Грекиядағы алғашқы философиялық мектеп – Милет мектебі. Бұл
бағыт «иондық натурфилософия» ӛкілдері – Милеттен шыққан Фалес,
Анаксимандр, Анаксимен. Милет – Кіші Азияның экономикалық жағынан ең
дамыған бӛлігі. Алғашқы негіз мәселесін олар аңғырт материализм және
стихиялық диалектика жағынан қарастырған.
Бұл ойшылдар тұңғыш рет адамзат тарихында ғаламды үйлесімді,
ӛзінен-ӛзі дамитын, ӛзін-ӛзі реттейтін жүйе ретінде түсіндірді.
Иондық
философтар дүние әлемін ешқандай Құдай, ешқандай адам жаратқан жоқ, ол
мәңгі ӛмір сүреді деп есептеді. Бұлай қабылдау жаратылыс туралы діни-
мифологиялық түсінуден адамның ақыл-ойы арқылы (космосты) дүние
болмысын түсінуге ұмтылған алғашқы қадам болды, яғни мифтен логосқа
жасалған алғашқы қадам.
Фалес (б.д.д. 624-547 жж.) Цицеронның айтуынша алғашқы болып
барлығының негізі су деп айтқанымен, ол басқаны меңзеді. Оны «Грекияның
алғашқы философы» деп алғашқы антик философтары Диоген Лаэртский,
Аристотель, Плутарх, Страбон, Плиний және тағы басқа философтар айтқан.
Фалеске сүйенсек, барлығы байланысты және үнемі ӛзгеріс, даму процесінде
болады дейді. Антик философтары бұл ұғымды әркімге түсіндіріп беру әдет
емес деді. Бірақ бір субстанция туралы жобалады. «Алғашқы ылғалды» ол
аморфты, ағымдағы «материяның түйіні» ретінде анықтады.
Фалестің
шәкірті Анаксимандр ( б.д.д. 585-525 жж.) бұл мәселені
тереңірек қозғады. Фалес «Алғашқы негіздің» қалай және неліктен пайда
болатынын ойламаған. Анаксимандр одан жоғарырақ кӛтеріліп, барлығының
негізі ретінде материалдық қалыптан айырылған мәңгі, шексіз
(апейрон),
алғашқы негіз
(архе) болады деді. Ол дүниенің алғашқы негізі туралы
идеяны әлдеқайда тереңірек жетілдірді.
Анаксимандрдың ізін басушы –
Анаксимен (б.д.д. 585-525 жж). Ол
дүниенің бір негізі барлығын, ол ауа екендігін кесіп айтады. Ол
ауа
табиғатының
күрделілігін,
ұшқырлығын,
әлемде
болып
жатқан
қозғалыстармен байланыстырады. «Алғашқы негізді» Анаксимен «әлем
материясы» және «бейнесіз қуат» деп айтады. Сонымен Анаксимен
барлығының себебін, әлемнің кӛпқырлылығын алғашқы негізбен
байланыстырады. Оның барысында бӛлшек пен бүтін қатынасын және
кӛптеген теориялық мәселелерді кӛтеріп, парасаттылықпен шешімін табады.
Милеттіктер әлемді біртұтас жанды ретінде қарастырғанымен олар тірі
мен ӛлі, психикалық пен физикалықты ажыратпаған, принципиалды
ерекшелікті бӛлмеді. Олар ӛліні тек тіршілік азық деп қараған. Ол –
Достарыңызбен бөлісу: