Қазіргі заманғы педагогиканың әдіснамасы Педагогика ғылымының дамуының жаңа тұжырымдамалық идеялары мен бағыттары



бет1/2
Дата19.02.2024
өлшемі13.34 Kb.
#492424
  1   2
Қазіргі заманғы педагогиканың әдіснамасы Педагогика ғылымының да-dereksiz.org


Қазіргі заманғы педагогиканың әдіснамасы Педагогика ғылымының дамуының жаңа тұжырымдамалық идеялары мен бағыттары

Қазіргі заманғы педагогиканың әдіснамасы Педагогика ғылымының дамуының жаңа тұжырымдамалық идеялары мен бағыттары

Орындаған: ПМНО 1 курс 4 топ магистранты уракова ж.н.

Әдіснама



Әдіснама - әдістер туралы ілім, оларды зертттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. Оқыту, тәрбиелеу мен дамыту теориялары педагогика ғылымы әдістерінің негізгі мазмұнын құрайды. Кез-келген мұндай теория зерттеу әдісі қызметін атқара алады және басқа теориялардың құрамды бөлігі болып табылады.
Педагогика әдіснамасы – педагогика теориясы, педагогикалық құбылыстарды қарау принциптері, зерттеу әдістері туралы білім жүйесі, алынған білімді тәрбиелеу, оқыту тәжірибесіне енгізу жолдарын қамтиды.
Әдіснама бойынша жұмыстардың педагогикадағы барынша белгілі авторы В.В.Краевский педагогика әдіснамасы құрамына педагогиканың өзінің теориялық мәселелерін қосады. Онда: педагогикалық білім түрлері, оның басқа ғылымдармен байланысы, бірінші кезекте психологиямен, мектеп практикасында дидактикалық білімдерді пайдалану мәселелері туралы, сонысымен - бір жағынан әдіснама пәнін көптеген тарауларға бөледі.
Педагогикалық әдіснама дегеніміз – педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымы, педагогикалық болмысты бейнелейтін білімдерді жасаудың ұстанымдары, тұғырлары және тәсілдері туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, осындай білімдерді алу мен зерттеу жұмысының бағдарламасын, логикасын және әдістерін, білім сапасын бағалауды негіздеуге бағытталған әрекетінің жүйесі болып табылады.
В.В.Краевскийдің педагогика әдіснамасына берген анықтамасы:
«педагогика әдіснамасы пәні педагогикалық іс-әрекет пен оның бейнесі арасындағы ара қатынас ретінде анықталады»
педагогикалық теорияны құрудың алғашқы сатысы
Теорияны педагогикалық практикада бейнелеуге және қайта құруға бағдарланады
П.И.Пидкасистый
П.И.Пидкасистый бойынша, педагогика әдіснамасының пәні білім беру аясында болатын қарым-қатынас жүйесінде болатын үдерістердің заңдылықтары болып табылады.
«Рефлексия»термині отандық әдебиеттерде алғашқы рет өткен ғасырдың 30-40 жылдарында пайдаланыла бастады. Проблема тәсілдері айырмашылықтарын талдай отырып, рефлексивті үдерістерді түсіндіруде екі дәстүрдің барын атап өткен жөн:
Әдіснамалық рефлексия және оның зерттеу жұмысындағы мәні
жеке тұлға арасындағы қарым-қатынас мәнісін түсіну ретіндегі рефлексия.
өзіндік сана және іс-әрекеттің рефлексивті талдауы;
Рефлексия
Педагогикалық іс-әрекет құрылымында маңызды, алайда көптеген педагогқа белгілі және көп пайдаланылатын компонент өзіндік сана және өзіндік іс-әрекет құбылысын педагогтың тануы және талдауы ретіндегі рефлексия болып табылады («сырттан қарағанда» өзіндік ойға және өзіндік әрекетке көзқарас).
Ғылым философиясына тікелей жол салушы XVII–XVIII ғасырдағы гносеология болып табылады (эмпириялық та, рационалисттік те), оның ортасында ғылыми білім мәнісі және оны алу әдістері пайымдалады. Гносеологиялық мәселелер Р.Декарт және Дж.Локктан И.Кантқа дейінгі жаңа уақыттың философиясының классикалық кезеңінің ортақ мәселелері болды. Бұл мәселелерді түсінбейінше XIX–XX ғасырдағы ғылым философиясын түсіну мүмкін емес. Философияның жеке бағыттары ретінде ғылым философиясы XIX ғасырда рәсімделді.
Қазіргі заманғы педагогикалық теория және практиканың жетекші беталысымен жарияланған білім берудегі жеке тұлғалық тәсілдің бүгінгі педагогикалық санада біржақты түсінігі жоқ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет