Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерініңақпараттық-құқықтық жүйесі


-бап. Соттың үкiмде, қаулыда айтылған түйіндерінің



бет29/42
Дата25.06.2016
өлшемі0.74 Mb.
#157316
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42
435-бап. Соттың үкiмде, қаулыда айтылған түйіндерінің
                iстiң нақты мән-жайларына сәйкес келмеуi

      1. Егер:


      1) соттың түйіндері сот отырысында қаралған дәлелдемелермен расталмаса;
      2) сот өз түйіндеріне айтарлықтай әсер ете алатын мән-жайларды ескермесе;
      3) соттың түйіндері үшiн елеулi мәнi бар қарама-қайшы дәлелдемелер болса, ал үкiмде, қаулыда соттың қандай негiздер бойынша бұл дәлелдемелердiң бiреуін қабылдап, басқаларын қабылдамай тастағаны көрсетiлмесе;
      4) соттың үкiмде, қаулыда айтылған түйіндерінде елеулі қайшылықтар болып, олар iстiң шешiлуiне, оның iшiнде сотталған адамның, ақталған адамның кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi туралы мәселенi соттың шешуiне, қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығына немесе жазалау шараларын анықтауға ықпал еткен немесе ықпал етуi мүмкiн болса, үкiм, қаулы iстiң нақты мән-жайларына сәйкес келмейдi деп танылады.
      2. Сот іс материалдарын, тараптар ұсынған және істі апелляциялық қарау барысында алынған дәлелдемелерді қарап шығып, оларды жаңадан бағалауға және осы Кодекстің 431-бабының бірінші бөлігінде көзделген жаңа шешімді қабылдауға құқылы.

      436-бап. Қылмыстық-процестік заңды елеулi түрде бұзу

      1. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында немесе істі сотта қарау кезінде жол берілген осы Кодекстiң қағидаттары мен өзге де жалпы ережелерін бұзушылықтар, сондай-ақ iске қатысатын адамдарды заңда кепілдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе олардың құқықтарына қысым көрсету, сот iсiн жүргiзу рәсiмдерін сақтамау немесе iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге өзгедей жолмен кедергi келтірген, сот төрелігінің үкімін немесе соттың өзге де шешімдерін шығаруға ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін өзге де заң бұзушылықтар қылмыстық-процестік заңды елеулi түрде бұзу болып танылады.
      2. Бірінші сатыдағы соттың міндетті түрде зерттелуге жататын дәлелдемелерді зерттемеуі салдарынан жол берген сот тергеуінің біржақтылығы немесе толық еместігі, талқылаудан жол берілетін дәлелдемелерді қателесіп алып тастаудың немесе тарапқа іс үшін маңызы болуы мүмкін дәлелдемелерді зерттеуден негізсіз бас тартудың не жарамсыз дәлелдемелерді зерттеудің нәтижесі болып табылса, үкімнің күші жойылуға немесе ол өзгертілуге жатады.
      3. Егер:
      1) сот осы Кодекстiң 35-бабында көзделген негiздер болған кезде қылмыстық iсті тоқтатпаса;
      2) үкiмдi соттың заңсыз құрамы шығарған болса;
      3) осы Кодекстiң 335-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, iс сотталушының қатысуынсыз қаралса;
      4) заң бойынша қорғаушы немесе жәбірленушінің өкілі қатысуға мiндеттi болғанда, іс сотта олардың қатысуынсыз қаралса немесе сотталушының қорғалу құқығы өзгедей түрде бұзылса;
      5) сотта сотталушының немесе жәбірленушінің ана тiлiн немесе өздері білетін тiлдi не аудармашының көрсететін қызметтерін пайдалану құқығы бұзылса;
      6) осы Кодекстің талаптарына сәйкес жарыссөз жүргізілмеген жағдайларды қоспағанда, сотталушыға сот жарыссөзiне қатысу құқығы берілмесе;
      7) осы Кодекстің талаптарына сәйкес соңғы сөз сөйлеу көзделмеген жағдайларды қоспағанда, сотталушыға соңғы сөз берiлмесе;
      8) үкім шығару құпиясы бұзылса;
      9) үкiмге судья қол қоймаса, кез келген жағдайда үкімнің, қаулының күшi жойылуға жатады.
      4. Істе сот отырысы хаттамасының болмауы шағым жасалған (наразылық білдірілген) сот актісінің күшін жою үшін негіз болып табылмайды. Мұндай жағдайларда апелляциялық сатыдағы сот істі толық ресімдеу үшін оны бірінші сатыдағы сотқа жібереді.

      437-бап. Қылмыстық заңды дұрыс қолданбау

      Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi Жалпы бөлiгiнің талаптарын бұзу;
      2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi Ерекше бөлiгiнiң қолданылуға жататынынан басқа бабын, бабының бөлiгiн, бабы бөлiгiнің тармағын қолдану;
      3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi Ерекше бөлiгiнiң осы бабындағы санкцияда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза тағайындау қылмыстық заңды дұрыс қолданбау болып табылады.

      438-бап. Сот тағайындаған жазаның қылмыстық құқық


                бұзушылық ауырлығына және сотталған адамның
                жеке басына сәйкес келмеуі

      1. Жаза тағайындаудың жалпы бастаулары есепке алынбай тағайындалған және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініңтиісті бабының санкциясында көзделген шектерден шықпаса да, бірақ өзінің түрі мен мөлшері жағынан шектен тыс жеңілдігі немесе шектен тыс қатаңдығы салдарынан әділетсіз болып табылатын жаза қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмейді деп танылады.


      2. Апелляциялық сатыдағы сот жазаны жеңілдетуге немесе неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолданумен байланысты, сол сияқты сотталған адамның әрекеттерін қайта сараламастан неғұрлым қатаң жаза тағайындау туралы шешім қабылдауға құқылы. Айыптаушы тараптың шағымдарында немесе прокурордың наразылығында тиісті дәлелдер бар болған кезде және солардың шегінде ғана сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға жол беріледі. Неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану бірінші сатыдағы сотта сотталушыға тағылған және айыптаушы тараптан қолдау тапқан айыптау шегінен шықпауға тиіс.
      3. Бірінші сатыдағы сот қылмыстық құқық бұзушылықты мемлекеттік және жекеше айыптаушылардың айыпты онша ауыр емес айыпқа өзгертуіне байланысты осы Кодекстің 337-бабы жетінші бөлігінің негізінде саралау туралы шешім қабылдаған жағдайларда, апелляциялық саты неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға құқылы емес, алайда ол жазаның мерзімін немесе мөлшерін шағымдардағы, наразылықтағы дәлелдер шегінде ұлғайтуға не сотталған адамға үкімде көрсетілгеннен гөрі неғұрлым қатаң жаза түрін тағайындауға құқылы.

      439-бап. Істі тоқтата отырып айыптау үкімінің күшін жою

      1. Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдарды, наразылықты қараған кезде осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3) – 10) тармақтарында және 36-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде үкімнің күшін жояды және істі тоқтатады.
      2. Іс осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 9) тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 520-бабында көрсетілген мәселелерді шешеді және осы Кодекстің 521-бабына сәйкес қаулы шығарады.
      3. Тараптар сотталған адамның жәбірленушімен татуласуына байланысты істі тоқтату туралы өтінішхат беруге құқылы. Мұндай жағдайларда апелляциялық сатыдағы сот өтінішхаттарда көрсетілген мән-жайлардың бар болуын және анықтығын тексереді. Іс оларға сәйкес тоқтатылуға жататын немесе тараптардың татуласуына орай тоқтатылуы мүмкін негіздер анықталған кезде, сот көрсетілген негіз бойынша үкімнің күшін жою және істі тоқтату туралы қаулы шығарады.

      440-бап. Ақтау үкiмiнiң күшiн жою

      1. Апелляциялық саты тек прокурордың наразылығы бойынша не жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң, сондай-ақ сот арқылы ақталған, ақталу негiздерiмен келiспеген адамның шағымы бойынша ғана ақтау үкімiнiң, істі тоқтату туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң күшiн жоя алады.
      2. Егер ақталған адамның кiнәсiздiгiне, ақтау негіздеріне немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң мәнiне дау айтылмаса, осы Кодекстің 436-бабында көрсетілген қылмыстық-процестік заң елеулi түрде бұзылды деген уәжбен ақтау үкiмiнiң, iстi тоқтату туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң күшiн жоюға болмайды.
      3. Істі апелляциялық тәртіппен қарау кезінде мемлекеттік айыптаушының және жәбірленушілердің айыптаудан бас тартуына байланысты соттың істі тоқтату туралы қаулысының күші жойылуға жатпайды.

      441-бап. Жаңа үкім шығара отырып, үкімнің күшін жою

      1. Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 46-тарауының талаптарын сақтай отырып:
      1) осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер болған кезде айыптау үкімінің күшін жоюға және ақтау үкімін шығаруға;
      2) айыптаушы тараптың шағымы немесе наразылығы бойынша ақтау үкімінің күшін жоюға және айыптау үкімін шығаруға;
      3) айыптау үкімінің күшін жоюға және жаңа айыптау үкімін шығаруға;
      4) ақтау үкімінің күшін жоюға және жаңа ақтау үкімін шығаруға құқылы.
      2. Жаңа айыптау үкімін шығарған кезде апелляциялық сатыдағы сот тағылған айыптың шегінен, сондай-ақ басты сот талқылауы кезінде мемлекеттік немесе жекеше айыптаушы қолдаған айыптаудың және жаза мөлшерінің шегінен шығуға құқылы емес.

      442-бап. Yкiмдi өзгерту

      1. Апелляциялық сатыдағы сот үкімді былайша өзгертуге:
      1) сот тағайындаған жазаны немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрiн жеңiлдетуге;
      2) онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға және өзгертілген саралануға сәйкес жаза тағайындауға;
      3) егер жаза мөлшерiн ұлғайту арифметикалық қателердi немесе алдын ала күзетпен ұстауды есептеу кезiндегi қателердi жоюға байланысты болса, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша немесе үкiмдер жиынтығы бойынша, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы кезiнде жаза тағайындауды реттейтiн қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауын жоюға байланысты болса, жаза мөлшерiн ұлғайтуға;
      4) мән-жайлар дұрыс анықталған, дәлелдемелер толық зерттелген және талданған, сотталған адамның әрекеттері дұрыс құқықтық сараланған және негізгі жаза дұрыс тағайындалған жағдайда, қосымша жаза қолдануға;
      5) сотталған адамға қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің заңда көзделгенiнен неғұрлым жеңіл түрiн тағайындаудың күшiн жоюға және қылмыстық-атқару жүйесі мекемесiнiң түрiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес тағайындауға;
      6) егер бiрiншi сатыдағы сот оны жасамаса немесе дұрыс жасамаса, қылмыстардың тиiстi қайталануының орын алғандығын тануға;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақты 6-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқаенгізіледі).
      7) алдыңғы үкiм бойынша шартты түрде соттаудың күшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 64-бабының бесiншi бөлiгiне сәйкес жоюға не Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабының бесінші бөлігіне сәйкес алдыңғы үкім бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың күшін жоюға және осыған байланысты, егер бiрiншi сатыдағы сот мұны жасамаған болса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 60-бабының қағидалары бойынша жаза тағайындауға;
      8) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабы жетінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жоюға және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабының қағидалары бойынша жаза тағайындауға;
      9) азаматтық талап қою бөлігінде, сондай-ақ процестік шығындарды өндіріп алу мәселелері бойынша, заттай дәлелдемелер туралы шешім бөлігінде үкімге өзгерістер енгізуге;
      10) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
      2. Апелляциялық сатыдағы сот сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешімдерді, егер осы негiздер бойынша прокурор наразылық келтірсе немесе жекеше айыптаушы, жәбiрленуші, олардың өкiлдерi шағым берсе ғана қабылдауға құқылы.
      Ескерту. 442-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      443-бап. Апелляциялық үкімнің, қаулының мазмұны



      1. Осы Кодекстің 431-бабы бірінші бөлігінің 1), 2) 3) және 8) тармақтарында көзделген жағдайларда (бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдыру, үкімді өзгерту, істі тоқтата отырып үкімнің күшін жою, үкімнің күшін жою және істі осы Кодекстің 323-бабына сәйкес прокурорға жіберу туралы) апелляциялық қаулы шығарылады.
      Апелляциялық қаулы кiрiспе, сипаттау-уәждеу және қарар бөлiктерінен тұрады.
      2. Қаулының кiрiспе бөлiгiнде:
      1) қаулы шығарылған уақыт пен орын;
      2) қаулыны шығарған соттың атауы және соттың құрамы;
      3) апелляциялық наразылық немесе шағым берген адамдар;
      4) iстi апелляциялық сатыда қарауға қатысқан адамдар көрсетiлуге тиiс.
      3. Қаулының сипаттау-уәждеу бөлiгiнде сот актісінің, берiлген шағымдардың, наразылықтың, оларға қарсылықтардың дәлелдері мәнінің қысқаша мазмұндамасы, сондай-ақ процеске басқа қатысушының шағымына, наразылығына қарсылықтармен қатар ұсынылған процестің шағым бермеген қатысушыларының сот актісімен келісетіні немесе келіспейтіні туралы дәлелдері, апелляциялық сатыдағы сотқа қатысқан адамдардың пікірлері, сондай-ақ қабылданған шешiмнің уәждері қамтылуға тиiс.
      4. Жаңа дәлелдердің болмауына байланысты шағым, наразылық қанағаттандырусыз қалдырылған кезде апелляциялық қаулының сипаттау-уәждеу бөлiгiнде сот актісіне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
      Апелляциялық шағымда бірінші сатыдағы сотта қарау нысанасы болып табылмаған жаңа дәлелдер келтірілген жағдайда, сипаттау-уәждеу бөлiгiнде жаңа дәлелдер негізді немесе негізсіз деп танылған негіздер көрсетілуге тиіс.
      5. Yкiмнiң күшi жойылған немесе ол өзгертiлген кезде қаулыда қылмыстық немесе қылмыстық-процестік заңның қай нормаларының талаптары бұзылғаны, бұл бұзушылықтардың неден тұратындығы, бiрiншi сатыдағы соттың үкiмiне олар бойынша өзгерiстер енгiзілген негiздер көрсетiлуге тиiс.
      6. Апелляциялық қаулының қарар бөлімінде апелляциялық сатыдағы соттың шағым немесе наразылық бойынша шешімі, қаулының заңды күшіне ену уақыты, оған шағым жасаудың тәртібі мен мерзімдері көрсетіледі.
      7. Сот осы Кодекстің 441-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақтарында көзделген жағдайларда (айыптау үкімінің күшін жою және ақтау үкімін шығару туралы, ақтау үкімінің күшін жою және айыптау үкімін шығару туралы, айыптау үкімінің күшін жою және жаңа айыптау үкімін шығару туралы, ақтау үкімінің күшін жою және жаңа ақтау үкімін шығару туралы), бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жою туралы қаулы шығарады және осы Кодекстің 46-тарауының қағидалары бойынша апелляциялық үкім шығарады.
      8. Апелляциялық үкімнің құрылымы мен мазмұны осы Кодекстің 393 – 401-баптарының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
      9. Егер апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 442-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген шешiмдердi қабылдаса, қаулының сипаттау-уәждеу бөлiгiнде бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi олар бойынша дұрыс емес деп танылған уәждер, сондай-ақ сотталған адамның жағдайын нашарлату негiздерi көрсетiлуге тиiс.
      10. Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық үкімнің немесе қаулының мәнін өзгертпей, жіберілген айқын қате жазуларды түзету және олардағы түсініксіз тұстарды түсіндіру туралы қосымша қаулы шығаруға құқылы.

      444-бап. Апелляциялық үкім, қаулы шығару және олардың


                заңды күшіне енуі

      1. Апелляциялық үкім, қаулы кеңесу бөлмесінде шығарылады, оған судья (судьялар) қол қояды және ол судья (судьялар) кеңесу бөлмесінен қайта оралғаннан кейін отырыс залында жария етіледі.


      2. Егер қаулыны жасау айтарлықтай уақытты талап ететін болса, сот осы баптың бірінші бөлігінің талаптарын сақтай отырып, апелляциялық қаулының кіріспе және қарар бөлімдерін шығара алады. Бұл жағдайда судья (судьялар) апелляциялық қаулының толық мәтінін іс қаралған күннен бастап он тәулік ішінде жасап, оларға қол қояды.
      Сот қаулының қарар бөлімінде қаулыны толық көлемде жария ету уақытын көрсетеді. Қаулының толық мәтіні дайын болған соң ол хабарланған уақытта процеске қатысушыларға жария етілуге тиіс.
      3. Апелляциялық қаулы оның толық мәтіні жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.
      4. Апелляциялық сатының қаулылары кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.

      445-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың үкімін, қаулысын


                орындауға енгізу

      1. Апелляциялық сатының үкімі немесе қаулысы – ол шығарылған күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей, ал осы Кодекстiң 444-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайда, оның толық мәтiнi дайындалған күннен бастап орындауға енгізу үшін iспен бiрге бірінші сатыдағы сотқа жiберiледi.


      2. Сотталған адам оған сәйкес күзетілуден босатылуға жататын үкім, қаулы, егер сотталған адам апелляциялық сатыдағы соттың отырысына қатысып отырған болса, осы бөлігінде дереу орындалады. Өзге жағдайларда апелляциялық үкімнің, қаулының көшірмесі немесе олардың қарар бөлімінен үзінді-көшірме сотталған адамды күзетілуден босату туралы шешімді орындау үшін қамау орнының әкімшілігіне дереу жіберіледі.

      446-бап. Істі апелляциялық сатыда қайтадан қарау

      1. Егер:
      1) белгіленген мерзімде берілген, кейбір сотталғандарға қатысты апелляциялық шағымдар, наразылық, үкімге, қаулыға апелляциялық шағым жасау құқығы берілген процестің басқа қатысушыларының шағымдары апелляциялық сатыдағы сотқа істі процестің басқа қатысушыларының шағымдары бойынша қарағаннан кейін келіп түссе;
      2) шағым жасаудың, наразылық білдірудің өткізіп алынған мерзімін сот істі апелляциялық сатыда процестің басқа қатысушыларының шағымдары бойынша қарағаннан кейін осы Кодексте көзделген тәртіппен қалпына келтірсе, бірінші сатыдағы сот үкімінің заңдылығын тексеру кезінде шығарылған бірінші апелляциялық үкімнің, қаулының күші жойылмастан, істі апелляциялық сатыда қайтадан қарауға жол беріледі.
      2. Апелляциялық сатыдағы сот сотталған адамның, оның қорғаушысының немесе өкілінің шағымдарын осы адамға қатысты іс процестің басқа қатысушыларының апелляциялық шағымдары, наразылығы бойынша қаралған жағдайларда да қарауға міндетті.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. Егер жаңадан шығарылған үкім, қаулы апелляциялық сатының бұрын шығарылған үкіміне, қаулысына қайшы келсе, алқа төрағасы облыстық және оған теңестірілген соттың кассациялық сатысына туындаған қайшылықтарды жою туралы ұсыну енгізеді.

      447-бап. Алқабилердің қатысуымен шығарылған бастапқы


                үкiмнiң күшi жойылғаннан кейiн iстi бiрiншi
                саты бойынша қарау

      Бастапқы үкiмнiң күшi жойылғаннан кейiн iс осы Кодекстің 65-тарауында көзделген тәртiппен қаралуға жатады.


      Егер алқабилердің қатысуымен қаралған іс бойынша шығарылған үкімінің күші басты сот талқылауын тағайындау сатысында істі жаңадан қарауға жолдай отырып, жойылған болса, сот істі жаңадан қараған кезде істі алдын ала тыңдауды жүргізеді және сотталушының ерік білдіруіне қарай істі алқабилердің қатысуымен не олардың қатысуынсыз жаңадан қарау туралы шешім қабылдайды. Егер бастапқы үкімнің күші істі басты сот талқылауын жүргізу сатысында соттың жаңадан қарауына жолдай отырып, жойылған болса, сот басты сот талқылауын тағайындайды, алқабилердің жаңа алқасын қалыптастыруды жүргізеді және істі осы Кодекстің 65-тарауының ережелеріне сәйкес қарайды.
      Бұл ретте сот сотталған адамның жағдайын осы Кодекстің 67, 68-тарауларының және 658-бабының талаптарын төрағалық етушінің бұзуына байланысты күші жойылған алдыңғы айыптау үкiмімен салыстырғанда нашарлатуға құқылы емес.
      Ескерту. 447-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!


      50-тарауды алып тастау көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

50-тарау. ІСТЕРДІ КАССАЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР, НАРАЗЫЛЫҚТАР


БОЙЫНША ҚАРАУ

      448-бап. Соттың үкімдеріне, қаулыларына кассациялық


                тәртіппен шағым жасаудың, наразылық білдірудің
                жалпы шарттары

      1. Осы тараудың қағидалары бойынша аудандық және оларға теңестірілген соттардың (оның ішінде мамандандырылған, ауданаралық соттардың) үкімдері, қаулылары апелляциялық сатыда қарағаннан кейін ғана оларға берілген шағымдар, наразылықтар бойынша, сондай-ақ апелляциялық сатының үкімдері мен қаулылары қайта қаралуға жатады.


      2. Соттардың: осы Кодекстің 10-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мәселелер бойынша; процеске қатысушылардың дәлелдемелерін, өтінішхаттарын зерттеу тәртібі мен тәсіліне, сот отырысы залында тәртіптің сақталуына қатысты; мемлекеттік және жекеше айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты; тергеу судьясының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шығарылған қаулылары кассациялық тәртіппен қайта қаралуға жатпайды.
      3. Кассациялық шағымдар келтіру құқығына ие адамдар тобы және шағым келтіру тәртібі осы Кодекстің 414 және 417-баптарында көрсетілген қағидалар бойынша айқындалады.
      Осы істе тараптар болып табылмайтын адамдар да өздерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты бөлікте қаулыға кассациялық шағым беруге құқылы.
      4. Сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы наразылықты облыс прокуроры және оған теңестірілген прокурор, сондай-ақ осы Кодекстің 417-бабында көрсетілген қағидалар бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары келтіре алады.
      Сот актісіне кассациялық тәртіппен наразылық білдіру туралы мәселені шешу кезінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыстың прокуроры және оған теңестірілген прокурор соттан қылмыстық істі талап етіп алдыруға құқылы, ол сотқа қайтарылуға жатады не наразылықпен бірге кассациялық сатыға жіберіледі.
      5. Сотталған адамның кінәсіздігі себептері бойынша, сондай-ақ жазаның қаталдығы үшін немесе сотталған адамның жағдайын жақсартуға әкеп соғатын өзге де негіздер бойынша неғұрлым жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық туралы заң қолдану қажеттігіне байланысты апелляциялық қаулыны, үкімді қайта қарау туралы кассациялық шағым, наразылық беру мерзімдермен шектелмейді.
      Апелляциялық қаулыны, үкімді сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлату себептері бойынша қайта қарау туралы кассациялық шағым, наразылық беруге ол жария етілген күннен бастап алты ай ішінде жол беріледі.
      Көрсетілген мерзім, ол өткізіп алынған жағдайда, қалпына келтірілуге жатпайды. Кассациялық сатыдағы соттың алты ай мерзім ішінде берілген кассациялық шағым, наразылық негізінде істі сот отырысында қарауға дайындау жөніндегі әрекеттері және сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешімнің өзін қабылдауы алты айлық мерзімге кірмейді және ол аяқталғаннан кейін де, бірақ істі кассациялық сатыда қарау үшін белгіленген мерзімдер сақтала отырып, олар жүзеге асырылуы мүмкін.
      6. Осы Кодекстің 446-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда енгізілген апелляциялық алқа төрағасының ұсынуы істі кассациялық сатыда қарауға себеп болуы мүмкін.

      449-бап. Кассациялық қараудың нысанасы

      Кассациялық сатыдағы сот үкімді, қаулыны шығарған соттың қылмыстық және қылмыстық-процестік заңның нормаларын сақтағанын тексереді және соның негізінде үкімнің, қаулының заңдылығын, негізділігін және әділдігін тексереді.

      450-бап. Кассациялық шағым немесе наразылық

      1. Кассациялық шағым немесе наразылық тікелей кассациялық сатыдағы сотқа беріледі және оларда:
      1) шағым немесе наразылық жолданған соттың атауы;
      2) шағым берген немесе наразылық келтірген адамның процестік жағдайы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, онымен хабарласу байланысы құралдарының нөмірі көрсетіле отырып, ол туралы деректер;
      3) шағым жасалған немесе наразылық білдірілген үкім немесе өзге де шешім және осы шешімді шығарған соттың атауы;
      4) шағым немесе наразылық берген адамның қылмыстық немесе қылмыстық-процестік заңды дұрыс қолданбаудың неден тұратыны және ол сот шешімінің мәніне қалай әсер еткені, өтінуінің неден тұратыны көрсетілген дәлелдері;
      5) шағымға немесе наразылыққа қоса берілген материалдардың тізбесі;
      6) шағым немесе наразылық авторының қолы болуға тиіс.
      Шағымда автор істі кассациялық сатыда өзінің қатысуымен немесе өзінің қатысуынсыз қарау туралы көрсетеді.
      2. Егер келтірілген шағым, наразылық осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, олар берілген деп есептеледі, бірақ кассациялық саты судьясының қаулысымен толық ресімдеу үшін мерзімі көрсетіліп қайтарылады. Егер кассациялық шағым, наразылық қайта жасалғаннан кейін осы мерзім ішінде сотқа берілмесе, олар берілмеген болып есептеледі.
      3. Соттың істі апелляциялық тәртіппен қараған кезде шығарған үкіміне, қаулысына шағым жасалған жағдайда, кассациялық шағымда, наразылықта бірінші сатының үкімімен, қаулысымен келісетіні немесе келіспейтіні туралы негіздер көрсетілуге тиіс.
      4. Кассациялық шағым не наразылық берген адам сот отырысы басталғанға дейін өз шағымын, наразылығын өзгертуге не жаңа дәлелдермен толықтыруға құқылы. Бұл ретте, егер бастапқы наразылықта немесе шағымда сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы талап болмаса, прокурордың қосымша наразылығында немесе оның наразылықты өзгерту туралы арызында, сол сияқты жәбірленушінің, жекеше айыптаушының немесе өкілдердің осы Кодекстің 448-бабының бесінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен соң берген қосымша шағымында осындай мәселенің қойылуы мүмкін емес не сотталған адамның жағдайын берілген шағымда, наразылықта көрсетілмеген басқа да негіздер бойынша нашарлату туралы мәселе қоюға болмайды.

      



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет