Азиядағы геосаяси факторлар



Дата04.04.2024
өлшемі59.5 Kb.
#497632
Азиядағы геосаяси факторлар


Азиядағы геосаяси факторлар
Азиядағы геосаяси кеңістік аса күрделі сипатымен ерекшеленеді. Оған бірнеше факторлар ықпал етеді. Азияда әлмдегі аумағы, халқының саны жағынан аса ірі елдер орналасқан. Жерінің аумағы жөнінен ірі елдер қатарында Қытай, Үндістан, Қазақстан, Сауд Арабиясы бар, әлемнің ең алып елі Ресейдің де басым бөлігі Азияда орналасқан. Халық санының көп болуы – елдің саяси ықпалын арттыратын фактордың бірі. АҚШ Халық санағы бюросының 2017 жылғы деректері бойынша әлемдегі халық саны 100 млн адамнан асатын 13 мемлекеттің жетеуі Азияда орналасқан.
Азиядағы геосаяси кеңістікке ықпал ететін факторлар Діни, мәдени ала- құлалықтар, әлемдік діндердің отаны болуы Азияда әлемдік экономика алпауыттарының орналасуы Ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан шиеленіс ошақтарының болуы Азияда саяси тұрғыдан “салмақты” саяси күштердің шоғырлануы Аймақ елдерінің даму деңгейінің үлкен айырмашылық жасауы
Азиядағы геосаяси жағдай Оңтүстік-Батыс Азиядағы араб-израиль жанжалы 50 жылдан астам уақыт жалғасып келеді. 1993 жылы Израиль мен Палестинаны азат ету ұйымы арасында басталған тікелей келіссөздер аймақта бейбітшілік орнатуға жол салған болатын. Дегенмен бұл жанжалды бейбіт жағдайда толық шешілді деуге әлі ертерек. Екі жақтан да қарулы қақтығыстарға себепші болатын оқиғалар болып тұрады. Әлемнің алпауыт елдерінің бірі саналатын Үндістанда да ішкі саяси жағдай тұрақты емес. Джамму, Кашмир штаттары үшін Пәкістанмен шегаралық жағдай да тұрақсыз сипат алған. Оңүстік-Шығыс Азияда әскери қақтығыстар Индонезияда, Филиппинде, Мьянмада орын алған. Кей жағдайда бүлікшілдердің әрекетінен жергілікті тұрғын халық қана емес, осы аймаққа келетін туристер де зардап шегеді.
Орталық Азия мемлекеттері құрлықтық кеңістіктегі геосаяси мүмкіндіктеріне қарай орасан мүдделердің тоғысуында орнықты. Сондықтан да Орталық Азиядағы қауіпсіздік үшін бәсекелестіктің бүгінгі айқын көрінісін көрсетіп отырған әлемдегі жетекші мемлекеттер мен халықаралық құрылымдардың сыртқы саяси ұстанымдары мен мүдделері аса өзекті.
Аймаққа қатысты әлемдік саясат ұстанымдар мен ғылыми аналитикалық сараптамаларда көрсетілгендей, 1992-2001 жылдар аралығында КСРО-ның ыдырауынан басталып, қазіргі геосаясатқа өтудің өзіндік эталоны ретінде қалыптасты, ал 2001 ж.11 қыркүйегінен соң болса, осы күнмен байланысты бастау алған ұстанымдармен сабақтасады. 11 қыркүйек оқиғаларынан кейінгі мәселелер мен Ауғанстандағы лаңкестікке қарсы операциялар, оның ізінше орын алған екінші Ирак соғысы әлемдегі геосаяси күштердің арасалмағының түпкілікті жіктелуіне алып келді, ал бұл үдерістердің эпицентрі Орталық Азия және онымен жанасатын аймақтар болды. Олар Каспий, Кавказ, Орта және Таяу Шығыс және Орталық Еуразия тұтас. Шын мәнінде, механизмі 2001 жылға дейін-ақ қаланған төтенше динамикалық және көпфакторлы геосаяси үдеріс орын алады. 2001-2002 жылдардағы оқиғалардың нәтижесінде таяу арадағы күрескер исламистер тарапынан орын алуы мүмкін делінетін Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздіктің аса салмақты қатері сейіледі.
Аймақтың әрекет етудің объектісінен әлемдік саясаттың субъектісі рөлін иеленуге өтуі нысаналы түрде мүмкін. Әлемдік жетекшілер тарапынан жүзеге асып отырған геостратегия, динамикалық тұрпатта - оны олардың өз мақсаттарына жетудегі мүмкіндіктері мен тәсілдерінің, кей жағдайда мақсаттары мен басым бағыттарының шапшаң өзгеруінен бағамдауға болады. Егер ОА аймағына ірі державалардың ара салмағы мен мүдделерінің кезекті өзгерісі кезінде біршама тиімді және табысты ұстанымды иеленіп алу мүмкіндігі туса, онда ол геосаясаттың белсенді ойыншысы рөліне жақындай түсер еді.
ОА төңірегіндегі геосаяси жағдай соңғы 21 жылда біршама өзгеріске ұшырады. Әлемдік саясаттың субъектілері өздерінің ОА мүдделерінің есебімен аймақтағы күштердің тік бұрышты түзу сызығын құруда. Ол бір жағынан Ресей, екінші – Қытай, үшінші – ислам әлемі, төртінші – Батыс. Осы жағдайдың өзінде әр жақтың ықпал ету ара салмағы аймақ елдеріне қатысты үнемі өзгермелі сипат алып отыр. Бірқатар факторлардың ара салмағына қарай барлық мүдделі «күштер орталығының» белсенді саясат жүргізу мүмкіндігі мен шынайы геосаяси салмағы да қарқынды өзгерді. Аймаққа деген мүдделер дамуын мөлшерлі түрде алты кезеңге бөлуге болады:
1) 1991-1993 жж.
2) 1993-1995 жж.
3) 1995-2000 жж.
4) 2000 – 2001 ж. 11 қыркүйегі.
5) 2001 ж. 11 қыркүйегі. – 2005 ж.
6) 2005 ж.. – бүгінге дейін.
Жалпы, мұндай геометриялық сараптамалық геосаяси мүдде тоғысының аймақтық дәрежесі Орталық Азияға қатысты әлемдегі жетекші күштердің саяси ұстанымдарының басты қауіпсіздік мәселесі төңірегінде аса күрделі деуге болады. Қазіргі гоесаяси ұстанымдар тоғысы аймаққа қатысты басты көрсеткіш болып отырған қауіпсіздік саясатының белсенді құралға айналуымен ерекшеленеді.
Қазіргі кездегі Орталық Азиядағы қауіпсіздік үшін бәсекелестік мәселесін бітіру жұмысы көлемінде сараптаудан өткізу, әлемдік саясаттағы негізгі саяси акторлар тарапынан ұштасып жатқан аймаққа қатысты қауіпсіздік мүдделерінің үйлесуі жағдайын жіктеу аса маңызды. Оны ашуға негіз болған мынадай мәселелерді жіктеуге болады, олар:

  • Жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Орталық Азия елдерінің аймақтық қауіпсіздігі жүйесінің орны мен маңыздылығын анықтау;

  • Орталық Азия елдеріндегі болуы мүмкін қатерлер қауіпін саралау;

  • Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ыңғайлы және қазіргі уақытта әрекет етуші сыртқы қауіпсіздік кешендерін жіктеу;

  • Әлемдік саясаттағы негізгі акторлардың ОА қауіпсіздікке қатысты мүдделерін саралау;

  • Халықаралық құрылымдар мүддесіндегі ОА қауіпсіздікке қатысты ұстанымдар мен геосаяси ықпалдылықтардың өзара бәсекелік қабілетін бағамдау.

2000 жылдар Орталық Азия төңірегіндегі геосаяси жағдайдың сапалы өзгерістері қатарын біріншіден, Орталық Азияға қатысты АҚШ, Ресей, Қытай, Еуропалық Одақ секілді ірі геосаяси акторлар арасындағы өзара жаһандық контекстін өзгеруі құраса, екіншісін, Орталық Азия (оның ішінде Каспий аймағы мен Кавказ бөлігіне қатынастағы) ірі геосаяси күштердің саясаттары мен үшінші аймаққа қатысты ірі АҚШ, РФ, ҚХР, Еуропалық Одақ елдерінің орташа аймақтық Үндістан, Пәкістан, Иран, Түркия секілді орташа геосаяси акторлармен қарым-қатынасының өзара, Орталық Азия елдерінің өзішілік бағытында түзілуі құрады [2].
Осы кезеңде Орталық Азия төңірегіндегі және ішкі геосаяси жағдайларға тікелей және жанама әсер етуші факторлар қатарына Ауғанстан мен Ирактағы АҚШ және оның одақтастарының қатысуымен орын алған әскери қақтығыстарды, сонымен бірге Таяу Шығыстағы жағдай, халықаралық лаңкестікпен күресті, ОПЕК-тің мұнай саясатын, (ірі көліктік және коммуникациялық жобаларын (Баку -Тбилиси-Джейхан, Ресей-Жапония, Қазақстан-Қытай құбыр желістері) НАТО мен ЕО ұлғаюы, посткеңестік кеңістіктегі интеграция саясатын, ТМД елдеріндегі билік етуші жүйелердің алмасу үдерістерін жатқызуға болады.
Орталық Азия мемлекеттеріндегі қауіпсіздік – бұл басқа бірліктер мен акторларға қарсы мемлекеттер жөніндегі мәселе ғана емес, мәселе, бірліктер мен акторлар өздерінің төңірегінде қандай қатынас қалыптастырады, осы қатынастарды олар қалай секьюритилендіреді дегенге саяды. Немесе, Орталық Азиядағы лаңкестік мәселесі ол аймақтық кез-келген мемлекетіне лаңкестік қандай қауіп төндіріп тұр деген мәселе емес, ол лаңкестік секьюритилендірудің қандай шараларының арқасында ол қатерге айналды, секьюритилеуші акторлар, объект референттері, вето акторлары мен аудиториялар арасында қатынас желісі қалай құрылуда деген мәселе.
Әлемде болып жатқан жаһандық өзгерістер қауіпсіздік мәселесіне тек әскери жағынан ғана емес экономикалық, геосаяси мүдделер қақтығысы жағынан да өзгеше қарауына себебші болды. Орталық Азия елдерінің әлемдік қауымдастығына кірген мерзімінен бастап аймақтың келешегі мемлекеттердің халықаралық еңбек бөлініс процесіне қаншалықты дәрежеде қатысуына байланысты болып отыр. Бұл әрине, қауіпсіздік және тұрақтылық қамтамасыз етілген жағдайдың көрінісі ғана болмақ. Қазіргі таңда қауіпсіздіктің қауіп-қатерлері көбейгені айқын. Бір жағынан қарағанда Орталық Азия мемлекеттеріне тікелей қауіп жоқ, дегенімен, әлемнің саяси сахнасындағы ойыншылардың күштер балансы өзгеріске ұшырағаны Орталық Азия мемлекеттерінің жағдайына әсерін тигізбей қоймайды. Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы субъекттермен қатынастары аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікке әсер етуші фактордың бірі. Бұл қатынастар баланс жоқтығымен және стратегиялық белгісіздікпен ерекшелінеді. Орталық Азия мемлекеттерінің саясатында сыртқы күштерге қатысты тұрақты позициясы жоқ. АҚШ, Қытай, Ресей секілді мемлекеттерге қатысты ұзақ уақытылы стратегиялары жоқ. Әсіресе экономикалық мәселелерге қатысты стратегиялар ұзақ уақытылы сыртқы саяси бағытының қалыптасып, дамуына аса қажет. Аймақтың ішкі мәселелері аз емес. Саяси, экономикалық қатынастарда әлі шешілмеген мәселелер баршылық. Интеграциялық процестің динамикасы күткен нәтижеден әлдеқайда алыс жатыр. Инвестиция саласында, сауда және шекараға қатысты мәселелердің шешілуі өз кезегін күтуде.
2001 жылы 11 қыркүйектен кейін Орталық Азияда геосаяси жағдайдың өзгергеннен, сондай-ақ жаңа әскери-саяси жағдайдың қалыптасуы Ресейдің аймақтағы позициясына соққы болды. Біріншіден, Ресей аймақтағы жалғыз әскери-саяси ықпалға ие мемлекет мәртебесінен айрылды. АҚШ әскери-саяси құрал қолданып ықпалын кеңейтуде. Ол Ресейдің Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси бағдарын едәуір әлсіретті. Өзбекстан, Қырғызстан территориясында әскери базаларының шоғырлануы бұл процестің бастамасы екені анық. Оған Ресей барынша өзінің наразылығын білдірді. Ресейдің қорғаныс министрі АҚШ-тың әскери базалардың Орталық Азияда Ауғанстанда тұрақтылық орнағанға дейін шоғырлануына келіскендігі туралы еске салған болатын. Грузиядағы режимнің ауысуына септігін тигізген Америка ниеттері келешекте Орталық Азияда орын алу мүмкіндігі Ресейді алаңдатты [61,76]. Екіншіден, Орталық Азиядағы АҚШ тек экономикалық күш қана емес қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ететін мәртебеге ие болу үшін ұпай жинайды. Сондай-ақ, мұнай құбыры Баку-Тбилиси-Джейхан салуына қызығушылық білдіріп отырғаннан АҚШ-тың барынша аймақтан Ресейді алыстату ниеті байқалады. Бесландағы террористтік актілерден кейін Орталық Азияның және Кавказдың маңызы Ресей үшін өсті. Путин халқына жолдауында қарсыласы кім екенін анықталғанын айтты. Ол «қырғи қабақ соғыс» кезіндегі Кеңес Одағына қарсы болған топ қазіргі таңда лаңкестік мықты құралға айналдырып, Ресейдің әлсіреуіне ықпалдасқаны жөнінде ашық айтты.
Орталық Азияға қатысты мүдделігін білдіріп отырған келесі бір мемлекет Қытай Халық Республикасы болып табылады. Қытай өзінің сыртқы саясатын жүргізу барысында әдеттегі бұл мемлекетке тән ұстамды тактикасын ұстанады. Сыртқы саяси әрекеттерді Қытай келесідей ұлттық мүдделер бағыттарымен байланыстырады:
• Батыстағы тынымсыз шекарасында тұрақтылықты қамтамасыз етпек. Сепаратисттік беталыстар басым Тайваньнан және батыс жақтан Қытайдың біртұтастық және суверенитетіне тигізетін қатерлер бар. Демократиялық жолға шығып кеткен мемлекеттердің тарапынан әртүрлі ағымдарды қолдау қауіпін болдырмау әрекетін қарастыруда;
• Жоғарыда айтылған мәселелерге қатысты Қытай 1990 жылдары «ашық есік саясатын» бастаған болатын. Осы саясат арқылы батыста орналасқан ең кедей аймақтың экономикалық деңгейін көтермек. Бұл шарттың жүзеге асуы Синьцзяньда ұлттық сепаратисттік беталыстар өрлеуіне бөгет болып мәселені шешуге мүмкіндік туғызатынына Қытай сенімді болып отыр. Сондықтан Орталық Азия мемлекеттерінің батыстағы провинцияларымен сауда-экономикалық әріптестік маңызды элемент болып табылады;
• Қытайдың мұнай және газ көздерінің мөлшерінде қажеттілік өсуде. Мамандардың есептеу жұмыстарының көрсеткіштері бойынша Қытайға қазіргі энергетика көздерінде қажеттеліктері 2010 жылға 5-6 есе көбеюі мүмкін. Осы орайда, Орталық Азия мұнай мен газдың негізгі көзі деп қарастырылуы түсінікті. Өйткені, Орталық Азия Таяу Шығыс және Батыс Сібір аймақтарынан кейінгі үшінші орындағы мұнай-газ базасы болып отыр. Сондықтан Қытай аз шығын кететіндей және қауіпсіз аймақтарды таңдауы түсінікті. Демек, Қытайдың сауда экономикалық әріптестікті тереңдетуі көрініс табады;
• ТМД-мен Еуропа нарықтарына шығу үшін көлік коридорын қалыптастыру маңызды. Осыдан Қытай Орталық Азияны қор базасы ретінде ғана қарастыра қоймай, оны маңызды тасымал жолы ретінде қарастыратынын байқауға болады;
• Қытай Орталық Азияға басымдығын күшейту арқылы көшбасшылық позициясын иеленіп алған АҚШ-қа тежеуіш болғандығын көздейді[3].
Соңғы жылдары Қытай әскери және экономикалық жағынан күшейіп аймақтағы жағдайдың өрбу бағытына әсер ете алатындай геосаяси ойыншыға айналды. Дегенімен, 11 қыркүйектен кейінгі оқиғадан Орталық Азиядағы геосаяси жағдайдың өзгеруінен АҚШ-тың ұстанған саяси бағдары Қытайды стратегиялық тұйыққа тіреп, көптеген мәселелерге себебші болды. Вашингтонның саясаты мен Орталық Азиядағы АҚШ-тың әскери хұзыры Қытайдың жоғарыдағы жоспарларымен ұлттық мүдделерге қарсы болып отыр. Біріншіден, ол шетел мемлекеттердің Синьцзяньға жақындығы ұлттық қауіпсіздік пен Қытайдың біртұтастығына потенциалды қатер туғызады. Екіншіден, АҚШ-тың аймақта нығаюының нәтижесі Қытайдың батыс аумаққа қатысты жоспарын жүзеге асыруында едәуір бөгет болады. Үшіншіден, Қытай Орталық Азияның ресурстары аса маңызды рөль атқарып, ал Вашингтонның, әсіресе Каспий бассейінінде нығайып болашақта бұл салада монополия жасау бағыты Қытай үшін қиын мәселеге айналғалы. Мұндай тұрғыда жағдайдың өрбуі Қытайдың энергетикалық қауіпсіздігіне зиян келтіретіні анық. Демек, 11 қыркүйектен кейінгі жағдай Қытай үшін екі қырлы болып отыр. Терроризм, сепаратизм секілді құбылыстармен күресу жағдайында СУАР-дағы сепаратисттік қозғалыстарды қолдайтын талибтер жойылса, екінші жағынан Қырғызстан мен Өзбекстан аймағында АҚШ-тың әскери базалары пайда болды [1]. Айтылған мәселеден басқа Қытай мен АҚШ-тың Ракетаға қарсы қорғаныс (РҚҚ), мәселесі бойынша шиеленіс туындауы мүмкін.
Ресейге РҚҚ аса күшті қатер тудырмауынан, ал «зұлымдық өсінде» орналасқан елдер АҚШ-қа шынайы зиян тигізетіндей стратегиялық радиусы бар ракеталар жоқ болғандықтан оның АҚШ-тың стратегиялық потенциалын жоюға бағытталған саясаты деп біледі. Осыған қарағанда ҚХР-мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас қайшылыққа тіреліп, мәселе оңай шешіле қоймас. Сондықтан АҚШ-қа тежеуіш ретінде әріптестікке бейім болып, Орталық Азиядағы позицияларын нығайтуын жалғастырады деп қорытынды жасауға болады.
Орталық Азия аймағында саясатын жүргізуге мүдделі әлемдік саяси сахнасындағы басты ойыншы Америка Құрама Штаттары. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін АҚШ-тың аймақтағы позициясы күшейе бастағаны анық. АҚШ-тың Орталық Азияға білдіріп отырған қызығушылықтың себептерінің бірі Ресей мен Қытай секілді ойыншылармен ислам доғасы арасындағы стратегиялық орналасуы болып табылады.
Орталық Азия – қауіпсіздіктің құрылымданбаған аймағы немесе ішкі, аймақаралық, жаһандық және аймақтық дәрежедегі (маңыздылық дәрежесіне қарай) қатынас динамикасы желісімен анықталатын қауіпсіздік динамикасы, құрылымы және шағын-кешені.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет