Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени


ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ



бет67/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ





      1. Қазақстан халқыАссамблеясының құрылуы.

      2. Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі нəтижелері.


  1. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы

1992 жылы еліміздің Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Тəуел- сіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халқының бірінші форумындағы алға тартқан Қазақстан халқының Ассамблеясын құру туралы идеясы шыққан. Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Президенті қарамағындағы консультативті-кеңестік ұйым ретін- де құрылды. Оның 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан Республика- сы Президенті Жарлығымен бекітілді.

Ассамблеяның 1995 жылы 24 наурыздағы бірінші сессиясы жəне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев- тың онда сөйлеген сөзі халық арасында кең қолдау тапты. Қазақ- стан халқы Ассамблеясы туралы 2002 жылы ереже қабылданды. Ассамблея Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кеңесші орган болып табылады. Ассамблея шешімі кепілдемелік сипатқа ие болған. Ассамблеяның басшысы – Қазақстан Респуб- ликасының Президенті. Ассамблея мүшелерінің ұсынысымен, Республика Президенті тағайындаған Ассамблея төрағасының екі кеңесшісі тағайындалады.

Ассамблеяның қызметі төмендегі шешімдер бойынша бағыт- талады:



    • ұлтаралық келісім жəне қоғамдағы тұрақтылықты сақтау- ға үлес қосу;

    • мемлекеттік саясатты жүргізу, екі мемлекет қызметкер- лерінің арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, сонымен қатар Қазақстан Республикасының əртүрлі ұлт өкілдерінің достық қарым-қатынасын, олардың рухани мəдениетін көтеру, халықтарды теңдік қағидаларын сақ- тау негізінде дамыту;

    • өркениетті жəне демократиялық нормаларға сүйенген аза- маттардың саяси мəдениетін қалыптастыру;

    • мемлекетте жүргізіліп отырған ұлттық саясатта əртүрлі ұлттардың мүдделерінің тіркеуін қамтамасыз ету;




    • қоғамда пайда болған əлеуметтік қарама-қайшылықты шешу үшін ымыра іздеу.

Ассамблея мүшелігіне Қазақстанның Кіші халқы ассам- блеясының аймақтық пропорционалдық принциптері бойынша ұсынылады.

Кіші халқы Ассамблеясы басты облыстық əкімшілік жанын- дағы кеңесші орган болып табылады. Əр облыстарда ұлттық-мə- дени орталықтардың өкілдіктерінен құралып, Ардагерлер кеңесі, облыс əкімшілігі жəне мəслихаттар жеке құрамын бекіте отырып облыс əкімшілігімен басқарылады.

Ассамблея Республика Президентінің жарлығымен немесе үш өкілінің өтініші бойынша шақырылады. Осы жұмысты жүргі- зу үшін мəжіліс аралығында Ассамблеяның ұлттық-мəдени орта- лығы, Ардагерлер кеңесі, Кіші Ассамблея басшылары жəне оның ішкі құрамдары шақырылады. Ассамблея кеңесі Ассамблея өкіл- ділігінің орынбасары қызметін атқарады. Ассамблея қызметі рес- публикалық бюджет жəне облыстық, сонымен қатар өз еркімен қолдау көрсететіндер есебімен қамтамасыз етіледі.

Ассамблеяның ұйымдастырылуы жəне қызметінің тоқтаты- луы Республика Президентінің жарлығымен немесе Ассамблея- ның үштен екі мүшелерінің ұсынысымен жүзеге асырылады.

Қазақстан халықтары арасынан Ассамблея туралы идея бел- сенді қолдау тауып, күрделі дайындық жұмыстарының нəтиже- сінде құрылды. Қоғамның қолдауымен оны Елбасы басқарады. Ассамблея ережесіне сəйкес оның құрамын ҚР Президенті анық- тайды, ал кандидаттарды Астана жəне Алматы қалалары жəне об- лыстары құрамындағы Кіші халықтар ассамблеясының пропор- циалды қағидалары негізінде ұсынылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет