Кәсіпорын (өндіріс) шығындары және өнімнің өзіндік құны
Дәріс жоспары:
Тауар шығара отырып кәсіпорын шикізаттарды, материалдарды шығындайды. Олардың құны басқа материалдық шығындармен, негізгі қордың тозуымен және қызметкерлердің жалақысымен қатар өзіндік құн нысанын қабылдайтын кәсіпорынның шығындарын құрайды.
Өндіріс шығындары
өнім (жұмыс, қызмет) өндірісі процессінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізаттардың, отынның, энергияның, негізгі қордың, сонымен қатар оны өндіру мен өткізудің басқа да шығындарының құндық бағасы
Кәсіпорын шығындарының түрлері: Өндіріс шығындары ұдайы өндірісте үлкен мәнге ие, келесі топтарға бөлінеді: - Өндіріске және қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар – бұл көрсетілетін қызметтердің және өткізілген өнімнің өзіндік құнынан өтелетін ағымдағы шығындар;
- Өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға жұмсалатын күрделі шығындар. Олар амортизациялық қормен, кәсіпорынның пайдасымен, бағалы қағаздар және несие арқылы өтеледі;
- Кәсіпорынның әлеуметтік-мәдени тұрғын үй мұқтаждарына жұмсалатын шығындары. Өнім өндірісімен тікелей байланыспаған және арнаулы қордан кәсіпорын пайдасымен өтелетін шығындар.
Шығындардың топтастырылуы - Біртектілік деңгейі бойынша:
- элементтік (біртекті, мысалы: отын шығыны, өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек төлемі шығыны, т.б.);
- кешенді (әртекті элементтерді біріктіреді, мысалы: цехтік шығындар, оған көмекші материалдар, жалақы, энергия және басқадай элементтік шығындар кіреді).
Достарыңызбен бөлісу: |