1-тапсырма.
Сызбаға топырақ түзуші факторларды жазыңыз
2-тапсырма. Топырақ түзуші әр факторларға мысал келтіріңіз.
Дескриптор:
ойларын жинақтайды;
сұрақтарға толық жауап береді;
Дескриптор:
- топырақ кесіндісін қолдана отырып, топырақ түзуші факторларды анықтайды
|
ҚБ «Құрастыр, сосын жауап бер»
Оқушыларға жауап бергенге дейін өз ойларын жинақтауға мүмкіндік беріңіз.
жауап алдындағы 30 секундтық үнсіз ойлау;
жұптағы 2-3 минуттық миға шабуыл;
жауап бермес бұрын бірнеше ойларыңды жаз;
өз көршіңмен болжамды жауапты талқыла.
ҚБ «Смайликтер» әдісі
|
|
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс:
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі
Мен бүгін ... білдім
Маған ... қызықты болды
Маған ... қиын болды
Мен келесі тапсырмаларды орындадым ...
Мен ... екенін түсіндім
Мен енді ... жасай аламын
Мен ... үйрендім
Мен ... жасай алдым
Мен ... жасап көремін
Мен ... таңқалдым
Мен өмірде ... қолданамын
Маған ... ұнамады
|
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді
|
|
|
Бөлім:
|
|
Педагогтің аты-жөні
|
|
Күні:
|
|
Сабақ
|
8-9
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны: -
|
Қатыспағандар саны: -
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қазақстан топырақтары жəне олардың қалыптасуының экологиялық жағдайы
|
Сабақтың мақсаты
|
топырақтардың экологиялық пролебмаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Оқушылармен амандасып, түгелдеу.
Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады.
|
Оқушылар амандасып,
сабаққа назар аударады
|
|
|
Сабақтың ортасы
|
Қазақстанның барлық жер қоры ауданы 272 млн 490 мың гектар.
Жер кодексінің 1 бабына сəйкес Қазақстан Республикасы жер қоры
нысаналы мақсатына сəйкес келесідей санаттарға (категорияларға)
бөлінеді жəне 2006 жылғы есеп бойынша олардың алатын ауданы
төмендегідей:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер – 85,0 млн. га;
2) елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді
мекендердің) жері – 21, 2 млн, га;
3) өнеркəсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері жəне өзге де
ауылшаруашылық мақсатына арналмаған жер – 2,5 млн.га;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру
мақсатындағы, рекриациялық жəне тарихи-мəдени мақсаттағы жер
– 3,3 млн. га,
a) орман қорының жері – 23,4 млн. га;
b) су қорның жері – 3,7 млн. га;
c) босалқы жер – 122,0 млн га.
Қазақстанның жер қорының 222,6 млн. гектары ауыл
шаруашылығы алқаптары (барлық жер ауданының 81,7%-ы). Оның
ішінде:
- егістіктер ( жыртылған жер) –23,2 млн. га;
- көпжылдық екпелер егілген жер – 115,5 мың га;
- тыңайған жер – 5,4 млн га;
- шабындықтар – 5,5 млн га;
- жайылымдар – 189 млн. га.
Сондықтан еліміздің жер қорын экологиялық жағынан негізделген бағдарлама бойынша тиімді пайдалану қажет. Қазіргі уақытта жер қорын пайдалануда байқалған келесідей келеңсіз жайттар қалыптасқан: өндіріс орындарының қалдықтарымен ластанған, бүлініп істен шыққан 169,7 мың гектар жер; жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды барлау өндіру, оларды тасымалдап, байыту кезінде қалыптасқан карьерлер, үйінділер жердің топырақ жамылғысын жойған. Топырақ өзінің басты экологиялық қызметтерін – биологиялық масса өндіруін жəне атмосфераның химиялық құрамын реттеуге қатысуын жоғалтқан. Яғни топырақ өлі денеге айналған. Сөйтіп бұл жерлердің экологиялық-санитарлық жағдайы төмендеген. Елімізде «қорғаныс» мақсатына бөлінген, ядролық қару- жарақтарды сынау, ғарыш кемелерін ұшыру кезінде оның қалдықтарымен немесе олардың сəтсіздіктен жерге жарылып қайта
құлауынан радиацияға шалынып, бұзылған, улы заттармен ластанған
жерлер ауданы 20 млн. гектардан асып түседі. Бұл жерлердің басым
бөлігі Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында
орналасқан. Жер қорының экологиялық жағдайын қарастырғанда Қазақстандағы шөлейттену құбылысы туралы мəселе ерекше орын алады. «Шөлейттену» деген ұғым əртүрлі факторлар əсерінің, климат өзгеруінің жəне адам əрекетінің нəтижесінде жартылай құрғақтау жəне құрғақ климатты аудандардағы топырақ деградация-
сын білдіреді.
Ал топырақ деградациясы – егістік жерлердің, шабындықтар мен жайылымдардың, орманды жерлердің топырақтарының жел жəне су эрозиясына шалдығуын, топырақтың физикалық, биологиялық немесе экологиялық қасиеттерінің төмендеуін, сонымен бірге оның табиғи өсімдік жамылғысының ұзақ мерзімге жойылуы нəтижесінде биологиялық жəне экономикалық өнімділігінің төмендеп, жойылуын көрсететін ұғым.
Қазақстан жер көлемі жағынан ірі ел – Англиядан 11 есе үлкен.
Ұлан байтақ территориясы терістіктен оңтүстікке қарай 1600 км, шығысынан батысына қарай 3000 км жерге созылып жатқан кеңістікті алып жатыр. Республика ТМД елдері ішінде Ресейден кейінгі екінші орында. Бұл – оның жері бұрынғы Ресейден басқа 13 одақтас республиканың жер көлемінен артық деген сөз. Бейнелеп айтқанда, Қазақстан жеріне Армения сияқты 90 республика еркін сыйып кетеді, халқының саны жөнінен əлемде 80-ші орында болып, жер көлемі жөнінен 9-орында, дəлірек айтсақ, Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Аустралия, Бразилия, Үндістан, Аргентинадан кейінгі Қазақстан жер шарының екі пайызын алып жатыр. Қазір ғылыми-техникалық үдеу заманында адам коғамының барлық тірлігі саналы қимылының нəтижесінде жасалып жатыр деп айта алмаймыз. Мұндай жағдай, əсіресе, біздердің табиғат қорларын
пайдаланудағы көрсетіп жүрген енжарлығымыздан, немқұрайды қарауымыздан анық байқалады. Кезінде дарынды орыс оқымыстысы академик В. И. Вернадский (1944) аңсаған адам қоғамының саналы қимылының нəтижесінде биосферадағы тіршілік жаңа сатыға «ноосфераға» (ақыл-еркіне) көшу жолының əзірше жүзеге аспай тұрғанын мойындауымыз керек. Ескеретін жай, республикамызда мұндай қазба байлықтарды алған кезде «таза бұзылған» жерлерден басқа əскери-өндірістік кешендерден бүлінген жерлер қаншама. Олардың басым көпшілік жерлері ядролық қару-жарақтарды сынау, ғарыш кемелерін көкке ұшырған кездерде бұзылып, зақымданып, оның ішінде радиацияға шалынып,
«ғарыш» қоқыстарымен ластанады. Бұл мəліметтердің көп уақыт құпия болып келгені мəлім. Қазақстан Жоғарғы мəжілісінде депутаттар тобы кейінгі кездерде анықтағандай, еліміздің «қорғаныс» мақсатына бөлінген жер көлемі 20 млн гектардан асады. Бұл «қорғаныс» мақсатындағы объектілердің қазақ жеріне, халқына тигізген жəне болашақта да тигізетін кесапат зияндарын нақтылап есептеу – келешектің ісі. Қынжылатын шындық, Жер планетасында тек Қазақстанда ғана ядролық-стратегиялық бағдарлама толық жүзеге асты. Оларға қажетті шикізат осында табылып алынды, ядролы қондырғылар осында дайындалып, осында сыналды, ракеталы-ғарыштық кешендер осында сыналып, осында көзі жойылды. Мұның барлығы 40 жыл бойы жүр. Жалпы Қазақстанда 500-ден астам атом бомбасының жарылысы болды, оның 20-дан астамы Семей полигонынан басқа аймақтарда. Уран кеніштерінің аймақтарында экологиялық жүйенің барлығы да қатты ластанды. Батыс Қазақстан аймағындағы Азғыр, ал осы облыстармен шектес жатқан Ресейдегі Капустин-Яр полигондарының қазақ жеріне тигізген экологиялық зияндары ұшан-теңіз екені даусыз.
1-тапсырма
Төмендегі суретте табиғаттағы тепе-теңдік берілген.
а. Топырақтың өзгерісі осы теп-теңдіктің өзгерісін туғызады. Сондықтан сіз осы тепе-теңдікті сақтау үшін, топырақтың экологиялық мәселесін қалай шешуге болатынын түсіндіріңіз.
b. Алдын алу жолдарын ұсыныңыз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |