Сабақтың тақырыбы: «Солтүстік Америка материгі»
А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп,
Алға ауданы,
Ақтөбе облысы
Пән мұғалімі: Иманбаева Г.К.
Сабақтың мақсаты: : Солтүс тік Америка материгі бойынша алған
оқушылардың білімдерін жинақтап қорытындылау,
материктің басты ерекшеліктерін айыра білуге үйрету,
тарау бойынша алған білімдерін бағалау.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Диагностика сәті: тарау бойынша толық игерген және қайталап, толықтыруды қажет ететін бөлімдерін анықтау.
Тірек-сызбаны сәйкестендір:
Солтүстік Америка
1.Өзендері
2. Таулары
3.Елдері
4.Табиғат зоналары
А. Митчелль,Мак-Кинли
Б.Арктикалық,қоңыржай, тропиктік.
В.Миссури,Миссисипи, Мексика.
Г. Гаити,Панама,Мексика.
ІІ.Қайталау тапсырмалары.
Оқушылар 2 топқа бөлініп, әр бөлімге ат қояды.
1-топ «Аляска» 2-топ «Фанди»
Сабақ бөлімдері: 1. Ақпарат бөлімі.
2.Зерделік бөлім
3.Жаттығулар бөлімі.
4.Білімді қорытындылау.
І.Ақпарат бөлімі.
1-топ. Америка сөзінің шығу тарихы, Маккензи өзені атауы, Гудзон шығанағы атауы туралы жинақтаған ақпараттарымен таныстырады.
2-топ. АҚШ туының тарихы, Колорадо каньонын ашу, Аляска түбегі туралы ақпараттармен таныстырады.
ІІ.Зерделік бөлім.
Табиғат зоналары
|
Ерекшеліктері
|
І.Тундра зонасы
|
А.. Жалпақ жапырақты ағаштар:емен, шамшат,көктерек. Топырағы:сұр және қоңыр топырақ.
|
ІІ.Тайга зонасы
|
Б.Мүк,қына,бұталар өседі.Карибу бұғысы мекендейді.
|
ІІІ.Аралас жапырақты орман зонасы
|
В. Өсімдіктері: балқарағай, қара шырша, ақ шырша, майқарағай.
Жануарлары: Канада сілеусіні,сусар,скунс,бұлан.
|
ІV.Орманды дала зонасы
|
Г. Астық тұқымдас өсімдіктер: бщзшалғын,бизоншөп таралған.
Бұл аймақ Солтүстік Америкада «прерий» деп айтылады.
|
V.Дала зонасы
|
Д. Табиғат зонасы ағаштар мен шалғынның алмасып кетуімен ерекшеленеді.
|
ІІІ. Жаттығулар бөлімі.
Кестені толтыр.
«Аляска» тобына.
Пайдалы қазбалар
«Фанди» тобына
Елдері
ІV. Білімді қорытындылау. Тест
Солтүстік Америка материгі бойынша тест сұрақтары.
1.Солтүстік Америка материгінің экваторға қатысты орны:
а) тек оңтүстік жарты шарда
ә) көпшілік бөлігі солтүстік жарты шарда
б) экватор материктің ортасын кесіп өтеді
в) тек солтүстік жарты шарда орналасқан
2. Солтүстік Америка материгінің бастапқы меридианға қатысты орны:
а) түгелдей шығыс жарты шарда
ә) көпшілік бөлігі батыс жарты шарда
б) түгелдей батыс жарты шарда
в)көпшілік бөлігі шығыс жарты шарда
3. Канаданың Арктикалық архипелагының пайда болуы:
а) жер сілкіну әсерінен
ә) құрлықтың төмен түсіп, су басу нәтижесінен
б) құрлықтың жоғары көтерілу нәтижесінен
в)жанартаудың әсерінен
4. Аталған жазықтардың тек Солтүстік Америкаға қатыстысын анықта:
а) Орталық жазық, Аппалач, Миссисипи ойпаты
ә) Миссисипи ойпаты, Ұлы жазық, Орталық жазық
б) Амазонка, Ориноко, Ұлы жазық
в)осы аталғандардың барлығы
5. Солтүстік Америка материгінің ең биік нүктесі:
а) Аконкагуа
ә) Кордильер
б) Мак-Кинли
в) Эверест
6. Кордильер тау жүйесінің пайда болу себебі:
а) жанартау әрекеті нәтижесінен
ә) мұз басу әсерінен
б) литосфералық тақталардың соқтығысу нәтижесінен
в)осы аталғандардың бәрі
7. Аталған климаттық белдеулердің қайсысы Солтүстік Америка материгінде кездеспейді?
а) экваторлық белдеу ә) арктикалық белдеу
б) субэкваторлық белдеу в)субарктикалық белдеу
8. Ұлы жазықтарда торнадо желдерінің пайда болуы:
а) материк жағаларындағы жылы ағыстар әсерінен
ә) материктің батысында таудың жатуы себебінен
б) қыста арктикалық ауа массасының солтүстіктен келу салдарынан
в)тропиктік ауа массаларының жазда оңтүстіктен солтүстікке ауысуы
9. Солтүстік Америка материгінде қоңыржай климаттық белдеу қандай климат сипаттарына ажыратылады?
а) теңіздік климат ә) континеттік климат
б) муссондық климат в)осы аталғандардың бәрі
10. Солтүстік Американың ең ұзын өзені:
а) Миссисипи ә) Ниагара
б) Маккензи в)Колумбия
V. Үйге тапсырма.
«Солтүстік Америкадағы бір күн» тақырыбында шығарма жазу.
VІ. Бағалау.
Оқушылардың сабаққа қатысуына,біліміне, топтық ынтымақтастығына байланысты бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |