Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің дамуына swot-талдау



Дата14.03.2023
өлшемі121.18 Kb.
#470785
түріБілім беру бағдарламасы
Оқыту құралдары мен оқулықтар талдауы

Білім беру бағдарламасындағы оқу құралдары және оқулықтарды талдау

Орындаған: Сапарбек Аида

Тексерген: Дүйсенбаев Абай Қабақбайұлы


Есеп және аудит, 1 курс
2023 жыл, Алматы қ.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Мазмұны

  • 1. Оқу құралдары
  • 2. Оқыту құралдарын қолданудың мақсаты
  • 3. Оқыту құралдарының жіктелуі
  • 4. Білім беру бағдарламасындағы оқулықтар
  • 5. Қорытынды
  • 6. Пайдаланылған әдебиеттер

Оқу құралдары

  • Білім беру бағдарламасында қолданылатын оқу жабдықтары оқыту құралдары, техникалық құралдар, құрылғылар және жиһаздар деген төрт топқа бөлінеді. Оқу процесін жүзеге асыруда бұл топтардың жабдықтары бір-бірімен тығыз байланыста болады.
  • Қазіргі таңда педагогикада «көрнекі оқу құралдары» терминінің орнына «оқыту құралдары» деген термин қолданылады. Бұған себеп,«көрнекі оқу құралдары» деген ұғым оқу процесіндегі құралдардың барлығын қамтымайды, яғни ол тек оқытудың көрнекілік деген қасиетін ғана сипаттайды. Ал оқыту құралдарының көрнекіліктен басқа эргономикалық және дидактикалық секілді маңызды бағыттары бар екен белгілі.
  • Оқыту құралдары оқу процесінің, жалпы кез келген оқу орнының материалдық-оқу базасының басты компоненті болып табылады.

Оқыту құралдарын қолданудың мақсаты


Мұғалім сыныпта оқыту құралдарын қолдану арқылы оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра отырып, олардың қажетті білімді, шеберлікті, дағдыны қалыптастыруына мүмкіндік береді. Мұғалімнің әрбір оқыту құралының дидактикалық мүмкіндіктерін біліп, оны толық пайдалануына байланысты оқу процесінің маңызы да арта түседі.
Оқыту құралдарын оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда қолдану бағытына сәйкес келесідей үш топқа бөлуге болады: 
1. Сабақ түсіндіру барысында ақпарат беру;
2. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру;
3. Сабақ барысын тексеру және басқару;

Оқыту құралдарының жіктелуі

С.Г.Шаповаленко оқыту құралдарының дидактикалық тұрғыдан түсіндірілген жіктемесін ұсынған. Оның айтуынша, оқыту құралдарының келесідей үш тобы бар:


1.
материалдардың, шикізаттардың, кұралдардың, бөлшектердің үлгілері
өсімдіктердің, жануарлардың, тұлыптардың микропрепараттардың, реактивтердің коллекциялары
2.
экрандық-дыбыс құралдары
үлгілер, муляждар

Оқыту құралдарының жіктелуі

  • Бүгінгі таңда, білім ордалары заманауи ақпараттық технологиялармен жабдықталған және олардың көмегімен оқыту процесін заман талабына сай жүргізу мүмкін болып отыр. Заманауи ақпараттық технологиялар: мультимедия проекторы, DVD плеер - бейнежазба магнитафоны, видеомикшер, аудиомикшер, радиомикрафондар, интерактивті тақта, LCD монитор, проекциялық сканер, акустикалық жүйе, компьютер және видеокарта.

3.
кестелер
оқу
оқулықтар
өзіндік жұмысқа арналған нұсқаулар

Білім беру бағдарламасындағы оқулықтар


Оқу процесінің мазмұнындағы және оны ұйымдастырудағы маңызды элемент оқулықтар деп есептеледі. Яғни, оқулық дегеніміз оқу бағдарламасына сай оқытылатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде ұсынатын кітап болып табылады. Кез келген білім беру бағдарламасында қолданылатын оқулықтарға қойылатын негізгі талаптар төмендегідей:
  • Қысқа, нақты материалды ұсыну
  • Шынайы білімнің мазмұнын баяндау
  • Түсінікті тілмен жазылуы
  • Білім алушылардың қызығушылықтарын, қабылдауын, ақыл-ойын, тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, білім мен тәжірбиеге сұранысты арттыру
  • Өздігінен білім алу мен шығармашылыққа итермелеу
  • Ұсынған ережелері мен қорытындыларының анықтығы және нақтылығы
  • Әдеби тіл нормалары мен эстетикалық талаптардың сақталуы

  • Бүгінгі күні дәстүрлі оқу құралдарымен қатар электронды оқу құралдары да кең қолданысқа ие. Электронды оқулықтың басты артықшылығы мультимедиа, гипертекст және интерактивтілік болып табылады. Сондықтан, білім беру бағдарламасында электронды оқу құралдарын қолданудың тиімділігі жоғары деуге болады.

Қорытынды

  • Білім беру бағдарламаларындағы оқу құралдары мен оқулықтар оқыту процесін ұйымдастыру мен жетілдірудің негізгі компоненті болып табылады. Олардың көмегімен білім беру процесін бақылауға және ең бастысы тиімді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Сондықтан, оқу құралдары мен оқулықтарды заман талабына сай дамытып, жетілдіріп отырудың маңызы орасан зор деуге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • 1. https://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=3&id=661
  • 2. https://articlekz.com/kk/article/16037


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет