50
Кіріспе сөзінде автор «қара» терминінің этимологиясын/ шығу тегін,
қара өлеңнің мақал-мәтелдермен, айтыспен байланысын зерттейді. Сол
арқылы қара өлеңді ауызша әдебиеттің жанры ретінде сипаттайды.
Сондай-ақ, жиналған материалды авторлық
классификация бойынша
Өлең туралы өлең, Амандасу танысу өлеңі, Той, Тәлім өлең, Жер-су
өлеңі, Тау өлең,
Жұлдыз өлең, Дүние-ғұмыр, Елім-ай және басқа да
өзекті тақырыптарға бөледі. Бұл еңбектің өзектілігі Қара өлеңді
музыкалық жанр ретінде зерттеу негізін құруымен анықталады.
Қазіргі кезде күйтану жаңа ғылыми пәнаралық бағыт белсенді
дамып келеді. Мәдениеттану және филология тұрғысынан күй мәде-
ниетің зерделеу А. Сейдімбектің еңбектеріне тән.
2. Тәуелсіздік кезеңіндегі сарқылмас үн әлемінің негізгі мәселе-
лері
Тақырыпты әрі қарай жалғастырып, қазақ музыкалық мәдениетта-
нудың негізін қалаушы А.И. Мұхамбетованың ғылыми қоғамдастықта
кең тараған өзекті мәселеріне көз жүгіртейік. 1) қазақ
саздың негізі
мәдениеттің тәңірлік күнтізбесі (МТК) болып табылады. Мұндай
авторлық тәсілде қазақ дәстүрлі музыкасы дала фольклорымен ауызша
кәсіби шығармашылықты барлық жанрлардың жиынтығы ретінде
көрсетіледі. 2) қазақ рухани-мәдени тұтастығын баяндай отырып, әнші,
сал сері, күйші, ақын және жырау сияқты кәсіби қайраткерлердің
мәртебесін сипаттайды. 3) өз еңбектерінде мәдениеттанушы көшпенді
ата-бабаларымыздың рухани дәстүрі туралы сөз мен музыканың, яғни
саздың, әннің, күйдің, жырдың, айтыстың бөлінбейтін синкрезисі
ретінде пайымдауды негіздейді. Ал руханилық адамзат руына тән
идеалды феномен болғандықтан, рухани мұра ұлттық-мәдени бірегей-
ліктің мәнін құрайды. 4) реттелген тәңірлік күнтізбесі – «түрік-моңғол
көшпелі халықтардың өркениетінің негізі болып табылады.
Олай болса, Ұлы Даланың музыка
әлемін ғалымдар Шығыс
(түрік-моңғол және түрік-иран) мәдениеттің түрі деп анықтайды.
Оның рухани-дүниетанымдық негізі – тәңірлік мәдениет түрі. Және
де, Ұлы Дала көшпенділерінің үн әлемі басты орынға ие дейді
зерттеушілер.
Қазақ күйлерінде жоғарыда келтірілген заңдылықтар анағұрлым
бедерлі сақталып, дамыды. Біріншіден, күй – қазақтардың,
қырғыз-
дардың көшпелі халқының игілігі. Диқан халықтарында жоқ. Ол
туралы жалғыз мәлімет – өзбектердегі «әуен», «музыка» мағынасында
сақталған күй термині. Екіншіден, Түрік-Иран музыкасына маком-
мугам циклы, макоматтың ансамбль өнері тән. Батыс Қазақстан айма-
ғында саз мәдениетінің шыңына төкпе күйлері қаланған. Күйлер мен
макомат өнері арасындағы ұқсастықтар Ә. Мұхамбетованың талдау
51
бойынша, олардың арасындағы өзара байланыс тарихи, яғни күй
макоматқа әсер еткенін куәландырады. Үшіншіден, қазақ музыкалық
мәдениетінде жеті жергілікті күй мектебі қалыптасты, олар: 1) Шығыс
квинталық күйлері және аралас құрылымдардың
кварта бұрудағы
күйлер; 2) шертпе кварталық күйлері; 3) «арқа» дәстүріндегі қобыз
күйлері; 4) Батыс квинталық күйлері; 5) төкпе кварталық күйлері;
6) «Қаратау» («Қаратау шертпе») және 7) «Сыр бойы» аумақтарындағы
қобыз күйлері.
Музыкалық мәдениеттану, музыкалық ғылымының жетістіктеріне
қарамастан, әлі де өзекті мәселелер шешілмей отыр. Қазақ музыкасы-
ның заңдылықтары, яғни фольклор және ауызша кәсіби шығармашы-
лық жиынтығының ажырамас тұтастық ретінде дамуы кәсіби қабатты
этномузыкология арнасында зерттеу фактісіне себепші болды. Сол
арқылы композиторлық практикамен тепе-теңдік негізінде ауызша
кәсіби тәжірибені тереңірек зерттеп дәлелдеу – қазіргі және болашақ-
тағы музыкалық ғылымның маңызды міндеті.
Заманауи ең атақты зерттеуші Едихан Шаймерденұлының
пайымдауынша, «Адамзат тарихында айтулы құбылыс болып өтті –
Жер планетасы Эволюцияның алтыншы сатысына қадам басты. Бұл
ахуал барлық адамдардан өз істері үшін ғана емес, сондай-ақ сезімдері
мен ойлары үшін де жауапкер болуын талап етеді», - дейді өзінің «Ақ
Сарбаз» деген еңбегінде, 3 б. Автор бұл тарихи оқиғаның нақты
бастауы – Желтоқсан 1986 деп, кітапта өзінің бұркеншік, лақап атың,
жасырын есімін Жиһан Желтоқсан деп көрсетеді. О дегені, Желтоқсан
1986 бүкіл адамзат өркениеті үшін маңызды дегенді білдіреді.
2017 жылы Едихан Шаймерденұлының «Тәңір жауынгері» кітабы
баспада жарияланды. Бұл кітапқа «Тәуелсіздік»
деген әнгімесі
еңгізілді. Сонымен қатар бұл әнгіме 2017 жылының 17-ші мамырында
Алматыдағы Өмір-ай газетінде де басылды.
Едихан Шаймерденұлы (тағы бір есімі – Ақ Сарбаз) арнайы қазақ
музыкасы туралы көп жазған жоқ. Алайда «Қазақ және еуропалық
музыкасының жеті рухани деңгейі» деген шағын әнгімедегі ой-
пікірлерін қарастырайық:
13. Қазақ және еуропалық музыкасының жеті рухани деңгейі
Кіріспе
Адамзат бар болғаны үш генге бөлінеді.
1. Жауынгерлер, аңшылар. Бейбітшілік кезінде олар кәсіби
әскерилер, полицейлер, саяхатшылар, авантюристер, спортшылар.
2. Отырықшы егіншілер. Әртістер, академиктер жерді өңдеп,
қарақатты бутап кеседі, атызды өңдейді, әйелдер бөлмеде гүл өсіреді –
бұл егінші генінің көрінісі.
52
3. Көшпелі малшылар. Күнделікті тұрмыста жануарларды ‒
иттерді, мысықтарды, қояндарды, жылқыларды асырап ұстап, бағуды
ұнататындар.
Адамдардың кез келген типтері мен әлеуметтік топтары – аталған
гендердің біріне жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: