И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметінің түрлері туралы идеяларына сыни тұрғыда баға бере отырып және сүйеніп, жүйке жүйенің қасиеттерін зерттеу бағдарламасын құрастырды.
Жеке психологиялық ерекшеліктерді зерттеу кезеңдері жеке тұлғаның физиологиялық негіздерін зерттеуден олардың психологиялық сипаттамалармен – алдымен индивидуалды (формальды динамикалық), ал кейінірек психологиялық қасиеттер иерархиясында жоғары деңгейді алатындармен қарым-қатынасын талдауға дәйекті өтуді білдіреді
Егер де бірнеше адамның психологиялық портреттерін құрып нәтижелерді жалпылайтын болсақ, онда қорытындылар мен заңдылықтарды алуға болады
Идеографикалық көзқарасты қолдану үшін, әуелі номотетикалық бағытты қолданып, тұлғаның негізгі ерекшеліктерін немесе қырларын және олардың сандық көрсеткіштерін анықтап алу керек.
Номотетикалық көзқарастың негізінде әртүрлі адамдарды нақтылы бір ерекшеліктің (черта) негізінде диагностикалайды
Идеографикалық көзқарастың негізінде бір адамды бірнеще психологиялық параметрлер арқылы диагностикалайды.Нәтижесінде психограмманы аламыз (психологиялық портретті сызбалық тұрғыда сипаттау)
Достарыңызбен бөлісу: |