Объектіге бағдарланған ұстанымның концептуалдық негіздеріне объектіге бағдарланған ұстанымның моделі жатады. Объектілік модельдеудің негізгі элементтері: абстаркциялау, инкапсуляция, модульділік және иерархия. Қосымша элементтері: типтелу, паралеллизм және тұрақтылық.
Абстракциялау – бұл қандай да болмасын объектіні, ӛзге объектілерден ажырататын белгілері, сипаттамалары және т.б. арқылы бӛліп алу, жалпы абстракциялау объектінің сыртқы ерекшеліктеріне негізделеді. Объектіге бағдарланған ұстанымда, берілген объектінің дұрыс абстракциялануы, жобалаудың негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.
Инкапсуляция – бұл объектінің, ӛзінің ішкі элементерінің, бір бірінен ажыратылу процесі. Бұл процесс кезінде объектінің ішкі құрылымдары мен оқиғалары бір- бірінен дұрыс ажыратылады. Инкапсуляция объектінің интерфейсін қорғау үшін қолданылады немесе объектілік ұстанымда класстың ресурстарын, тек оның ӛзінің ғана пайдалануын қолдайды. Абстракциялау мен инкапсуляция бірін бірі толықтырады.
Модульділік – бұл программалық жабдықтың декомпозициялану кезінде ӛзара байланысқан, бірақ ӛте әлсіз байланысқан модульдерге бӛліну қасиеттері. Инкапсуляция мен модульділік қасиеттері абстракцияларды бір- бірінен ажыратады.
Иерархия – бұл жүйедегі абстракцияланудың бір- біріне бағынышты түрде реттеліп орналасуын тағайындайды. Бұл күрделі жүйедегі класстардың құрылымы (иерархиясы). Мысалы, жай және кӛп қабылдаушылықты айтуға болады.
Инкапсуляция
Біз объекттер әлемінде ӛмір сүреміз. Стол, автомобиль, ручка, тақта – бұлардың бәрі объекттер. Осындай физикалық объекттермен қатар абстрактілі объекттер де бар. Мысалы: сандар. Демек, объект – бұл кезкелген физикалық не абстрактілі айқындалған барлық(сущность). Объект – бұл жалпы философиялық ұғым. Оны ұзақ уақыттан бері философтар зерттеп келеді.
Объекттер атрибуттарымен сипатталады. Мысалы, автомобильдің атрибуттары – ең жоғары жылдамдығы, двигателінің қуаты, кузов түсі т.б. Атрибуттардан бӛлек объекттер қайсы бір функционалды мүмкіндіктерге ие болады. Бұл мүмкіндік объектті-бағыттталған программалауда (ОБП) амал не тәсіл делінеді. Мысалы, автомобиль жүре алады, бұл оың функционалды мүмкіндігі, яғни, орындай алатын амалы(тәсілі), корабль – жүзе алады, компьютер – есептеулер жүргізеді. Осылайша, объект атрибуттар мен тәсілдерді инкапсуляция жасайды, яғни басқа объекттерден (ӛзара әсерететін) ӛз тәсілінің қалай құрылғандығын жасырады. Мысалы, теледидар каналын ауыстыру үшін пульттегі керекті батырманы басу жеткілікті, күрделі механизм іске түсіп, нәтижеде керекті каналға ауыстырылады. Бізге телевизор мен пультте қандай механизмдер іске түсіп, қалай орындалатындығын білу міндетті емес, телевизордың мұндай мүмкіндігі(тәсілі) бар екендігін және оны қалай іске түсірудібілу жеткілікті. Инкапсуляция, яғни құрылымын жасыру қасиеті ОБП-ң базалық қасиеті болып табылады. Ол талап етілген тәсілдерге ие пайдаланушы объекттерін құруға мүмкіндік береді. Пайдаланушы бұл объекттердің құрылымын білмей-ақ, олармен жұмыс істей беруіне болады.
Достарыңызбен бөлісу: |