Тұрақсыз отбасылардың этникалық құрамы, динамикасы жəне некенің ұзақтығын зерттеу – қазіргі этносоциология үшін ең өзекті мəселенің бірі. Егерде бұрынғы кездері ажырасу орыс, украин, неміс, т.б. көршілес ұлттарда жиі кездессе, қазіргі таң- да бұрын ерлі-зайыптылардың неке беріктігімен ерекшеленген қазақ ұлтында ажырасу жыл сайын артып келеді. Көрсетілген ұлттарда ерлі-зайыптылардың ажырасуы бірге тұрған бірінші 10 жылдықта кездеседі екен. Яғни 1 – 5 жылдары ерлі-зайыпты- лардың 29,4% отбасы ажырасады, олардың ішінде 28,2%-ы бір ұлтты жəне 36,8%-ы ұлтаралас; 6 – 10 жылдары 31,6-дан 41,3%- ға дейін. Кейінгі жылдарға қарай ажырасулар саны кеми түсу- де. Іс жүзінде бірінші 5 жылда ерлі-зайыптылардың көпшілігі ажырасады.
Статистикалық мəліметтер мен ел ішіндегі зерттеулердің нə- тижесінде отбасын бағалай білмеген кейбір ерлі-зайыптылардың екінші рет отбасын құрғанымен оның тағдыры оларды ойлан- дырмайды. Ортақ балалары бар отбасылардың ойланбай жасаған қадамдарынан болашақта екі жақтың да азап шегуі, қатты көңіл қалуы, материалдық шығынға ұшырауы күтіп тұр. Бұл жағдайда ұтқан да, ұтылған да жоқ, сондықтан барлық отбасылық қиыншы- лықтар жанжалдың шығуына алып келмейді немесе оны тіпті азай- тады. Ұрыс-керіссіз жəне таластар болмайтын отбасы кездеспейді. Алайда дағдарыс жəне дау-жанжал қалай да болатын болса, отбасы бірлігін сақтап қалу үшін ерлі-зайыптылар екеуі де кешірімділік көрсетіп, бір-бірінің əлсіз жақтарына көз жұма, шыдамдылық та- нытып, өзіне сыни көзбен қарап, талап ете білуі керек. Бұл жерде
«кімде-кім өзінің кемшілігін көретін болса, басқалардың кемшілі- гін көруге үлгермейді» деген шығыс даналығы орынды.
Достарыңызбен бөлісу: |