Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысы,Жаңақала ауданының мәдени-демалыс орталығы бойынша 1 аудандық мәдениет үйі, 8 ауылдық мәдениет үйі,5 ауыл клубтары өз қызметтерін тиімді атқарып келеді
Біздің еліміздің, болашағымыздың рухани жаңаруының негізгі мәдениет пен өнер екендігін айқындайтын басты құжаттар «Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы» ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, ҚР «Мәдениет туралы» заңы болып табылады Қ. Р Президентінің Қазақстан Халқына жолдауын, Қ.Р « Мәдениет туралы заңы мен мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру барысында аудандық мәдени демалыс орталығы 2010 жылы осы жыл ішінде 606 мәдени көпшілік шаралар өткізіп, оған 88053 көрермен қатысып және ақылы қызметтен түскен қаржы 1.266,2 теңге болды.
Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысы ,Жаңақала ауданының мәдени-демалыс орталығы бойынша 1 аудандық мәдениет үйі, 8 ауылдық мәдениет үйі ,5 ауыл клубтары өз қызметтерін тиімді атқарып келеді. Оларда 83 түрлі үйірмелермен, топтар барынша өз деңгейінде атқарылып ,белгіленген жоспар бойынша мәдени көпшілік шаралар өткізіліп келеді. Атап айтсақ: Домбыра, «Ән думан» «Жас қыран» көркем сөз үйірмесі, драма үйірмесі, «Жауқазын», « Жаңақала әуені» фольклорлық ансамблі, Тамаша- ойын сауық, КТК клубы,сырнайшылар,халық хоры, халық оркестрі және «Нұрбибі» би ансамблі,,
«Гүлдәурен» үлгілі би ансамблі, «Сыр мен сымбат» қыз- келіншектер клубы, «Көңіл ашар» ойын- сауық отауы, «Жас өркен» жас ақындар үйірмесі, «Жанұялық ансамбль», «Сымбат» бишілер тобы,тұрақты белсенді түрде жұмыс жасап келеді. Сонымен қатар биылғы жылы жастары ұлғайып, жанарының нұры таймағанымен де зәйнеткерлік жасқа шығып, бейнетінің зейнетін енді көргелі отырған бір топ әжелеріміз халқымыздың әуезді әндерін , көненін көздей келе жатқан салт дәстүрімізді жаңғыртпаққа ортамыздан табылды. «Сырлы аяқтың сыры кетседе, сыны кетпейд» деген қазақи қағиданы дәлелдеп, топтасып бабаларымыздан мирас болып келе жатқан салт- дәстүр, әдет- ғұрып, мәдени мұраларымызды халқымызға қауыштыруға мақсат тұтқан, Жұмағаным Құспанғалиеваның жетекшілік етуімен «Ай – Зере» әжелер клубы ашылды.
Жаңақала ауданының мәдени мекемелерінде Елбасы жолдауларымен үкімет саясатын халық арасында кеңінен насихаттау ел өміріндегі маңызды саяси, тарихи,мәдени,әлеуметтік- тұрмыстық,рухани ахуалды қалыптастыру бағытындағы шараларды жүзеге асыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.Әр ұлттың ұлтығын білдіріп, жақсысын насихаттап , жат қылықтардан бойын аулақ ұстауға жетелейтін өзіндік салт – дәстүрі белгілі.Осы орайда ата – бабаларымыз салған сара жолдың жалғасы ретінде, өшкенімізді қайтадан өркендетуге жол ашық. Тәуелсіздігіміздің оң таңында, Жаңақала ауданы көлемінде көптеген игі бастамалар бой көтеруде. Ұлттық салт – дәстүрімізді жаңғыртып жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында ауданымызда өткен үлкенді сыйлап,кішіні құрметтеп, отбасындағы татулық пен бірлікті меңзейтін аудандық, облыстық «Баталы ер арымас», «Қарттарым қазынам» , «Жігіт сұлтаны» , «Қызым саған айтам,келінім сен тында», «Қайран біздің әжелер арды ойлаған». «Бозбала мен бойжеткен»,т.б сынды мән мағынаға толы шаралар жоспарлы түрде әр жылдар сайын қайталанып, жаңа бағыт бағдар бойынша өткізіліп тұрады. Мәдени демалыс орталығы жанынан халықтық ұлт аспаптар оркестрі, халықтық хор және «Гүлдәурен» үлгілі би ансамблі, «Жаңақала әуені» фольклорлық ансамблі жұмыс жасайды, халқымыздың салт- дәстүрін насихаттаудағы еңбектеріне көрермендер алғысы шексіз. Сонымен мәдениет қызметкерлері жас таланттарды іздеп табу мақсатында «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалі жақсы денгейде өтті.
Вокал жанры бойынша бірінші орынды Бірлік ауылының үміткері Шындық Каримуллин дәстүрлі ән номинациясы бойынша, Русланов Райымбек атты үміткеріміз 1 орынды иеленіп, облыс көлеміне дипломант атанып келді. «Дала дарындары», байқаулары өткізіліп, онда облыстық , аудандық лауреат атанған жастарымыз жаңа өнерге қанат қағып өз үлестерін қосуда. Астана имиджін қалыптастыру арқылы елімізді сыртқа танытамыз деп талпынған зиялы қауімнің ойында жүргеннің бірі- Ару қаланы әнге және осы тақырыптардығы әндердің байқауын өткізу болатын. Биылғы жылы осы ойлған жоспарлары орындалып, алғаш рет «Ән жүрегім – Астана» байқауы Астана қаласында озырылды.Байқауға қатысқан 47 үміткердің ішінде талантты жерлесіміз Е.Ақбасовта бар еді. Ө.Ақбасовтың сөзіне жазылған «Ару Астана» әнін орындаған Ербол құрамында Н.Үсенбаева, М.Арапбаева бар қазылар алқасының талғамынан шығып дипломант атанып қайтты
Сондай – ақ ауданда дәстүрлі түрде «11 Достық» фестивалі Қазақстан Республикасын ұлтаралық татулықты нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатын насихаттау, Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің өнерін, шығармашылығын дамыту мақсатында барлық мекеме, ауылдық округ көркемөнерпаздары өз өнерін халыққа көрсетті.
Бүгінгі еңселі еліміз үшін ерекше күн, әлем тарихындағы ең зілді де зұламат соғыста әділеттің ақ таңы атқанына 65 жыл.Сондықтанда бұл күннің орны да орай да бөлек.
Биылғы жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай «Жұлдызы жарқыраған Ұлы Жеңіс» атты суретшілер байқауына мектеп оқушылары қатысып 1орынды, № 2 Жаңақала жалпы білім беретін мектептің оқушылары иеленсе, 2 орынды № 3 мектептің оқушылары, 3 орынды Жангелдин орта мектебінің оқушылары алды. «Біз Жеңісті жырлаймыз» атты театрландырылған қойылыммен қатар патриоттық әндер байқауы әсерлі түрде өткізілді. Мәдени-демалыс орталығының әдіскері Ж.Молдашқызының ұйымдастырған тағы бір мағынасы зор шаралардың бірі «Ұрпаққа ұран болған ерліктері» атты ардагерлермен кездесу кеші.Соғыс ардагерлері М.Жаданов, М.Мирманов, тылда еңбек еткен ардагерлері Т.Сарсенғалиев пен Қ.Рысқалиевке кезекті сауалдардан соң көркемөнерпаздар әдемі әндерімен өрнектеді. «Әнім де, жырым да сен – Ұлы Жеңіс» атты мерекелік үлкен шара оздырылды. Жыл сайын мәдени демалыс орталығының аузы мұрнына толтырып, айналасына риясыз пәктік пен шаттық лебін себетін бір мейрам бар десе оның ел ішінде бүлдіршіндер күні деп қабылданып кеткен – Дүниежүзілік балаларды қорғау күні десек дауласпазсыз сірә. Биыл ауданымызда атаулы күн өз деңгейінде өткізілді. Б.Ысқақовтың «Мақта қыз» ертегісі сомдаған мәдени демалыс орталығы қызметкерлері жақсы ойнап шықты.
Әсіресе дикарациямен актерлар ойынына көрермендер риза болып жабыла қошемет көрсетті.
Батыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының 2010 жылғы 2 маусымындағы №3 10/1331 қатынас қағазын басшылыққа ала отырып аудан көркемөнерпаздары көршілес аудандарымен өзара мәдени қарым – қатынас орнату мақсатында осы жылдың 12 маусым күні Казталов ауданына «Жайнай бер, жасай бер, Жаңақалам» атты концерттік сапарға барып аудан өнерпаздары өз өнерін паш етті.
Сонымен қатар жайнаған жасарған Жаңақала ауданымыздың 80 жылдығына орай аудан өнерпаздары Мұқыр,Сарыкөл,Жуалыой,Балғын, Ақ серке әскери бөліміне ,Кіші Айдархан, Теңдік, Балдырған, Үшкемпір,Үштас, Саралжын,Салтанат,Аққұс, Борық,Плантация, Ақбалшық,Жангелді, Айтпай, Карташоп елді мекендерін аралап өз өнерлерін көрсетіп елді мекен тұрғындарының ризашылығына бөленді. Жаңақала аудандық мәдени демалыс орталығының 2010 жылдың шілде,тамыз, қыркүйек бойынша мәдени шаралар жоспарлы түрде өткізіліп отырды. 2010жылдың қыркүйек айында ауданымызда Жұбан молдағалиевтың 90 жылдығына орай
«Ел жанында өшпейді Жұбан ақын» бір ел,бір кітап акциясы бойынша Жұбан оқуларын насихаттау бағытында өткізілді.Ел мен жер тағдырының елеңдетпейтін кезі жоқ Ертеңге қалдырар , ұрпаққа табыстар мирас мұрамыз да, байлық базарымызда , сол ел мен жердің тағдыр талайы. Арғы бергі аталарымыздың ту көтеріп,туырлық тігер құттықап шаңырағының уығын шаншар майлы да жайлы, қой үстіне бозторғай жұмыртқалардай жұмақ мекен,ел ордасы Астана күніне арналған «Арман қала, Астана» атты мерекелік думанды концерт ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Жаңақала жастарының ұйымдастырылуымен «Кеш жарық» атты думанды кеш. Аудандық «Дала дарындары» жастар шығармашылығы фестивалі ұйымдастырылды. Фестиваль алты номинация бойынша өткізілді:
1.Эстрадалық өнер /халық биі ,вокал/
2.Бейнелеу өнері /майлы бояу/
3.Журналистика жаныры
4.Әдеби шығарма
5.Халық музыкасы /домбыра-прима,жетіген-адыран/
6.Классикалық музыка жеке ән айту.
Эстрадалық өнер бойынша Нұрсұлтанова Рита аудан бойынша шебер өнерімен көзге түсіп, бас жүлдеге иеленіп Орал қаласындағы «Дала дарындары» байқауынан жолдама алды. Қатысқан үміткерлер ішінен ерекше көзге түсіп Нұрсұлтанова Рита Астана қаласында қараша айында өткізілетін ХІІІ Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестиваліне жолдама алды. 2010 жылдың тамыз айында Жаңақала ауданының 80 жылдығына орай көптеген шаралар мен елді мекендерге концерттік сапарлар соның ішінде «Ауылым әнім» атты Көпжасар ауылына концерттік сапармен барып қайтты. Аудандық кітапхана жүйесімен бірігіп сауықтыру орталығында «Есте қалар еңбектер» атты ауыл еңбек ардагерлерімен кездесу кеш сонымен қатар ауыл жастарымен «Жайнай бер, жалындаған Жаңақала жастары» атты өнерлі ауыл жастарымен кездесу кеш ұйымдастырылды. Білім беру саласы қызметкерлерінің оқу жылын қортындылап, жаңа оқу жылын бағдарлайтын тамыз кеңесі өтті Осы жиында аудан әкімі Тимур Имашев ұстаздарға алғыс хатын табыста,п соңынан әннен шашу шашылды. Қазақстан Республикасы халқының мерекесі болып табылатын Ата – Заңымыз уақыт сынына мүдірмей өтіп келеді. Басты мәселе- елді Конституциялық тәртіп пен заңдылықты орнықтыру болып саналады. Ата –Заңымыздың қабылданғанына 15 жыл толуына байланысты мәдени демалыс орталығында баяндама оқылып ,тақырыпқа сай ән,күй ұлттық билермен нақышталған мерекелік концерт болып өтті.
2010 жылдың қыркүйек айында аудандық мәдениет үйіне көптеген шаралар атқарылды.Соның ішінде ауданға қарасты ауылдык округтарға ауданның 80 жылдығына байланысты «Кеш жарық» атты думанды концертпен сапарға шықты .Сондай ақ, мәдениет демалыс орталығында Қазақстан Халықтарының тілдері күніне арналған «Ана тілім- ажарым» атты ардагер ,қазақ тілі және әдебиет пәні ұстаздарымен кездесу кешін өткізді.Кездесу кешінде жас ұрпаққа ана тіліміз жөнінде жастарға ұлағатты сөздер айтылды.
Еліміздің егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері , өмір салтымызға енген жақсы үрдістің бірі –«Денсаулық» фестиваі халқымыз әуелгі байлық тән мен жанның саулығы деп бекер айтпаса керек. «Денсаулық» фестивалі салауатты өмір салтын ұстануға бағыттайтын таптырмас шара .Сол себеті ауданымыздың стадионында ұйымдастырылды,шара соңында спорт туралы әндер шырқалып әсем билер биленді фестиваль өз мәресіне жетті. Сондай ақ Жаңақала аудандық мәдениет үйінде «Ай-зере» әжелер клубы ашылды. Мақсаты – бабаларымыздан мирас болып келе жатқан кейінгі кездері ұмыт болған салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды мәдени мұраларымызды халқымызға қайта қауыштырып, келешек ұрпағымыздың бойына ұлттың тәрбие қасиетін сіңіру . Осы мақсатта «Ай-зере әжелер клубының атқарар істері зор,салт- дәстүріміздің сусындар бұлағы десекте артық емес.
Сонымен бірге ұмытылып бара жатқан ежелгі дәстүрлерді қайта жаңғырту, ауыл жастарына халқымыздың салт- дәстүрін насихаттау
Жаңақала өңірі қазір ел аузында ақиық алыптар мен жайсаң жандардың мекені деп орынды аталады. Тарих толқынында көз жүгіртсек – бұл өлке өмірге ұлы күйшілер: Құрманғазы ,Дина,Оқап,Қалиларды әкелген.
Осындай алыптардың өшпес мұраларын келер ұрпаққа насихаттау біздің парызымыз. Жер ұйығы Жаңақала ауданымызға биыл 80 жыл толуына орай мәдени шаралар өтуіне арнайы түрде жоспар құрылып, шаралар ауқымды түрде атқарылды. Мәдени демалыс орталығы қызметкерлері 24- і қазан күні салтанатты жиыннан кейін үлкен мерекелік концерт берді,сонымен қатар 25- і қазан күні дала думан қызығымен аламан бәйге жарысына ұласып кешкісін орталық алаңда « Жалындаған Жаңақала жастары» атты шоу бағдарлама мен от шашуларды жұршылыққа тарту еттілді.
Бірлік мәдениет үйінде де осы атаулы мерекелерге байланысты көптеген шаралар оздырылып отырды.Атаулы мерекелердің ең маңыздысы бүгінгі еңселі еліміз үшін ерекше күн, әлем тарихындағы ең зілді де зұламат соғыста әділеттің ақ таңы атқанына 65 жыл.Сондықтанда бұл күннің орны да орай да бөлек. Мерекеге байланысты ардагерлермен кездесу кештер мен салтанатты концерті ұйымдастырылды
Жаңақала ауданының 80 жыл толуына орай Бірлік мәдениет үйінің директоры Е. Ақбасовтың ұйымдастыруымен Бірлік мәдениет үйінде аудандық «Жұмақ мекен -Жаңақала» атты байқау оздырылды. Байқаудың мақсаты : «Бұлақ көрсең-көзін аш» демекші ,болашағынан үміт күттіретін жастарды еліне кеңінен таныту және қолдау көрсетіп, көркем эстетикалық тәрбие беру , болашағына жол ашу мақсатында ұйымдастырылды. Ақындық мүшайрадан 1 орын алған Ш.Талапов Жаңажол ауылдық округы, А.Ермекқалиев 2 орын Көпжасар ауылдық округы, М.Лұқпанов 3 орын Бірлік ауылы, Ән жанры бойынша Т.Бисенғалиев Сарыкөл ауылдық округ 1 орын, 2орын С.Ерғалиева Көпжасар ауылдық округы, 3 орын Ж.Қасымов Бірлік ауылы. Қол өнер номинациясы бойынша Н.Жұмагулов 1 орын №2 мектеп, Д.Сағынова 2 орын Пятимар ауылдық округы, 3 орын З.Ситимов Тәрбие орталығы. Байқау өз мәресіне жетті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы тілдері күніне «Тілімізді құрметтейік» атты қазақ тілі,әдебиет мамандарымен кездесу кеш ұйымдастырды.
Көпжасар мәдениет үйінің жұмыстарына тоқтала кетсек қазіргі таңда 12 үйірмені толық қамтып солардың бірі «Ақ әжелер әуені» ансамблі, «Ақ босаға» келіндер тобы, домбыра, қобыз үйірмелерінің құрамы атқарылған. Мерекелік шараларда белсенді түрде ат салысуда. Атқарылған шаралардың бірі «Көгілдір шырағдан» атты балалар ертеңгілігі, Қ.Мырза-әлінің 75 жылдығына орай «Қазақтың Қадырі» атты әдеби музыкалық кеш өтті. «Бала Қадырдан дана Қадырға дейінгі» өмір жолындағы жырлары мен әндері орындалды. 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана біздің - күніміз, біз ананың - гүліміз» атты мерекелік концертте «Арай» бишілер тобымен эстрада үйірмесінің әншілері өз өнерлерін көрсетті.
Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай Р.Рамазанованың мән – мағынасы зор ұйымдастырған шараларының бірі «Ерліктен елдік аялдамсына дейін» атты театрландырылған қойылым көрерменнің жанарынан жас жаудырып, әсерлі қойылым көрсетіп, қойылымның мазмұныны толық аша білді.Қазақстан Республикасының халық әртісі, композитор, қазақ вальсінің королі Ш.Қалдаяқовтың туғанына 80 жыл толуына орай
«Ән – дария» атты ән кешінің әсерлі өткенін жиналған халықтың қошеметінен және ризашылығынан ұғындық.Кештегі Ш.Қалдаяқовты сомдаған кейіпкер тура алдымызға Шәмші ағамыздың келгенін елестетіп, мәдени демалыс орталығы мен Көпжасар ауылының өнерпаздары оның әндерін шырқап ән кешінің ажарын аша түсті.сонымен қатар «Әрқашан күн сөнбесін» атты балалар күніне концерт, «Ақ жол саған жас түлек» атты мектеп бітіруші түлектермен қоштасу концерті. « Көз қарас» (Баспасөз күніне орай жас оқырмандармен кездесу кеші, «Қазақстан Республикасы рәміздері күніне «Рәміздер ерліктің ұраны» атты мерекелік концерт. Сондай ақ, ауданда ұйымдастырылып тұратын ХІІ-Достық фестивалі , «Армысың ару Жайығым» атты Жұбан Молдағалиевтың 90 жылдығына орай еске алу кеш,. Жаңақала ауданының 80-жылдығына орай мерекелік концерт және «Көпжасар көркем ауылым»атты Бірлік ауылына концерт.Сондай ақ осы тақырыпта ауыл ардагерлерімен кездесу кеш ұйымдастырылды. «Туған жерім – тұңған шежірем» атты дөңгелек үстел оздырылды.
« Жаңақала –гүл қала» атты әдеби сазды кеш. «Тәуелсіздік тірегі-тіл» көркемсөз оқудан жарыс.
Қырқопа мәдениет үйінде «Мамандығым мақтанышым» атты студенттермен кездесу кеші, «Ана өмірдің шырағы» ардагер аналармен кездесу кеш ұйымдастырылды. Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шаралардың бірі «Наурыз көктем гүлі » Аудандық әскери патриоттық әндерінен орын алған өнерпаздарымыз Н.Сүпіғалиевпен, Б.Бисенғалиев Ұлы Жеңістің 65жылдығына орай ұйымдастырылған шаралардың бірі «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» «Ата мұрасы мирас» отбасылық сайыстар өткізілді. КТК жастар ойыны Жаңақала ауданының 80-жылдығыны орай «Жайнай бер ,Жаңақала» атты мерекелік концерт. «Ата заңды ардақтайық» Қазақстан Республикасы Конституция күніне мерекелік жиын, концерт. «Көңілді каникул» атты балалармен көшелер сайысы . Ж. Молдағалиевтің 90 жылдығына орай «Поэзия жүректін тілі» атты жыр кеші.
Студенттер арасында КТКойыны. «Имандылық тәрбие бастауы» атты бас имаммен кездесу кеш. «Туған жерге тұғырық» атты мектеп оқушыларымен, «Ұстаз - ардақты есім» атты ардагер ұстаздармен кездесу кешін ұйымдастырған болатын. Халықаралық тілдер мерекесіне арналған «Тіл – білгірі» атты мерекелік оқушылар арасында сайыс өткізілген болатын.Өз мәресіне жеткен бұл сайыс көрерменді таң қалдырарлық ризашылыққа бөледі.
Қызылоба мәдениет үйіндеАудандық мешіт имамы Т. Қожановпен «Дәстүрлі дінімізді сақтайық» атты кездесу кеші болып өтті. Мектеп оқушылар арасында «Әуенді тап» музыкалық сайыс оздырылды. 4 бөлімнен тұратын сайысқа 3 ойыншыдан шығарылды.
1.Халық әуендері.
2. Қазір айтылып жүрген әндер.
3. Домбырамен айтылатын әндер. Ауыл көркемөнерпаздарыны 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арнап «Ана – бесік, ана –жыр, ана – ғасыр» атты мерекелік шара ұйымдасытырылды. Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Өрле, төрле, жыл басы» атты мерекелік шараға ауыл, көше тұрғындары салт дәстүрлерден көрініс көрсетті.«Әнім сенсің – туған жер» атты концерті қойылды. Рамазан айына байланысты ауыл имамы М.Темірғазиевпен «Ораза ұстану – ұлы ғибадат» атты дөңгелек үстел ұйымдасытырылды. Негізгі мақсаттарының бірі ретінде балаларға үлкен ой саларлық негізде дінді насихаттады. Конституция күніне арналған «Ата Заң - асқақ рухым» атты мерекелік концерт. Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған «Әнім сен едің» атты концерт болып өтті. Оразақын Асқар «Тұлпар жырдың дүбірі» атты көрмеге шолу жасалды. Жұбан Молдағалиевке 90 жыл толуына орай «Жанына жанарымен нәр жинаған» атты сазды бағдарлама оздырылды. «Темекі тартқаным өзімді құртқаным» атты жасөспірімдермен кездесу кеш. «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты жастар концерті. Жастар мен жасөспірімдерге арналған нашақорлық әлеуметтік апарат атты дөңгелек үстел өткізілді
1-қыркүйек Білім күніне арналған «Қош келдің, алғашқы қоңырау» атты мерекелік концерт болып өтті.Мектеп табалдырыған аттаған жас бүлдіршіндер де бұл кешті аса қызығушылықпен тамашалады. Сонымен қатар жазушы, ақын Ж.Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Жыр толғауы Жұбан» атты поэзия кешін ұйымдастырып, жас талант, дарынды балалардың өнерін тамашалап, оларға үлкен алғыстарын айтып,тілектерін білдірді. Жаңақала ауданының 80 жылдығына орай балаларға ардагер ұстаздарымыздың өмірін ұлағаттау мақсатында ауылдың ұстазы Зоря Бисеновамен дөңгелек үстел өткізілді. Және жалпы барлығымызға белгілі Халықаралық тілдер мерекесіне орай «Ел тірегі – тіл» атты мерекелік кеш ұйымдастырылып, көрермен қауымды,барша жұртты өз тілімізді қадірлеу максатында түрлі ұлағатты әңгімелер айтылып, сонымен қоса көңіл көншітер концерттік бағдарламаға жалғады. Қазіргі таңдағы жастарымыздың тәрбиесіне аса мән берген қазақ халқы балаларды түрлі жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға үйретіп, сол бағытта ауылдың жастарына «Ауылым - әнім» атты кеш ұйымдастырып, ауыл жастарын осы концертке қатыстырып, сонымен қатар бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында түрлі – түрлі кештер сонымен қатар « Қаймаға бұзылмаған Қызылоба» атты облыстық ақындар айтысы өткізілді.
Маштексай ауылдық мәдениет үйіндеде « Өз елім» атты кеш оздырылды. Аудандық «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалінен «Қызғалдақ» би ансамблі 3 орынды иеленіп қайтты. «Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы жеңіс» атты мағынасы зор Жеңістің 65 жылдығына арналған шаралар өз жалғасын тапты. Нашақорлыққа қарсы «Дені саудың жаны сау» атты дөңгелек үстел. «Ата мұрам асыл қазынам», «Ауыл кеші көңілді» атты концерт оздырылды Сонымен қатар «Ауыл кеші көңілді» атты концерт. «Әнім сенсің Жаңақала» атты еңбек ардагерлерімен кездесу кеш. Білім күніне арналған «Сыңғырла алғашқы қоңырау» атты мерекелік концерті ұйымдастырылды. Сондай ақ ауданымыздың 80 жылдығына орай еңбек ардагерлерінің қатынасуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, жастарға жақсы тәлім – тәрбие беру мақсатында оздырылды. Және де халықаралық тілдер мерекесіне арналған «Тіл –ұлттық жаны, халықтың үні» атты көркемсөз шеберлігінің байқауын өткізілді.
Пятимар мәдениет үйі мәдениет біздің рухани құндылығымыз,теңдессіз байлығымыз. Осындай қасиеттер мен Пятимар ауылдық мәдениет үйі қызметкерлері халыққа рухани нәр беруде. Мәдениет үйінде 5-үйірме ,2 клуб жұмыс жасауда. Сонымен қоса шілде айында Астана күніне орай «Елордам менің Астанам» атты мерекелік концерт өтті. Кеш басында ауыл әкімі О.Рахимов құттықтау сөз сөйлеп көрермен қауымға өз ризашылығын білдірді. Ауданның 80 жылдығына байланысты мерекелік шаралар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы бойынша поэзия кеші оздырылды. Ауданның 80-жылдығына орай «Туған жерім ажарлы аса көркем» атты еңбек ардагерлерімен кездесу кеш өтті Қорыта айтқанда Пятимар мәдениет үйінде осындай шаралар жиі –жиі өткізіліп, бұданда күрделі шаралар ұйымдастырады.
Конституция күніне орай «Ата Заң» тақырыбында көркем сөзді оқушылар мәнерлеп оқыды.
Сонымен бірге Қазақстан тілдері күніне «Ел тірегі –тіл» атты тіл мамандары мен кездесу кеш өткізілді.
Жаңақазан мәдениет үйі 2010 жылдығы тоғыз айлық жұмыстарының мәліметіне тоқтала кетсек Еліміздің басты байлығы адам, халыққа мәдени демалыс ұйымдастыр, рухани озық беру мәдениет қызметкерлерінің басты міндеті деп түсінеміз. Студент ертенгі маман» атты демалысқа келген студент жастармен кездесу кеші оздырылды.
Ауыл өнерпаз-жастарымен Пятимар мәдениет үйіне концерттік сапар. «Ауыл кеші көңілді» атты кеш ұйымдастырып өткізді. Сонымен қатар «Аналар асыл жандар» атты кеш өтті Ұлы жеңістің 65 жылдығына орай «Ақ жауын» атты театрландырылған көрініс концерт өткізілді Сондай ақ «Ел есімі ер есінде» атты соғыс ардагерлерімен кездесу кеш ұйымдастырылды. Сонымен қатар ауданның 80-жылдығына байланысты көптеген кездесу кештері және концерттер өткізілді.
Жаңажол мәдениет үйі 2010 жылдың басынан бастап көптеген шаралар уақытында оздырылды . Қаңтар айында балаларға ертеңгілік мектеп ұжымының қолдауы мен жасалған жаңа жылдық кеш өз мәресіне жетіп көрермен көңілінен шықты.Ақпан айында Орал қаласында Жаңақала мәдениет үйі қызметкерлерінің ауданың есеп беру концерті ұйымдастырылды.Сонымен қатар Саркөл , Аққұс, Жуалой,Мұқыр ауыл клубтары да жоспарлы түрде қызметтерін тиянақты атқарып отырды.
Қорыта айтқанда, өткен жылы атқарған жұмысымыз аз емес. Десе де жеткен биік меже болмайды. Биылда атқарар жоспарлы жұмысымыз ауқымды. Тәуелсіздік жылнамасының жаңа парағын ашып,1011 жылға қадам бастық. Біз ұлан- ғайыр ұлы Отанымыздың тарихында айрықша із қалдырған 2010 жылды құрметпен шығырып саламыз.Биылғы барыс жылы – жұлдызымыз жарқырай жанған тарихи жыл болды. Мемлекетіміздің мерейі өсіп, абыройы артты. Биылда жаңа 2011 жылды мәдени демалыс орталығы қызметкерлері үлкен жауапкершілікпен ұйымдастырды.
Атап айтсақ Барлық мәдениет үйлері жаңа жылдық ертеңгіліктер. Мекеме шыршаларын әсерлі етіп ұйымдастыра білді. Әсіресі мәдени демалыс орталығында өткен «Жасыл шырша жанына жиналған күлдірген оның достары» атты ертеңгілік көрермен көңілінен шықты.
«Күлдерген және оның достары жасыл шыршы жанында» атты
е р т е ң г і л і г і н е н к ө р і н і с
Биылда да дәстүрлі « Достық» фестивалі, « Дала дарындары» басқада байқаулар мен түрлі өнер сайыстары жалғасын табады.
Ауылдық мәдени ошақтарында үйірме клубтар, жастарға арналған кештер, мәдени шаралар үгіт топтары ұйымдастырылып , елді мекендерді аралап тұрады. Осындай игі шаралар әліде жалғасын табады. Аудандық мәдени демалыс орталығы қызметкерлері ата – баба дәстүрін жалғастырып, солардың мұраға қалдырған күйлері мен әндерін қазіргі жастарға насихаттап, сахнадан көрсетуді мақсат етеді.Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнайы жоспар құрылып мәдени шаралар атқарылады деген ойдамыз. Адамдарға рухани қызмет көрсетіп, көңілдерін сергітіп отыру біздің басты міндетіміз. Биыл да осы міндет бигінен табылады. деген сенімдеміз.