2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында амбулаториялық емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасының 2015жылы атқарған жұмыстары туралы анықтама



Дата23.02.2016
өлшемі85.76 Kb.
#6434
2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында амбулаториялық - емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасының 2015жылы атқарған жұмыстары туралы

АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты еліміздің орнықты әлеуметтік демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту.

Міндеттері: азаматтардың денсаулығын сақтау және санитарлық эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектор аралық және ведомствоаралық өзара іс қимылды күшейту. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жетілдіру. Медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру медицина ғылымын және фармацевтикалық қызметті дамыту болып табылады. Бағдарламаны іске асыру мерзімі 1-ші кезең 2011-2013 жылдар, 2-ші кезең 2014-2015 жылдар. Өздеріңіз байқап отырғандай мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері бойынша атқарылған жұмыстарды түйіндейтін уақыт келіп жетті.

Әрбір адамның денсаулығы оның толыққанды тіршілік етуін ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық қызметтердің сапасы кешенді ұғым болып табылады және ол көптеген көлемді себептерге байланысты, олардың ішінде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақталуын, клиникалық мамандардың кәсіби деңгейін және оны арттыруға деген уәждемесінің болуын, медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсету үдерістерін басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу болып табылады. 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы республикалық және жергілікті бюджет есебінен жылдан жылға көбейтіліп отырды.

2015 жылы ауданымыздың денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 1 973 791,0 мың теңге болды, оның ішінде Республикалық бюджеттен 1 668 855,0 - 84,5 пайыз, жергілікті бюджеттен 304 936,0 – 15,5 пайыз. материалдық-техникалық жабдықтауға 5 078,0 мың теңге қаржы жұмсалды. 4 980,0 мың теңгеге перзентхана бөлімшесіне кардиограф аппараты және 98,0 мың теңгеге пульсоксиметр сатып алынды. Ақылы қызметтен түскен қаржы есебінен перзентхана бөлімшесіне 4 888 мың теңгеге медициналық құрал жабдықтар алынды. Медицина қызметкерлерінің біліктілігін көтеруге 3 456 186 теңге жұмсалды.

Демографиялық көрсеткіштерге тоқталатын болсақ 2015 жылы 1480 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 19,4 промиллені құрады. (2014ж -19,2) Өткен жылдың есептік мерзіммен салыстырғанда туу көрсеткіші 0,2 промиллеге көтерілді.

Сонымен қатар үстіміздегі жылдың 379 адам қайтыс болып, көрсеткіш-5,0 болды.(2014 ж -315 адам қайтыс болып, көрсеткіш -4,1 болды). Өткен жылмен салыстырғанда жалпы өлім-жітім 64 жағдайға көбейіп, көрсеткіш 0,9 промиллеге көбейген.

Осы көрсеткіштердің нәтижесінде үстіміздегі жылдың табиғи өсім көрсеткіші 14,4 промиллені құрады. (2014ж -15,1).

Жүкті әйелдерде және босанғаннан кейң 42 күн мерзім ішінде ана денсаулығына басты назар аударылып, ана өліміне жол бермеу басты мақсатымыз болып табылады. Көптеген жылдар бойы тіркелмей келген ана өлімінің биыл жыл 3 жағдайы Қарақұм, Жақсықылыш, Қамыстыбас елді мекендерінде тіркелді. Ана өлімінің жағдайлары облыс әкімдігінің деңгейінде координациялық кеңесте, облыстық коллегия мен емдеу алдын алу және аудандық медициналық кеңестерде қаралып, жауапты мамандарға қатаң тәртіптік шаралар көріліп, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің аттестациялау орталығына біліктіліктерінің қызметтеріне сәйкестігін анықтауға жолданды.

Сәбилер шетінеу көрсеткішіне келетін болсақ үстіміздегі жылы 16 сәби шетінеп көрсеткіш -10,8 промилле болды. (2014 жыл -13 сәби, көрсеткіш -8,9) облыстық көрсеткіштен (9,7) 1,1 промиллеге жоғары болып отыр. Шетінеу себептерімен талдағанда перинатальдық кезеңде 5 нәресте –(35,7 пайыз), туа біткен ақау-5 (35,7), тыныс алу жүйесі ауруларынан -2, (12,5 пайыз), жұқпалы аурулардан -1 (6,2),жазатайым оқиғадан-2 (14,3 пайыз), басқа жағдайлардан -1 (6,2). Әрбір бала өлім жағдайы талданып жіберілген кемшіліктер бойынша шара қолданылып сәбилер өлім - жітімін барынша азайту мақсатында іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді. Балалық шақтағы ауруды ықпалдастыра емдеу (ИВБДВ) бағдарламасын жүзеге асыру және ана мен бала өлім жітімін төмендету мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Әлеуметтік маңызы бар ауруларға жеке- жеке тоқталатын болсақ қатерлі ісік ауруларымен тіркелген аурулар саны -402 (100 мың адамға шаққанда көрсеткіш-528,1) 2014 жылдың 10 айында 382 ауру тіркеліп көрсеткіш 505,9 болды. Оның ішінде қатерлі ісікпен алғаш рет тіркелген аурулар саны -86 (112,9) 2014ж -96 (127,1) . яғни алғаш рет тіркелген ауру саны -10 жағдайға азайып отыр. Үстіміздегі жылы 10 айында қатерлі ісік ауруынан қайтыс болғандар саны - 67 (88,0) өткен жылдың 10 айында қайтыс болғандар саны- 64 (84,7) Қатерлі ісіктен қайтыс болғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 3 жағдайға көбейіп отыр.

Қан айналымы жүйесі аурулары мен жалпы тіркелген науқастар саны 2015 жылы 6433 (көрсеткіш 8450,6), ал 2014жылы 6857 (көрсеткіш 9082,2). Оның ішінде алғашқы рет тіркелгендер 2015 жылы 1 402 (көрсеткіш 1838,9), 2014 жылы 2 191 (көрсеткіш 2 902,0). Былтырғы жылдың есептік мерзімімен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 789 жағдайға азайып көрсеткіш 1060,3-ға төмендеді. Қайтыс болғандар саны 2015 жылы 101 (көрсеткіш 132,6) , 2014 жылы 71 адам қайтыс болды (көрсеткіш 94,0). Былтырғы жылмен салыстырғанда 30 адамға көбейіп отыр.



2015 жылдың туберкулезбен сырқаттанушылық -163 (214,1) 2014ж -206 (272,8) , алғаш рет туберкулезге шалдыққандар саны 2015ж -54 (70,9), 2014ж -10 айында -63 (83,4) былтырғы жылдың есептік мерзімімен салыстырғанда биылғы жылы аурушаңдық-9 жағдайға азайып отыр. Туберкулез ауруынан биыл 3 науқас қайтыс болса (көрсеткіш-3,9) былтыр 10 айда -4 науқас қайтыс болып (көрсеткіш 5,3 болды). Туберкулез бойынша өлім-жітім 1 жағдайға азайып отыр. Туберкулезді ерте анықтау мақсатында жылдық флюорожоспары жасалды. 2015 жылғы 39 050 адам жоспарланып, 35 665 адам флюоро тексерумен қамтылып, қамтылу көрсеткіші 91,3 пайыз болды. Флюоро күмәнділер саны - 639, тексерілгендері – 621, анықталғаны – 76, оның ішінде алғашқы рет табылғаны -36 адам, қайталап ауырғандар -40. 2014 жылдың жоспар 37 799, қамтылғаны 32 395, қамтылу пайызы 83,7 болды. Күмәнділері 398, тексерілегндері 379, анықталғаны -91 адам, оның ішінде алғашқы рет анықталғаны -50, қайталап ауырғандары -41.
Халықтың нысаналы топтарын скринингтік тексеруден өткізу бойынша атқарылған жұмыстардың көрсеткіші :

 

Ауру түрлері

Жыл

дық жоспар

Тексерілгені

аныкталган аурулар

Оның ішінде

«Д»есепке

алынғаны

2015

%

2015

%

2015

%

1

Қан айналымы жүйесі аурулары

4989

4989

100

403

8,1

371

92,1

2

Қант диабеті

4989

4989

100

79

1,6

70

88,6

3

Глаукома

4203

4203

100

29

0,7

28

96,5

4

Сүт безі қатерлі ісігі

1364

1364

100

64

4,7

63

98,4

5

Жатыр мойны қатерлі ісігі

1305

1305

100

132

10,1

132

100

6

Тоқ ішек тік ішек қатерлі ісігі

2518

2520

100,7

0

0

0

0

7

Қуық асты безі

582

582

100

1

0,17


1

100

8

Өңеш асқазан қатерлі ісігі

1799

1766

98,1

0

0

0

0

9

Бауыр обыры

15

15

100

0

0

0

0

Аудан халқына 290 төсектік аудандық орталық аурухана қызмет көрсетеді. 10 000 тұрғынға шаққанда тұрғындардың аурухана төсегімен қамтылуы – 38,1 (2014 жылдың– 38,4 )

2015 жылы орталық ауруханада 7 730 (2014 жыл 7 577) науқас емделіп шықты. Оның ішінде 1 510 (19,6) жоспарлы түрде (2014 жыл– 1210 – 16,0), 6 220-і (80,4) жедел түрде (2014 жылдың– 6 367 – 84,0) ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде балалар саны – 1 805, жасөспірімдер – 78 адам. Өткізген төсек күндер саны 80 484 (2014 жылы 76 027), төсек жұмысы – 236,7% (2014 жылы 208,3), төсек айналымы – 23,0%. (2014 жылы 20,9), (орташа емделу ұзақтығы – 9 күн (2014 жылы 9 күн). Аудан бойынша төсек күн жоспары – 88,4% ға (2014 жылы 77,6 ) орындалды.



Аудан бойынша 167 төсектік күндізгі стационар жұмыс жасайды, есептік мерзімде 3 076 емделіп шықты , онің ішіндегі үйдегі стационарда емделгендері-150.

Негізгі индикаторлардың бірі болып табылатын арыз шағымдарға тоқталатын болсақ 2015 жылдың 4 арыз тіркеліп, 3-і негізді деп табылса, өткен жылы 5 арыз тіркеліп 4-уі негізді деп табылды. Сонымен қатар медициналық қызмет саласына байланысты есепті кезеңде түскен 7 өтініш (2014 жылы- 9) әкімшілік тарапынан талданып, өтініштер қанағаттандырылды. Мекеменің барлық құрылымдық мекемелерінде арыз шағым жәшіктері орнатылып, сенім телефоны, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет