Қазақстан халқыАссамблеясының құрылуы.
Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі нəтижелері.
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы
1992 жылы еліміздің Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Тəуел- сіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халқының бірінші форумындағы алға тартқан Қазақстан халқының Ассамблеясын құру туралы идеясы шыққан. Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Президенті қарамағындағы консультативті-кеңестік ұйым ретін- де құрылды. Оның 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан Республика- сы Президенті Жарлығымен бекітілді.
Ассамблеяның 1995 жылы 24 наурыздағы бірінші сессиясы жəне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев- тың онда сөйлеген сөзі халық арасында кең қолдау тапты. Қазақ- стан халқы Ассамблеясы туралы 2002 жылы ереже қабылданды. Ассамблея Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кеңесші орган болып табылады. Ассамблея шешімі кепілдемелік сипатқа ие болған. Ассамблеяның басшысы – Қазақстан Респуб- ликасының Президенті. Ассамблея мүшелерінің ұсынысымен, Республика Президенті тағайындаған Ассамблея төрағасының екі кеңесшісі тағайындалады.
Ассамблеяның қызметі төмендегі шешімдер бойынша бағыт- талады:
ұлтаралық келісім жəне қоғамдағы тұрақтылықты сақтау- ға үлес қосу;
мемлекеттік саясатты жүргізу, екі мемлекет қызметкер- лерінің арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, сонымен қатар Қазақстан Республикасының əртүрлі ұлт өкілдерінің достық қарым-қатынасын, олардың рухани мəдениетін көтеру, халықтарды теңдік қағидаларын сақ- тау негізінде дамыту;
өркениетті жəне демократиялық нормаларға сүйенген аза- маттардың саяси мəдениетін қалыптастыру;
мемлекетте жүргізіліп отырған ұлттық саясатта əртүрлі ұлттардың мүдделерінің тіркеуін қамтамасыз ету;
қоғамда пайда болған əлеуметтік қарама-қайшылықты шешу үшін ымыра іздеу.
Ассамблея мүшелігіне Қазақстанның Кіші халқы ассам- блеясының аймақтық пропорционалдық принциптері бойынша ұсынылады.
Кіші халқы Ассамблеясы басты облыстық əкімшілік жанын- дағы кеңесші орган болып табылады. Əр облыстарда ұлттық-мə- дени орталықтардың өкілдіктерінен құралып, Ардагерлер кеңесі, облыс əкімшілігі жəне мəслихаттар жеке құрамын бекіте отырып облыс əкімшілігімен басқарылады.
Ассамблея Республика Президентінің жарлығымен немесе үш өкілінің өтініші бойынша шақырылады. Осы жұмысты жүргі- зу үшін мəжіліс аралығында Ассамблеяның ұлттық-мəдени орта- лығы, Ардагерлер кеңесі, Кіші Ассамблея басшылары жəне оның ішкі құрамдары шақырылады. Ассамблея кеңесі Ассамблея өкіл- ділігінің орынбасары қызметін атқарады. Ассамблея қызметі рес- публикалық бюджет жəне облыстық, сонымен қатар өз еркімен қолдау көрсететіндер есебімен қамтамасыз етіледі.
Ассамблеяның ұйымдастырылуы жəне қызметінің тоқтаты- луы Республика Президентінің жарлығымен немесе Ассамблея- ның үштен екі мүшелерінің ұсынысымен жүзеге асырылады.
Қазақстан халықтары арасынан Ассамблея туралы идея бел- сенді қолдау тауып, күрделі дайындық жұмыстарының нəтиже- сінде құрылды. Қоғамның қолдауымен оны Елбасы басқарады. Ассамблея ережесіне сəйкес оның құрамын ҚР Президенті анық- тайды, ал кандидаттарды Астана жəне Алматы қалалары жəне об- лыстары құрамындағы Кіші халықтар ассамблеясының пропор- циалды қағидалары негізінде ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |