Әдістемелік нұСҚау пәнді зерделеуге арналған



Дата26.06.2016
өлшемі116.44 Kb.
#159330
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасы

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

пәнді зерделеуге арналған
«Микроэкономика» пәні бойынша

050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттері үшін

Павлодар


1 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Сыртқы экономикалық қызмет аумағында, нарықтық экономикалық шарттқа көшуде, елдегі дербестік кеңейді. «Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару» пәнін оқытудағы мақсат, сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару саласында мамандықтың экономикалық, теоретикалық, базалық, негізгі дайындықтарын қамтамасыз ету.


Пәнді оқыту мақсатына жету үшін келесі міндеттерді шешіп алу қажет:

- СЭҚ мемлекеттік басқару пәні бойынша лекция курсының негізгі сұрақтарын теоретикалық дәрежеде жаңартып отыру қажет;

- Тәжірибе сабақтарында машықтық дағдыларын қалыптастыру және әртүрлі экономикалық міндеттерді өз беттерімен шешуге үйрету;

- Пән сұрақтары бойынша берілген сағат ішінде студенттердің білімін және білімділігін міндетті түрде кеңейту.

«СЭҚ мемлекеттік реттеу» пәнін оқуда мамандық иесі міндетті түрде білуі қажет:


  • Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыру және қалыптастыру;

  • ҚР-ғы сыртқы экономикалық қызметінің ұйымдастырылуын;

  • нарықтық экономикалық елдердегі мемлекеттік сыртқы экономикалық байланыстарының ұйымдастырылуын;

  • дүниежүзлік нарықтағы баға белгілеу және ерекшеліктері;

  • сыртқы сауда операциясы;

  • сауда делдалдары, биржалар, аукциондар және халықаралық саудалар;

  • халықаралық сауда тәжірибесіндегі сақтандыру және халықаралық есептер;

  • халықаралық саудадағы несие беруді;

  • халықаралық саудадағы контрагенттерді;

  • іскерлік байланыстың техникасын және ұйымдастыруын.

Оқу барысында студент атқаруы тиіс:

  • тауарларды (қызметтерді) сату-сатып алу, мердігерлік, кепілдікке беру шарттарын құрастыру;

  • әртүрлі тауар топтары бойынша халықаралық мәміле келісім шарттар құрастыру және өз бетінше талдау;

  • іскерлік келіссөз жүргізу, іскерлік санақтарды, құжаттарды ресімдеу және қабылдауды ұйымдастыру.

«Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару» пәнің оқу үшін қажетті, алдында өткен пәндер тізбесі: Экономикалық теория, Нарық экономикасының негіздері, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Әлемдік экономика және дүниежүзілік экономикалық қатынастар.

«Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару» курсын зерделеуге келесі әдебиеттер тізімі ұсынылады:



Негізгі

  1. Внешнеторговые сделки /Сост.Гринько И.С.- Сумы,1994.- 159 с.

  2. Дегтярева О.И. Организация и техника внешнеторговых операций, - М.,1992.- 195 с.

  3. Закон Республики Казахстан «Об иностранных инвестициях»

  4. Закон Республики Казахстан «О валютном регулировании» / Казахстанская правда.- 1996.- 24 декабря.

  5. Зыкин И.С. внешнеэкономические операции: право и практика .- М.: международные отношения, 1994.- 129 с.

  6. Кобушко Г.В., Пономарев С.А. Встречная торговля. - М.,1989. – 151 с.

  7. Ленчевский И.Ю., Заверюха А.Х., Зубов Н.И. Основы внешнеэкономической деятельности. - М.:, 1995. – 176 с.

  8. Мауленов К.С. Правовые аспекты внешнеэкономической деятельности Казахстана // Известия АН Республики казахстан.1992. - №4. - с.86-94.

  9. Международные экономические отношения / Под ред. Хасбулатова Р.И.- М.,1991.- 145 с.

  10. Назарбаев Н.А. Казахстан–2030: процветание, безопастность и улучшение благосостояние всех казахстанцев: Послание Президента страны народу Казахстан. – Алматы: Билим, 1997 г. – 176 с.

  11. Основы внешнеэкономических знаний / Под ред. И.П.Фаминского. - М.: Международные отношения,1994.- 479 с.

  12. Правовое регулирование внешнеэкономической деятельности: Учебное и практическое пособие/ По ред.М.А.Сарсембаева.- Алматы: Галым,1995.-153 с.

Қосымша:

13 Словарь внешнеэкономических терминов(сост.:Т.В.Жевлакова, В.И. Жумагулова, Л.А.Панова).- Алма-Ата: «Даур», 1993. - 64 с.

14 Стратегия развития Казахстана до 2030 года : проблемы и пути их реализации. - Алматы: Казахстан,1998. – 136 с.

15 Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу закона «О таможенном деле Республики Казахстан».- Алматы: Жеты жаргы,1995. - 527 с.

16 Управление внешнеэкономической деятельностью субъектов в России.- М.: ИНФРА-М, 1998. – 283 с.

2 КУРСТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫН ЗЕРДЕЛЕУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Тақырып 1 Экономикалық факторлардың рөлін көтеру - әлемдік экономиканың дамуының бағыттары

Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі – мемлекеттің сыртқы саясатының айырылмас бөлігі. Сыртқы экономикалық қызметті реформалау мақсаты мен міндеті. Елдер арасында экономикалық байланыстарды дамыту жағдайлары. Сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту факторлары. Экономиканың тиімділігін арттыруда сыртқы экономикалық байланыстардың рөлі. Сыртқы сауданы дамыту. Капиталды сыртқа шығару. Сыртқы экономикалық өрістегі реформалар. Қазақстан экономикасы үшін сыртқы экономикалық байланыстарды дамытудың ролі. Экспорттық құрылымның қарастырылуы, импортты тиімді қамтамасыздандыру. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігінің жоғарлауы. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланысын дамыту стратегиясы. Қазақстан Республикасының Бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіруі.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:


  • Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі түрлерін

  • Сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту факторлары

  • ҚР-ның сыптқы экономикалық байланысын дамыту стратегиясы

Істей білуі қажет:

  • Экспорт құрылымын қарастыру

  • Импортты тиімді қамтамасыздандыру

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (2,3,4,5, 8,9,10,12,13,16)

Тақырып 2 Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының қалыптастырылуы және жүзеге асырылуы

Мемлекеттік сыртқы экономикалық саясаттың мәні және механизмдері. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің негізгі бағыттары. Мемлекеттің экспорт-импорттық саясатының мәні және мазмұны. Шетел инвестицияларын тарту саясаты. Валютаны реттеу саясаты. Қазақстан Республикасының «Валютаны реттеу туралы» заңы. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің тікелей және жанама әдістері. Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызметтін халықаралық құқықтық қамтамасыз ету.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:


  • Мемлекеттік сыртқы экономикалық саясаттың мәні және механизмдері

  • Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің негізгі бағыттары

  • Шетел инвестицияларын тарту саясаты

  • Валютаны реттеу саясаты

Істей білуі қажет:

  • СЭқ-ті мемлекеттік реттеудің тікелей және жанама әдістері қолдануды

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,3,4,5, 8,9,10,12,13,16)
Тақырып 3 Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру

Экономикалық қызмет өрісінде басқару органдары және шаруашылық субъектілері. Сыртқы экономикалық қызметтің мемлекеттік басқару құрылымы. Елдің сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуда заң шығарушы және атқарушы органдардың негізгі функциялары. Сыртқы экономикалық қызметті дамытуда мемлекеттік басқару органдары және олардың рөлі. Қазақстан Республикасының орталық ұлттық банкі, монополияға қарсы саясат бойынша Мемлекеттің комитет. Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы. Сыртқы экономикалық қызметті басқару мен реттеудегі жергілікті билік органдарының атқаратын қызметтері. Республикалық және жергілікті валюталық қорлар. Нарық экономикасы бар елдерде сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:


  • Сыртқы экономикалық қызметтің мемлекеттік басқару құрылымы

  • Елдің сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуда заң шығарушы және атқарушы органдардың негізгі функциялары

  • Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы қызметін

  • СЭҚ-ті басқару мен реттеудегі жергілікті билік органдарының атқаратын қызметтері

Істей білуі қажет:

  • СЭҚ өрісінде басқару органдары және шаруашылық субъектілерінің қызметтерін ажырату.

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (2,3,4,5,7,8,10,12,14,15)
Тақырып 4 Нарық экономикасы бар елдерде сыртқы экономикалық байланыстарды мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру

АҚШ-тың сауда министірлігі, оның функциясы мен құрылымы. Штаттар деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқару. Ұлыбританияның сауда және өнеркәсіп министірлігі, оның сыртқы экономикалық қызметті реттеудегі функциясы. Жапонияның сыртқы сауда және өнеркәсіп министірлігі. Сыртқы сауда саясатының бюросы. Жапонияның сыртқы сауда бюросы.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:


  • АҚШ-тың сауда министірлігі, оның функциясы мен құрылымы

  • Ұлыбританияның сауда және өнеркәсіп министірлігі, оның сыртқы экономикалық қызметті реттеудегі функциясы

  • Жапонияның сыртқы сауда және өнеркәсіп министірлігі функциясы мен құрылымы

Істей білуі қажет:

  • АҚШ, Ұлыбритания және Жапонияның сыртқы сауданы ұйымдастыру органдарының функциялары мен құрылымдарын ажырату

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,3,4,5, 8,9,16)
Тақырып 5 Әлемдік нарықта баға белгілеу ерекшеліктері

Әлемдік нарықта баға белгілеу негіздері. Интернационалдық өнім бағасы және оның құрылу ерекшеліктері. Әлемдік бағаны аңықтаудың әдістері. Әлемдік бағаларға қойылатын талаптар. Әлемдік бағаға сұраныс пен ұсыныстын әсер етуі. Баға белгілеуде тұтыну құнының рөлі. Әлемдік бағадан интернационалдық құнның ауытқу факторлары. Баға түрлері. Анықтама бағалар. Сыртқы сауда статистикасының бағалары. Биржалық котировкалар. Аукциондардың бағалары. Нақты мәмілелер мен келісім-шарттардың бағалары.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:


  • Әлемдік нарықта баға белгілеу негіздерін

  • Интернационалдық өнім бағасы және оның құрылу ерекшеліктері

  • Әлемдік бағаға сұраныс пен ұсыныстын әсер етуі

  • Әлемдік бағадан интернационалдық құнның ауытқу факторлары

  • Нақты мәмілелер мен келісім-шарттардың бағалары

Істей білуі қажет:

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,5, 7,9,11,12,13,14)
Тақырып 6 Сыртқы сауда операциялары

Сыртқы сауда операцияларының түрлері. Экспорттық және импорттық операциялар. Реэкспорттық және реимпорттық операциялар. Сату-сатып алу сыртқы сауда келісім-шартының мазмұны. Мердігерлік келісім-шарттардың ерекшеліктері. Жалға беру келісім-шарттары. Өзара сатып алу келісім- шарттары. Қарсы келген сатып алулар шарты. Алынған шикізатты қайта өңдеу шарты. Келісім шарттарды дайындау және бекіту.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:


  • Сыртқы сауда операцияларының түрлері

  • Экспорттық және импорттық операциялар

  • Реэкспорттық және реимпорттық операциялар

  • Мердігерлік келісім-шарттардың ерекшеліктері

Істей білуі қажет:

  • Сату-сатып алу сыртқы сауда келісім-шартын дайындау және бекіту

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,4,7, 8,10,11,12,13)
Тақырып 7 Сауда делдалдары, биржалар, аукциондар және халықаралық сауда

Сауда делдардары. Делдардар арасындағы әртүрлі мәмілелер және есептік келісімдер. Тапсырыс келісімдері. Комиссия келісімдері. Агенттік келісулер. Консигнация келісімдері. Нарықтағы делдалдардың бағыты, олардың құқықтары: тауарларды сатудың ерекше құқығы. Биржалық сауда. Биржа түрлері. биржалық операциялар. Аукциондық сауда. Аукциондық сауданың техникасы және ұйымдастырылуы. Халықаралық сауда. Ашық және жабық саудалар.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:


  • Биржалық сауда және операциялар. Биржа түрлері

  • Аукциондық сауданың техникасы және ұйымдастырылуы

  • Халықаралық сауда. Ашық және жабық саудалар.

Істей білуі қажет:

  • Делдардар арасындағы әртүрлі мәмілелер жасауды

  • Аукциондық сауданың техникасы және ұйымдастырылуы

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,5, 7,9,10,12,13,15,16)
Тақырып 8 Халықаралық есеп айырысу және валюталарды тәуекелдердең сақтандыру

Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастыру. Валюта бағамы. Тікелей және кері котировка. Сыртқы сауда келісім-шарттарының валюта-қаржылық жағдайлары. Халықаралық саудадағы валюталық нарық. Халықаралық есеп айырысулардың түрлері. Сақтандырудың мәні. Сақтандырушы және сақтанушы. Сақтандырудың түрлері. Үшінші жақтар алдындағы сақтандыру жауапкершілігі. Қайта сақтандыру. Сыртқы экономикалық қызметті сақтандырудың ерекшеліктері. Көліктік сақтандыру. Теңізден сақтандыру. Сыртқы экономикалық қызметті сақтандыру жағдайлары. «Сақтандыру оқиғасы», «Сақтандыру сыйлығы» немесе «Сақтандыру жарнасы», «Сақтандыру полисі», «Сақтандыру бағасы», «Сақтандыру сомасы», «Сақтандыруға төлеу», олардың айырмашылықтары және ерекшеліктері. Франшиз сақтандыру жағдайында.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:


  • Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастыру ерекшеліктерін

  • Тікелей және кері котировка

  • Халықаралық есеп айырысулардың түрлері

  • Сақтандырудың түрлері

Істей білуі қажет:

  • Тікелей және кері котировка талдауды

  • Үшінші жақтар алдындағы сақтандыру жауапкершілігін анықтауды

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,4,7,8, 10,11,12,13,15)

Тақырып 9 Халықаралық саудадағы несиелеу


Халықаралық тәжірибедегі несие түрлері және негізгі формалары. Фирма несиесі. Ашық шот бойынша несие. Факторинг және форфейтинг несиелеу формалары ретінде. Жобалық қаржылау сыртқы экономикалық байланыстарды несиелеудің ерекше формасы ретінде. Халықаралық несиелердің негізгі жағдайлары, олардың мазмұны. Несие сомасы, мерзімін өтеу, несие құны және валютасы банктік және коммерциялық несиелердің негізгі шарты ретінде. Лизинг халықаралық саудада қаржыландыру формасы ретінде

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:



  • Халықаралық тәжірибедегі несие түрлері және негізгі формалары

  • Лизингтік қаржыландыру формасын

Істей білуі қажет:

  • Ашық шот бойынша несиелеуді

  • Факторинг және форфейтинг несиелеу

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (2,3,8,9,11,12,14,15)
Тақырып 10 Халықаралық сауда контрагенттері

Контрагенттердің түрлері. Ұлттық, шетелдік, аралас фирмалар. Транұлттық және ұлттық компаниялар. Фирмалардың құқықтық дәрежесі. Толық серіктестік. Коммандиттік серіктестік. Жауапкершілігі шектеулі және шектеулі емес серіктестіктер. Акционерлік қоғамдар. Жеке кәсіпорындар. Бірлестіктер, кооперативті және мемлекеттік өнеркәсіптік және сауда фирмалары.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:


  • Контрагенттердің түрлері

  • Фирмалардың құқықтық дәрежесі

Істей білуі қажет:

  • Фирмалардың құқықтық дәрежесін айқындау

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,4,6, 7,9,11,12,14,16)
Тақырып 11 Іскерлік техникасын ұштастыру және ұйымдастыру

Іскерлікті ұштастырудың негізгі түрлері мен формалары. Келіссөз сыртқы сауда операцияларын жасау тәсілі ретінде. Іскерлік келіссөздерді жүргізу және ұйымдастыру: келіссөзге дайындық, сөйлесу тәртібін жүргізу, сөйлесулерді жүргізу тактикасы және техникасы, құжаттарды дайындау. Іскерлік кеңес. Іскерлік хат алысу. Қабылдаулар. Қазіргі этикет ережелері. Коммерциялық келіссөздерді дайындау және жүргізу. Халықаралық этикет ережелері.



Бұл тақырыпта студент білуі қажет:

  • Іскерлікті ұштастырудың негізгі түрлері мен формалары

  • Іскерлік кеңес. Іскерлік хат алысу. Қабылдаулар

  • Қазіргі этикет ережелері. Халықаралық этикет ережелері..

Істей білуі қажет:

  • Іскерлік келіссөздерді жүргізу және ұйымдастыру: келіссөзге дайындық, сөйлесу тәртібін жүргізу, сөйлесулерді жүргізу тактикасы және техникасы, құжаттарды дайындау

  • Коммерциялық келіссөздерді дайындау және жүргізу

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,3,4,5,7, 12,13,15)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет