Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жарналардың дифференциалды мөлшерлемелерін есептеу және методологиясы бөлімі



Дата29.02.2016
өлшемі65.18 Kb.
#33677

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры

2013 ж. 1 тоқсандық ақпараттық шолу



ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕПОЗИТТЕРГЕ КЕПІЛДІК БЕРУ ҚОРЫ

Жарналардың дифференциалды мөлшерлемелерін есептеу және методологиясы бөлімі

2013 жылдың бірінші тоқсанындағы

Жеке тұлғалардың депозиттерІ нарығына

қысқаша ақпараттық шолу


  1. Жеке тұлғалардың депозиттер нарығының тенденциясына шолу

Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы-банктердің жеке тұлғалардың депозиттері бойынша жиынтық мәліметтеріне сәйкес, 1 тоқсан бойынша ағымдық және карт-шоттардағы қалдықты қосып есептегенде қабылданған депозиттер мөлшері 122,2 млрд. теңгені құрайды (немесе 3,6%). Осылайша, жұртшылықтың депозиттік қоржыны 3,5 трлн. теңгеге дейін өсті, ал ұлттық валюта бойынша ақша салымы 1 тоқсанда аз мөлшерде тек 4,3%-ке өсіп, жиынтық депозиттер қоржынының 61,2%-ін құрады.

Жұртшылықтың жиынтық депозиттік қоржыны құрылымының негізгі бөлігін жалпы үлесі 87,8% немесе 3,1 трлн. теңгені құрайтын тоқсандық өсімі 5,0% болатын мерзімді салымдар құрайды. Одан кейінгі орында жиынтық депозиттер сомасының 11,3%-ін немесе 397,7 млрд. теңгені құрайтын ағымдық және карт-шоттардағы қалдықтар сомасы болып табылады. Тоқсан бойынша оның мөлшері 5,5%-ке қысқарды. Сондай-ақ тоқсан ішінде 9,0%-ке қысқарған талап етілгенге дейінгі салымдар жеке тұлғалар депозиттері қоржынының 0,9%-ін немесе 33,3 млрд. теңгені құрайды.



Сурет 1. Жұртшылықтың депозиттер қоржынының құрылымы

Мөлшері 15 млн. теңгеден жоғары мерзімді салымдар 4,2%-ке өсті. Таза өсім 62,2 млрд. теңгені құрайды, ал сомасы 1,6 трлн. теңге деңгейінде (немесе жалпы көлемнің 44,0%-і). Мөлшері 5 млн. теңгеге дейінгі мерзімді және шартты салымдар көлемі тоқсан ішінде 63,3 млрд. теңгеге өсті. Қарастырылып отырған кезеңде 5-тен 15 млн. теңгеге дейінгі мерзімді салымдар қоржыны 23,2 млрд. теңгеге көбейді.

Сондай-ақ, барлық банк жүйесінің жеке тұлғалар депозиттерінің 5,6%-і немесе 197,8 млрд. теңге банктік басқарушы қызметкерлер мен 5% және одан жоғары акцияларға ие акционерлер мен олардың жақын туыстарына тиесілі. Есептік тоқсан ішінде мұндай депозиттер сомасы 34,6 млрд. теңгеге немесе 21,2%-ке өсті.

Екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың депозиттері бойынша Қор өтеуге қажетті кепіл берілетін өтемақының жиынтық мөлшері 2013 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 1,65 трлн. теңгеге жетті. Ал есептік тоқсандағы Қордың арнайы резерві 206,8 млрд. теңгені (уставтық капиталдың 50%-ін қоса есептегенде) немесе кепіл берілетін жиынтық соманың 12,5%-ін және жалпы депозиттер сомасының 5,9%-ін құрайды.

Есептік тоқсанның жалпы қорытындысы бойынша басқы қаржылық көрсеткіштерге негізделген және сәйкесінше тоқсандық жарналарымен бес жүйеленген топтарды - «A», «B», «C», «D» және «E» - анықтайтын «БАТА» міндетті күнтізбелік сараланған жарна мөлшерін есептеу жүйесіне сәйкес, банктердің басым бөлігі 0,19% тоқсандық жарналы «D» (11 банк) және 0,11% тоқсандық жарналы «C» (11 банк) топтарына жатады. Бұл тоқсанда тек бір банк-қатысушы өзінің көрсеткіштерін жақсартып, жарна мөлшері аздау топқа көшті.

1 мамырдағы жағдай бойынша Қор төлеген кепілдік берілген өтемақынының жиынтық сомасы Наурыз Банкі бойынша 679,5 млн., ал Валют-Транзит Банкі бойынша 13,9 млрд. теңгені құрады. Қордың Наурыз Банкінің ликвидациялық комиссиясынан кепілдік берілген өтемақыны төлеу сомасы бойынша талаптарын қанағаттандыру барысында алынған сома мөлшері 679,4 млн. теңге немесе ликвидациялық коммиссиясына қойылған барлық талап сомасының 88,01%-і, ал Валют-Транзит Банкі бойынша 7,51 млрд. теңге немесе Қордың ликвидациялық коммиссиясына қойылған талап сомасынның 53,0% өндірілді.



Қосымша

2013 жылдың 1 сәуіріне сәйкес



банк-қатысушылардың жеке тұлғалар депозиттері бойынша мәліметтерінің жиынтығы











мың теңге


п/п


Аталуы

Сомасы

1 тоқсандағы өзгерісі

1.

Талап етілгенге дейінгі салымдар, соның ішінде:

33 269 329,00

-3 289 721,00

1.1.

теңгемен

19 114 968,00

-1 443 450,00

1.2.

шетел валютасымен

14 154 361,00

-1 846 271,00

2.

Мерзімді және шартты салымдар, соның ішінде:

3 100 743 271,00

148 696 967,00

2.1.

теңгемен, соның ішінде:

1 791 155 764,00

116 870 267,00

 

1 млн. теңгеден аспайтын

274 160 015,00

11 832 092,00

 

1 млн.-нан бастап 3 млн. теңгеден аспайтын

354 426 582,00

31 076 931,00

 

3 млн.-нан бастап 5 млн. теңгеден аспайтын

188 108 293,00

19 772 145,00

 

5 млн.-нан бастап 10 млн. теңгеден аспайтын

195 312 068,00

18 042 886,00

 

10 млн.-нан бастап 15 млн. теңгеден аспайтын

78 001 228,00

4 665 086,00

 

15 млн. теңгеден жоғары

701 147 577,00

31 481 126,00

2.2.

шетел валютасымен, соның ішінде:

1 309 587 507,00

31 826 700,00

 

1 млн. теңгеден аспайтын

71 504 491,00

-654 035,00

 

1 млн.-нан бастап 3 млн. теңгеден аспайтын

118 895 115,00

182 281,00

 

3 млн.-нан бастап 5 млн. теңгеден аспайтын

90 167 299,00

1 050 286,00

 

5 млн.-нан бастап 10 млн. теңгеден аспайтын

118 538 420,00

-254 217,00

 

10 млн.-нан бастап 15 млн. теңгеден аспайтын

56 088 952,00

761 831,00

 

15 млн. теңгеден жоғары

854 393 230,00

30 740 552,00

3.

Ағымдық шоттардағы ақша қалдықтары (карт-шоттағы қалдықты қоса есептегенде) соның ішінде:

397 684 119,00

-23 177 264,00

3.1.

теңгемен

351 553 769,00

-26 107 301,00

3.2.

шетел валютасымен

46 130 350,00

2 930 037,00

 

Жеке тұлғалардың теңге мен шетел валютасы бойынша барлық депозиттері, соның ішінде:

3 531 696 719,00

122 229 982,00


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет