қалыптасуы мен дамуы.
Марксистік саяси экономияның ХІХ ғасырда пайда болуы, әлемдік экономика ойларында аса маңызды оқиға болды. Марксизмнің негізін салушылар экономикалық ойларды зерттеуге, оның пәні мен әдісін түсінуге, капитализмнің категорияларын, оның әлеуметтік табиғаты мен тарихи тағдырын түсіндіруде түбірлі революциялық төңкеріс жасады.
Марксизмнің қалыптасуы, соншалықты маңызды тарихи дамудың негізгі шарттарының бүкіл барысымен әзірленді. Ол шарттар алуан түрлі болды және әртүрлі факторлардың әсерімен пісіп-жетілді.
Федолизмнің күйреуі мен капитализмнің нығаюы ажырағысыз байланыстардын тарихи жағдайының зор маңызы болды. Марксизмнің негізін салушылар сол дәуірдің замандастары еді. ХІХ ғасырдың басында алғашқы бетте Англияда болған өнеркәсіп төңкерісі, машиналы өндірісті экономиканың негізіне айналуға әкелді. Машиналық өндірістің дамуы жұмысшы табының жағдайының нашарлауға, (Франциядағы (1831-1834) Лиондық тігіншілердің, Англиядағы - Чартистік қозғалыстың (30-40-ші жылдар); Германиядағы Силезия тоқманшылардың (1844) бас көтерулері), пролитарият пен буржуазия арасындағы қарама-қайшылықтардың, асқынуын туғызды. А. Смит пен Д.Рикардо уақытына қарағанда басқадай экономикалық ахуал пайда болды. Капитализмді терең және жан-жақты талдау үшін қажетті алғы шарттар қалыптасты.
ХІХ ғасырдың ортасында пайда болған марксизм сол уақыттағы әлеуметтік – экономикалық қозғалыстардың тәжірибесін, теориялық жинақтап қорыту болып саналады.
Англияда өнеркәсіп төнкерісінің зардаптарына баға беру Маркс пен Энгельстің экономикалық зерттеулерінің маңызды тақырыбына айналды. Англияның фабрикалық жүйесі, өндіргіш күштердің бұрын болып көрмеген дамуын туғызды. Капитализмнің прогрестік рөлі шындыққа айналды, капиталистік қоғамды дамыту, ең алдымен өндірістік қатынастарды, сондай – ақ таптық құрылымдарды, саяси жүйені, идеологиялық қондырмаларды дамыту үшін өндіргіш күштердің маңызын айқындайтың көрсеткіштер пайда болды.
Капиталистік негіздегі экономикалық прогресс халықтың зардап шегулерімен төленетің өнеркәсіп төңкерестерінің әлеуметтік зардаптардың шыни тұрғыдан зерттеу, марксизмді қалыптастыру үшін айрықша маңызға ие болды. Капиталистік бәсекелестіктің ықпалы мен ұсақ буржуазия жаппай кедейшілікке ұшырауы байқалды. Қол өнершілер, шаруалар мен ұсақ саудагерлер, жұмыссыздар пауперлер қатарына қосылды
Техникалық прогресс еңбекті интенсивтендіруді және оған қатты бақылау жасауды күшейтті Осындай жағдайларда әйел және бала еңбегін қанау күшейе түсті. Еңбек күні ұзарып, еңбекақы төмендеді, фабрика жұмысшылары аяушылық жағдайда өмір сүрді.
1825 жылдан басталған экономикалық дағдарыстар капитализм экономикасына мерзімді сілкініс жасай отырып, жаппай жұмыссыздықты тудырды. Сондықтан да, капитализмді сынау, оның дамуының әлеуметтік зардаптарын көрсету марксизмнің маңызды міндеттеріне айналды.
Қоғамдық – экономикалық формациялардың алмасуы, әдетте таптық күрестің жайшылықтағыдан тыс асқыну нәтижесінде туындайтын, революциялық төңкерістермен ілеспелі болатын. Капитализмнің пайда болу кезінде осындай тарихи даму жолы орын алды. Бұған ұлы француз революциясы айқын мысал. Бұл революция жалпы европалық маңызға ие болды, ол Франциядағы сеньордар тәртібін күйретіп қана қойған жоқ, сонымен бірге басқа елдерде де сілкініс туғызды, жұмысшылар саны аса тез қарқынмен өсті, өнеркәсіп төңкерістері барысында пролетариаттың қалыптасуы Марксизм генезисінің әлеуметтік базасы болып саналды. Оның ұлғая түсуі капиталистік қанау аясының кеңеюі фабриканттар мен зауытшылар пайдаларының екі еседен артық өсуіне әкелді. Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі қала халқының тез өсуін туғызды. Өнеркәсіп төңкерістері уақытындағы азап пен кедейшілік жағдайында социализм үшін күрес бүкіл әлемдік тарихи маңызға ие болады. Осы маңызды ролді ашып көрсету марксизм үшін басты мақсат болды.
Марксизм философиясында социологияда, саяси экономияда тарихи зерттеулер пролетарлық бағыт ретінде қалыптасты. Пролетариаттың қалыптасуы мен марксизм генезисі арасында тығыз және тікелей байланыс болды. Пролетариат, буржуазияның таптық антогенизісі ретінде өнеркәсіп төңкерістері арқылы пайда болды. Оның міндеттері мен тарихи рөлін марксизм тамаша шеше білді.
Маркс пен Энгельстің алғашқы бірлесіп жазған еңбегі «Қасиетті тек немесе сыни сынға сын» (1844).
Философиядағы субъективтік иедализм позициясынан дәйекті түрде ұстанған жас гегельдіктердің көзқарастарын сыни тұрғыдан талқылады, әсіресе өзіндік тұлғадағы «сыни сын» тарихындағы жеке тұлғалардың маңызын асыра көрсетті.
Өндіріске деген меншік қатынасы кез келген экономикалық жүйенің іргетасының негізі болатын. Соған сәйкес өндіріс құралдарына меншік қатынасы кез келген экономикалық жүйенің басты мәселесінің негізіне жататын жайлардын бас ережелері болып саналады. Еңбек өнімі бөтеннің өнімі ретінде қатысады, пролетарит өз еңбегімен басқаның байлығын құрайды. Маркс пен Энгельс еңбек ақы мен пайда арасындағы кері тәуекелділікті түсіндірді. Пролетариат пен байлық тұтастықтың қарама-қарсы екі жағын құрайды, осыған орай капиталистер оны сақтауға мүдделі, пролетариат бұл тұтастықты жоюға еріксіз мүдделі. Пролетариат пен байлықтың тұтастығын жою Маркс пен Энгельстің пікірі бойынша жеке меншікті жоюды, сонымен бірге пролетариаттың өзін жоюды білдіреді.
«Қасиеттік тек» еңбегінде құн теоиясын жасау маңызды орын алады. Өндірістің үш факторлы теориясын сынай отырып, Маркс пен Энгельс бәсекелестікті назарға алмайтын болсақ деді, онда айырбас келістігінің пропорциясы біріншіден қандай да бір затты өндіруге жұмсалған шығындармен (өндіріс шығындарымен), екінші жағынан оның пайдалылығымен анықталады деп жазды.
Маркс пен Энгельстің келесі бірлесіп жазған еңбегі – «Неміс идеологиясы» (1845-1846 жылдары жазылған), негізінен «Қасиетті тек» кітабының жалғасы болып саналады. Бұл еңбек, сол кезеңде Германиядағы негізгі философиялық ағымдарды сыни тұрғыдан талдауды білдірді.
Мұнда марксизм саяси экономиясының одан әрі дамуына негіз болып саналатын, қалыптасқан тарихи материалдық түсінік көрсетілген.
«Неміс идеологиясының» негізгі тезисі материалдық өндіріс ірге тасы кез келген идеологиялық қондырманың базисін құрайтындығынан тұрады. Өндіріс дамуының деңгейі еңбек бөлінісі жүйесімен айқындалады. Еңбек бөлінісі жүйесін дамыту бірнеше кезеңдерден: алдымен өнеркәсіп пен сауданың егіншіліктен бөлінуі, одан әрі сауданың өнеркәсіптен бөлінуі, ең соңында ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуі арқылы өтеді.
Еңбек бөлінісінің дамуы сауда мен мануфактураның, өз кезегінде, ірі буржуазияның пайда болуына әкеледі. Осыған орай капитализмнің дамуы мануфактуралық сатыда экономикалық саясаттағы протекционизіміне сәйкес келді. Машиналы өндірістің және әлімдік нарықтың дамуы, осылармен бірге капитализмнің ақша жүйесінде (ақшамен сауда жасаудың, банктердің пайда болуы) әмбебап үлгілі еркін бәсекелестігін туғызды.
Өндірісте, одан туындайтын барлық зардаптармен бірге, ірі өнеркәсіп капиталының үстемдік ету дәуірі басталады.
1847 жылы К. Маркстің «Философия жұтаңдығы» еңбегі жарық көрді, бұл П. Прудоның «Экономикалық қарама-қайшылықтар жүйесі немесе философияның жұтауы» еңбегіне пікірталас ретінде берілген жауап болатын. Онда философиялық және экономикалық ой-пікір, көзқарасқа сыни талдау берілген. Сондай-ақ, оның теориялық жүйесін құру әдісі – тауардың тұтыну құны молшылық пен ұсынысты, ал айырбас құны – сиректік пен сұранысты білдіреді. Оны өндіруге жұмсалатын жұмыс уақытының шығындарымен анықталатын яғни бір өнімді екіншісіне айырбастау пропорциясы Рикардоның осы екі қарама-қарсы құнының синтезі болып саналады деді. Осыған орай Прудон өнім құны мен еңбек ақыны теңестірді, жұмыс істеушінің еңбегі толық төленеді деп санады.
«Философия жұтаңдығында» Маркс капиталдың сала аралық құйылуы (ағыны) нәтижесіндегі салалар пайдасының нормаларының жіктелу проблемаларын қарады. Сондай-ақ қоғамдық еңбек бөлінісі мен еңбек құралдарының проблемаларын зерттеді; дифференциалды жер рентасын, жер бағасын, жалгерлік ақыны талдады. Мұнда ауыл шаруашылығындағы жалгерлік қатынастардың толық қалыптасып үлгерген көзқарастарымен таныстырды. Дифференциалды рента Маркстің пікірі бойынша, өндіріс шығындарының қатынасының жоғары еңбек шығындарымен реттелетін ауылшаруашылық өнімдерінің артық бағаға тең. Жердің бағасы рентаны ссудалық пайыз деңгейімен өлшеу арқылы анықталады. Ал жалгерлік бағаға жерге салынған басқа да капиталдың пайыздары кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |