарды түгендеу туралы есептер верифицаланбайды.

4. Әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу тәртібі парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асырудың қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Әкімшілендіру субъектілері Ұлттық жоспардың әрекет ету кезеңінде олардың қондырғылары осы Кодекстің 94-2-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес квоталануға жатады.

6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындыларының мөлшеріне, парниктерді инвентаризациялар жылсайынғы есебін қарастыру тәсілімен бақылау жасайды.»;

13) 94-7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«94-7-бап. Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігі

1. Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігі:

1) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бірліктерімен сауданы;

2) парниктік газдарды сіңіру бірліктерінің, шығарындыларды сертификатталған азайту бірліктерінің, шығарындыларды азайту бірліктерінің, шығарындыларды ішкі азайту бірліктерінің саудасын;

3) парниктік газдар шығарындыларына шектеу және (немесе) азайтулар бар елдер және олардың заңды тұлғалары арасындағы белгіленген мөлшердегі бірліктердің халықаралық саудасын қамтиды.

2. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласына қатысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биржалық саудаға қатысушылар парниктік газдар шығарындылары нарығының субъектілері болып табылады.

3. Квота бірліктерін, парниктік газдар сіңірулерінің бірліктерін, шығарындыларды сертификатталған азайту бірліктерін, шығарындыларды азайту бірліктерін, шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін іске асыру Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларына сәйкес анықталатын тауар биржасында жүргізіледі.»;

14) 94-9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«94-9-бап. Көміртегі бірліктерінің саудасына қойылатын  талаптар

1. Парниктік газдар шығарындыларына квоталардың сауда жүйесіне қатысушы көміртегі бірліктері Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларына сәйкес ішкі сауда нарығында айналымда болады.

2. Сертификатталған азайтудың бірліктері және шығарындыларды азайту бірліктері ішкі және халықаралық сауда мақсаттарында пайдаланылуы және белгіленген мөлшердегі мемлекеттік есепке алу жүйесінен басқа да елдердің есепке алу жүйесіне өтуімен қамтамасыз етілуі мүмкін.

3. Көміртегі бірлігі тауар болып табылады.

4. Квота бірліктері тиісті Ұлттық жоспардың әрекет етуі шегінде бір есептік жылдан екіншісіне ауыстырыла алады.

Пайдаланылмаған квота бірлігінің көлемі келесі Ұлттық жоспарға ауыстырылмайды және Ұлттық жоспардың резервіне қайтарылуға жатады.»;

15) 94-10-бапта:

барлық мәтін бойынша «азайту» сөзінен кейін «және (немесе) сіңіру» сөзімен толықтырылсын;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

«10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру.»;

16) 94-11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«94-11-бап. Мониторинг рәсімі

1. Қондырғы операторы тиісті Ұлттық жоспардың әрекет ету кезеңіне квоталанатын қондырғының парниктік газдар шығарындыларының мониторинг жоспарын әзірлейді.

2. Мониторинг жоспары валидациялауға жатады.

3. Қондырғы операторы бекітілген әдістеме болмаған жағдайда, парниктік газдар шығарындыларын есептеудің өз әдістемесін әзірлеуге құқылы, ол қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісуге жатады.»;

17) 152-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.»;

18) 154-баптың 2-тармағында:

бірінше абзацта «2) және 3) тармақшаларында» деген сөздер «3) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзацта «1)» деген саннан кейін «2)» деген санмен толықтырылсын;

19) 158-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«158-4-бап. Верификация және валидация

1. Верификацияны мен валидацияны жүзеге асыру үшін тәуелсіз ұйымдар келесі талаптарға сәйкес келулері қажет:

1) заңды тұлға болуға;

2) Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясын бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі Бақылаушы комитеттің аккредиттеу туралы құжатымен немесе Бақылаушы комитеттен таза даму тетігінің жобаларын басқару бойынша құжатымен немесе Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҚ) елдерінде верификация және валидация жүргізуге аккредиттеу туралы құжатымен расталған халықаралық танылған біліктілік тәжірибесінің болуы немесе тәуелсіз ұйыммен қол қойылған еңбек шарттарымен және қызметкерлердің екі жылдан кем емес тәжірибесін растайтын алдындағы келісім шарттарымен расталған жұмыс тәжірибесі бар екіден кем емес қызметкердің болуы. Қызметкерлердің біліктілігінің бұдан арғы өзгеруі тәуелсіз аккредиттелген ұйымның біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша оқудан өту туралы талаптарды сақтау жөніндегі ақпарат негізінде ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте сол бір маман екі немесе бірнеше тәуелсіз ұйымның қызметкері ретінде өтініш бермейді.

1-1) парниктік газдарды реттеу және сіңірулері саласында валидация және верификация тәртібі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен расталады.

2. Тәуелсіз ұйым түгендеу, верификация мен валидация (детерминация) туралы деректердің дәйексіздігі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның заңнамаға негізделген ескертулері жағдайында түгендеу, верификация мен валидация (детерминация) туралы деректерге өзгертулер енгізу қажеттілігі үшін жауаптылықта болады.

3. Парниктік газдарды түгендеу туралы жыл сайынғы есебі, мониторинг жоспары және қондырғы паспорты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қондырғы операторларымен жасалады.

Верификация және валидация қондырғы операторларының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

4. Парниктік газдар шығарындыларын азайтудың және сіңірудің сол бір жобасының верификациясын және валидациясын сол бір тәуелсіз ұйым жүргізе алмайды.

5. Верификация және валидация, егер басқасы халықаралық шарттарда көзделмесе, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен бекітілген ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.».

20) 280-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:

«3. Жойылуы қиын органикалық ластауыштар экологиялық қауіпсіз тәсілмен жойылуға міндетті.

Бөлінетін газдарды және құрамында 0,1 нг/м3 (текше метрге нанограмм) астам диоксин және фуран бар бөлінетін газдарды кешенді тазаламай, жойылуы қиын органикалық ластаушылардың қалдықтарын және құрамында хлор бар басқа да қалдықтарды жою үшін технологияларды пайдалануға тыйым салынады.

4. Азық-түліктерді немесе мал азықтарын өндіруге және қайта өңдеуге байланысты жерлерде жойылуы қиын органикалық ластауыштарды пайдалануға тыйым салынады.»;

21) 283-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды атқаратын субъектілер қалдықтардың меншік иесі тапсырғаннан кейін қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істелуіне жауапты болады.»;

22) 41-тарау мынадай мазмұндағы 283-1 және 283-2-баптармен толықтырылсын:

«283-1-бап. Өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері

1. Өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын Өнім тізбесіне сәйкес тауарларды өндіру және (немесе) әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар тауарлардың тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін түзілетін қалдықтарды және олардың орамаларын жинауды, залалсыздандыруды және (немесе) пайдалануды мынадай жолмен қамтамасыз етуге міндеті:

меншік иесі, шаруашылық жүргізу және (немесе) жедел басқару, жалға беру, тегін пайдаланудағы стационарлық және (немесе) жылжымалы қабылдау дайындау пункттерінің және (немесе) тұтыну қалдықтарын жинау және жою үшін арнайы контейнерлерді, өндірістік желісін оларды түрлер бойынша бөлу үшін (цехтар, зауыттар) және өздік немесе өзге тұлғаларды қатыстырумен жиналған тауар қалдықтары мен орама қалдықтарын залалсыздандыру және пайдалануды қамтитын тұтыну қалдықтарынан тауар қалдықтарын және орама қалдықтарын жинаудың өзіндік жүйесін (бұдан әрі - қалдықтарды жинаудың өзіндік жүйесі) қолдану;

оператормен тауар қалдықтарын және орама қалдықтарын жинауды, залалсыздандыруды және (немесе) пайдалануды ұйымдастыру туралы шарт жасасу және оператордың ағымдағы (есептік) банк шотына тауар қалдықтарын және орама қалдықтарын жинауды, залалсыздандыруды және (немесе) пайдалануды ұйымдастыруға төлемақы енгізу. Төлемақы сомасын есептеу көлемі мен тәртібі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген әдістемеге сәйкес есептеледі.

2. Өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын тауар өнімдерін өндіруді және (немесе) әкелуді жүзеге асыратын субъектілер тізілімі, сондай-ақ өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері жүйесіне қатысатын қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу бойынша операцияларды орындайтын субъектілер тізілімі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымымын жүргізіледі және қалыптастырылады.

3. Өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері бойынша талаптар:

1) өндірістік майлар, полимер, шыны, қағаз және (немесе) картон орамалар бөлігінде олардың өндірісі үшін сәйкесінше пайдаланылған майлар, пластмасса, шыны, қағаз және картон қалдықтарының отыз пайыздан кемі өзі қолдану шартында өндірушілерге;

2) Қазақстан Республикасынан тыс іске асырылған өндірістік және (немесе) әкелінген тауарлар бөлігінде өндірушілер мен жеткізушілерге;

3) Қазақстан Республикасынан тыс іске асырылған, өндірілген және әкелінген полимер, шыны, қағаз және (немесе) картон орамалар, тауарлар қапталған және (немесе) қаптауға арналған құрамдастырылған материалдардан орамалар бөлігінде өндірушілер мен жеткізушілерге қолданылмайды.

4. Өнімдерді өндіруді және (немесе) әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өнімдерді және олардың қалдықтарын жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу үшін коммерциялық емес заңды тұлға түрінде өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері операторын құруға құқылы.

5. Өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері операторының функцияларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен аккредиттелген ұйым жүзеге асыруға құқылы.

6. Өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері операторының қызметін бақылауды кәсіпкерлердің ұлттық палатасының және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының және басқа мүдделі ұйымдардың өкілдері кіруге тиіс қамқоршылық кеңес жүзеге асырады.

283-2-бап. Өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері операторы қызметінің бағыттары

Өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері операторы төлемақы түрінде өнімдерді өндіруді және (немесе) әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардан өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері операторының ағымдағы (есептік) банктік шотына түскен қаражатты мыналарға пайдалануға құқылы:

Қазақстан Республикасы аумағында залалсыздандыру және (немесе) үшін осы қалдықтарды беру шартында заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге тауар қалдықтары және қаптама қалдықтары (өндіріс қалдықтары және (немесе) заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге аталған қалдықтары өндірістік қызмет нәтижесінде түзілген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден берілген қалдықтар өндірісінен алынған тауар қалдықтары және қаптама қалдықтарынан басқа) бойынша шығындардың орнын толтыру;

Қазақстан Республикасы аумағында залалсыздандыру және (немесе) пайдалану бойынша объектілері жоқ тауар қалдықтары мен қаптама қалдықтарын Қазақстан Республикасынан тыс залалсыздандыру және (немесе) пайдалану үшін сақтау және беруді ұйымдастыруға;

қалдықтарды жинау, залалсыздандыру және (немесе) қайталама материалдық ресурстарды пайдалану жүйесін ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету, қалдықтармен және қайталама материалдық ресурстармен жұмыс істеу саласындағы жарнамалық қызметті, маркетингтік зерттеулерді қаржыландыру;

қалдықтарды жинау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату саласындағы экспериментальды, тәжірибелік, жобалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру;

қалдықтармен жұмыс істеу бойынша мемлекеттік бағдарламаларды орындау, қалдықтарды жинаудың және қайталама шикізат ретінде пайдаланудың жаңа технологияларын ендіру, коммуналдық қалдықтар мен қайталама материалдық ресурстарды сұрыптау және (немесе) пайдалану бойынша зауыттар (өндіріс) салу, қайталама материалдық ресурстарды жинауды және (немесе) пайдалануды, коммуналдық қалдықтарды жинауды, сұрыптауды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру;

өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері операторының өз функцияларын жүзеге асырумен байланысты қызметін қаржыландыру.»;

23) 284-бапта:

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Иесіз қауіпті қалдықтар – меншік иесі жоқ немесе меншік иесіз белгісіз, қауіпті қасиеттерге (уыттылыққа, жарылғыш қауіпті, өрт қауіпті, жоғары реакциялық қабілеттілікке) ие құрамында зиянды заттар бар және радиоактивті, коммуналдық, қалдықтардың техногендік минералдық түзілістерін есептемегенде, жеке немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған орта мен адам денсаулығы үшін тікелей немесе әлеуетті қауіп төндіретін қалдықтар.»;

24) 288-бапта:

1-тармақта:

«талаптарды сақтауға және оларды» деген сөздерден кейін «қайта өңдеу» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Жеке және заңды тұлғалар өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезінде қалдықтардың түзілуін алдын алудан бастап кейін оларды барынша азайтуды, кейін кәдеге жарату мен жою үшін қайта өңдей отырып, кезектілікті сақтауға міндетті.»;

25) 289-бапта:

5-тармақта «уәкілетті органда тіркелуге тиіс» деген сөздер «уәкілетті органға жолданады» деген сөздермен ауыстырылсын;

6-тармақта «және қайта тіркелуге» деген сөздер «, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберілуге» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақта «Тіркелген» деген сөз алынып тасталсын;

8-тармақта «оны тіркеуге» деген сөздерден «, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберуге» деген сөздермен толықтырылсын;

26) 292-бапта:

1-тармақта:

«бағалы құрауыштарын» деген сөздер алынып тасталсын;

«және залалсыздандыруды» деген сөздерден кейін «, қауіпті құрауыштарды қайта өңдеуді, кәдеге жаратуды және залалсыздандыруды» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақта «қайта пайдаланылатын қалдықтар фракцияларын» деген сөздер «коммуналдық қалдықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;

27) 295-баптың 1-тармағында «1-қосымшасына» деген сөздер алынып тасталсын;

28) 300-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1) Қатты тұрмыстық қалдықтарды алдын ала өңдемей жинап қоюға тыйым салынады.»;

29) 314-1-бап алынып тасталсын.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет