ҚазақТҰтынуодағЫ


ТАҚЫРЫП: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ



бет22/31
Дата24.02.2016
өлшемі1.27 Mb.
#12999
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31

7 ТАҚЫРЫП: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ.





    1. Қазақстандағы номадизмнің ерекшеліктері.

    2. Фольклор – экономикалық ойлардың бастау бұлағы.

    3. Әл – Фараби ілімі, Тәуке ханның “Жеті жарғы” – заң ескерткіші.

    4. ХІХ ғасырдағы Қазақ – демократтарының әлеуметті – экономикалық көзқарастары.

    5. Қазақстанның мемлекеттік социализмнен рынок қатынастарына өту кезеніндегі экономикалық ғылымның дамуы.


Аталмыш тақырыппен танысып Сіз мыналарды білесіз:

  • Номадизм мен ренесанс түсініктерін;

  • Фольклордың – экономикалық ойларды туғызыуы мен дамытуын;

  • Әл-Фарабидің тарихтағы орнын, Тәуке ханның “Жеті жарғы” - заңының тарих маңызын;

  • ХІХ ғасырдағы Қазақстанның ағартушы –демократтарының рөлін;

  • ХХ ғасырдағы Қазақстандағы экономикалық ғылымның дамуын.



7.1 Қазақстандағы номадизмнің ерекшеліктері.


Кәзіргі Қазақ халқы мен оның көне ата – бабаларының тарихы әлемдік өркениет тарихының органикалық құрамды бөлігі. Бүгінгі күні Қазақстан – дербес, егеменді, тәуелсіз мемлекет. Ендігі уақытта экономикалық, саяси және мәдени өмірі нарықтық қатынастарға байланысты. Қазақстан әлемдік шаруашылық жүйесінің субъектісі болып саналады.

Қазақ халқының қоғамдық даму эволюциясы, соның ішінде экономикалық өмірі мен ой – санасының қалыптасуы, салты мен тіршілік тынысы, елдің шаруашылық жүргізу тәсілі – номадтардың тұрмысына ұқсас құрылған. К. Маркстің “азаттық өндіріс әдісі” деген термині – бұл халықтардың тұрмыс-тіршілігінің сипатын, меншік иелеуінің объектісі мен субъектісін қамтиды.

Сондықтан көшпелі халық – номадтардың қоныс аударуы, жаз жайлауда, қыс қыстауда, сол халықтың кеңістікті, табиғатты тиімді пайдалану, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар сипатынан туындайтын саяси - әлеуметтік артықшылығы, тіпті экология жағынан да өркениетті құбылыс.

Жалпы “Номадизм” – “номасрад”, “номадес” деген грек сөзінен шыққан – малшылардың “көшпелі” өмір - салты дегенді білдіреді. Ол адамдардың көшпелі, мал шаруашылығына өтумен байланысты - номадизм Еуразия таулы – далалық тайпаларының ортасында біздің дәуірімізге дейінге екінші мың жылдықтың соңы мен бірінші мың жылдықтың басында пайда болып, Орталық және Батыс Азияның бірсыпыра елдерінде сақталды.

Қазақстанның экономикасындағы номадизмінің ерекшелігі мұнда қалыптасуы және дамуы бүкіл көп ғасырлық тарихы мал шаруашылығына, көшпелі өмір салтына негізделінгенінен тұрады. Мал шаруашылығы, басты тіршілік арқауына айналған, бүкіл Қазақ қоғамының даму шыңының тарихи тәжирбесі Қазақстанның экономикалық ойларының негізгі бастау көздерінің бірі болып саналатын, қазақ фольклорындағы деректер, осыны толық растайды.

Ғасырлар бойы біздің ата - бабаларымыз бір – бірімен кездескен сәтте, алдымен “мал – жан аман ба?” деп саулық сұрасқан. Малды бірінші кезекке, содан кейін барып жанды, денсаулықты қойған. Бұл мысал – Қазақстан малшыларының көшпелі өмір-салты экономикасында номадизмінің басым болғандығының дәлелі.

Номадизм ерекшелігін ұғуы үшін ұлттық “менталитет” түсінігін білу керек, яғни біреуді силау, толғанып ойлау тәсілі, әлемді түсіне білу, Қазақ халқының менталитетіне оның ашықтығы, қонақ жайлылығы, мейман достығы жатады.

Н.Ә.Назарбаевтың айтуынша: Қазақ халқының генетикалық сипатының ашықтығын, жан мейірмандылығын, қажет кезінде барымен бөлісе білуін жатқызады. Ешқашан және ешкімге ол жеккөрушілік сезімді көрсетпей, ешқашан халықаралық конфликтінің қайнары болып көрмеген дейді.

Қазақтардың көшіп - қону дәуірінде, Ұлы даланың қатаң жағдайлары, бір жануяға – жеке өмір сүруге мүмкіндік бермей, халықты өзара көмек көрсетуге үйретті. Көшпенділердің мінез – құлқына, өзара қолдау, қайғыда жан ашу және бір – біріне көмектесу қасиеттерін жатқызуға болады. Осының барлығы Қазақ ұлтының нығаюына, өсуіне әкелді. “Ашық көңіл үйдің тарлығын білдірмейді”, “От қайдан болса, сол жақтан жылу келеді” деген мәтел де осыны көрсетеді.

Осындай қазақ халқының ерекшелігі, оның жақсы қасиеттері демократиялық қоғамды құруға көмектесуге тиіс. Оның фундаменті болып ұлтаралық келісім, бір-бірін түсінушілік болып табылады.

Бірақта, алғашында империялық, кейіннен кеңестік – коммунистік идеологияның ықпалында қалған қазақ мәдениеті, ғылымы, халқының басынан кешкен экономикалық, мәдени оқиғалары, құбылыстары тарихи зерттеулерден шеттетілгендігін айту керек. Мұндай жағдай “колониалдық жүйеге кірмейтін шағын халықтардың өзіндік тарихы болмайды” деген концепцияның нәтижесі болды. Осыған байланысты жазбалы документалды тарихын қалдыруға құқықтарынан айрылған Қазақ халқы өз құндылықтарын халықаралық деңгейде толық түрде көрсете алмады.

Егемендікті, тәуелсіздікті алғаннан кейін әлемдік жұртшылықпен жан-жақты қарым-қатынас жасауға, олардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде алынған баға деңгейімен танысуға мүмкіндік туды. ЮНЕСКО –ның 1995 жылды – Абай жылы, 1996 жылды –Жамбыл жылы, 1997 жылды - Әуезов жылы деп атауы осындай процестерге жаңа бір күш беруде. Осымен байланысты номадизм дәуірінен өткен, ренесансқа жеткен Қазақтар, ренесанс дәуірінен өттіме, жоқ па деген сұрақ ғалымдар, тарихшылар, әдебиетшілер ойларын туғызуда.

Егер “Ренесанс” түсінігі – жаңару, прогресс, гүлдеу дегенді білдірсе онда еліміздің өткен тарихына көзжіберіп дамыған, қалыптасқан саяси – экономиялық дәуірлерімізді еске алсақ, бір кезде “артта қалған” деген атақ алған, қазақ халқы ренесансты бастан кешіре алды деген шешуді ашық айтуға болады. Егер біз белгілі бір тарихи кезеңдегі бір мәдени-рухани әлеуеметті анықтауды бұрынғы әдістемелік сілтемелермен, қоғам дамуын жалған заңдылықтармен қарастырсақ, онда біз тағы да қатаң қателіктерде қаламыз. Осындай әдістің қателігі талай рет дәлелденген.

Әлемдік тарихи процесс мынаны көрсетеді, бір жағынан әлеуметік саяси өмір мен екінші жағынан мәдени-рухани шыншылдықтың арасында тұрақты сәйкестік әр қашанда бола бермейді. Мұны келесі мысалдардан байқауға болады. Ежелгі гректерде кұлиеленушілік қоғам үстемдік еткенде классикалық мәдениеттің гүлденген кезі болды.Ал ортағасырлық діни Мистицизмі кезінде Еуропада ренесанс жақсы дами бастады. Наполеон әскері Германияны жеңген кезде классикалық неміс философиясы мен мәдениеті өркендеген болатын. Басыбайлы крепоснойлы Ресей ХІХ ғасырды мәдениет пен әдебиеттің “алтын ғасыры” деп атады.

Әлеуметтік саяси және дамудың мәдени-рухани деңгейі арасындағы сәйкессіздікті өз уақытында ұлы Гегель “тарихтың жалған бет пердесі” деген.

Егер еуропалық ренесанс Данте мен Джоттодан бастама алып, Байронмен аяқталса, онда қазақ ренесансы Шоқан мен Құрманғазыдан басталып Абаймен аяқталады деген ойды айтуға болады. Бұл тек жәй салыстыру емес, бұл жан-жақты, терең талдау мен зерттеуді талап ететін болашақ. Уақыт өте тарихи тұлғалар бейнелері, ұлттық мәдениеттің әлемдік мәні, оның ертедегі тамырлары жаң-жақты ашыла бастайды. Сонда ғана қазіргі және болашақ ұрпақты ХІХ ғасырда туған Абай және басқада ақын, сазгер, ғалым мен ағартушылар қатарымен таңқалдыруға болмайды. Керісінше, қазақ халқының мәдени-рухани жаңаруы ХІХ ғасырда әлемге Абай, Құрманғазы, Шоқан, Ыбырай сияқты алып тұлғаларды сыйламай қоймады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет