ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАСЫ.
І – НҰСҚА.
1 Тапсырма. Тест Тапсырмасы. 12 – балл.
1. 1925 ж. Қаз АКСР билігіне келді
И.Сталин
Ф.Голощекин
М.Каганович
В.Молотов
2. Ф.И.Голощекин ұсынған идея:
«ЖЭС».
«Әскери коммунизм».
«Индустрияландыру».
«Кіші Қазан».
3. 1927 ж. ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялаған съезд:
XI
XV
XII
XIII
4. Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев жазған «Бесеудің хатының» мазмұны
қазақ даласындағы мүшкіл ахуал
индустрияландырудың жеңістері
Алаш партиясының бағдарламалық жобасы
5. Ұжымдастыру қарсаңында ҚазАКСР-нде 40 млн астам мал болса,1933 ж. мал басының саны
8,5 млн
10 млн
4,5 млн
25 млн
6. 5 мыңдай адам қатысқан 1930-жж. басындағы неғұрлым ірі көтерілістердің бірі
Созақ
Мақтарал
Шаян
Келес
7. Қуғын сүргінге ұшырап, лагерьлерде қаза тапқан Алаш қайраткері
Т.Бокин
Б.Әшекеев
Ж.Мәмбетов
М. Дулатұлы
8. Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлерін ақтау науқаны басталды
50-жж. соңына қарай
60-жж. соңына қарай
80-жж. соңына қарай
90-жж. соңына қарай
9. 1937-1938 жж.атылған белгілі жазушылар мен ақындар қатарынан артығын табыңыз
М. Жұмабаев
С. Сейфуллин
І. Жансүгіров
М.Шаханов
10. А.Байтұрсынұлы мұғалімдік қызмет атқарған уездер
Қазалы, Перовский, Түркістан
Қапал, Верный, Жаркент
Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы
Көкшетау, Петропавл, Омбы
11. 1921 ж бастап Ахмет Байтұрсынұлы атқарған қызметі
ҚазАКСР-і Халық ағарту комиссариаты жанындағы республикалық академиялық орталықты басшысы
Қазақ АКСР халық ағарту комиссары
Әл-Фараби атындағы университет басшысы
Орыс географиялық қоғамының Семейдегі бөлімшесінің басшысы
12. А. Байтұрсынұлының 1912 ж. жазылған, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайталап басылып шыққан алғашқы қазақша әліппесі
«Маса»
«Тіл -құрал»
«Оқу құралы»
«Тіл жұмсар»
2 – Тапсырма. Деректердің ақиқат немесе жалғандығын анықтаңыз. 8-балл.
1. 1891-1895 жж. Ахмет Байтұрсынұлы Омбыдағы мұғалімдер мектебінде білім алды.
2. 1929 ж. ОГПУ тергеушілеріне берген жауабында: «Менің мақсат-мұратым – қазақ халқының материалдық жағдайын жақсарту, мүмкін болғанынша мәдениетін көтеру. Мен осы мақсатты қамтамасыз ететін үкіметті қолдауға әрқашан әзірмін», - деген тұлға Мұстафа Шоқай.
3. 1920-1921 жж А.Байтұрсынұлы ҚазАКСР-і Халық ағарту комиссариаты жанындағы республикалық академиялық орталықтың басшысы қызметін атқарды.
4. «СТЕПЛАГ» Қазақстанда орталығы Долинка ауылы болған ең үлкен лагерь болып саналды.
5. Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған АЛЖИР лагерьі Атырау қаласы маңында .
6. «Үш жүз» партиясының бұрынғы қайраткерлеріне 1928 ж. соңында «буржуазияшыл ұлтшылдар» деген айып тағылған
7. Ұжымдастыруға қарсы бүлік шығарған Алматы округінің едәуір ауылдары Қытайға көшіп кетуге мәжбүр болды.
8. Қазақстанда 1928 ж. дайындалған астық мөлшері 300 млн пұт болды.
3 – Тапсырма. Қазақстандағы Ұжымдастыру Саясатының кемшіліктерін анықтаңыз. 5- балл
1.________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________
4. ________________________________________________________________
5. ________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |